Олжас Бектенов призвал «Шеврон» увеличить долю закупок товаров у казахстанских компаний
Олжас Бектенов «Шеврон» компаниясын қазақстандық өндірушілерден тауарларды сатып алу үлесін арттыруға шақырды
Рабочий вывод
Что важно в документе
Правительство проводит реформы для достижения ежегодного роста ВВП не менее 6%.
Казахстан хочет расширить сотрудничество с Chevron в геологоразведке и технологиях.
Казахстан заинтересован в привлечении иностранных инвестиций и улучшении инвестклимата.
15 Февраль 2024, 15:24 Олжас Бектенов призвал «Шеврон» увеличить долю закупок товаров у казахстанских компаний Премьер-Министр Казахстана Олжас Бектенов провел встречу с Управляющим директором Евразийского подразделения компании «Шеврон» Дереком Магнессом. Стороны обсудили запуск новых производственных объектов, увеличение доли местного содержания в закупках товаров, работ и услуг, актуальные вопросы развития нефтегазовой отрасли и нефтехимии, а также реализацию социальных проектов в Казахстане. Премьер-Министр отметил, что по поручению Главы государства Касым-Жомарта Токаева в республике проводятся масштабные экономические реформы, которые должны создать условия для ежегодного роста ВВП в 6% и более. «Правительство будет создавать инвесторам наиболее комфортные условия для реализации проектов и предоставит необходимую поддержку. В свою очередь, мы также ожидаем от наших партнеров активных действий по своевременной реализации совместных планов, предусматривающих максимальное использование местного потенциала, трансферт технологий и глубокую переработку сырья», — сказал Олжас Бектенов. Премьер-Министр обозначил необходимость завершения в срок проектов будущего расширения и управления устьевым давлением на Тенгизском месторождении – в 1-м полугодии 2025 года и 1-м полугодии 2024 года соответственно. При этом он добавил, что Правительство также придает большое значение разработке месторождения Карачаганак. Приоритетом здесь является поддержание добычи нефти и конденсата на уровне не менее 11 млн тонн в год. «Выработанное концептуальное решение по реализации проекта строительства газоперерабатывающего завода на Карачаганаке мощностью 4 млрд кубометров в год является важным для будущего развития месторождения», — подчеркнул Олжас Бектенов. Вместе с тем Премьер-Министр акцентировал особое внимание на том, что одним из приоритетов экономической политики является развитие местного содержания. «Требуется более тесное взаимодействие с отечественными производителями, заинтересованными в выпуске продукции. При этом, если необходимые товары или оборудование в стране не производятся, мы хотим видеть конкретные планы по локализации этих производств на территории Казахстана в ближайшие 2–3 года. Убедительно прошу пересмотреть работу в этом направлении», — обозначил глава Правительства. В свою очередь Дерек Магнесс подтвердил готовность компании «Шеврон» укреплять сотрудничество с Казахстаном по всем интересующим направлениям. «Мы рады работать вместе и развивать наше партнерство. «Шеврон» поддерживает те усилия, которые прилагаются для развития экономики страны. Сегодня создаются хорошие условия для инвестиций и новых проектов. Мы видим возможности для будущего развития в контексте нашего партнерства», — сказал он. #Олжас Бектенов #Премьер-министр РК #Инвестиции #Нефтегазовая отрасль #Энергетика Оставайтесь в курсе событий Премьер-министра и Правительства Казахстана — подписывайтесь на официальный Telegram-канал Подписаться
15 Ақпан 2024, 15:24
Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов «Шеврон» компаниясының Еуразиялық бөлімшесінің Басқарушы директоры Дерек Магнесспен кездесті.
Тараптар жаңа өндіріс нысандарын іске қосуды, тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудағы жергілікті қамту үлесін ұлғайтуды, мұнай-газ саласы мен мұнай химиясын дамытудың өзекті мәселелерін, сондай-ақ Қазақстанда әлеуметтік жобаларды іске асыру барысын талқылады.
Премьер-Министр Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша республикада ауқымды экономикалық реформалар жүргізіліп жатқанын айтты. Олар Жалпы ішкі өнімнің жыл сайын 6%-ға және одан да жоғары өсімін қамтамасыз етуі тиіс.
«Үкімет инвесторларға инвестициялық жобаларды дамыту үшін барынша қолайлы жағдайлар жасайды және қажетті қолдау көрсетеді. Өз кезегінде біз серіктестерімізден жергілікті әлеуетті барынша пайдалануды, технологиялар трансфертін, шикізатты терең өңдеуді көздейтін бірлескен жоспарларды уақытылы іске асыру бойынша белсенді іс-қимылдарды күтеміз», — деді Олжас Бектенов.
Премьер-Министр Теңіз кен орнында сағалық қысымды басқару және болашақ кеңейту жобаларының сәйкесінше 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында және 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында аяқталуын қамтамасыз ету керектігін айтты.
Сонымен қатар Премьер-Министр Үкімет Қарашығанақ кен орнын игеруге үлкен мән беріп отырғанын атап өтті. Бұл ретте мұнай мен конденсат өндіруді жылына ең кемі 11 млн тонна деңгейінде ұстап тұру негізгі басымдық болып табылады.
«Қарашығанақта қуаты жылына 4 млрд текше метрді құрайтын газ өңдеу зауытын салу жобасын іске асыру туралы тұжырымдамалық шешім кен орнының болашақ дамуы үшін маңызды екенін атап өткім келеді», — деді Олжас Бектенов.
Сонымен қатар Премьер-Министр экономикалық саясаттың басымдықтарының бірі жергілікті қамтуды дамыту екеніне назар аударды.
«Операторлардың қажеттіліктері үшін өнім шығаруға мүдделі жергілікті өндірушілермен тығыз қарым-қатынас қажет. Бұл ретте егер елде қажетті тауарлар немесе жабдықтар өндірілмесе, онда біз осы өндірістерді алдағы 2-3 жылда Қазақстан аумағында локализациялау жөніндегі нақты жоспарларды көргіміз келеді. Сондықтан осы бағыттағы жұмысты қайта қарауды өтінемін», — деді Үкімет басшысы.
Өз кезегінде Дерек Магнесс «Шеврон» компаниясының Қазақстанмен барлық мүдделі бағыттар бойынша ынтымақтастықты нығайтуға әзір екенін растады.
«Біз бірге жұмыс істеп, арадағы серіктестікті дамытуға мүдделіміз. «Шеврон» Қазақстанның экономикасын дамыту үшін жұмсалып жатқан күш-жігерді қолдайды. Бүгінде инвестициялар мен жаңа жобалар үшін жақсы жағдайлар жасалып жатыр. Өзара серіктестікке негізделген болашақтағы даму мүмкіндіктерін көріп отырмыз», — деді ол.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз