статья

Выстроить систему поддержки отечественных производителей: Олжас Бектенов о закупках АО «Самрук-Қазына» и нацпроекте «Модернизация сельского здравоохранения»

Отандық өндірушілерді қолдау жүйесін құру: Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» АҚ сатып алулары және «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы туралы

Надежность цитирования ограниченная опора Человек или должность Правительственный корпус Дата события 27 февраля 2024 Документ полезен, но тезисов мало: для выводов лучше сразу перепроверять первоисточник.

Рабочий вывод

Что важно в документе

2 сигнала
Поручение

Поручено завершить экспертизу проектов до 1 апреля.

Оценка

Реализация нацпроекта по сельскому здравоохранению не дает результатов.

27 Февраль 2024, 15:34 Выстроить систему поддержки отечественных производителей: Олжас Бектенов о закупках АО «Самрук-Қазына» и нацпроекте «Модернизация сельского здравоохранения» Ход реализации Национального проекта «Модернизация сельского здравоохранения» рассмотрен на заседании Правительства под председательством Премьер-Министра РК Олжаса Бектенова. Министр здравоохранения Акмарал Альназарова отметила, что нацпроект предусматривает строительство 655 новых объектов первичной медико-санитарной помощи ( медпункты, ФАПы, врачебные амбулатории ), модернизацию 32 многопрофильных центральных районных больниц, а также подготовку 1100 медработников для объектов сельского здравоохранения. На сегодняшний день завершено строительство 92 объектов ПМСП, по 7 медучреждениям работы продолжаются, до конца года планируется ввести в эксплуатацию еще 556 объектов. По остальным направлениям нацпроекта проходят необходимые процедуры и процессы. Как отметил Премьер-Министр, в настоящее время имеет место затягивание экспертизы проектов. Кроме того, в области Ұлытау и Костанайской области сдвигаются сроки строительства объектов. С комментариями по данным вопросам выступили министр промышленности и строительства Канат Шарлапаев, а также акимы регионов – Берик Абдыгалиулы и Кумар Аксакалов. Олжас Бектенов подчеркнул, что вопрос реализации нацпроекта «Модернизация сельского здравоохранения» неоднократно рассматривался в Правительстве, но реальных положительных результатов пока нет. «В прошлом году планировалось построить 309 объектов. Однако подготовка документации затянулась. Министерство здравоохранения ослабило контроль. Акиматы меняли расположение объектов, тянули с участками и началом строительства. Затягивались вопросы оформления проектной документации и экспертизы. Поэтому были провалены сроки начала строительства медобъектов на селе», — сказал Премьер-Министр. По его словам, в прошлом году акиматы должны были обеспечить привязку типовых проектов к местности, но и эта работа не завершена. В целом на текущий год только по 239 объектам готова проектная документация, из них лишь по 109 определены подрядчики. По остальным вопрос пока открыт. «Строительные работы нужно начинать уже в марте-апреле. Министерство здравоохранения затягивает внесение бюджетных заявок на их финансирование. Акиматы тоже не торопятся определяться с софинансированием. До сих пор не начаты работы по капитальному ремонту и реконструкции многопрофильных центральных районных больниц. Также не ведется закуп оборудования для них. А эти процедуры занимают много времени», — указал глава Правительства. Вместе с тем Олжас Бектенов акцентировал внимание на необходимости привлечения отечественных производителей к поставкам мебели и строительных материалов для нацпроекта. В частности, фонд «Самрук-Қазына» и его дочерние организации должны активно закупать отечественные товары, услуги и поддерживать казахстанского товаропроизводителя. «Только на прошлой неделе глава Ассоциации легкой промышленности Салтанат Абдикаримова выступила с критикой политики по закупкам товаров фондом "Самрук-Қазына", посетовала на непрозрачность конкурсов. Я поддерживаю мнение предпринимателей. Мы должны кардинально переломить ситуацию и выстроить систему поддержки отечественных производителей», — подчеркнул Премьер-Министр. Он добавил, что для улучшения ситуации по нацпроекту необходимо значительно активизировать работу: в ручном режиме сопровождать каждый объект, начиная от этапа подготовки документации, финансирования и до его своевременной сдачи. Также важно контролировать оснащение оборудованием и обеспечение персоналом. Глава Правительства поручил акиматам областей совместно с Министерством промышленности и строительства до 1 апреля завершить проведение комплексной вневедомственной экспертизы проектов. «Министерству здравоохранения и акиматам завершить строительство и ввод в эксплуатацию всех объектов в текущем году точно в срок», — заключил Олжас Бектенов. #Олжас Бектенов #Премьер-министр РК #Нацпроекты #Сельская медицина Оставайтесь в курсе событий Премьер-министра и Правительства Казахстана — подписывайтесь на официальный Telegram-канал Подписаться

27 Ақпан 2024, 15:34

ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру барысы қаралды.

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова ұлттық жоба 655 жаңа алғашқы медициналық-санитариялық көмек нысанын (медициналық пунктілер, фельдшерлік-акушерлік пункт, дәрігерлік амбулаториялар) салуды, 32 көпбейінді орталық аудандық ауруханаларды жаңғыртуды, сондай-ақ ауылдағы денсаулық сақтау нысандары үшін 1 100 медицина қызметкерін даярлауды көздейтінін атап өтті.

Бүгінгі таңда 92 медициналық-санитариялық алғашқы көмек объектісінің құрылысы аяқталған, 7 медициналық мекеме бойынша жұмыстар жалғасуда, жыл соңына дейін тағы 556 нысанды пайдалануға беру жоспарланып отыр. Ұлттық жобаның қалған бағыттары бойынша қажетті рәсімдер мен процестер жүріп жатыр.

Премьер-Министрдің айтуынша, қазіргі уақытта жобалардың сараптамасын кешіктіру орын алуда. Бұдан басқа Ұлытау және Қостанай облыстарында объектілерді салу мерзімдері ауысуда.

Аталған мәселелер бойынша өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев, сондай-ақ өңірлер әкімдері Берік Әбдіғалиұлы мен Құмар Ақсақалов түсініктеме берді.

Олжас Бектенов «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын жүзеге асыру мәселесі Үкіметте бірнеше рет қаралғанын, бірақ әзірге нақты нәтиже жоқ екеніне тоқталды.

«Өткен жылы 309 объектіні салу жоспарланған болатын. Денсаулық сақтау министрлігі бақылауды әлсіретіп алды. Әкімдіктер де құрылыс орындарын анықтау, жер учаскелерін уақытылы бөлу бойынша түрлі сылтау айтып, мәселені шұғыл шешуге ниет танытқан жоқ. Жобалау құжаттарын рәсімдеу мен сараптама мәселелері де тым кешеуілдеп кетті. Сондықтан ауылдық жерлердегі медицина объектілерінің құрылысын бастау мерзімдері бұзылды», — деді Премьер-Министр.

Үкімет басшысының айтуынша, былтыр әкімдіктер типтік жобаларды жергілікті жерге байланыстыруға тиіс еді, бұл жұмыс та аяқсыз қалды. Жалпы биыл 239 объектінің жобалық құжаттамасы дайын, оның 109-ы бойынша ғана мердігер компаниялар айқындалды. Қалғандары әзірге нақты істен гөрі, жалаң сөз күйінде қалып отыр.

«Құрылыс жұмыстарын алдағы наурыз-сәуір айларында бастау қажет. Денсаулық сақтау министрлігі болса, оларды қаржыландыру үшін бюджеттік өтінімдерді беруге асығар емес. Әкімдіктер де қаржыландыру мәселелерін шеше алмай келеді. Әлі күнге дейін көпбейінді орталық аудандық ауруханаларды күрделі жөндеу жұмыстары басталған жоқ. Сондай-ақ оларға медициналық жабдықтар сатып алу ісінде де жағдай мәз емес. Мұндай процедуралар көп уақытты алады», — деді Үкімет басшысы.

Оған қоса Олжас Бектенов ұлттық жоба үшін жиһаз және құрылыс материалдарын жеткізуге отандық өндірушілерді тарту қажеттігіне назар аударды. Атап айтқанда, «Самұрық-Қазына» қоры мен оның еншілес ұйымдары отандық тауарлар мен қызметтерді кеңінен сатып алып, өзіміздің қазақстандық тауар өндірушілерге қолдау көрсетуге тиіс.

«Өткен аптада ғана жеңіл өнеркәсіп қауымдастығының басшысы Әбдікәрімова Салтанат “Самұрық-Қазына” қорының тауар сатып алу саясатын сынға алып, конкурстарда шикіліктің барын айтып, шағымданды. Мен кәсіпкерлердің пікірін қолдаймын. Біз осы саладағы жағдайды түбегейлі өзгертіп, отандық өндірушілерді қолдау жүйесін құруға тиіспіз», — деді Премьер-Министр.

Сонымен қатар Үкімет басшысы Ұлттық жоба бойынша жағдайды жақсарту үшін жұмыс қарқынын барынша күшейту қажеттігін айтты. Атап айтқанда, әрбір объектінің құрылысын құжаттарды дайындау, қаржыландыру кезеңінен бастап, уақытылы тапсырғанға дейін күнделікті бақылауға алу қажет. Сондай-ақ медициналық жабдықтармен және персоналмен қамтамасыз ету мәселесі де назардан тыс қалмауға тиіс.

Үкімет басшысы облыс әкімдіктеріне Өнеркәсіп және құрылыс министрлігімен бірге 1 сәуірге дейін жобаларға ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуді аяқтауды тапсырды.

«Денсаулық сақтау, Қаржы министрліктері мен әкімдіктер жобаларды қаржыландыру мәселесін жедел шешуге тиіс», — деп түйіндеді Олжас Бектенов.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз