статья

Олжас Бектенов дал поручения по социальной поддержке жителей в регионах ЧС

Олжас Бектенов төтенше жағдай орын алған өңірлер тұрғындарын әлеуметтік қолдау жөнінде тапсырма берді

Надежность цитирования достаточная опора Человек или должность Правительственный корпус Дата события 9 апреля 2024 В документе достаточно тезисов для уверенной работы, хотя часть формулировок может быть новостным пересказом.

Рабочий вывод

Что важно в документе

3 сигнала
Поручение

Премьер-Министр поручил обеспечить временным жильем все семьи, потерявшие жилье из-за паводков.

Поручение

Местным администрациям поручено организовать доставку воды в пострадавшие регионы.

Позиция

Премьер-Министр потребовал усилить контроль за качеством строительства.

09 Апрель 2024, 17:02 Олжас Бектенов дал поручения по социальной поддержке жителей в регионах ЧС Премьер-Министр Казахстана Олжас Бектенов провел совещание по мерам, касающимся ликвидации последствий паводков. Заслушаны заместитель Премьер-Министра Тамара Дуйсенова и профильные министры. На сегодня в свои жилища вернулось почти 8 тыс. человек. Глава Правительства поставил перед министерствами социального блока во главе с вице-премьером задачи по оказанию всемерной поддержки жителям, оказавшимся в условиях ЧС. Обеспечение временным жильем. «С начала паводков эвакуировано 86 тысяч наших жителей. В пунктах временного размещения сейчас проживают 8 472 человека. Места эвакуации – это временная мера. Надо определить временное жилье для всех семей, чьи дома признаны негодными для проживания без каких-либо исключений», — подчеркнул Олжас Бектенов. В то же время до момента переселения особое внимание поручено обратить на поддержание работы эвакуационных пунктов. Акиматам необходимо обеспечить жителей качественным питанием, соответствующими санитарно-гигиеническими средствами, доступом к медицинским услугам. В свою очередь, процесс расселения с эвакопунктов во временное проживание должен быть гибким. В случае, если жители предпочитают не покидать свои дома в регионах, где пик паводков уже пройден, акиматам необходимо оказать соответствующую помощь. В то же время оставленные дома будут находиться под контролем Министерства внутренних дел для исключения мародерства. Образование. «В десяти регионах нашей страны сейчас действует режим ЧС. Свыше 130 школ переведены на дистанционный формат обучения, но образовательный процесс детей из зон эвакуации прерван. Министерству просвещения поручаю освободить школьников от сдачи текущих экзаменов и тестов. Более того необходимо в дальнейшем помочь им наверстать упущенное время» , — отметил Премьер-Министр. Кроме того, поручено проработать вопрос обеспечения техническими средствами преподавателей и школьников в зонах ЧС после завершения активной фазы подтоплений. Здравоохранение. «Мы видим, что некоторые жители в регионах с режимом ЧС обеспокоены эпидемиологической ситуацией и опасаются риска появления вспышек инфекционных заболеваний среди пострадавшего населения. Министерству здравоохранения поручаю держать вопрос на особом контроле и информировать жителей. В регионах после стабилизации паводковой ситуации нужно провести комплексные меры по очистке территорий и проведению дезинфекционных мероприятий, очистке и дезинфекции водопроводных систем и сооружений, децентрализованных систем водоснабжения. Акиматам в свою очередь уже даны поручения по организации подвоза воды», — подчеркнул Глава Правительства. Эпизоотическая ситуация. В целях недопущения ухудшения эпизоотической обстановки в зонах подтопления Министерству сельского хозяйства и Республиканскому противоэпизоотическому отряду совместно с акиматами областей поручено оперативно завершить сбор и утилизацию павших животных. Соответствующая техника, штат сотрудников и необходимые дезинфекционные средства для проведения ликвидационных мероприятий имеются. Восстановление инфраструктуры. «По строительству домов разработан типовой проект индивидуального жилого дома. В то же время важно в приоритетном порядке отремонтировать объекты социальной инфраструктуры: это школы и детсады, больницы и поликлиники. Качество строительных работ держать на повышенном контроле», — сказал Олжас Бектенов. «Поручаю отработать действенный механизм и довести его до всех регионов. Не должно быть двусмысленных толкований. Контроль за деньгами будет усилен, благодаря участию представителей общественности», — резюмировал Премьер-Министр. #Олжас Бектенов #Премьер-министр РК #Паводки Оставайтесь в курсе событий Премьер-министра и Правительства Казахстана — подписывайтесь на официальный Telegram-канал Подписаться

09 Сәуір 2024, 17:02

Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов су тасқыны салдарын жою шаралары жөнінде кеңес өткізді. Премьер-Министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова мен тиісті министрлер тыңдалды. Бүгінде 8 мыңға жуық адам өз үйлеріне оралды .

Үкімет басшысы вице-премьер бастаған әлеуметтік блок министрліктеріне төтенше жағдайға тап болған тұрғындарға жан-жақты қолдау көрсетуді тапсырды.

Уақытша баспанамен қамтамасыз ету.

«Су тасқыны басталғаннан бері 86 мың тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді. Қазіргі таңда уақытша орналастыру пункттерінде 8 472 адам тұрып жатыр. Эвакуациялау – уақытша шара. Үйлері тұруға жарамсыз деп танылған отбасылардың барлығын уақытша баспанамен қамту қажет» , — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Сонымен бірге қоныс аударғанға дейін эвакуациялау пункттерінің жұмысын қолдауға ерекше көңіл бөлу тапсырылды. Әкімдіктер тұрғындарды сапалы азық-түлікпен, тиісті санитариялық-гигиеналық құралдармен, қолжетімді медициналық қызметтермен қамтамасыз етуі керек.

Өз кезегінде, эвакуациялау пункттерінен уақытша тұруға қоныстандыру процесі икемді болуы керек. Егер су тасқыны болып өткен өңірлерде тұрғындар үйлерінде қалуды қаласа, әкімдіктер тиісті көмек көрсетуі қажет. Сонымен бірге, ұрлық-қарлыққа жол бермеу үшін қараусыз қалған үйлер Ішкі істер министрлігінің бақылауында болады.

«Қазіргі уақытта еліміздің он өңірінде ТЖ режимі жарияланған. 130-дан астам мектеп қашықтан оқыту форматына көшірілді, бірақ эвакуация аймақтарындағы балалардың оқу процесі үзіліп қалды. Оқу-ағарту министрлігіне мектеп оқушыларын ағымдағы емтихандар мен сынақтардан босатуды тапсырамын. Сонымен қатар оларға жоғалтқан уақыттарының орнын толтыруға әрі қарай да көмектесу қажет» — деп атап өтті Премьер-Министр.

Сонымен қатар су тасқынының белсенді кезеңі аяқталғаннан кейін апатты аймақтардағы мұғалімдер мен оқушыларды техникалық құралдармен қамтамасыз ету мәселесін пысықтау тапсырылды.

«Біз ТЖ режиміндегі өңірлердің кейбір тұрғындары эпидемиологиялық жағдайға алаңдайтынын, зардап шеккен халық арасында жұқпалы аурулардың өршуінен қауіптенетінін көріп отырмыз. Денсаулық сақтау министрлігіне мәселені ерекше бақылауда ұстап, тұрғындарды ақпараттандыруды тапсырамын. Өңірлерде су тасқыны жағдайы тұрақталғаннан кейін аумақтарды тазарту және дезинфекциялық іс-шаралар жүргізу, су құбыры жүйелері мен құрылыстарын, орталықтандырылмаған сумен жабдықтау жүйелерін тазарту және дезинфекциялау бойынша кешенді шаралар жүргізу қажет. Әкімдіктерге су жеткізу жұмыстарын ұйымдастыру бойынша тапсырмалар берілді» , — деді Үкімет басшысы.

Эпизоотиялық жағдай.

Су басқан аймақтардағы эпизоотиялық жағдайдың нашарлауына жол бермеу мақсатында Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Республикалық эпизоотияға қарсы жасаққа облыс әкімдіктерімен бірлесіп, жануарлардың өлексесін жинау мен жоюды жедел аяқтау тапсырылды. Жою шараларын жүргізу үшін тиісті жабдықтар, қызметкерлер және қажетті дезинфекциялық құралдар қарастырылған.

Инфрақұрылымды қалпына келтіру.

«Үйлердің құрылысы бойынша жеке тұрғын үйдің үлгілік жобасы әзірленуде. Сонымен қатар әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын, атап айтқанда мектептер мен балабақшалар, ауруханалар мен емханаларды жөндеуге басымдық беру маңызды. Құрылыс жұмыстарының сапасын қатаң бақылауда ұстау керек» , — деді Олжас Бектенов.

«Пәрменді тетікті пысықтап, оны барлық өңірлерге жеткізуді тапсырамын. Екіұшты түсіндірулер болмауы керек. қоғам өкілдерін процеске тартудың арқасында ақшаға бақылау күшейтілетін болады» , — деп түйіндеді Премьер-Министр.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз