Председатель партии «Әділет» Айбек Дадебай подвел итоги II Съезда
Паспорт доказательности qazvision:document:3114 · 589d245748c1
SHA-256 опубликованного текстового слоя: 589d245748c128ef26bd5c51a17d5a8aec1274226495c9ae84ae327da887b6f3
Для этого материала доступна одна версия текста. Переключатель в шапке меняет язык интерфейса сайта.
Рабочий вывод
Что важно в документе
Оформлено историческое решение о присоединении партии «Аманат» к партии «Әділет».
Партия утвердилась как политическая опора реформ Президента и новой Конституции.
Общество с воодушевлением восприняло призыв Президента к консолидации вокруг идеи Справедливого Казахстана.
Құрметті съезд делегаттары! Қадірлі әріптестер! Бүгін біз тарихи шешімдер қабылдадық. Байыбына барса, бұл партияның кезекті съезі ғана емес. Бүгін біз еліміздің саяси тарихындағы жаңа кезеңнің басталуына куә болып отырмыз. Съезд «Әділет» партиясының филиалдарын құру туралы шешім қабылдады, ереже бекіттік. Партияның өңірлік құрылымдарының негізі қалады. Партияның ішкі ұйымдастыру қағидаларын талқылап, тиісті шешімдер шығарды. Ең бастысы – «Әділет» партиясына «Аманат» партиясының қосылуы туралы тарихи шешімді рәсімдедік. Бұл шешімнің саяси мәні өте зор. Бұл – екі ұйымның күш біріктіруі ғана емес. Бұл – еліміздің прогрессивті, жауапты және реформашыл күштерінің бір мақсатқа жұмылуы. Бұл – мемлекет пен қоғамның мүддесін, Ел болашағын жеке амбициялардан жоғары қоюдың жарқын үлгісі. Жетілген қағамдық сананың нышаны. Қоғамға берілген маңызды белгі. Кезекті сындарлы сәтті Әділетті Қазақстанды құру жолында саяси бірігу мен қоғамдық ұйысудың іс жүзіндегі салиқалы амалы. Құрметті әріптестер! Бүгінгі съезден кейін «Әділет» партиясы мүлде жаңа сапаға ие болды, жаңа биікке көтерілді. Еліміздің қоғамдық өміріне ықпал ететін, тегеуірінді күшке айналдық. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған реформалардың және халық қолдаған жаңа Конституцияның шын мәніндегі саяси тірегі ретінде бекідік. Ендігі міндетіміз – партия жақтастары мен бізді қолдаған әріптестеріміздің, бүгінгі шешімдерге дауыс берген делегаттардың сенімін ақтау. Жаңа Конституцияның әрбір қағидасы нақты өмірде жүзеге асуы тиіс. Заң үстемдігі іс жүзінде орнауы қажет. Әділеттілік мемлекеттік саясаттың берік тұғырына айналып, әр азаматтың күнделікті өмірінде сезілуі тиіс. Міне, осы міндетті орындауға біздің партия өзінің сүбелі үлесін қосуға бекінді, олай болса, іске сәт! Уважаемые друзья! Общество услышало и с воодушевлением приняло обращение Главы государства Касым-Жомарта Кемелевича Токаева о консолидации вокруг идеи о построении и укреплении Справедливого Казахстана. Направление задано, появился четкий курс, политический процесс получил ясный вектор развития. Дан старт консолидированному движению прогрессивных сил. С принятием решений повестки сегодняшнего съезда можно говорить и первых общих достижениях. Хотел бы обратить Ваше внимание на то, что за короткий отрезок времени вместе с Вами мы действительно прошли большой путь. За это время не только сформировалась новая партия. Идет процесс глубинных изменений нашего общества. Обретает новые контуры и выходит на новую высоту казахстанская политическая культура. Меняется страна, мы стали более зрелыми и осознанными. Появилась четкая общестрановая миссия, понятная и близкая для каждого национальная идея – построение и укрепление Справедливого Казахстана. Құрметті әріптестер! Партиялас достар! Алдымызда үлкен жұмыс тұр. Филиалдар құрамыз. Ортамызға мыңдаған жаңа мүшелерді қабылдаймыз. Еліміздің әр өңірінде, әр ауданында, әр ауылында Әділетті Қазақстан идеясының жаршысына айналамыз. Халықтың үні мен еститін мемлекетті жалғаймыз. Біз әділдіктің қуатты қоғамдық тірегі болуға серт еттік, ендігіде сол сертке адал болу бәрімізге міндет. Бүгін бұл залда Әділетті Қазақстанның шын жан жанашырлары, сөзбен емес, іспен үлес қосатын нағыз жақтастары жиналды. Еліміздің болашағына бейжай қарамайтын азаматтар, жауапкершіліктен қорықпайтын білікті мамандар отыр. Тәуелсіз Қазақстанға қызмет етуді өмірлік таңдауына айналдырған патриоттар – Сіздерсіздер! Сіздерді бүгінгі тарихи шешімдермен шын жүректен құттықтаймын! Біздің күшіміз – бірлікте! Біздің мақсатымыз – Әділетті Қазақстан! Біздің жолымыз – Прогресс жолы! Ал біздің жеңісіміз – Қазақстанның жеңісі болады! Әділет жасасын! Қазақстан жасасын! Рахмет!
Тезисы из этого документа (10)
Контекст
Контекст
Контекст
Контекст
Контекст
Контекст
Контекст
Контекст
Контекст
Контекст
ИИ-помощник
Спросить по этому документу
Короткий ответ с опорой на текст и тезисы этой карточки.
Медийный отклик
Связанные нарративы и тезисы, которые получили заметный отклик в Echo.