статья

В Правительстве принята Концепция развития инфраструктуры здравоохранения на 2024-2030 годы

Үкіметте Денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың 2024-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы қабылданды

Надежность цитирования ограниченная опора Человек или должность Правительственный корпус Дата события 11 июня 2024 Документ полезен, но тезисов мало: для выводов лучше сразу перепроверять первоисточник.

Рабочий вывод

Что важно в документе

2 сигнала
Оценка

При реализации проектов здравоохранения необходимо задействовать местных производителей для поддержки региональной экономики.

Оценка

Премьер-министр требует системного подхода к развитию медицинской инфраструктуры.

11 Июнь 2024, 12:10 В Правительстве принята Концепция развития инфраструктуры здравоохранения на 2024-2030 годы Постановлением Правительства принята Концепция развития инфраструктуры здравоохранения на 2024 – 2030 годы. Документ, разработанный Министерством здравоохранения по поручению Главы государства, на заседании под председательством Премьер-Министра Олжаса Бектенова представила министр Акмарал Альназарова. За последние 5 лет в Казахстане было построено порядка 400 объектов здравоохранения, на закупку медицинского оборудования направлено свыше 261 млрд тенге. При этом уровень износа инфраструктуры остается высоким – 50%, половина действующих объектов эксплуатируется более 40 лет. При уровне оснащенности медицинским оборудованием по стране выше 80% качество обслуживания снижено из-за износа техники, доложила министр. Сопутствующими проблемами системы здравоохранения также являются нерациональное использование коечного фонда, дефицит врачей и среднего медицинского персонала. Глава Правительства Олжас Бектенов подчеркнул необходимость комплексного подхода к развитию инфраструктуры здравоохранения. Согласно новой Концепции, процесс определения мест под строительство медицинских учреждений будет пересмотрен с учетом долгосрочных прогнозов и потребностей населения в различных видах помощи. Предварительно Министерством здравоохранения определена потребность в модернизации 2,5 тыс. объектов здравоохранения. Первый этап включает в себя строительство 34 якорных проектов на 11 440 коек. Это системообразующие медицинские учреждения – в частности, Национальный центр детской онкологии и гематологии, центр детской кардиохирургии, университетские многопрофильные больницы в регионах. На втором этапе совместно с местными исполнительными органами планируется продолжить модернизацию объектов. Премьер-Министр отметил, что в ходе реализации проектов важно максимально привлекать отечественных производителей строительных материалов, мебели и оснащения, что положительно отразится на экономике регионов. Кроме того, должны быть соблюдены международные стандарты качества. «Международному стандарту JCI (Joint Commission International) в Казахстане соответствуют лишь 9 медицинских организаций, среди которых Национальный научный кардиохирургический центр, Национальный центр материнства и детства и другие. Аккредитация по этим стандартам означает “высший уровень” качества здравоохранения, к которому должны стремиться все медицинские учреждения. Поэтому, начиная с этапа проектирования ключевых проектов, должны быть предусмотрены требования международного стандарта JCI», — подчеркнул Глава Правительства. Отмечена необходимость применения мирового опыта по привлечению частных инвестиций в здравоохранение. В ближайшей перспективе такой способ в оснащении и управлении медицинскими объектами должен стать приоритетной мерой развития инфраструктуры. Глава Правительства акцентировал внимание акимов Мангистауской области, Улытау, Жетысу на данной проблеме – эти регионы демонстрируют наименьшие показатели по объемам привлеченных средств. Больше всего инвестиций приходится на Астану и Алматы, а также Туркестанскую и Атыраускую области. По итогам реализации Концепции планируется снижение степени износа объектов здравоохранения до 30%, увеличение оснащенности до 88% и обеспеченности медперсоналом в соответствии с нормативами. #Олжас Бектенов #Премьер-министр РК #Заседание Правительства #Здравоохранение #Инвестиции #Инфраструктурное развитие Оставайтесь в курсе событий Премьер-министра и Правительства Казахстана — подписывайтесь на официальный Telegram-канал Подписаться

11 Маусым 2024, 12:10

Үкіметтің қаулысымен денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың 2024–2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы қабылданды. Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен отырыста Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Денсаулық сақтау министрлігі әзірлеген құжатты министр Ақмарал Әлназарова ұсынды.

Соңғы 5 жылда Қазақстанда 400-ге жуық денсаулық сақтау нысаны салынды, медициналық жабдықтарды сатып алуға 261 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалды. Бұл ретте инфрақұрылымның тозу деңгейі жоғары 50% күйінде қалып отыр, жұмыс істеп тұрған нысандардың жартысы 40 жылдан астам уақыт бойы пайдаланылып келеді. Елімізде медициналық жабдықтармен жарақтандыру деңгейі 80 пайыздан асса, қызмет көрсету сапасы техниканы тозуы салдарынан төмендеп отыр, деп хабарлады министр. Денсаулық сақтау жүйесінің қосымша проблемалары аурухана төсек қорын тиімсыз пайдалану, дәрігерлер мен медбикелердің тапшылығы болып саналады.

Үкімет басшысы Олжас Бектенов денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытуға кешенді көзқарас қажет екенін атап өтті. Жаңа тұжырымдамаға сәйкес, медициналық мекемелердің құрылысына арналған орындарды анықтау процесі ұзақ мерзімді болжамдар мен халықтың әртүрлі көмек түрлеріне қажеттіліктерін ескере отырып қайта қаралатын болады.

Бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі 2,5 мың денсаулық сақтау нысанын жаңғырту қажеттілігін анықтады. Бірінші кезең 11 440 төсек-орындық 34 негізгі жоба құрылысын қамтиды. Бұл жүйе құраушы медициналық мекемелер – атап айтқанда, ұлттық балалар онкологиясы және гематология орталығы, балалар кардиохирургиялық орталығы, өңірлердегі көпсалалы университеттік ауруханалар. Екінші кезеңде жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп нысандарды жаңғыртуды жалғастыру жоспарлануда.

Премьер-Министр жобаларды іске асыру барысында құрылыс материалдарын, жиһаздар мен жабдықтарды отандық өндірушілерді барынша тарту маңызды екенін атап өтті, бұл өңірлердің экономикасына оң әсерін тигізеді. Сонымен қатар, халықаралық сапа стандарттары сақталуы керек.

«JCI (Joint Commission International) халықаралық стандартына Қазақстанда тек 9 медицина ұйымы сәйкес келеді, олардың қатарында Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы, Ана мен бала ұлттық орталығы және басқалары бар. Осы стандарттар бойынша аккредиттелу денсаулық сақтау сапасының “жоғары деңгейін” көрсетеді. Барлық денсаулық сақтау мекемелері осындай деңгейге ұмтылуы керек. Сондықтан негізгі объектілерді жобалау кезеңінен бастап JCI халықаралық стандартының талаптары ескеріліп көзделуі тиіс», — деп атап көрсетті Үкімет басшысы.

Денсаулық сақтау саласына жеке инвестицияларды тарту бойынша әлемдік тәжірибені қолдану қажеттілігі атап өтілді. Таяу болашақта медициналық нысандарды жарақтандыру мен басқарудағы мұндай әдіс инфрақұрылымды дамытудың басым шарасы болуға тиіс. Үкімет басшысы Маңғыстау, Ұлытау, Жетісу облыстары әкімдерінің назарын осы мәселеге аударды – бұл өңірлер тартылған қаражат көлемі бойынша ең төмен көрсеткіштерді көрсетуде. Инвестициялардың басым бөлігі Астана мен Алматыға, сондай-ақ Түркістан және Атырау облыстарына тиесілі.

Тұжырымдаманы іске асыру қорытындысы бойынша денсаулық сақтау объектілерінің тозу дәрежесін 30%-ға дейін төмендету, жарақтандыруды 88%-ға дейін ұлғайту және нормативтерге сәйкес медицина кадрларымен қамтамасыз ету жоспарлануда.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз