Премьер-Министр поручил использовать опыт смарт-системы раннего обнаружения пожаров нацпарка «Бурабай» в других природных парках и резерватах
Премьер-Министр «Бурабай» ұлттық паркінің өртті ерте анықтау смарт-жүйесі тәжірибесін басқа да табиғи саябақтар мен резерваттарда қолдануды тапсырды
Рабочий вывод
Что важно в документе
Поручено обеспечить готовность к пожароопасному сезону с учётом высокого риска.
Акиматам поручено продолжить создание пожарных постов и добровольных формирований.
Отмечен дефицит авиации МЧС при тушении пожаров, привлекались ресурсы других ведомств.
14 Май 2024, 12:04 Премьер-Министр поручил использовать опыт смарт-системы раннего обнаружения пожаров нацпарка «Бурабай» в других природных парках и резерватах Вопросы готовности профильных ведомств и акиматов к пожароопасному периоду рассмотрели на заседании Правительства под председательством Премьер-Министра Олжаса Бектенова. О положении дел доложили министры по чрезвычайным ситуациям Чингис Аринов, экологии и природных ресурсов – Ерлан Нысанбаев. Акимы областей Абай, Павлодарской и Костанайской, в которых в прошлом были крупные пожары, сообщили о превентивных мерах, проводимых в регионах. В прошлом году огнем было уничтожено свыше 116 тыс. га лесного фонда. Материальный ущерб без учета вреда экологии превысил 160 млрд тенге. Акиматами областей совместно с Министерством по ЧС утверждены Планы по недопущению природных пожаров, в которых предусмотрены вопросы, касающиеся укрепления материально-технического оснащения, резерва ГСМ, создания минерализованных полос, привлечения воздушных судов. Кроме того, с лесохозяйственными учреждениями проведены дополнительно 53 пожарно-тактических учения, обучено 1,3 тыс. работников лесной охраны. Для борьбы с крупными пожарами подготовлена группировка сил и средств в каждом регионе. Премьер-Министр подчеркнул, что в прошлом году при тушении крупных лесных пожаров не хватало воздушных судов МЧС, поэтому были привлечены вертолеты министерств обороны, внутренних дел и КНБ. В данный момент в режиме постоянной готовности находятся 19 бортов авиации Казавиаспаса, из них 9 оснащены водосливными устройствами. Для аэровизуальной разведки имеется 120 беспилотников. Правительством реализуется Комплексный план на 2023-2027 годы по укреплению материально-технического оснащения лесхозов с общим объемом финансирования более 68 млрд тенге. В прошлом году для природоохранных организаций Министерства экологии и природных ресурсов приобретено 25 пожарных автомашин, 51 малый лесопожарный комплекс, 154 трактора, 73 патрульные автомашины и 655 единиц противопожарного оборудования на 9 млрд тенге. Местными исполнительными органами приобретено 20 пожарных автомашин, 127 тракторов и 76 патрульных машин на 6,6 млрд тенге. Ранее такого объема финансирования на материально-техническое оснащение лесного хозяйства не выделялось. На сегодня процент износа имеющейся техники остается высоким и составляет 72% по пожарным машинам, 50% по тракторам и 55% по патрульным. В текущем году материально-техническое оснащение в рамках Комплексного плана продолжится. На эти цели из местных бюджетов выделено 3,8 млрд тенге, а для природоохранных организаций ведомства из различных источников предусмотрено – 15,4 млрд тенге. Согласно прогнозу Казгидромета, в этом году ожидается жаркое и засушливое лето. Особенно на западе, востоке и юге страны. В этой связи Премьер-Министр подчеркнул имеющийся высокий риск пожаров и поручил заблаговременно обеспечить готовность. В текущем году уже зарегистрировано порядка 30 лесных пожаров. Было возгорание на территории «Семей орманы», где произошел крупнейший пожар в минувшем году. Акимату Абайской области необходимо усилить контроль за пожарной безопасностью лесного фонда. В Алматинской области на территории Иле-Балхашского природного резервата произошло загорание камыша на большой площади. В Актюбинской, Атырауской, Карагандинской, Жамбылской и Кызылординской областях также произошли возгорания камыша и сухой травы. Заинтересованными государственными органами реализуется План мероприятий по предупреждению и ликвидации природных пожаров. Однако в некоторых областях эта работа ведется на ненадлежащем уровне. Глава Правительства отметил, что в Акмолинской, Алматинской, Восточно-Казахстанской, Жамбылской областях, Абай и Улытау создание минерализованных полос только начато и едва достигает трети от необходимого. Населенные пункты без таких распаханных полос никак не защищены от степного или лесного пожаров. В селах Актюбинской, Павлодарской, Карагандинской, Северо-Казахстанской областей до сих пор не очищены территории от сухой растительности и мусора. «Пожарно-техническое оснащение лесных и природоохранных учреждений слабое. Мы в этом убедились еще в прошлом году. Недостаточное количество беспилотников не позволяет проводить полноценное аэровизуальное обследование лесов и степей. Есть в Казахстане производители таких аппаратов. Отсутствие современной техники и средств тушения природных пожаров замедляет принятие оперативных мер в борьбе с огнем. Все эти вопросы требуют комплексного решения и скоординированной работы центральных и местных государственных органов», — подчеркнул Олжас Бектенов и поручил для оперативного обнаружения лесных пожаров внедрять новые технологии. На сегодня системой раннего обнаружения пожаров в лесах охвачено всего лишь 2% общей площади государственного лесного фонда. Благодаря внедренной на территории национального парка «Бурабай» смарт-системе в последние годы значительно сократились площади пожаров и повысилась оперативность реагирования. Этот опыт будут использовать и в других природных парках и резерватах. Премьер-Министр дал ряд поручений главам ведомств и регионов: Акиматам продолжить работу по организации пожарных постов и добровольных противопожарных формирований в населенных пунктах. Кроме того, обеспечить лесохозяйственные учреждения элементарными средствами пожаротушения. Министерству экологии, местным исполнительным органам с учетом опыта прежних пожаров выставить дополнительные посты наблюдения в местах с наибольшим риском возникновения пожаров. Также совместно с Министерством по чрезвычайным ситуациям и акиматами подготовить источники воды и пожарные пруды для водозабора пожарными автомобилями и вертолетами. Министерствам по чрезвычайным ситуациям, экологии и акиматам усилить взаимодействие с соответствующими службами приграничных территорий соседних стран по оперативному реагированию на природные пожары. Министерствам по чрезвычайным ситуациям, культуры и информации, акиматам активизировать разъяснительную работу среди населения по вопросу соблюдения требований пожарной безопасности, провести соответствующие учения. Министерству по чрезвычайным ситуациям совместно с заинтересованными госорганами взять на ежедневный контроль реализацию специального Межведомственного плана по предупреждению и ликвидации лесных и степных пожаров в стране. #Олжас Бектенов #Премьер-министр РК #Заседание Правительства #МЧС РК #Минэкологии Оставайтесь в курсе событий Премьер-министра и Правительства Казахстана — подписывайтесь на официальный Telegram-канал Подписаться
14 Мамыр 2024, 12:04
Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында тиісті ведомстволар мен әкімдіктердің өрт шығу қаупі бар кезеңге дайындығы қаралды. Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов, экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев жағдай туралы баяндады. Бұрын ірі өрттер орын алған Абай, Павлодар және Қостанай облыстарының әкімдері қазір өңірлерде жүргізіліп жатқан алдын алу шаралары туралы есеп берді.
Өткен жылы өрт 116 мың гектардан астам орман қорын шарпыды. Материалдық шығын келтірілген экологиялық залалды есептемегенде 160 млрд теңгеден асты.
Облыс әкімдіктері Төтенше жағдайлар министрлігімен бірлесіп, материалдық-техникалық жарақтандыру, ЖЖМ резервін нығайту, минералдандырылған жолақтар құру, әуе кемелерін тарту мәселелерін қамтитын табиғи өрттердің алдын алу жоспарларын бекітті. Сонымен қатар орман шаруашылығы мекемелерімен қосымша 53 өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізіліп, орман күзетінің 1,3 мың қызметкері оқытылды, ірі өрттермен күресу үшін әр өңірде күштер мен құралдар тобы дайындалды.
Премьер-Министр өткен жылы ірі орман өрттерін сөндіру кезінде ТЖМ әуе кемелері жеткіліксіз болғандықтан, Қорғаныс, Ішкі істер министрліктері мен ҰҚК тікұшақтары тартылғанын баса айтты. Қазіргі уақытта Қазавиақұтқару авиациясының 19 ұшағы тұрақты дайындық режимінде болса, оның 9-ы су төгетін құрылғылармен жабдықталған. Әуеден барлау үшін 120 дрон бар.
Үкімет жалпы қаржыландыру көлемі 68 млрд теңгеден асатын Орман шаруашылықтарын материалдық-техникалық жарақтандыруды нығайту жөніндегі 2023-2027 жылдарға арналған кешенді жоспарды іске асыруда.
Өткен жылы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің табиғатты қорғау ұйымдары үшін 9 млрд теңгеге 25 өрт сөндіру машинасы, 51 шағын орман өрт сөндіру кешені, 154 трактор, 73 патрульдік көлік және 655 бірлік өрт сөндіру техникасы сатып алынды. Жергілікті атқарушы органдар 6,6 млрд теңгеге 20 өрт сөндіру машинасын, 127 тракторды және 76 патрульдік көлік сатып алды. Бұған дейін орман шаруашылығын материалдық-техникалық жарақтандыруға мұндай қаржы бөлінбеген.
Бүгінгі таңда қолда бар техниканың тозу пайызы жоғары күйінде қалып отыр және өрт сөндіру машиналары 72%, тракторлар 50% және патрульдік көліктер 55%-ды құрайды. Биыл кешенді жоспар шеңберінде материалдық-техникалық жарақтандыру жұмыстары жалғасады. Бұл мақсаттарға жергілікті бюджеттерден – 3,8 млрд теңге, ал ведомствоның табиғатты қорғау ұйымдарына түрлі қаржы көздерінен – 15,4 млрд теңге бөлінді.
Қазгидрометтің болжамына сәйкес, биыл жаз айлары ыстық әрі құрғақшылық болады деп күтілуде. Әсіресе, еліміздің батысы мен шығысында және оңтүстігінде аптап ыстық ұзақ сақталуы мүмкін. Осыған байланысты Премьер-Министр өрт қаупінің жоғары екеніне тоқталып, алдын ала дайындықты қамтамасыз етуді тапсырды. Биылдың өзінде 30-ға жуық орман өрті тіркелді. Мәселен, өткен жылы өрттен қатты зардап шеккен «Семей орманы» аумағы биыл тағы да отқа оранды. Абай облысының әкімдігі бақылауды күшейтуі керек. Алматы облысында Іле-Балқаш табиғи резерватының аумағында да қамыс өртеніп, үлкен аумаққа жайылып кетті. Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Жамбыл және Қызылорда облыстарында қамыс пен қураған шөп жанып, өртке ұласты.
Қазір мүдделі мемлекеттік органдар Табиғи өрттердің алдын алу және оларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыруда. Алайда кейбір салаларда бұл жұмыстар тиісті деңгейде жүргізілмей отыр.
Үкімет басшысы Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Абай және Ұлытау облыстарында минералданған жолақтарды жасау енді ғана басталған, қажетті көлемнің үштен біріне әрең жететінін атап өтті. Арнайы жыртылған қорғаныш жолақтары жоқ елді-мекендер дала немесе орман өртінен қорғаусыз қалады. Ақтөбе, Павлодар, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарының ауылдарындағы аумақтар әлі күнге дейін қураған шөп пен қоқыстардан тазартылмаған.
«Орман және табиғатты қорғау мекемелерін өрт сөндіру техникаларымен жарақтандыру қарқыны мардымсыз екенін атап кету керек. Біз бұған өткен жылы көз жеткіздік. Ұшқышсыз ұшатын аппараттардың тапшылығы орман қоры мен даланы әуеден толық тексеруге мүмкіндік бермей отыр. Қазақстанда мұндай аппараттарды жасап шығаратындар бар. Заманауи техникалар мен табиғи өрттерді сөндіру құралдардың болмауы қызыл жалынмен күресте шұғыл шаралар қабылдауға кедергі келтіреді. Бұл мәселелердің барлығы кешенді шешімдер мен орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың үйлесімді жұмысын талап етеді», — деп атап өтті Олжас Бектенов. Сонымен қатар орман өрттерін жедел анықтау үшін жаңа технологияларды енгізуді тапсырды.
Бүгінгі таңда мемлекеттік орман қорының 2%-ы ғана орман өртін ерте анықтау жүйесімен қамтылған. «Бурабай» ұлттық паркінің аумағында қолданысқа енгізілген смарт-жүйенің арқасында соңғы жылдары ондағы өрт оқиғасы айтарлықтай қысқарды және өртке қарсы шұғыл әрекет ету жұмыстары күшейтілді. Бұл тәжірибені басқа да табиғи парктер мен резерваттарда қолдану керек.
Премьер-Министр ведомстволар мен өңірлердің басшыларына бірқатар тапсырма берді:
Әкімдіктер елді-мекендерде өрт сөндіру бекеттері мен өртке қарсы ерікті құрылымдарды ұйымдастыру жұмыстарын жалғастыруы қажет. Сонымен қатар орман шаруашылығы мекемелері күнделікті өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз етілуі тиіс.
Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен жергілікті атқарушы органдар бұрын орын алған өрттердің тәжірибесін ескере отырып, өрт қаупі жоғары жерлерде қосымша бақылау бекеттерін қоюы тиіс. Сондай-ақ Төтенше жағдайлар министрлігімен және әкімдіктермен бірлесіп, өрт сөндіру көліктерімен және тікұшақтармен су алу үшін су көздері мен өрт сөндіру тоғандарын дайындау қажет.
Төтенше жағдайлар, Экология және табиғи ресурстар министрліктері мен әкімдіктерге табиғи өрттерге қарсы шұғыл әрекет ету бойынша көрші елдердің шекара маңындағы аумақтарының тиісті қызметтерімен өзара іс-қимылды күшейту қажет.
Төтенше жағдайлар, Мәдениет және ақпарат министрліктері, әкімдіктер өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау мәселесі бойынша халық арасында түсіндіру жұмыстарын күшейтіп, тиісті оқу-жаттығулар өткізуі керек.
Төтенше жағдайлар министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, Еліміздегі орман және дала өрттерінің алдын алу және оларды жою жөніндегі арнайы ведомствоаралық жоспардың іске асырылуын күнделікті бақылауға алуы тиіс.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз