Олжас Бектенов ознакомился с итогами посевной, развитием животноводства и сельхозмашиностроения в СКО
Олжас Бектенов СҚО-да егіс қорытындысымен, мал шаруашылығы және ауыл шаруашылығы машинасын жасау саласының дамуымен танысты
Рабочий вывод
Что важно в документе
Необходимо постоянно повышать производительность труда и внедрять инновации.
На встрече с животноводами отмечено, что животноводство составляет более 49% валовой продукции сельского хозяйства.
Поручение Министерству промышленности и строительства контролировать вопрос.
07 Июнь 2024, 16:22 Олжас Бектенов ознакомился с итогами посевной, развитием животноводства и сельхозмашиностроения в СКО Премьер-Министр Казахстана Олжас Бектенов в ходе рабочей поездки в Северо-Казахстанскую область ознакомился с итогами посевной кампании в регионе, встретился с аграриями и животноводами, а также посетил завод по производству сельхозтехники. Глава Правительства осмотрел поля ТОО «Дайындык Агро». В этом году товариществом засеяно около 7,5 тыс. га. Согласно поручению Главы государства по диверсификации посевов для ухода от монокультур, для кормовых в текущем году площадь увеличена в 3 раза. На встрече с представителями крупных агроформирований обсуждены вопросы посевной кампании и меры поддержки АПК. Регион ежегодно обеспечивает до 25% от всего объема зерновых в стране и треть масличных культур, являясь лидером по данному направлению. Посевная кампания полностью завершится в ближайшие дни. Из планируемого объема минеральных удобрений на сегодня внесено 65% на площади в 2,3 млн га. Всего данными мероприятиями будет охвачено 3 млн га посевных площадей. Отмечено, что в целом аграрии страны обеспечены всеми необходимыми ресурсами для своевременного и качественного проведения весенне-полевых работ. Так, Продкорпорацией была осуществлена реализация товарного кредита семенного материала в объеме 44,8 тыс. тонн пшеницы на сумму 6,4 млрд тенге. Выделено 376 тыс. тонн льготного дизтоплива по цене 250 тенге/литр, что на 15% ниже рыночной. Внедрен новый механизм авансового субсидирования, который предусматривает увеличенный 60%-й норматив для отечественных удобрений. С казахстанскими производителями удобрений проработан вопрос предоставления рассрочки. «У нас производится экологически чистая, натуральная сельхозпродукция, которая сегодня востребована на мировом рынке. Государством оказывается большая поддержка агропромышленному комплексу в виде льготного кредитования и субсидирования, объемы которых из года в год растут. Вместе с тем, всю производимую продукцию в сельском хозяйстве важно перерабатывать и экспортировать. Для этого нужно обеспечивать неуклонное повышение производительности труда, внедрять новые технологии и подходы», — подчеркнул Олжас Бектенов. По поручению Главы Государства на строительство современных молочно-товарных ферм в прошлом году было направлено 100 млрд тенге льготных кредитных средств. Только в виде субсидирования за производство и реализацию молока товаропроизводителям ежегодно направляются финансовые средства на сумму порядка 24 млрд тенге. Премьер-Министр акцентировал внимание на дальнейшем раскрытии потенциала молочной промышленности региона на примере крупной молочно-товарной фермы «Иван Зенченко», где были осмотрены технологические процессы и линейка выпускаемой продукции. На СКО приходится более 13% от всего объема производимого в стране молока. В преддверии профессионального праздника Дня животновода Олжас Бектенов встретился с представителями крупных животноводческих хозяйств региона, обсудил с ними дальнейшие перспективы развития отрасли, отметив, что на долю животноводства приходится более 49% валовой продукции сельского хозяйства. В Северо-Казахстанской области Олжас Бектенов также посетил завод CLAAS, где локализована сборка сельскохозяйственной техники по немецкой технологии. Предприятие выпускает широкую линейку востребованной сельхозтехники. В текущем году планируется обеспечить рынок 523 единицами новой техники: это 103 трактора, 180 комбайнов, 165 жаток и 75 посевных комплексов. «Потребность среди казахстанских фермеров в высококачественной сельскохозяйственной технике растет. Теперь задача компании – ежегодно повышать уровень локализации производства. Министерство промышленности и строительства должно держать данный вопрос на контроле», — отметил Олжас Бектенов. #Олжас Бектенов #Премьер-министр РК #АПК #Весенне-полевые работы #Рабочая поездка Оставайтесь в курсе событий Премьер-министра и Правительства Казахстана — подписывайтесь на официальный Telegram-канал Подписаться
07 Маусым 2024, 16:22
Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында өңірдегі егіс науқанының қорытындысымен танысып, диқандармен және малшылермен кездесті, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасын өндіру зауытында болды.
Үкімет басшысы «Дайындық Агро» ЖШС алқаптарын аралап көрді. Серіктестік биыл 7,5 мың гектарға жуық алқапқа егін сепкен. Мемлекет басшысының дара дақылды егістен бас тарту мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын әртараптандыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес, биыл мал азығына арналған алқаптар 3 есеге ұлғайтылды.
Ірі агроқұрылымдардың өкілдерімен кездесуде егіс науқаны мәселелері және АӨК-ті қолдау шаралары талқыланды. Өңір жыл сайын елдегі жалпы астық көлемінің 25%-на дейін және майлы дақылдардың үштен бірін қамтамасыз ету арқылы осы салада көшбасшы болып отыр. Егіс науқаны жақын күндері толығымен аяқталады. Бүгінгі таңда 2,3 млн га алқапқа жоспарланған минералды тыңайтқыш көлемінің 65%-ы енгізілді. Аталған іс-шаралармен барлығы 3 млн га егіс алқабы қамтылады.
Жалпы, еліміздің диқандары көктемгі егіс жұмыстарын уақытылы әрі сапалы өткізу мақсатында барлық қажетті ресурстармен қамтамасыз етілгені атап өтілді. Мәселен, Азық-түлік корпорациясы 6,4 млрд теңгеге 44,8 мың тонна бидай көлемінде тұқымдық материалға тауарлық несие берді. Литрі 250 теңге болатын 376 мың тонна жеңілдікті дизель отыны бөлінді, бұл нарықтық бағадан 15%-ға төмен. Отандық тыңайтқыштар үшін 60% ұлғайтылған нормативті көздейтін аванстық субсидиялаудың жаңа тетігі енгізілді. Отандық тыңайтқыш өндірушілермен бөліп төлеу мәселесі пысықталды.
«Біз бүгінде әлемдік нарықта сұранысқа ие экологиялық таза, табиғи ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіреміз. Мемлекет тарапынан агроөнеркәсіп кешеніне жеңілдетілген несие беру және субсидиялау түрінде үлкен қолдау көрсетіліп жатыр, олардың көлемі жылдан жылға артып келеді. Сонымен қатар ауыл шаруашылығында шығарылатын барлық өнімді өңдеу және экспорттау маңызды. Ол үшін еңбек өнімділігін тұрақты түрде арттырып, жаңа технологиялар мен тәсілдерді енгізу қажет», — деп атап өтті Олжас Бектенов.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша былтыр заманауи сүт-тауар фермаларын салуға 100 млрд теңге жеңілдетілген несие қаражаты бөлінген болатын. Тауар өндірушілерге тек сүт өндіру мен өткізу үшін субсидия түрінде жыл сайын 24 млрд теңгеге жуық қаржы аударылады.
Премьер-Министр «Иван Зенченко» ірі сүт-тауар фермасының мысалында өңірдің сүт өнеркәсібінің әлеуетін одан әрі кеңейту мәселесіне баса назар аударды. Онда технологиялық процестер мен шығарылатын өнім түрлері қаралды. СҚО-да елімізде шығарылатын сүттің жалпы көлемінің 13%-дан астамы өндіріледі.
Малшылар күні кәсіби мерекесі қарсаңында Олжас Бектенов өңірдегі ірі мал шаруашылығы өкілдерімен кездесіп, олармен саланы одан әрі дамыту келешегін талқылап, ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің 49%-дан астамы мал шаруашылығының үлесіне тиесілі екенін атап өтті.
Солтүстік Қазақстан облысында Олжас Бектенов ауыл шаруашылығы техникасы неміс технологиясы бойынша құрастырылатын CLAAS зауытында болды. Кәсіпорын сұранысқа ие көптеген ауыл шаруашылығы техникаларын шығарады. Биыл нарықты 523 жаңа техникамен, атап айтсақ: 103 трактор, 180 комбайн, 165 дестелегішпен және 75 егіс кешенімен қамтамасыз ету жоспарланып отыр.
«Қазақстандық фермерлер арасында жоғары сапалы ауыл шаруашылығы техникасына сұраныс артып келеді. Енді компанияның міндеті – өндірісті локализациялау деңгейін жыл сайын арттыру. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі бұл мәселені бақылауда ұстауы тиіс», — деді Олжас Бектенов.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз