Премьер-Министр: Мы должны максимально быстро вернуть пострадавших людей к нормальной жизни
Премьер-Министр: біз зардап шеккен тұрғындардың мүмкіндігінше тезірек қалыпты өмірге қайта оралуын қамтамасыз етуіміз керек
Рабочий вывод
Что важно в документе
Премьер-министр дал поручение продолжать противопаводковые работы.
14 Май 2024, 10:30 Премьер-Министр: Мы должны максимально быстро вернуть пострадавших людей к нормальной жизни Ситуация с паводками в Казахстане рассмотрена вне повестки на заседании Правительства под председательством Премьер-Министра Олжаса Бектенова. Как доложил вице-премьер Канат Бозумбаев, в настоящее время паводковая ситуация в стране в целом стабилизируется. На этой неделе ожидается пик паводка в Атырауской области. Сейчас уровень воды в реке Жайык превысил опасные отметки на гидропостах в поселках Индербор и Махамбет. В данный момент в области проводятся работы по обвалованию территории, укладке мешкотары, возведению земляных валов и откачке воды. В восьми регионах продолжает действовать режим ЧС местного масштаба. Два населенных пункта в Актюбинской области все еще находятся без транспортного сообщения. Их жители обеспечены продуктами питания и медикаментами. Всего из зон подтоплений эвакуировано более 119 тыс. человек, из них 44 тыс. – дети. На сегодняшний день в свои дома вернулись 55,6 тыс. человек. В эвакопунктах остаются порядка 5 тыс. граждан. В результате паводковой ситуации в стране было подтоплено 12 908 жилых домов, из них под водой еще остаются 264 дома в трех регионах. Также был затоплен 25 921 дачный участок с 18 025 домами. На сегодняшний день единовременную выплату в размере 100 МРП получили 20 600 семей. Общая сумма выплаченных средств составила 7,5 млрд тенге. 680 семей получили компенсацию за понесенный материальный ущерб на 362 млн тенге. 568 семьям выплатили компенсацию на ремонт и восстановление жилья на 710 млн тенге. В регионах продолжаются работы по оценке и возмещению ущерба. Ситуация находится на постоянном контроле Правительства. Олжас Бектенов поручил задействованным службам продолжить проведение противопаводковых работ. Особенно в населенных пунктах Индербор и Махамбет, где уровень воды в реке Жайык уже превысил опасные отметки. «Эвакопункты там должны быть готовы к приему людей в любое время суток. Силам и средствам надо быть в готовности. Министерству по водным ресурсам и акимату Атырауской области обеспечить постоянный мониторинг за уровнем воды в реке Жайык», — поручил глава Правительства. Также необходимо четко контролировать наличие продуктов и медикаментов в двух населенных пунктах Актюбинской области, оставшихся без транспортного сообщения. В обесточенных селах – ускорить ремонтные работы. «Кроме того, с учетом стабилизации паводковой ситуации в регионах, акиматам следует активизировать оценочные и проектировочные работы. Все мероприятия по возмещению ущерба, в том числе, по восстановлению домов и инфраструктуры, должны быть реализованы в установленные сроки. Мы должны максимально быстро вернуть пострадавших людей к нормальной жизни», — резюмировал Премьер-Министр. #Олжас Бектенов #Премьер-министр РК #Заседание Правительства #Паводки Оставайтесь в курсе событий Премьер-министра и Правительства Казахстана — подписывайтесь на официальный Telegram-канал Подписаться
14 Мамыр 2024, 10:30
Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздегі су тасқыны жағдайы күн тәртібінен тыс қаралды.
Вице-премьер Қанат Бозымбаев айтып өткендей, қазіргі таңда еліміздегі су тасқыны жағдайы тұрақтанып келеді. Осы аптада Атырау облысында су тасқынының шарықтау шегі болады деп болжанып отыр. Бүгінде Жайық өзеніндегі су деңгейі Индербор және Махамбет кенттеріндегі су бекеттеріндегі қауіпті белгілерден асып түсті. Қазіргі уақытта өңірде аумаққа топырақ үю, құм толтырылған қапшықтарды төсеу, топырақтан біліктер салу және су айдау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Еліміздің сегіз өңірінде жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай режимі сақталуда. Ақтөбе облысындағы екі елді мекенде әлі де көлік қатынасы жоқ. Тұрғындар азық-түлікпен және дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілген.
Су басқан аймақтардан 119 мыңнан астам адам, оның ішінде 44 мың бала эвакуацияланды. Бүгінгі таңда 55,6 мың адам өз үйлеріне оралды. Әзірге эвакуациялау бекеттерінде 5 мыңға жуық азамат қалды.
Су тасқыны салдарынан елімізде 12 908 тұрғын үйді су басты, оның ішінде үш өңірде әлі 264 үй су астында қалып отыр. Сондай-ақ 18 025 саяжай үйі бар 25 921 саяжай учаскелері су астында қалды.
Бүгінгі таңда 20 600 отбасы 100 АЕК мөлшерінде бір реттік төлем алды. Төленген қаражаттың жалпы сомасы 7,5 млрд теңгені құрады. 680 отбасына 362 млн теңге көлемінде келтірілген материалдық шығын өтелді.
568 отбасы 710 млн теңгеге тұрғын үйді жөндеуге және қалпына келтіруге өтемақы алды. Өңірлерде келтірілген залалды бағалау және өтеу жұмыстары жалғасуда. Жағдай тұрақты бақылауға алынған.
Олжас Бектенов тиісті құрылымдарға тасқынға қарсы жұмыстарды жалғастыруды тапсырды. Әсіресе, Жайық өзеніндегі қауіпті деңгейден асып кеткен Индербор және Махамбет елді-мекендеріндегі жағдайды бақылауға алу керек.
«Эвакуациялық бекеттер кез келген уақытта адамдарды қабылдауға дайын болуы тиіс. Күштер мен құралдар да сақадай сай тұруы керек. Су ресурстары министрлігі мен Атырау облысының әкімдігі Жайық өзеніндегі су деңгейіне тұрақты мониторинг жүргізуді қамтамасыз етсін», — деп тапсырды Үкімет басшысы.
Сонымен қатар Ақтөбе облысында 2 елді-мекенде әлі күнге дейін көлік қатынасы жоқ. Онда азық-түлік пен дәрі-дәрмектердің болуын мұқият бақылауға алу керек. Электр жарығынсыз отырған ауылдарда жөндеу жұмыстарын тездету керек.
«Сондай-ақ су тасқыны жағдайы тұрақталған өңірлерде әкімдіктер бағалау және жобалау жұмыстарын күшейтуге тиіс. Келтірілген залалды өтеу, оның ішінде үйлер мен инфрақұрылымды қалпына келтіру жөніндегі барлық шаралар белгіленген мерзімде іске асырылуы қажет. Біз зардап шеккен тұрғындардың мүмкіндігінше тезірек қалыпты өмірге қайта оралуын қамтамасыз етуіміз керек», — деп түйіндеді сөзін Премьер-Министр.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз