2 тыс. км водопроводов построят и реконструируют в регионах – Министерство водных ресурсов и ирригации
Өңірлерде 2 мың шақырым су құбыры салынады және қайта жаңғыртылады — Су ресурстары және ирригация министрлігі
11 Июнь 2024, 15:20 2 тыс. км водопроводов построят и реконструируют в регионах – Министерство водных ресурсов и ирригации В ходе заседания Правительства под председательством Премьер-Министра РК Олжаса Бектенова по вопросу обеспечения услугами водоснабжения городских и сельских населенных пунктов выступил с докладом первый вице-министр водных ресурсов и ирригации Болат Бекнияз. На сегодняшний день в республиканской собственности имеются 39 групповых водопроводов, обслуживаемых РГП «Нуринский групповой водопровод» и РГП «Казводхоз». Их протяженность 15 тыс. км, водоснабжением обеспечивают 660 населенных пунктов с населением более 1,4 млн человек. «В целях обеспечения качественного водоснабжения сельского населения в населенных пунктах нами проводится строительство и реконструкция водопроводов. Так, на 40,6 млрд тенге реализуется 29 проектов в 9 областях страны. В Акмолинской, Атырауской, Алматинской, Ұлытау, Кызылординской, Мангистауской, Туркестанской, ЗКО и СКО», — доложил Болат Бекнияз. По его словам, в результате реализации этих проектов планируется реконструировать и построить 2 тыс. км водопроводов, что обеспечит водоснабжением 437 населенных пунктов. В 44 из них будет подключено централизованное водоснабжение. В разработке находятся еще 5 проектов, ожидающих государственной экспертизы. Это 2 проекта по реконструкции Нуринского группового водопровода, также строительство площадок водопроводных сооружений и разводящих сетей от Каскеленского группового водовода в Алматинской области, строительство головных сооружений Сарыагашского группового водовода в Туркестанской области. Их реализация позволит улучшить водоснабжение 200 населенных пунктов. Из-за крайне изношенного состояния Нуринского группового водопровода остро стоит вопрос водоснабжения в Егиндыкольском и Коргалжынском районах Акмолинской области. Для решения вопроса из резерва Правительства выделены 1,8 млрд тенге. завершение работ намечено на август текущего года. На реконструкцию и строительство группового водопровода планируется выделить 3,2 млрд тенге. Также в рамках поручения Главы государства завершается слияние РГП «Нуринский групповой водопровод» и РГП «Казводхоз». Документы направлены в Комитет государственного имущества и приватизации. «В целях повышения эффективности управления водным хозяйством в рамках административной реформы по обеспечению и организации жизнедеятельности местного населения Министерство передает групповые водопроводы на баланс местных исполнительных органов. Уже переданы два групповых водопровода в Мангистауской области», — сообщил представитель ведомства. В течение года будут переданы групповые водопроводы в Алматинской, Атырауской и Актюбинской областях. #Заседание Правительства Оставайтесь в курсе событий Премьер-министра и Правительства Казахстана — подписывайтесь на официальный Telegram-канал Подписаться
11 Маусым 2024, 15:20
Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздегі қалалар мен ауылдық елді мекендерді сумен жабдықтау мәселесі қаралды. Топтық су құбырларын салу және реконструкциялау жөніндегі жобалардың іске асырылу барысы туралы су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Болат Бекнияз баяндама жасады.
Бүгінгі таңда республикалық меншікте «Нұра топтық су құбыры» РМК және «Қазсушар» РМК қызмет көрсететін, жалпы 1,4 млн астам халқы бар 660 елді мекенді сумен қамтамасыз ететін, ұзындығы 15,1 мың шақырымды құрайтын 39 топтық су құбыры бар.
«Ауыл тұрғындарын сапалы сумен қамтамасыз ету мақсатында елді мекендерде су құбырларын салу және реконструкциялау жұмыстары жүргізіліп келеді. Мәселен, 29 жоба 9 облыста: Ақмола, Атырау, Алматы, Ұлытау, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан, БҚО және СҚО-да іске асырылуда» , — деді бірінші вице-министр Болат Бекнияз.
Келтірілген ақпаратқа сүйенсек, аталған жобаларды іске асыру нәтижесінде 2 мың шақырым су құбырын реконструкциялау және салу жоспарланған. Бұл 437 елді мекенді сумен қамтамасыз етуге, жалпы саны 92 мың адамды құрайтын 44 елді мекен тұрғындарын орталықтандырылған сумен жабдықтауға қосылуға мүмкіндік береді.
Бұдан басқа, мемлекеттік сараптама алғаннан кейін іске асырылатын 5 жоба әзірленуде. Атап айтқанда, Нұра топтық су құбырын қайта жаңарту – бұру және тарату желілері, Алматы облысындағы Қаскелең топтық су құбырынан су құбыры құрылыстары мен тарату желілері алаңдарының құрылысы, Түркістан облысындағы Сарыағаш ТСҚ бас құрылыстарының құрылысы. Нәтижесінде 200 елді мекенді сумен жабдықтау жақсартылады және қамтамасыз етіледі.
Сонымен қатар Ақмола облысының Егіндікөл және Қорғалжын аудандарының елді мекендерінде Нұра топтық су құбырының өте нашар жағдайына байланысты сумен жабдықтауды қамтамасыз ету мәселесі өткір тұр.
«Жұмыстар Үкімет резервіндегі қаражат есебінен жүргізілуде. Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында «Нұра топтық су құбыры» РМК мен «Қазсушар» РМК бірігуі аяқталуда. Құжаттар ҚР Қаржы министрлігіі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне жолданды» , — деп мәлімдеді спикер.
Бұдан басқа, жергілікті халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету және ұйымдастыру жөніндегі әкімшілік реформа шеңберінде су шаруашылығын басқарудың тиімділігін арттыру мақсатында Министрлік топтық су құбырларын жергілікті атқарушы органдар теңгеріміне береді. Маңғыстау облысында «Қазба-Қызан-Ақшымырау», «Басқұдық-Беки» екі топтық су құбыры берілді.
Сондай-ақ жыл ішінде Алматы, Атырау және Ақтөбе облыстарында топтық су құбырларын беру жоспарланып отыр. Елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда және Министрліктің тұрақты бақылауында.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз