Олжас Бектенов: Благодаря принятым мерам удалось защитить ЗКО от большой воды. Следующая задача – защитить Атырау
Олжас Бектенов: Қабылданған шаралардың арқасында БҚО-ны жойқын су тасқынынан сақтай алдық. Келесі міндет – Атырауды қорғау
Рабочий вывод
Что важно в документе
Правительство поручило руководству Атырауской области обеспечить максимальную защиту от паводков.
Премьер-министр заявил об отсутствии новой угрозы подтопления домов.
Глава правительства призвал защитить регион от подтоплений.
29 Апрель 2024, 17:31 Олжас Бектенов: Благодаря принятым мерам удалось защитить ЗКО от большой воды. Следующая задача – защитить Атырау Премьер-Министр Казахстана Олжас Бектенов провел оперативное совещание по паводковой ситуации на западе страны, где продолжительное время ведется усиленная работа по защите региона от большой воды. Глава Правительства поставил перед руководством Атырауской области задачу по максимальной защите города и населенных пунктов от приближающихся паводковых вод. Правительством поручено организовать работу по аналогии с Западно-Казахстанской областью, где превентивные противопаводковые мероприятия, мобилизация военнослужащих и спасателей из 14-ти регионов с учетом привлеченной инженерной техники позволили пройти пик без масштабных разрушений. К работе в ЗКО было привлечено свыше 11 тыс. человек и порядка 2 тыс. единиц техники. Возведены защитные сооружения, протяженностью порядка 150 км, уложено 1,3 млн единиц мешкотары. В городе Уральске дамбы, возведенные вдоль 18 жилых массивов, полностью обеспечили их защиту. В жилые дома и социальные объекты города вода не дошла. Имеются подтопленные садоводческие товарищества и ряд домов, расположенных в пойме реки Жайык откуда жители были заблаговременно эвакуированы. По данным акимата Западно-Казахстанской области, на сегодня жители 909 домов уже вернулись в свои жилища, в безопасные места для выпаса было отогнано свыше 5 тыс. голов скота. На сегодняшний день областным оперативным штабом и Комиссией по ликвидации последствий собрано порядка 8 тыс. заявлений, проведена оценка более тысячи домов. 1672 семьи получили единовременную выплату в размере 100 МРП. Работа по оказанию помощи пострадавшим продолжается. «Ситуация с паводками стабилизируется. В Западно-Казахстанской области пик большой воды пройден. Здесь надо отметить слаженную работу всех привлеченных подразделений. Благодаря совместным действиям не допущено подтопление 84 населенных пунктов, а также минимизированы последствия паводков в регионе. Сейчас новой угрозы подтопления домов нет, — отметил Олжас Бектенов. — Выражаю большую благодарность всем военнослужащим и сотрудникам министерств по чрезвычайным ситуациям, обороны, внутренних дел, Комитета национальной безопасности, местных исполнительных органов, организаций, волонтерам и всем неравнодушным гражданам, которые участвовали в противопаводковых мероприятиях». Главной задачей на сегодня является подготовка Атырауской области. Ежедневно уровень воды реки Жайык поднимается. До опасной отметки остается порядка 100 см. «Сейчас большая вода идет в Атыраускую область, пик ожидается в ближайшие дни. Нужно мобилизовать все силы, использовать опыт Западно-Казахстанской области по привлечению дополнительных сил из других регионов. Необходимо обеспечить ежечасный мониторинг уровня воды, увеличить протяженность и высоту защитных дамб. Нам нужно отстоять регион и не допустить подтоплений», — подчеркнул Глава Правительства. На сегодня в Атырауской области для проведения аварийно-спасательных работ задействовано свыше 13 тыс. человек и более 1 200 ед. техники. В регионе построено более 500 км дамб, в том числе 242 км вдоль жилых массивов в городе Атырау, использовано более 4,8 млн единиц мешкотары. В устье реки, на Каспийском море, продолжаются дноуглубительные работы: выкопано 1 408 м и изъято 11 538 кубометров грунта. В заключение Глава Правительства отметил, что в основном по стране опасность паводков пройдена. «Президентом поставлена приоритетная задача по восстановлению поврежденных природной стихией домов, возвращению пострадавших граждан к нормальной жизни. Мы должны направить все наши усилия на строительство и ремонт социальных объектов, жилья и инфраструктуры, выплату компенсаций людям. Все эти шаги необходимо проделать четко и слаженно. Акиматам нужно проводить постоянную разъяснительную работу, встречаться с пострадавшим населением», — подытожил Олжас Бектенов. #Олжас Бектенов #Премьер-министр РК #Паводки #Поручение Президента Оставайтесь в курсе событий Премьер-министра и Правительства Казахстана — подписывайтесь на официальный Telegram-канал Подписаться
29 Сәуір 2024, 17:31
Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов еліміздің батысындағы су тасқыны жағдайы бойынша жедел кеңес өткізді, онда өңірді ауқымды тасқыннан қорғау мақсатында ұзақ уақыт бойы күшейтілген жұмыс жүргізіліп жатыр.
Үкімет басшысы Атырау облысы басшылығының алдына қала мен елді мекендерді жылжып келе жатқан тасқын сулардан барынша қорғау міндетін қойды. Үкіметке Батыс Қазақстан облысындағы секілді жұмыс ұйымдастыру тапсырылды, онда су тасқынына қарсы алдын алу іс-шараларын, жеткізілген инженерлік техникаларды ескере отырып, 14 өңірден жұмылдырылған әскери қызметшілер мен құтқарушылар ауқымды шығынға жол бермей, су тасқынын еңсеруге мүмкіндік берді.
БҚО-дағы жұмысқа 11 мыңнан астам адам және 2 мыңға жуық техника тартылды. Ұзындығы шамамен 150 км болатын қорғаныс бөгеттері салынды, 1,3 млн құм толтырылған қапшық төселді.
Орал қаласында 18 тұрғын үй алабын бойлай тұрғызылған бөгеттер қауіпсіздікті толық қамтамасыз етті. Қаланың тұрғын үйлері мен әлеуметтік нысандарына су жеткен жоқ. Су басқан бау-бақша серіктестіктері мен Жайық өзенінің алқабында орналасқан бірқатар үйдің тұрғындары алдын ала қауіпсіз жерге көшірілді.
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің мәліметінше, бүгінде 909 үйдің тұрғындары өз үйлеріне қайта оралды, 5 мыңнан астам мал басы қауіпсіз жерлерге жайылымға жіберілді.
Бүгінгі таңда облыстық жедел штаб пен су тасқыны салдарын жою жөніндегі комиссия 8 мыңға жуық өтінім жинап, мыңнан астам үйге бағалау жұмыстарын жүргізді. 1672 отбасы 100 АЕК мөлшерінде біржолғы төлем алды. Зардап шеккендерге көмек көрсету жұмыстары жалғасуда.
«Су тасқыны жағдайы тұрақталып келеді. Батыс Қазақстан облысында су тасқынының шарықтау шегі болып өтті. Мұнда жұмысқа тартылған барлық бөлімшелердің үйлесімді жұмысын атап өткен жөн. Бірлескен іс-әрекеттердің арқасында 84 елді мекенді су басуға жол берілмеді, сондай-ақ өңірдегі су тасқынының салдары барынша азайтылды. Қазір үйлерді қайтадан су басу қаупі сейілді», — деді Олжас Бектенов. – Төтенше жағдайлар, Қорғаныс, Ішкі істер министрліктерінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдардың барлық қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне, еріктілерге және су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысқан барлық жанашыр азаматтарға үлкен алғысымды білдіремін» .
Бүгінгі күннің басты міндеті — Атырау облысын су тасқынынан қорғануға дайындау. Күн сайын Жайық өзенінің су деңгейі көтеріліп келеді. Қауіпті белгіге дейін шамамен 100 см қалды.
«Қазір үлкен су көлемі Атырау облысына қарай ағып жатыр, алдағы күндері шарықтау шегі күтілуде. Барлық күштерді жұмылдырып, басқа өңірлерден қосымша күш тартқан Батыс Қазақстан облысының тәжірибесін пайдаланған жөн. Су деңгейінің сағаттық мониторингін қамтамасыз етіп, қорғаныс бөгеттерінің ұзындығы мен биіктігін ұлғайту қажет. Біз өңірді қорғап, су тасқынына жол бермеуіміз керек», — деп атап өтті Үкімет басшысы.
Бүгінде Атырау облысында апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін 13 мыңнан астам адам және 1 200-ден астам техника жұмылдырылған. Өңірде 500 км-ден астам бөгет салынды, оның ішінде Атырау қаласындағы тұрғын алаптардың бойында – 242 км, 4,8 млн-нан астам қапшықтар пайдаланылды. Өзен сағасында, Каспий теңізінде тереңдету жұмыстары жалғасуда: 1 408 м қазылып, 11 538 м 3 топырақ алып тасталды.
Қорытындылай келе, Үкімет басшысы негізінен ел бойынша су тасқыны қаупі сейілгенін атап өтті.
«Президент табиғи апаттан қираған үйлерді қалпына келтіру, зардап шеккен азаматтарды қалыпты өмірге қайтару бойынша басым міндет қойды. Біз барлық күш-жігерімізді әлеуметтік нысандарды, тұрғын үйлер мен инфрақұрылымды салуға және жөндеуге, адамдарға өтемақы төлеуге бағыттауымыз керек. Барлық атқарылатын шаралар нақты әрі үйлесімді түрде жасалуы керек. Әкімдіктер тұрақты түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, зардап шеккен тұрғындармен кездесуі керек», — деп қорытындылады Олжас Бектенов.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз