37 новых заводов по переработке твердых бытовых отходов запустят в Казахстане
Қазақстанда қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдейтін жаңа 37 зауыт іске қосылады
Паспорт доказательности qazvision:document:3077 · fddfec2a83fa
Контрольная сумма опубликованного текстового слоя: fddfec2a83fa3fb7e82eec73294a8a599a84987d397a0ad3b3ac6ff3c13f9c6c
Рабочий вывод
Что важно в документе
Поручено ускорить ввод в строй всех начатых проектов по переработке отходов.
В трех регионах затянулся запуск линий сортировки отходов.
Вопрос строительства заводов по переработке твердых бытовых отходов в крупных городах рассмотрен на заседании Правительства под председательством Премьер-Министра РК Олжаса Бектенова. Министр экологии и природных ресурсов Ерлан Нысанбаев напомнил, что Правительством утвержден механизм льготного финансирования проектов в сфере управления отходами. Это касается приобретения мусоровозов, запуска сортировочных линий и перерабатывающих мощностей.
Финансирование предусмотрено через Фонд развития промышленности со ставкой вознаграждения 3% и сроком предоставления займа от 3 до 15 лет. На сегодняшний день отобрано 94 проекта более чем на 232 млрд тенге. Их реализация позволит наладить выпуск брусчатки, люков, мусорных баков, стеклянной тары, стрейч-пленки и других товаров народного потребления. С регионами также проработан 21 проект по строительству и модернизации сортировочных линий мощностью более 3 млн тонн в год.
Реализация проектов позволит довести мощность сортировочных линий с текущих 1,7 до 4,7 млн тонн, а также охватить города и крупные населенные пункты всех регионов страны. В части переработки твердых бытовых отходов планируются строительство 37 новых и модернизация 8 действующих заводов общей мощностью более 1,2 млн тонн в год. Это позволит довести объем переработки до 1,4 млн тонн в год. О реализации соответствующих инфраструктурных проектов в регионах проинформировали аким области Жетісу Бейбит Исабаев и аким Кызылординской области Нурлыбек Налибаев.
С докладом о создании новых и модернизации действующих перерабатывающих мощностей на заседании также выступил председатель правления Ассоциации упаковщиков Казахстана Батырбек Аубакиров. Как отметил Премьер-Министр, во многих регионах республики до сих не удалось организовать эффективный сбор и вывоз, сортировку и переработку коммунальных отходов. Повсеместно образуются несанкционированные свалки, несвоевременно решаются вопросы их ликвидации.
«Как показывает международный опыт, развитые страны возвращают в экономический оборот вторичное сырье по принципу экономики замкнутого цикла. Мы же продолжаем, говоря простыми словами, закапывать мусор в землю, а то и вовсе оставлять на поверхности. Это делает весьма неприглядной картину вокруг населенных пунктов и никак не соответствует санитарным и экологическим нормам» , — сказал Олжас Бектенов. По его словам, не находят своего решения вопросы утилизации и переработки пищевых отходов, которые являются не менее опасными.
В этой связи требуется выработать механизмы утилизации от сбора до переработки. «Министерством и регионами затянулась данная работа. Основная доля предприятий занимается только сбором вторсырья, его прессованием и дальнейшей реализацией, как правило, за рубеж. Мало предприятий, которые перерабатывают отходы и производят конечную продукцию» , — указал глава Правительства. В качестве примера он озвучил, что в Северо-Казахстанской области компания «Радуга» перерабатывает отходы полиэтилена и бумаги, производит различные товары народного потребления.
В Шымкенте компанией «Еврокристалл» перерабатывается стекло и выпускается стеклянная тара. В Алматинской области компания KZ recycling выпускает из макулатуры бумажную продукцию. А в Кызылординской области каждый район прорабатывает свой проект по переработке отходов. При этом Премьер-Министр указал, что в Атырауской, Актюбинской областях и области Абай уже продолжительное время не могут запустить линию сортировки отходов.
В целом Олжас Бектенов отметил, что во всем мире переработка мусора является выгодным бизнесом и Казахстан не должен отставать в этом направлении. «У нас необходимо внедрить эффективные механизмы экономического стимулирования предприятий при реализации таких проектов. К тому же проекты по переработке и сортировке коммунальных отходов будут финансироваться по льготной ставке 3% на 15 лет через Фонд развития промышленности» , — озвучил Премьер-Министр.
Он добавил, что также перезапущен механизм Программы выплат предприятиям, осуществляющим сбор, транспортировку и переработку отходов (ЭкоҚолдау). «Четкая система обращения с отходами даст не только экономический и экологический эффекты, но и будет способствовать открытию предприятий, привлечению новых технологий, созданию рабочих мест», — сказал Олжас Бектенов.
На основании сказанного глава Правительства поручил разработать дополнительные механизмы привлечения инвесторов в сферу переработки отходов, принять меры для ускоренного рассмотрения заявок по соответствующим инфраструктурным проектам и обеспечить сопровождение каждого из них до полного ввода в эксплуатацию. Премьер-Министр поручил ускорить введение в эксплуатацию всех начатых проектов в данной сфере.
12 Наурыз 2024, 11:07
ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ірі қалаларда қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу зауыттарын салу мәселесі қаралды.
Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Үкімет қалдықтарды басқару саласындағы жобаларды жеңілдікпен қаржыландыру тетігін бекіткенін еске салды. Бұл қоқыс таситын көліктерді сатып алуға, сұрыптау желілерін іске қосуға және қайта өңдеу қуаттарына қатысты. Қаржыландыру Өнеркәсіпті дамыту қоры арқылы 3 жылдан 15 жылға дейінгі несие беру мерзімін және 3%-дық сыйақы мөлшерлемесін қарастырады.
Бүгінгі таңда 232 млрд теңгеден асатын 94 жоба іріктелді. Оларды іске асыру төсемтастарды, люктерді, қоқыс жәшіктерін, шыны ыдыстарды, стрейч пленкаларын және басқа да халық тұтынатын тауарлар шығаруды жолға қоюға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ қуаттылығы жылына 3 млн тоннадан асатын сұрыптау желілерін салу және жаңғырту бойынша өңірлер арқылы 21 жоба пысықталды. Жобаларды іске асыру сұрыптау желілерінің қуатын қазіргі 1,7 млн тоннадан 4,7 млн тоннаға дейін жеткізуге, сондай-ақ еліміздің барлық өңірлеріндегі қалалар мен ірі елді мекендерді қамтуға мүмкіндік береді.
Қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу бойынша жалпы қуаттылығы жылына 1,2 млн тоннадан асатын жаңа 37 зауыт салу және жұмыс істеп тұрған 8 зауытты жаңғырту жоспарланып отыр. Бұл өңдеу көлемін жылына 1,4 млн тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді.
Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев пен Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев өңірлердегі тиісті инфрақұрылымдық жобалардың іске асырылу барысы туралы хабардар етті.
Отырыста Қазақстан қаптамашылар қауымдастығының басқарма төрағасы Батырбек Әубәкіров жаңа өндірістерді құру және қолданыстағы қуат көздерін жаңғырту туралы баяндама жасады.
Премьер-Министр атап өткендей, республиканың көптеген өңірлерінде әлі күнге дейін коммуналдық қалдықтарды ұтымды жинау мен шығаруға және оларды сұрыптап, қайта өңдеуге жеткілікті көңіл бөлінбей келеді. Оңды-солды рұқсат етілмеген қоқыс үйінділері пайда болуда. Оларды жою мәселелері уақтылы шешілмейді.
«Халықаралық тәжірибе көрсетіп отырғандай, дамыған елдер тұрмыстық қалдықтарды қайтадан өңдеп, барынша кәдеге жаратуда. Ал, бізде қарапайым сөзбен айтқанда, жиналған қоқысты жерге көме салу, тіпті болмаса таудай қылып үйіп қою үйреншікті жағдайға айналды. Бұл елді мекендердің көркін бұзумен қатар, ешқандай санитариялық, экологиялық нормаларға сай келмейді» , — деді Олжас Бектенов.
Премьер-Министрдің айтуынша, тамақ қалдықтарын кәдеге жарату мен қайта өңдеу мәселелері де шешімін таппай отыр. Осыған байланысты қалдықтарды жинаудан бастап, қайта өңдеуге дейін кәдеге жаратудың тиісті тетіктерін әзірлеу қажет.
«Министрлік пен өңірлер бұл жұмысты созбалаңға салып жіберді. Кәсіпорындардың көпшілігі қайталама шикізатты жинаумен, оны буып-түйіп, шетелге сатумен ғана айналысады. Ал, қалдықтарды қайта өңдеп, түпкілікті өнім шығарып отырғандар аз», — деді Үкімет басшысы.
Премьер-Министр мысал ретінде Солтүстік Қазақстан облысындағы «Радуга» компаниясы полиэтилен мен қағаз қалдықтарын қайта өңдеп, халық тұтынатын әр түрлі тауарлар өндіріп отырғанын айтты. Шымкентте «Еврокристалл» компаниясы шыныны қайта өңдеп, ыдыс-аяқ шығарады.
Алматы облысында «KZ recycling» компаниясы макулатурадан қағаз өнімдерін шығарады. Ал Қызылорда облысында әрбір аудан қалдықтарды қайта өңдеуге қатысты өз жобаларын іске асыруда.
Бұл ретте Үкімет басшысы Атырау, Ақтөбе және Абай облыстары көптен бері қалдықтарды сұрыптау желісін іске қоса алмай отырғанын атап өтті.
Олжас Бектенов жалпы, бүкіл әлемде қоқысты қайта өңдеу табысты бизнес болып отырғанын, Қазақстан да бұл бағытта замана көшінен қалмауға тиіс екенін атап өтті.
«Осындай жобаларды іске асыру кезінде кәсіпорындарды экономикалық жағынан ынталандырудың тиімді тетіктері енгізілуі қажет. Оның үстіне, коммуналдық қалдықтарды қайта өңдеу мен сұрыптау жобалары 15 жылға 3% жеңілдікті мөлшерлемемен Өнеркәсіпті дамыту қоры арқылы қаржыландырылатын болады» , — деді Премьер-Министр.
Үкімет басшысы сондай-ақ қалдықтар жинау, тасымалдау және қайта өңдеуді жүзеге асыратын кәсіпорындар үшін ЭкоҚолдау төлем бағдарламасының тетігі қайта іске қосылғанын айтты.
«Қалдықтармен жұмыс істеудің нақты жүйесі экономикалық және экологиялық әсер беріп қана қоймай, кәсіпорындар ашуға, жаңа технологиялар тартуға, жұмыс орындарын ашуға да ықпал етеді» , — деді Олжас Бектенов.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде Үкімет басшысы қалдықтарды қайта өңдеу саласына инвесторлар тартудың қосымша тетіктерін әзірлеуді, тиісті инфрақұрылымдық жобалары бойынша өтінімдерді жеделдетіп қарау шараларын қабылдауды және толық пайдалануға берілгенге дейін әрбір жобаны сүйемелдеуді қамтамасыз етуді тапсырды. Премьер-Министр осы салада басталған барлық жобаларды іске қосу жұмыстарын жеделдетуді тапсырды.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Тезисы из этого документа (2)
Контекст
Фрагмент первоисточника 3378–3535
акулатуры бумажную продукцию. А в Кызылординской области каждый район прорабатывает свой проект по переработке отходов. При этом Премьер-Министр указал, что в Атырауской, Актюбинской областях и области Абай уже продолжительное время не могут запустить линию сортировки отходов. В целом Олжас Бектенов отметил, что во всем мире переработка мусора является выгодным бизнесом и Казахстан не должен отПерейти к полному тексту
Контекст
Фрагмент первоисточника 4665–4759
по соответствующим инфраструктурным проектам и обеспечить сопровождение каждого из них до полного ввода в эксплуатацию. Премьер-Министр поручил ускорить введение в эксплуатацию всех начатых проектов в данной сфере. #Олжас Бектенов #Премьер-министр РК #Заседание Правительства #Экология Оставайтесь в курсе событий Премьер-министра и ППерейти к полному тексту
Медийный отклик
Связанные нарративы и тезисы, которые получили заметный отклик в Echo.