Казахстанcко-малазийский инвестиционный круглый стол: подписаны соглашения о совместных проектах
Қазақстан-Малайзия инвестициялық дөңгелек үстелі: бірлескен жобалар туралы келісімдерге қол қойылды
Рабочий вывод
Что важно в документе
Казахстан стремится диверсифицировать экспорт в Малайзию и приглашает малазийский бизнес к сотрудничеству в ряде секторов.
17 Май 2024, 13:21 Казахстанcко-малазийский инвестиционный круглый стол: подписаны соглашения о совместных проектах Глава Правительства Казахстана Олжас Бектенов и Премьер-Министр Малайзии Анвар Ибрагим провели в Астане Казахстанcко-малазийский инвестиционный круглый стол с участием представителей бизнес-сообществ и научных кругов двух стран. Состоялся обмен мнениями по перспективам наращивания сотрудничества в приоритетных отраслях экономики. В своем приветственном выступлении Глава Правительства Казахстана отметил, что Малайзия является одним из ключевых торгово-экономических партнеров в Юго-Восточной Азии. За год двусторонний товарооборот вырос со $150 млн до практически $245 млн. Цель – раскрыть имеющийся потенциал экономик и превысить допандемийный показатель взаимной торговли в $650 млн. «Наши страны поддерживают тесный политический диалог, который служит прочным фундаментом для партнерства. Ваша вчерашняя встреча с Президентом нашей страны Касым-Жомартом Токаевым знаменует собой важную историческую веху в развитии двусторонних отношений. Правительство Казахстана выражает готовность реализовать все достигнутые на высшем уровне договоренности», — подчеркнул Олжас Бектенов. Олжас Бектенов заявил о намерении Казахстана диверсифицировать экспорт в Малайзию и призвал малазийских бизнесменов к совместному изучению новых возможностей для укрепления партнерства в сфере услуг, обрабатывающей промышленности, финансов, образования, недропользования, сельского хозяйства и строительства. На сегодня в РК действуют 48 компаний с малазийским капиталом. Реализуются 17 совместных инвестиционных проектов на общую сумму свыше $410 млн. В свою очередь, Премьер-Министр Малайзии Анвар Ибрагим отметил положительную динамику межгосударственного взаимодействия. В последние годы рост товарооборота между странами превышает 30%. Малайзия намерена укреплять сотрудничество с Казахстаном в туристической, образовательной, энергетической отраслях, а также в области поставок казахстанской халал-продукции. Отмечена необходимость увеличения количества совместных проектов по направлениям, обладающим мощным потенциалом. Участникам круглого стола рассказали о реализации в Казахстане системных мер по повышению инвестиционной привлекательности страны. Инвесторам предоставляются налоговые и таможенные льготы, оказывается консалтинговая и инфраструктурная поддержка. В рамках круглого стола представители казахстанского и малазийского бизнеса провели предметные переговоры. Сенатор Парламента, Президент Национальной палаты предпринимателей и индустрии Малайзии (NCCIM) Лоу Киан Чуан отметил, что Казахстан является важным стратегическим партнером Малайзии и самым большим в регионе Центральной Азии. Результатом обсуждений стала договоренность углублять инвестиционные связи и совместно осваивать новые рынки. На полях круглого стола были подписаны соглашения и меморандумы на общую сумму свыше $350 млн. Запланировано сотрудничество в области привлечения инвестиций в сферу исламских финансов и развития торговли, а также пищевой промышленности, горнорудной сфере, по обработке золота и совместному производству трансформаторного и автомобильного масла. Реализация договоренностей станет важным шагом на пути к расширению плодотворного сотрудничества двух стран. #Олжас Бектенов #Премьер-министр РК #Международное сотрудничество #Торговля #Экономика Оставайтесь в курсе событий Премьер-министра и Правительства Казахстана — подписывайтесь на официальный Telegram-канал Подписаться
17 Мамыр 2024, 13:21
Астанада Қазақстан Үкіметінің басшысы Олжас Бектенов пен Малайзия Премьер-Министрі Ануар Ибрагим екі елдің бизнес-қоғамдастықтары мен ғылыми топтары өкілдерінің қатысуымен Қазақстан-Малайзия инвестициялық дөңгелек үстелін өткізді.
Экономиканың басым салаларындағы ынтымақтастықты арттыру перспективалары талқыланды.
Қазақстан Үкіметінің басшысы Малайзия еліміздің Оңтүстік-Шығыс Азиядағы негізгі сауда-экономикалық әріптестердің бірі екенін атап өтті. Бір жыл ішінде екіжақты тауар айналымы $150 млн-нан шамамен $245 млн-ға дейін өсті. Мақсат – экономикалардың қолда бар әлеуетін ашу және екіжақты сауда көрсеткішін пандемияға дейінгі $650 млн-нан асыру.
«Біздің мемлекеттеріміздің арасындағы тығыз саяси диалог өзара серіктестіктің берік негізін қалайды. Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сіздің кешегі кездесуіңіз екіжақты қарым-қатынастардың дамуындағы маңызды тарихи кезең болды. Қазақстан Үкіметі жоғары деңгейде қабылданған барлық уағдаластықтарды іске асыруға дайын екенін білдіреді» , — деп атап өтті Олжас Бектенов.
Олжас Бектенов Қазақстанның Малайзияға экспортты әртараптандыру ниеті туралы мәлімдеп, малайзиялық кәсіпкерлерді қызмет көрсету, өңдеу өнеркәсібі, қаржы, білім беру, жер қойнауын пайдалану, ауыл шаруашылығы және құрылыс салаларындағы серіктестігін нығайтудың жаңа мүмкіндіктерін бірлесіп зерделеуге шақырды. Бүгінде Қазақстанда малайзиялық капиталдың қатысуымен 48 компания жұмыс істейді. Жалпы сомасы $410 млн-нан астам 17 бірлескен инвестициялық жоба іске асырылуда.
Өз кезегінде Малайзия Премьер-Министрі Ануар Ибрагим мемлекетаралық іс-қимылдың оң динамикасын атап өтті. Соңғы жылдары екі ел арасындағы тауар айналымының өсімі 30%-дан асты. Малайзия Қазақстанмен туризм, білім беру, энергетика салаларында, сондай-ақ қазақстандық халал өнімдерді жеткізу саласында ынтымақтастықты нығайтуға ниетті. Бұдан басқа, әлеуеті басым бағыттар бойынша бірлескен жобалар санын көбейту қажеттігі атап өтілді.
Дөңгелек үстелге қатысушыларға Қазақстанда еліміздің инвестициялық тартымдылығын арттыру жөніндегі жүйелі шаралардың іске асырылуы туралы айтылды. Инвесторларға салық және кедендік жеңілдіктер беріледі, консалтингтік және инфрақұрылымдық қолдау көрсетілуде.
Дөңгелек үстел аясында қазақстандық және малайзиялық бизнес өкілдері нақты келіссөздер жүргізді. Малайзия Парламентінің сенаторы, Ұлттық кәсіпкерлер және индустрия палатасының (NCCIM) президенті Лоу Киан Чуан Қазақстанның Малайзияның Орталық Азия аймағындағы маңызды әрі ең үлкен стратегиялық серіктесі екенін атап өтті.
Дөңгелек үстел алаңдарында инвестициялық байланыстарды тереңдету және жаңа нарықтарды бірлесіп игеру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді және жалпы сомасы $350 млн асатын келісімдер мен меморандумдарға қол қойылды. Ислам қаржысын және сауданы дамыту, сондай-ақ азық-түлік өнеркәсібі, тау-кен салаларына инвестициялар тарту, алтын өңдеу және трансформатор мен автомобиль майын бірлесіп өндіру салаларында ынтымақтастық орнату жоспарланған.
Уағдаластықтарды жүзеге асыру екі елдің табысты ынтымақтастықтығын кеңейту жолындағы маңызды қадам болмақ.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз