Подведены итоги работы Общественной палаты при Мажилисе
Мәжіліс жанындағы Қоғамдық палатаның жұмысы қорытындыланды
The results of the work of the Public Chamber under the Mazhilis have been summed up
Рабочий вывод
Что важно в документе
Палата служит открытой дискуссионной площадкой по ключевым вопросам развития.
Новая Конституция вступает в силу с 1 июля текущего года.
Общественная палата создана в контексте политических реформ и усиления гражданского общества.
24 июня, Астана, Дом Мажилиса. Завершилась работа Общественной палаты при Мажилисе. На итоговом заседании Председатель Мажилиса Ерлан Кошанов поблагодарил членов Палаты за активное и плодотворное участие в законотворческой работе и отметил главные достижения за прошедшее время. Ерлан Кошанов напомнил, что Общественная палата была создана в период начала масштабных политических преобразований и усиления роли гражданского общества. – Именно тогда Глава государства в одном из своих выступлений сказал, что дискуссии с улиц и площадей должны перейти в стены Парламента. Ответом на это стало создание Общественной палаты при Мажилисе. И сегодня можно уверенно сказать, что эта работа была содержательной, востребованной и результативной. Общественная палата состоялась и прочно заняла свое место в общей архитектуре новой политической системы страны, – подчеркнул Председатель Мажилиса. Ерлан Кошанов отметил, что Общественная палата стала открытой площадкой для конструктивного обмена мнениями по самым актуальным вопросам развития страны. При этом, по его словам, члены Палаты были не просто наблюдателями, а полноценными участниками законотворческого процесса. Они направили сотни концептуальных предложений к законопроектам, многие из которых были приняты в работу. Кроме того, члены Общественной палаты активно включались в обсуждение наиболее сложных и чувствительных для общества вопросов, обеспечивая открытый диалог между государством и гражданами. Провели встречи с жителями Алматы по проблемам ОСИ и КСК, организовали содержательное обсуждение правоприменительной практики закона о противодействии бытовому насилию в Боровом, поднимали актуальные вопросы ОСМС на площадке Школы медицины Назарбаев Университета. Как подчеркнул Спикер Мажилиса, на заседаниях Общественной палаты не было простых тем. Это и чувствительный закон о возврате незаконно выведенных активов, и нормы нового Налогового кодекса, закон о масс-медиа. Помимо этого, широко были обсуждены Строительный и Цифровой кодексы, закон об искусственном интеллекте, вопросы местного самоуправления, лудомании, употребления и распространения наркотиков и другие. Ерлан Кошанов адресовал слова благодарности каждому члену Общественной палаты за неравнодушие и принципиальность, высокую активность и большую ответственность. По его мнению, вместе с депутатами они также оставили заметный и значимый след в законотворческой деятельности. Председатель Мажилиса напомнил, что с 1 июля этого года в силу вступает новая Конституция. В соответствии с ее нормами, осенью будет сформирован однопалатный Курултай Республики Казахстан. При этом он выразил уверенность, что наработанный опыт и традиции Общественной палаты найдут продолжение и в работе Курултая. Подводя итоги, председатель Общественной палаты, депутат Мажилиса Айдос Сарым доложил, что в течение восьмого созыва проведено 30 заседаний Палаты, в том числе 10 выездных. По итогам заседаний было направлено более 500 рекомендаций в профильные комитеты Мажилиса и уполномоченные госорганы. Он также подчеркнул, что члены Общественной палаты активно участвовали в Рабочей группе по Парламентской реформе, Конституционной комиссии и информационной работе Общенациональной коалиции «За Народную Конституцию Справедливого и Прогрессивного Казахстана!». Президент Общественного фонда «Фонд развития парламентаризма в Казахстане» Зауреш Батталова подчеркнула, что создание Общественной палаты стало одним из наиболее значимых институциональных решений последних лет. По ее мнению, за сравнительно короткий период времени Общественная палата смогла сформировать востребованную площадку взаимодействия Парламента, гражданского общества, экспертного сообщества, бизнеса и профессиональных объединений. При этом Зауреш Батталова отметила важность сохранения институциональной памяти и передачи накопленных результатов следующему составу экспертного сообщества. Предложение по созданию единой площадки для обмена опытом некоммерческих организаций с использованием технологий искусственного интеллекта высказала Председатель правления Евразийского Союза Потребителей, заместитель Председателя Общественной палаты Светлана Романовская. А политолог Данияр Ашимбаев подчеркнул, что площадка, подобная Общественной палате при Мажилисе, нужна не только Парламенту, но и самим экспертам. Он также отметил, что прошедший восьмой созыв Мажилиса особо отличался плюрализмом мнений. По итогам заседания Спикер Мажилиса вручил членам Общественной палаты благодарственные письма. Пресс-служба Мажилиса – 74-68-46. Фото Ж. Жумабекова
24 маусым, Астана, Мәжіліс үйі. Мәжіліс жанындағы Қоғамдық палатаның жұмысы аяқталды. Қорытынды отырыста Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов палата мүшелеріне заң шығару қызметіне белсене араласып, жемісті жұмыс атқарғаны үшін алғысын білдірді, олардың басты жетістіктерін атап өтті. Ерлан Қошанов Қоғамдық палата ауқымды саяси өзгерістер бастау алып, азаматтық қоғамның рөлі күшейген кезеңде құрылғанына тоқталды. – Сол тұста Мемлекет басшысы көшелермен алаңдардағы пікірталас Парламент қабырғасына өтуі керек деген болатын. Мәжіліс жанында Қоғамдық палатаның құрылуы осыған жауап болды. Бүгінгі таңда атқарылған жұмыс мазмұнды, қоғам сұранысына сай әрі нәтижелі болды деп сеніммен айта аламыз. Қоғамдық палата еліміздің жаңа саяси жүйесінделайықты орынды иеленді, – деді Мәжіліс төрағасы. Спикер Қоғамдық палата еліміздің дамуындағы өзекті мәселелер бойынша сындарлы пікір айтылатын ашық алаңға айналғанына назар аударды. Бұл ретте, палата мүшелері тек бақылаушы ғана емес, заң шығару процесінің толыққанды қатысушысы болғанын айтты. Олар заң жобаларына қатысты жүздеген тұжырымдамалық ұсыныс жолдап, соның біразы жұмысқа қабылданды. Сонымен қатар Қоғамдық палата мүшелері қоғамдағы ең күрделі әрі өзекті тақырыптарды талқылауға белсенді атсалысып, мемлекет пен азаматтардың арасында ашық диалогты қамтамасыз етті. Алматы тұрғындарымен Мүлік иелерінің бірлестігі және Пәтер иелері кооперативтерінің проблемалары бойынша кездесулер өткізді, Бурабайда тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жөніндегі заңнаманың орындалу мәселелерін талқылады, Назарбаев Университетінің Медицина мектебінің алаңында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың проблемаларын көтерді. Мәжіліс спикері атап өткендей, Қоғамдық палата отырыстарында жеңіл тақырып болған жоқ. Олардың қатарында заңсыз шығарылған активтерді қайтару туралы заң, жаңа Салық кодексінің нормалары, масс-медиа туралы заң бар. Бұдан бөлек, Құрылыс пен Цифрлық кодекстер, жасанды интеллект туралы заң, жергілікті өзін-өзі басқару, лудомания, есірткі қолдану мен тарату және басқа мәселелер кеңінен талқыланды. Ерлан Қошанов Қоғамдық палатаның әр мүшесіне табандылығы мен принциптілігі, жоғары белсенділігі мен үлкен жауапкершілігі үшін ризашылығын білдірді. Депутаттармен бірге заң шығару қызметінде де олардың елеулі әрі маңызды із қалдырғанына мән берді. Мәжіліс төрағасы биыл 1 шілдеден бастап жаңа Конституция күшіне енетінін еске салды. Оның нормаларына сәйкес, күзде Қазақстан Республикасының бір палаталы Құрылтайы құрылады. Спикер Қоғамдық палатаның мол тәжірибесі мен дәстүрлері Құрылтай жұмысында да жалғасын табатынына сенім білдірді. Қоғамдық палатаның төрағасы, Мәжіліс депутаты Айдос Сарым сегізінші сайланым барысында палатаның 30 отырысы, соның ішінде 10 көшпелі отырыс өткенін айтты. Осы жиындардың қорытындысы бойынша Мәжілістің салалық комитеттері мен уәкілетті мемлекеттік органдарға 500-ден астам ұсыным жолданды. Ол Қоғамдық палата мүшелері Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобына, Конституциялық комиссияға және «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының ақпараттық жұмысына белсенді қатысқанына тоқталды. «Қазақстандағы парламентаризмді дамыту қоры» қоғамдық қорының президенті Зәуреш Батталова Қоғамдық палатаның құрылуы соңғы жылдардағы ең маңызды институционалдық шешімдердің бірі болғанын атап өтті. Оның пікірінше, салыстырмалы түрде аз уақыт ішінде Қоғамдық палата Парламенттің, азаматтық қоғамның, сарапшылар қоғамдастығының, бизнес пен кәсіби бірлестіктердің бірлескен іс-әрекетінің маңызды алаңына айналды. Бұл ретте Зәуреш Батталова институционалдық жадыны сақтап, жинақталған нәтижелерді сарапшылар қауымының келесі құрамына берудің маңызды екенін айтты. Еуразиялық тұтынушылар одағының басқарма басшысы, Қоғамдық палата төрағасының орынбасары Светлана Романовская жасанды интеллект технологияларын пайдаланып коммерциялық емес ұйымдардың тәжірибе алмасуы үшін бірыңғай алаң құру туралы ұсыныс білдірді. Ал саясаттанушы Данияр Әшімбаев Мәжіліс жанындағы Қоғамдық палата сияқты алаң Парламентке ғана емес, сарапшылардың өздеріне де қажет екеніне тоқталды. Ол сондай-ақ Мәжілістің өткен сегізінші сайланымы пікір алуандығы мен ерекшеленетінін атап өтті. Отырыс қорытындысы бойынша Мәжіліс төрағасы Қоғамдық Палата мүшелеріне алғыс хаттар табыс етті. Мәжілістің Баспасөз қызметі-74-68-46. Фото: Ж. Жұмабеков
June 24, Astana, Mazhilis House. The Public Chamber of the Mazhilis concluded its work. At the final meeting, Mazhilis Chairman Yerlan Koshanov thanked the Chamber members for their active and productive participation in legislative work and noted the Chamber's key achievements over the past period. Erlan Koshanov recalled that the Public Chamber was established during the beginning of large-scale political transformations and the strengthening role of civil society. "It was then that the Head of State, in one of his speeches, said that discussions should move from the streets and squares to the walls of Parliament. The creation of the Public Chamber under the Mazhilis was a response to this. And today, we can confidently say that this work has been meaningful, relevant, and productive. The Public Chamber has established itself and firmly established itself in the overall architecture of the country's new political system," the Chairman of the Mazhilis emphasized. Erlan Koshanov noted that the Public Chamber has become an open platform for a constructive exchange of opinions on the most pressing issues of national development. Moreover, he noted, the Chamber members were not mere observers, but full participants in the legislative process. They submitted hundreds of conceptual proposals for draft laws, many of which were adopted. Furthermore, members of the Public Chamber actively engaged in discussions of the most complex and sensitive issues for society, ensuring an open dialogue between the government and citizens. They held meetings with Almaty residents on issues related to the OSI and KSK, organized a substantive discussion on the enforcement of the law on combating domestic violence in Borovoe, and raised pressing issues of the Compulsory Medical Insurance System at the Nazarbayev University School of Medicine. As the Speaker of the Mazhilis emphasized, there were no trivial topics at the Public Chamber meetings. These included the sensitive law on the return of illegally withdrawn assets, the provisions of the new Tax Code, and the law on mass media. Furthermore, the Construction and Digital Codes, the law on artificial intelligence, issues of local self-government, gambling addiction, drug use and distribution, and others were widely discussed. Yerlan Koshanov expressed gratitude to each member of the Public Chamber for their commitment and integrity, their active participation, and their profound responsibility. He believed that, together with the deputies, they had also left a noticeable and significant mark on legislative activity. The Chairman of the Mazhilis recalled that a new Constitution will come into force on July 1 of this year. In accordance with its provisions, a unicameral Kurultai of the Republic of Kazakhstan will be formed this fall. He also expressed confidence that the accumulated experience and traditions of the Public Chamber will be continued in the work of the Kurultai. Summing up, the Chairman of the Public Chamber, Mazhilis Deputy Aidos Sarym, reported that 30 meetings of the Chamber, including 10 off-site meetings, were held during the eighth convocation. Based on the meetings' results, more than 500 recommendations were sent to the relevant committees of the Mazhilis and authorized government agencies. He also emphasized that members of the Public Chamber actively participated in the Working Group on Parliamentary Reform, the Constitutional Commission, and the informational work of the National Coalition "For the People's Constitution of a Fair and Progressive Kazakhstan!" Zauresh Battalova, President of the Public Foundation "Fund for the Development of Parliamentarism in Kazakhstan," emphasized that the creation of the Public Chamber was one of the most significant institutional decisions of recent years. She believes that in a relatively short period of time, the Public Chamber has created a sought-after platform for interaction between Parliament, civil society, the expert community, business, and professional associations. Battalova also noted the importance of preserving institutional memory and transferring accumulated results to the next expert community. Svetlana Romanovskaya, Chair of the Board of the Eurasian Consumers Union and Deputy Chair of the Public Chamber, proposed creating a unified platform for sharing the experience of non-profit organizations using artificial intelligence technologies. Political scientist Daniyar Ashimbayev emphasized that a platform similar to the Public Chamber under the Mazhilis is needed not only by Parliament but also by experts themselves. He also noted that the past eighth convocation of the Mazhilis was particularly distinguished by the plurality of opinions. Following the meeting, the Speaker of the Mazhilis presented letters of gratitude to members of the Public Chamber. Mazhilis Press department: 74-68-46. Photo by Zhumabekov.