Олжас Бектенов в Минске обсудил с главами правительств стран ЕАЭС обеспечение населения качественными и безопасными продуктами питания
Олжас Бектенов Минскіде ЕАЭО елдерінің үкіметтер басшыларымен халықты сапалы әрі қауіпсіз азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселесін талқылады
Рабочий вывод
Что важно в документе
Обеспечение населения качественными и безопасными продуктами питания является приоритетной задачей.
Казахстан заинтересован в создании совместных перерабатывающих производств на своей территории.
Развитие логистических маршрутов через Центральную Азию и увеличение пропускной способности в Китай расширяет перспективы сотрудничества.
03 Июнь 2024, 20:00 Олжас Бектенов в Минске обсудил с главами правительств стран ЕАЭС обеспечение населения качественными и безопасными продуктами питания Премьер-Министр Республики Казахстан Олжас Бектенов прибыл в Минск для участия в заседании Евразийского межправительственного совета. По прибытии состоялась встреча с Премьер-Министром Республики Беларусь Романом Головченко по вопросам реализации договоренностей, достигнутых на уровне глав двух государств. Обсуждено укрепление сотрудничества в торгово-экономической, промышленной сферах, АПК, цифровизации, а также культурно-гуманитарное взаимодействие. Двусторонний товарооборот в прошлом году составил $912 млн. Рассмотрены меры по диверсификации торговых потоков и расширению номенклатуры поставляемых товаров. Казахстан готов нарастить экспорт по 105 товарным позициям на сумму порядка $265 млн. Важным направлением двустороннего сотрудничества являются совместные проекты в области сельхозмашиностроения. На сегодня реализовано 11 проектов по сборке тракторов, комбайнов и иной техники на общую сумму более $200 млн с созданием 1,6 тыс. рабочих мест. Стороны подтвердили намерение продолжать многоплановую работу для обеспечения динамичного развития казахско-белорусского партнерства. Олжас Бектенов посетил Международную выставку «Белагро-2024» и выступил на пленарной сессии «Продовольственная безопасность Евразийского экономического союза». В сессии также приняли участие главы правительств России, Кыргызстана, Узбекистана, Беларуси, Азербайджана, вице-премьер Армении, а также председатель Коллегии Евразийской экономической комиссии. Как отметил Премьер-Министр РК, обеспечение населения качественными и безопасными продуктами питания остается первостепенной задачей. Казахстан, являясь основным производителем зерна и муки в Центральной Азии, использует свой сельскохозяйственный потенциал для обеспечения глобальной продовольственной стабильности. РК входит в ТОП-25 мировых экспортеров продовольствия. Отечественная сельхозпродукция поставляется в 80 стран мира, включая страны Центральной Азии и ЕАЭС. Ее экспорт за последние 5 лет увеличился вдвое, достигнув $5,4 млрд. «Одним из стратегических приоритетов развития нашей страны является агропромышленный комплекс. Глава государства Касым-Жомарт Токаев перед Правительством Казахстана поставил цель – вывести отрасль сельского хозяйства на уровень глубокой переработки, полностью покрывая внутреннюю потребность и продолжая наращивать объемы экспорта. Наша страна стремится удвоить экспорт сельхозпродукции к 2026 году. При этом активно меняется структура нашего экспорта и предпочтение отдается продукции глубокой переработки. Мы заинтересованы в открытии совместных перерабатывающих производств с локализацией в Казахстане» , — отметил Олжас Бектенов. Премьер-Министр Казахстана акцентировал внимание на потенциале стран-участников ЕАЭС по обеспечению потребности в продовольствии порядка 600 млн человек. Для этого необходимо синхронизировать подходы к поставкам продовольствия на национальных уровнях и с учетом потребностей и интересов всех государств-участников Союза. «Налаживание тесных кооперационных связей для выпуска конкурентной, экологичной и экспортоориентированной продукции, соответствующей передовым международным стандартам, должно стать одной из наших приоритетных задач. Перспективы расширяет развитие новых направлений логистики через Центральную Азию и увеличение пропускной способности существующих маршрутов в Китай» , — подчеркнул Глава Правительства. Олжас Бектенов озвучил меры, необходимые для решения проблемы потери сельхозпродукции из-за логистики и хранения, а также укрепления устойчивости агропродовольственных систем с учетом экспертных оценок глобального потепления и сезонными рисками как наводнение и засуха. Кроме того, особо подчеркнут вопрос развития современной аграрной науки и активного внедрения инноваций в АПК. На выставке «Белагро-2024» была также осмотрена национальная экспозиция Республики Казахстан. Представлены отечественная сельхозтехника, включая комбайны, тракторы, дождевальное оборудование, а также продукты глубокой переработки АПК. Кроме того, продемонстрированы научные достижения казахстанских аграрных научно-исследовательских институтов, к примеру дрон, применяемый для обработки полей, патенты на селекционные достижения, в т.ч. яблоки 4-х сортов. #Олжас Бектенов #Премьер-министр РК #ЕМПС #Международное сотрудничество #Торгово-экономическое сотрудничество Оставайтесь в курсе событий Премьер-министра и Правительства Казахстана — подписывайтесь на официальный Telegram-канал Подписаться
03 Маусым 2024, 20:00
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектенов Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысына қатысу мақсатында Минскіге барды.
Сапар барысында Беларусь Республикасының Премьер-Министрі Роман Головченкомен екі мемлекет басшылары деңгейінде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру мәселелері бойынша кездесу өтті. Сауда-экономикалық, өнеркәсіп, АӨК, цифрландыру салаларындағы ынтымақтастықты нығайту, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды. Екіжақты тауар айналымы былтыр $912 млн-ды құрады. Сауда ағындарын әртараптандыру және жеткізілетін тауарлар номенклатурасын кеңейту шаралары қаралды. Қазақстан шамамен $265 млн сомасына 105 тауар позициясы бойынша экспортты ұлғайтуға дайын.
Ауыл шаруашылығы машиналарын жасау саласындағы бірлескен жобалар — екіжақты ынтымақтастықтың маңызды бағыты. Бүгінгі таңда жалпы құны $200 млн-нан асатын тракторлар мен комбайндарды және өзге де техниканы құрастыру бойынша 11 жоба іске асырылды, 1,6 мың жұмыс орны ашылған. Тараптар қазақ-беларусь әріптестігінің қарқынды дамуын қамтамасыз ету үшін көпжоспарлы жұмысты жалғастыру ниетін растады.
Олжас Бектенов «Белагро-2024» халықаралық көрмесіне қатысып, «Еуразиялық экономикалық одақтың азық-түлік қауіпсіздігі» пленарлық сессиясында сөз сөйледі. Сессияға Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Беларусь, Әзербайжан үкіметтерінің басшылары, Армения вице-премьері, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы қатысты.
ҚР Премьер-Министрі атап өткендей, халықты сапалы әрі қауіпсіз азық-түлікпен қамтамасыз ету басты міндет болып қала бермек. Қазақстан Орталық Азиядағы астық пен ұнның негізгі өндірушісі бола отырып, өзінің ауыл шаруашылығы саласындағы әлеуетін жаһандық азық-түлік тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін пайдаланады. ҚР әлемдік азық-түлік экспорттаушыларының ТОП-25 қатарына кіреді. Отандық ауыл шаруашылығы өнімдері әлемнің 80 еліне, соның ішінде Орталық Азия мен ЕАЭО елдеріне жеткізіледі. Оның экспорты соңғы 5 жылда екі есеге өсіп, $5,4 млрд-қа жетті.
«Елімізді дамытудың стратегиялық басымдықтарының бірі – агроөнеркәсіп кешені. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Үкіметінің алдына ішкі қажеттілікті толық қамтамасыз етіп, экспорт көлемін одан әрі арттыра отырып ауыл шаруашылығы саласын терең өңдеу деңгейіне жеткізу міндетін қойды. Еліміз 2026 жылға қарай ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын екі есеге ұлғайтуды мақсат етіп отыр. Бұл ретте біздегі экспорттың құрылымы белсенді түрде өзгертіліп, терең өңдеу өнімдеріне басымдық беріледі. Біз Қазақстанда локализациялаумен бірлескен қайта өңдеу өндірістерін ашуға мүдделіміз» , — деп атап өтті Олжас Бектенов.
Қазақстан Премьер-Министрі ЕАЭО-ға қатысушы елдердің 600 млн-ға жуық адамның азық-түлікке деген қажеттілігін қамтамасыз ету жөніндегі әлеуетіне назар аударды. Ол үшін Одаққа қатысушы барлық мемлекеттің қажеттіліктері мен мүдделерін ескере отырып, ұлттық деңгейлерде азық-түлік жеткізу тәсілдерін үйлестіру қажет.
«Озық халықаралық стандарттарға сәйкес келетін бәсекеге қабілетті, экологиялық және экспортқа бағдарланған өнім шығару үшін тығыз кооперациялық байланыс орнату біздің негізгі міндеттеріміздің бірі болуға тиіс. Орталық Азия арқылы жаңа логистикалық бағыттарды одан әрі дамыту және Қытайға жеткізетін қолданыстағы бағыттардың өткізу қабілетін арттыру перспективаларды кеңейте түспек» , — деп атап өтті Үкімет басшысы.
Олжас Бектенов логистика мен сақтау жағдайларына байланысты ауыл шаруашылығы өнімін жоғалту мәселесін шешу, сондай-ақ жаһандық жылыну, су тасқыны мен құрғақшылық секілді маусымдық сын-тегеуріндерді сараптамалық бағалау жұмыстарын ескере отырып, агроазық-түлік жүйелерінің тұрақтылығын нығайту үшін қажетті шараларға тоқталды. Сонымен қатар қазіргі заманғы аграрлық ғылымды дамыту және АӨК-те инновацияларды белсенді түрде енгізу мәселесі ерекше атап өтілді.
Сондай-ақ «Белагро-2024» көрмесінде Қазақстан Республикасының ұлттық экспозициясы да қаралды. Онда комбайндар, тракторлар, жаңбырлатып суару аппараттары секілді отандық ауыл шаруашылығы техникалары мен АӨК терең өңдеу өнімдері ұсынылған. Бұған қоса қазақстандық аграрлық ғылыми-зерттеу институттарының ғылыми жетістіктері, мәселен, егістіктерді өңдеу үшін қолданылатын дрон, селекциялық жетістіктердің патенттері, оның ішінде алманың 4 сұрпы көрсетілді.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз