Олжас Бектенов дал ряд поручений по обеспечению безопасности на водоемах
Олжас Бектенов су айдындарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша бірқатар тапсырмалар берді
Рабочий вывод
Что важно в документе
Поручено усилить профилактику безопасности на водоемах через увеличение патрулирований.
Поручено благоустроить инженерные сооружения установкой ограждений.
18 Июнь 2024, 11:15 Олжас Бектенов дал ряд поручений по обеспечению безопасности на водоемах Вопрос безопасности на водоемах был рассмотрен на заседании Правительства под председательством Премьер-Министра Олжаса Бектенова. О профилактических мерах в период купального сезона отчитался министр по чрезвычайным ситуациям Чингис Аринов, также с докладами выступили министры внутренних дел, просвещения и транспорта. На сегодня для обеспечения безопасности в летний период по стране функционируют 42 спасательных поста на водоемах. В следующем году завершится строительство 3 модульных станций на озерах Шалкар, Имантау, а также в городе Косшы. Дополнительно сформированы мобильные посты, укомплектованные лодками и средствами спасения. Министерством по чрезвычайным ситуациям совместно с акиматами ведется системная работа по увеличению разрешенных для купания и отдыха мест. Сегодня по стране оборудовано 708 таких локаций, данные о местоположении пляжей размещены на платформе 2GIS. В рамках профилактических мероприятий по контролю за безопасностью на воде, в том числе пресечению фактов употребления спиртных напитков на побережьях водоемов, проводится патрулирование акваторий. С начала года организовано более 26 тыс. рейдов, к ответственности привлечено порядка 3 тыс. нарушителей. Особое внимание в ходе заседания Правительства было уделено вопросу детского отдыха, организованного в непосредственной близости от водоемов. Мониторинговыми группами проверен 31 загородный лагерь с выходом к воде и 127 баз отдыха, оборудованных собственными бассейнами. Согласно статистике, ежегодно из порядка 200-300 утонувших на водоемах республики около 100 – дети. Премьер-Министр поручил акиматам регионов усилить профилактические меры по обеспечению безопасности на воде, в том числе, увеличив количество проводимых патрулирований. Для повышения эффективности работы также важно взять на вооружение новые технологии, позволяющие осуществлять контроль за ситуацией в режиме реального времени дистанционно. По итогам прошлого года благодаря принятым мерам количество жертв сократилось на 6%. «В городах Алматы и Павлодар в пилотном режиме протестирована система дистанционного мониторинга, позволяющая определить границы заплыва и раннего обнаружения тонущих. В Актюбинской области разработан проект интерактивного буйка, позволяющего тонущему человеку подать сигнал о помощи через кнопку на нём. В этой связи акиматам регионов необходимо изучить этот опыт и использовать его. Надо проработать вопрос установки на пляжах камер наблюдения и соответствующего программного обеспечения» , — подчеркнул Олжас Бектенов, отметив необходимость дополнительно активизировать работу по привлечению общественных спасателей. Помимо крупных водоемов опасность представляют арыки и оросительные каналы, акцентировал внимание Глава Правительства Олжас Бектенов. Случаи гибели детей регистрируются преимущественно в южных регионах Казахстана – Алматинской, Жамбылской, Кызылординской и Туркестанской областях. Премьер-Министр поручил акиматам решить проблему благоустройства инженерных сооружений путем установки ограждений. Кроме того, важно проверить безопасность городских фонтанов. В вопросе эксплуатации маломерных судов необходимо обеспечить жесткий контроль. Использование неисправного водного транспорта часто становится причиной трагедий. На сегодня в Казахстане зарегистрировано свыше 19 тыс. судов, более 90% из которых самоходные. #Олжас Бектенов #Заседание Правительства Оставайтесь в курсе событий Премьер-министра и Правительства Казахстана — подписывайтесь на официальный Telegram-канал Подписаться
18 Маусым 2024, 11:15
Су айдындарындағы қауіпсіздік мәселесі Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында қаралды. Шомылу маусымы кезінде алдын алу шаралары туралы төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов есеп берді, сондай-ақ ішкі істер, оқу-ағарту және көлік министрлері баяндама жасады.
Бүгінгі таңда жазғы кезеңде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін еліміз бойынша су айдындарында 42 құтқару бекеті жұмыс істейді. Келесі жылы Шалқар, Имантау көлдерінде, сондай-ақ Қосшы қаласында 3 модульдік стансаның құрылысы аяқталады. Сонымен қатар қайықтар мен құтқару құралдарымен жабдықталған мобильді посттар құрылды. Төтенше жағдайлар министрлігі әкімдіктермен бірлесіп шомылуға және демалуға рұқсат етілген орындарды көбейту бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде. Бүгінде еліміз бойынша осындай 708 орын жабдықталған, жағажайлардың орналасқан жері туралы деректер 2GIS платформасында орналастырылған. Судағы қауіпсіздікті бақылау, оның ішінде су айдындарының жағалауларында спирттік ішімдіктерді тұтыну фактілерінің жолын кесу жөніндегі профилактикалық іс-шаралар шеңберінде акваторияларға патруль жүргізіледі. Жыл басынан бері 26 мыңнан астам рейд ұйымдастырылып, 3 мыңға жуық құқық бұзушы жауапқа тартылды.
Үкімет отырысы барысында су айдындарына жақын жерде ұйымдастырылған балалар демалысы мәселесіне ерекше назар аударылды. Мониторингтік топтар суға шығатын 31 қала сыртындағы лагерді және өз бассейндерімен жабдықталған 127 демалыс базасын тексерді. Статистикаға сәйкес, жыл сайын республиканың су айдындарында 200-300-ге жуық суға кететіндердің 100-ге жуығы — балалар. Премьер-Министр өңірлердің әкімдіктеріне судағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі алдын алу шараларын күшейтуді, оның ішінде жүргізіліп жатқан патрульдеу шарансын арттыруды тапсырды. Жұмыстың тиімділігін арттыру үшін жағдайды нақты уақыт режимінде қашықтан бақылауға мүмкіндік беретін жаңа технологияларды қабылдау да маңызды. Өткен жылдың қорытындысы бойынша қабылданған шаралардың арқасында құрбан болғандар саны 6%-ға қысқарды.
«Алматы және Павлодар қалаларында жүзіп бару шекарасын байқауға және суға батып бара жатқандарды ерте анықтауға мүмкіндік беретін қашықтан мониторинг жасау жүйесі пилоттық режимде сынақтан өтті. Ақтөбе облысында суға батып бара жатқан адамға батырма арқылы көмек шақыру сигналын жіберуге мүмкіндік беретін интерактивті қалқыма жобасы әзірленді. Осыған байланысты өңірлердің әкімдіктері осы тәжірибені зерделеп, пайдалануы тиіс. Жағажайларда бақылау камераларын орнату және тиісті бағдарламалық қамтамасыз ету мәселесін пысықтау қажет» , — деп атап өткен Олжас Бектенов қоғамдық құтқарушыларды тарту бойынша жұмысты одан әрі жандандыру қажеттігін айтты.
Ірі су айдындарынан басқа арықтар мен суару каналдары да қауіп төндіретініне айрықша назар аударды Үкімет басшысы Олжас Бектенов. Балалардың қайтыс болу жағдайлары негізінен Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде – Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстарында тіркеледі. Премьер-Министр әкімдіктерге қоршаулар орнату арқылы инженерлік құрылыстарды абаттандыру мәселесін шешуді тапсырды. Сонымен қатар қалалық субұрқақтардың қауіпсіздігін тексеру маңызды.
Шағын көлемді кемелерді пайдалануды бақылау бойынша қатаң шаралар қабылдануы тиіс. Ақауы бар су көлігін пайдалану көбінесе қайғылы жағдайға әкеледі. Бүгінгі таңда Қазақстанда 19 мыңнан астам кеме тіркелген, оның 90%-дан астамы өздігінен жүретін кемелер.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз