статья

Олжас Бектенов и Абдулла Арипов обсудили темпы работ по укреплению торгово-экономического сотрудничества

Олжас Бектенов пен Абдулла Арипов сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту жөніндегі жұмыс қарқынын талқылады

Надежность цитирования ограниченная опора Человек или должность Правительственный корпус Дата события 12 июля 2024 Документ полезен, но тезисов мало: для выводов лучше сразу перепроверять первоисточник.

Рабочий вывод

Что важно в документе

2 сигнала
Позиция

Казахстан заинтересован в увеличении торговли в АПК и пищевой промышленности и углублении промышленной кооперации с Узбекистаном.

Позиция

В Алматы прошло 21-е заседание межправительственной комиссии Казахстана и Узбекистана под председательством премьер-министров.

12 Июль 2024, 14:12 Олжас Бектенов и Абдулла Арипов обсудили темпы работ по укреплению торгово-экономического сотрудничества В Алматы под председательством премьер-министров Казахстана и Узбекистана Олжаса Бектенова и Абдуллы Арипова состоялось 21 заседание совместной Межправительственной комиссии по двустороннему сотрудничеству. Стороны обменялись мнениями по актуальным вопросам двусторонней повестки в преддверии официального визита Президента Узбекистана Шавката Мирзиёева в Казахстан и рассмотрели темпы реализации договоренностей глав двух государств. В частности, обсужден статус проектов, нацеленных на укрепление торгово-экономического, инвестиционного, водно-энергетического сотрудничества, взаимодействия в области транспорта, промышленности, сельского хозяйства, экологии и цифровизации. На Казахстан и Узбекистан приходится 57% всей торговли в Центральной Азии. По итогам прошлого года товарооборот между странами составил $4,5 млрд, за 4 месяца 2024-го объем превысил $1,2 млрд. Промышленная кооперация предусматривает реализацию 69 проектов на сумму $3,1 млрд с созданием более 14,7 тысяч рабочих мест. На сегодня уже успешно реализованы 12 совместных проектов на сумму $217 млн с созданием порядка 4,5 тыс. рабочих мест. В настоящее время реализуются 3 инвестиционных проекта на $178 млн. Одним из крупных проектов является электрометаллургический завод с мощностью 500 тыс. тонн стальной продукции в городе Тараз. Реализация проекта строительства Международного центра промышленной кооперации «Центральная Азия» площадью 100 га на территориях Туркестанской области Казахстана и Сырдарьинской области Узбекистана позволит создать дополнительные стимулирующие условия для совместных производств. В сфере машиностроения Казахстан и Узбекистан будут расширять сотрудничество по увеличению объемов взаимных поставок электротехнической продукции и аккумуляторов на ежегодной основе. Увеличению грузооборота способствуют принимаемые меры по расширению взаимосвязей в транспортной сфере, развитию железнодорожной инфраструктуры и ликвидации «узких мест». В этой связи сторонами выражена совместная заинтересованность в реализации проектов «Дарбаза-Мактаарал», Алматинской кольцевой дороги, станции Достык. Учитывая влияние водной сферы на жизнедеятельность стран, проработаны инструменты дальнейшего укрепления сотрудничества. В частности, совместные шаги по цифровизации и автоматизации участков водораспределения на территориях двух стран. «Узбекистан является одним из крупнейших торговых партнеров Казахстана. Перед нашими правительствами Главами двух государств поставлена задача по доведению в среднесрочной перспективе объема взаимной торговли до $10 млрд. В данном направлении мы заинтересованы в наращивании торговли в агропромышленном комплексе и пищевой промышленности, а также повышении уровня промышленной кооперации», — подчеркнул Олжас Бектенов. В свою очередь Абдулла Арипов отметил, что взаимоотношения между Казахстаном и Узбекистаном в последние годы стремительно развиваются в духе стратегического партнерства и союзничества. При этом имеется огромный потенциал для их дальнейшего укрепления. «Позитивный рост наблюдается во всех сферах. Это полностью отвечает интересам наших братских народов. Несомненно, важным фактором такого высокого уровня партнерства являются дружеские и доверительные отношения между Главами наших государств. Уверен, что сегодняшняя встреча и достигнутые договоренности придадут дополнительный импульс нашему сотрудничеству», — отметил Абдулла Арипов. Итогом заседания стало подписание Протокола 21-го заседания Совместной Межправительственной комиссии по двустороннему сотрудничеству. Справочная информация: Товарооборот Казахстана и Узбекистана за 5 лет вырос на 29,5%, составив $4,4 млрд. Экспорт отечественных товаров увеличился на 56,9%: с $2 млрд до $3,1 млрд. Импорт за рассматриваемый период уменьшился на 9,1% и в 2023 году составил $1,3 млрд. #Олжас Бектенов #Премьер-министр РК #Водные ресурсы #Логистика #Международное сотрудничество #Межправительственная комиссия #Торговля #Транспорт #Энергетика Оставайтесь в курсе событий Премьер-министра и Правительства Казахстана — подписывайтесь на официальный Telegram-канал Подписаться

12 Шілде 2024, 14:12

Алматыда Қазақстан мен Өзбекстан премьер-министрлері Олжас Бектенов пен Абдулла Ариповтің төрағалығымен екіжақты ынтымақтастық жөніндегі бірлескен Үкіметаралық комиссияның 21-отырысы өтті.

Тараптар Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің Қазақстанға ресми сапары қарсаңында екіжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты және екі мемлекет басшыларының уағдаластықтарын іске асыру қарқынын қарастырды. Атап айтқанда, сауда-экономикалық, инвестициялық, су-энергетикалық ынтымақтастықты, көлік, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, экология және цифрландыру саласындағы өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған жобалардың жай-күйі талқыланды.

Қазақстан мен Өзбекстанға Орталық Азиядағы барлық сауданың 57%-ы тиесілі. Өткен жылдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы тауар айналымы $4,5 млрд құрады, 2024 жылдың 4 айында оның көлемі $1,2 млрд-тан асты.

Өнеркәсіптік кооперация 14,7 мыңнан астам жұмыс орнын аша отырып, $3,1 млрд сомасына 69 жобаны іске асыруды көздейді. Бүгінгі таңда $217 млн сомасына 12 бірлескен жоба сәтті жүзеге асырылып, 4,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды. Қазіргі уақытта $178 млн-ға 3 инвестициялық жоба іске асырылуда. Ірі жобалардың бірі – Тараз қаласындағы 500 мың тонна болат өнімін шығаратын электрометаллургия зауыты.

Қазақстанның Түркістан облысы мен Өзбекстанның Сырдария облысының аумақтарында ауданы 100 га болатын «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығы құрылысының жобасын іске асыру бірлескен өндірістер үшін қосымша ынталандыру жағдайларын жасауға мүмкіндік береді.

Машина жасау саласында Қазақстан мен Өзбекстан жыл сайынғы негізде электротехникалық өнімдер мен аккумуляторларды өзара жеткізу көлемін ұлғайту бойынша ынтымақтастықты кеңейтетін болады.

Жүк айналымын ұлғайтуға көлік саласындағы өзара байланыстарды кеңейту, теміржол инфрақұрылымын дамыту және «тар жерлерді» жою бойынша қабылданып жатқан шаралар ықпал етеді. Осыған байланысты тараптар «Дарбаза – Мақтаарал», Алматының айналма жолы, Достық стансасы жобаларын іске асыруға қызығушылық білдірді.

Су саласының екі елдің тыныс-тіршілігіне әсерін ескере отырып, ынтымақтастықты одан әрі нығайту құралдары пысықталды. Атап айтқанда, екі мемлекет аумағындағы су тарату учаскелерін цифрландыру және автоматтандыру бойынша бірлескен қадамдар қаралды.

«Өзбекстан біз үшін тату көрші, одақтас әрі бауырлас мемлекет. Біздің үкіметтеріміздің алдына екі елдің Мемлекет басшылары орта мерзімді перспективада өзара тауар айналымын $10 млрд дейін жеткізу бойынша ауқымды міндет қойды. Бұл бағытта біз агроөнеркәсіп кешені мен азық-түлік өнеркәсібінде сауданы ұлғайтуға, сондай-ақ өнеркәсіптік кооперация деңгейін арттыруға мүдделіміз» , — деді Олжас Бектенов.

Өз кезегінде Абдулла Арипов Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы қарым-қатынас соңғы жылдары стратегиялық әріптестік пен одақтастық негізде қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Сондай-ақ аталған қарым-қатынасты одан әрі нығайту үшін зор әлеует бар.

«Барлық салада оң өсім байқалады. Бұл біздің бауырлас халқымыздың мүдделеріне толық сай келеді. Мұндай жоғары деңгейдегі әріптестіктің маңызды факторы – екі мемлекеттің басшылары арасындағы достық пен сенімді қарым-қатынас екені сөзсіз. Бүгінгі кездесу мен қол жеткізілген уағдаластықтар біздің ынтымақтастығымызға қосымша серпін беретініне сенімдімін» , — деді Абдулла Арипов.

Отырыс қорытындысы бойынша екіжақты ынтымақтастық жөніндегі бірлескен Үкіметаралық комиссияның 21-отырысының хаттамасына қол қойылды.

Анықтама: Қазақстан мен Өзбекстанның тауар айналымы 5 жылда 29,5%-ға өсіп, $4,4 млрд құрады. Отандық тауарлардың экспорты 56,9%-ға – $2 млрд-тан $3,1 млрд-қа дейін өсті. Осы кезеңде импорт 9,1%-ға азайып, 2023 жылы $1,3 млрд құрады.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз