Айбек Дадебай: о задачах партии в условиях новой конституционной модели
Паспорт доказательности qazvision:document:3115 · c93c0b32e791
SHA-256 опубликованного текстового слоя: c93c0b32e7917283a784dcdb153c99a4e7205348d85720b8b7786eb43296b8bb
Для этого материала доступна одна версия текста. Переключатель в шапке меняет язык интерфейса сайта.
Рабочий вывод
Что важно в документе
Задачи: обеспечить эффективную работу новой конституционной системы, укрепить роль Құрылтая как главного представительного института, создать условия для экономического роста, предпринимательства и качества госуправления.
1 июля вступает в силу новая Конституция, приняты конституционные законы для новой системы госуправления.
Партия твердо поддерживает курс Президента Токаева на построение Справедливого Казахстана как стратегию укрепления государства и повышения качества жизни.
Құрметті съезд делегаттары! Құрметті әріптестер! Біз бүгін Қазақстан дамуының жаңа кезеңінің негізі қаланып жатқан тарихи сәтте бас қосып отырмыз. Таяу күндері, 1 шілдеде еліміздің жаңа Конституциясы күшіне енеді. Мемлекеттік басқарудың жаңа жүйесін қамтамасыз ететін конституциялық заңдар қабылданды. Жаңа саяси құрылымның институционалдық негізі қалыптасты. Қазақстан ауқымды өзгерістер кезеңін аяқтап, өзінің дамуындағы жаңа белеске қадам басып келеді. Осыған орай еліміздің алдында жаңа мүмкіндіктермен қатар ауқымды міндеттер де тұр. Ол: жаңа конституциялық жүйенің тиімді жұмысын қамтамасыз ету, Құрылтайдың басты өкілді институт ретіндегі рөлін нығайту, тұрақты экономикалық өсімге, кәсіпкерлікті дамытуға және мемлекеттік басқару сапасын арттыруға жағдай жасау. Сонымен бірге заң үстемдігіне, жауапкершілікке және азаматтардың ел тағдырына белсенді қатысуына негізделген жаңа саяси мәдениетті қалыптастыру міндеті тұр. Уважаемые коллеги! Мы твердо поддерживаем курс Президента Республики Казахстан Касым-Жомарта Кемелевича Токаева на построение Справедливого Казахстана, рассматривая его как стратегию долгосрочного укрепления государства и повышения качества жизни граждан. Вместе с тем успех реформ определяется не только государственными решениями. Он зависит от готовности общества участвовать в преобразованиях и способности прогрессивных политических сил действовать ответственно, конструктивно и созидательно. Когда создавалась партия «Әділет», мы исходили из простой, но принципиальной идеи: устойчивое развитие невозможно без справедливости. Там, где действуют справедливые правила, возникает доверие. Там, где есть доверие, приходят инвестиции, развивается предпринимательство, растёт гражданская активность, укрепляется общественная солидарность и единство нации. Именно поэтому идея справедливости нашла широкий отклик среди представителей самых разных социальных групп. За сравнительно короткий период партия «Әділет» стала площадкой общественного диалога, объединившей активных граждан, предпринимателей, представителей профессионального сообщества, молодёжь, экспертов и общественных деятелей. Сегодня в этом зале в качестве гостей съезда присутствуют лидеры более чем 30 общественных организаций, поддержавших партию «Әділет» и выразивших готовность работать вместе с нами для укрепления основ Справедливого Казахстана. Бүгінгі қоғамдағы әділдікке деген сұраныс ерекше жоғары. Азаматтар ұран сөздерді емес, нақты нәтижелерді күтеді. Олар мемлекеттік органдар мен саяси институттардың тиімділігін адамдардың өмір сапасының қаншалықты жақсарғаны арқылы бағалайды. Осындай жағдайда саяси партиялардың рөлі айрықша арта түседі. Олар тек сайлауға қатысып қоятын ұйымдар ғана емес. Олар қоғамның мүддесін білдіретін, жауапты да білікті саяси элитаны қалыптастыратын, ел дамуының балама шешімдерін ұсынатын және азаматтық мәдениетті нығайтатын маңызды институттар болуы тиіс. Сондықтан бүгінгі күн тәртібіндегі мәселе мен қабылданатын шешім әсте партияішілік мәселе емес. Оның маңызы әлдеқайда кең. Бұл шешім Қазақстандық қоғамдық сананың сапасын анықтайтын, еліміздегі саяси жүйесінің жаңа сын-қатерлерге жауап беруге дайын екендігін айғақтайтын сөз емес, іс жүзіндегі шынайы көрсеткіш. Көптеген мемлекеттерде саяси бәсеке қоғамдағы алауыздықтың, қарама-қайшылықтың және өзара сенімсіздіктің көзіне айналып жатады. Қазақстан басқа жолды таңдаңда. Біз елдің стратегиялық мақсаттары ұлттық мүдде жолында күш-жігерді біріктіруді талап етеді деп есептейміз. Ал саналы орта, жауапты қоғамдық күштер оны жақсы түсінеді. Сондықтан бүгінгі шешім жетілген саяси мәдениеттің жарқын көрінісі болмақ. Бұл – мемлекеттік мүдде бәрінен жоғары тұратын, ал ел болашағына деген жауапкершілік баршаға ортақ міндет деп танылатын жаңа саяси мәдениет. Бұл шешімнің жаңа Конституция күшіне енердің қарсаңында қабылданып отырғанының да ерекше символдық мәні бар. Мемлекет дамуының жаңа кезеңі жаңа институттарды ғана емес, саяси жауапкершіліктің жаңа сапасын талап етеді. Бүгін біз дәл осындай жауапкершілікті нақты іспен көрсетпекшіміз. Әңгіме тек екі саяси ұйымның бірігуі туралы емес. Міндетіміз – Қазақстанның болашағына қажет міндеттер төңірегінде қоғамдық күш-қуатты жұмылдыру, мемлекет мүддесі мен азаматтардың сұранысына негізделген ортақ мақсаттарға бірге қызмет ету. Қадірлі әріптестер! Біз AMANAT партиясындағы әріптестерімізге және оның барлық мүшелеріне үлкен құрметпен қараймыз. Олар ұзақ жылдар бойы еліміздің қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысып, өңірлерде жұмыс істеп, мол саяси және ұйымдастырушылық тәжірибе жинақтады. Бұл тәжірибе енді ортақ мақсаттарға қызмет ететін қуатты әлеуетке айналады деп кәміл сенеміз. Бізді мықты мемлекеттік институттар құру, тиімді мемлекеттік басқаруды қалыптастыру, бәсекеге қабілетті экономиканы дамыту, әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ету және заманауи саяси мәдениетті орнықтыру сияқты ортақ құндылықтар мен мақсаттар біріктіреді. Құрметті делегаттар! «AMANAT» партиясының «ӘДІЛЕТ» партиясына қосылуы – тар партиялық мүддеден жоғары тұрған, ұлттық жауапкершілікке негізделген парасатты шешім. Бұл – Қазақстан қоғамының ел мүддесі үшін біріге алатындығымыздың нақты дәлелі. Қоғам мен мемлекет алдындағы және келер ұрпақ алдындағы жауапкершіліктен туындаған, елдік берекеге бастайтын байлам. Біз азаматтардың сенімін ақтауға, әділдікті мемлекеттік жүйе мен дамудың тұғырына, қажет десеңіздер ұлттық болмысқа айналдыруға тиіспіз. Осы мақсат үшін «Әділет» партиясы құрылды. Осы мақсатты ортақ көретін күштерді қатарымызға қабылдауға, құшақ жая қарсы алуға дайынбыз. Бірлік бар жерде – сенім бар. Сенім бар жерде – даму бар. Даму бар жерде – болашақ бар. Ал біздің ортақ болашағымыз – Әділетті Қазақстан. Сондықтан съезд делегаттарын, партия мүшелерін және барша әріптестерімізді «AMANAT» партиясының «Әділет» партиясына қосылуы туралы тарихи шешімді қолдауға шақырамын. Назарларыңызға рахмет!
Тезисы из этого документа (20)
Контекст
Контекст
Контекст
Контекст
Контекст
Контекст
Контекст
Контекст
Контекст
Контекст
Контекст
Контекст
Контекст
Контекст
Контекст
Контекст
Контекст
Контекст
Контекст
Контекст
ИИ-помощник
Спросить по этому документу
Короткий ответ с опорой на текст и тезисы этой карточки.
Медийный отклик
Связанные нарративы и тезисы, которые получили заметный отклик в Echo.