Олжас Бектенов о восстановлении домов после паводка: Важны не только сроки, но и качество проводимых работ
Олжас Бектенов су тасқынынан кейін үйлерді қалпына келтіру туралы: Өткізілетін жұмыстардың мерзімі ғана емес, сапасы да маңызды
Рабочий вывод
Что важно в документе
Премьер-министр указал на отставание других регионов в темпах восстановления.
Премьер-министр одобрил ход восстановления жилья в СКО, где 53 семьи уже получили ключи.
11 Июнь 2024, 10:29 Олжас Бектенов о восстановлении домов после паводка: Важны не только сроки, но и качество проводимых работ На заседании Правительства под председательством Премьер-Министра Олжаса Бектенова рассмотрен ход ремонтно-восстановительных работ в регионах, пострадавших от паводка. О ситуации на текущий момент доложил министр промышленности и строительства Канат Шарлапаев. В Казахстане в результате паводков признаны пострадавшими 18 005 объектов недвижимости. Результаты обследования имеются по 17 295 из них. Прирост оформленных заключений за неделю составил 1 375. Запланировано строительство 2 245 объектов, приобретение 5 235 домов и квартир на рынке недвижимости, ремонт 9 819 жилищ. Как доложил министр промышленности и строительства Канат Шарлапаев, на сегодняшний день в стране начато строительство 1 828 домов, что составляет 81%. При этом низкие темпы и мобилизация имеют место в ЗКО и Акмолинской области. В Актюбинской области и ЗКО до сих пор остаются под водой 2 122 дома. Для казахстанцев, чья недвижимость признана непригодной, приобретено 1 943 объекта. На сегодняшний день выплаты получили собственники 1 772 домов. Ситуационный центр и Центр развития трудовых ресурсов на всех этапах мониторят процесс приема и обработки заявлений от граждан через eGov и АИС «Социальная помощь». За счет цифровизации также обеспечен мониторинг в разрезе стадий реализации. В каждом регионе на площадках массового строительства размещены 52 камеры с круглосуточным онлайн доступом. В ближайшую неделю дополнительно будут подключены 6 камер в Актюбинской области. Глава Правительства положительно оценил ремонтные и строительные работы в Северо-Казахстанской области, где 53 семьям были вручены ключи от новых домов. При этом Премьер-Министр подчеркнул, что другие регионы пока не набрали нужный темп. «На прошлой неделе я посетил Северо-Казахстанскую область. Там неплохие темпы ремонтных и строительных работ. Другие регионы пока не набрали нужный темп. Еще раз напомню – лето короткое, надо всё успеть сделать в установленные сроки. Причем – качественно. К сожалению, в работе местных органов власти отмечается инертность, нерешительность, слабая организация. Особенно надо активизироваться Западно-Казахстанской и Атырауской областям. Никаких срывов сроков быть не должно. При этом для нас важны не только сроки, но и качество проводимых работ. На это нужно обратить особое внимание», — подчеркнул Олжас Бектенов. Кроме того, даны поручения по приведению территории в регионах в соответствующий вид. Так, для борьбы с паводком во многих регионах были сделаны насыпи из земли, глины, использованы мешки с песком. Акиматам поручено привести убрать и утилизировать мешкотару для недопущения нанесения вреда экологии. #Олжас Бектенов #Заседание Правительства #Паводки #Регионы #Строительство Оставайтесь в курсе событий Премьер-министра и Правительства Казахстана — подписывайтесь на официальный Telegram-канал Подписаться
11 Маусым 2024, 10:29
Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында су тасқынынан зардап шеккен өңірлердегі жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының барысы қаралды. Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев қазіргі жағдай туралы баяндады.
Қазақстанда су тасқыны салдарынан 18 005 жылжымайтын мүлік бүлінген деп танылды. 17 295-інің зерттеу нәтижесі дайын. Бір апта ішінде ресімделген қорытындылардың өсімі 1 375-ті құрады. 2 245 нысан құрылысы, жылжымайтын мүлік нарығында 5 235 үй мен пәтер сатып алу, 9 819 тұрғын үйді жөндеу жоспарланған.
Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевтың айтуынша, бүгінде елімізде 1 828 үйдің құрылысы басталды, бұл 81%-ды құрап отыр. Бұл ретте БҚО мен Ақмола облысында төмен қарқын мен жұмылдыру орын алуда. Ақтөбе облысы мен БҚО-да 2 122 үй әлі су астында қалып отыр.
Жылжымайтын мүлкі жарамсыз деп танылған қазақстандықтар үшін 1 943 нысан сатып алынды. Бүгінгі таңда 1 772 үйдің иелері төлемдерін алған. Ахуалдық орталық және Еңбек ресурстарын дамыту орталығы барлық кезеңдерде EGOV және «Әлеуметтік көмек» ААЖ арқылы азаматтардан өтініштерді қабылдау және өңдеу процесін бақылайды. Цифрландыру есебінен іске асыру кезеңдері бойынша мониторингі қамтамасыз етілді. Әр өңірде жаппай құрылыс алаңдарында тәулік бойы онлайн қолжетімділігі бар 52 камера орналастырылған. Алдағы аптада Ақтөбе облысында қосымша 6 камера қосылады.
Үкімет басшысы Солтүстік Қазақстан облысындағы жөндеу және құрылыс жұмыстарының қарқыны жақсы деп баға берді, онда 53 отбасына жаңа үйдің кілті табысталды.
Бұл ретте Премьер-Министр басқа өңірлер әлі қажетті қарқынды ала-алмай отырғанын атап өтті.
«Мен өткен аптада Солтүстік Қазақстан облысына бардым. Жөндеу және құрылыс жұмыстарының қарқыны жақсы. Басқа өңірлер әлі қажетті қарқынды ала-алмай отыр. Тағы да еске саламын – жаз мезгілі қысқа, бәрін белгіленген мерзімде, әрі сапалы етіп жасауға біраз уақыт талап етіледі. Өкінішке қарай, жергілікті билік органдарының жұмысында салғырттық, шешім қабылдауда баяулық, ұйымдастыру ісінде әлсіздік байқалады. Әсіресе Батыс Қазақстан және Атырау облыстарының белсенділігін арттыру қажет. Мерзімдерді мүлдем бұзуға болмайды. Бірақ тек мерзім емес, сапа жағы да өте маңызды. Оған да жіті назар аудару қажет» , — деп атап өтті Олжас Бектенов.
Сондай-ақ өңірлердегі аумақтарды тиісті формаға келтіру жөнінде тапсырмалар берілді. Мәселен, көптеген өңірлерде су тасқынымен күресу үшін құм мен саздан үйінділер жасалды, топырақ салынған қаптар пайдаланылды. Әкімдіктерге экологияға зиян келтірмес үшін барлық қапшықтарды алып тастап, кәдеге жарату тапсырылды.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз