Олжас Бектенов поручил обеспечить казахстанцев качественными услугами по газоснабжению
Олжас Бектенов қазақстандықтарды газбен жабдықтауда сапалы қызмет көрсетуді тапсырды
Рабочий вывод
Что важно в документе
Премьер-министр поручил контролировать рост потребления газа для предотвращения дефицита.
Премьер-министр акцентировал необходимость качественного газоснабжения населения.
16 Июль 2024, 10:48 Олжас Бектенов поручил обеспечить казахстанцев качественными услугами по газоснабжению На заседании Правительства под председательством Премьер-Министра Олжаса Бектенова рассмотрены вопросы развития газовой отрасли. О текущей ситуации доложили министр энергетики Алмасадам Саткалиев, председатель правления АО «НК «QazaqGaz» Санжар Жаркешов, заслушаны акимы отдельных областей. Согласно планам Министерства энергетики РК, в текущем году добыча газа в Казахстане вырастет на 2,3% по сравнению с 2023 годом – до 60,5 млрд м3. Основной прирост предусматривается за счет крупных месторождений Карачаганак, Тенгиз и Кашаган. Производство товарного газа останется на уровне прошлого года – 29,8 млрд м3. При этом прогнозный объем потребления вырос по сравнению с 2023 годом и составляет порядка 20,9 млрд м3. Премьер-Министр Олжас Бектенов обратил внимание руководства профильного ведомства на растущее потребление, поручив держать данный вопрос на контроле для недопущения дефицита. Правительством Казахстана на сегодняшний день проводится большая работа по газификации территории страны и развития газотранспортной системы. Так, по итогам 2023 года доступ к газу имеют 60% населения или порядка 12 млн человек. В рамках развития инфраструктуры построен и отремонтирован ряд магистральных газопроводов. На дальнейшую газификацию в текущем году из республиканского бюджета выделено 89,3 млрд тенге. Также в рамках Плана действий Правительства дополнительно выделено 105,4 млрд тенге, что позволит обеспечить газом более 300 тыс. человек и модернизировать более 1 700 км газовых сетей. Для бесперебойного обеспечения населения газом реализуются крупные инфраструктурные проекты, среди которых строительство газоперерабатывающих заводов на месторождении Кашаган совместно с катарским инвестором UCC Holding. Ожидается запуск в эксплуатацию газовых проектов Центральный Урихтау, Западная Прорва и Каламкас. Помимо этого КМГ и Eni приступили к строительству первой гибридной электростанции в Жанаозене, которая будет работать на газовой, солнечной и ветровой энергии. В ходе заседания Правительства Премьер-Министр поручил ускорить работы по модернизации инфраструктуры, привлечению инвестиций в разведку и переработку газа. Олжас Бектенов подчеркнул важность обеспечения населения качественными услугами по газоснабжению. «В Правительство на постоянной основе поступает множество обращений граждан по вопросам газоснабжения. Всем соответствующим службам необходимо в первую очередь ориентироваться на предоставление населению качественных услуг. Возникающие проблемы следует решать незамедлительно. В Алматинском регионе для обеспечения потребностей в газе ведется реализация проекта второй нитки газопровода «Алматы-Байсерке-Талгар». Однако из-за застройки частных строений в охранной зоне газопровода возникла необходимость изъятия земель. Поручаю акиматам Алматинской области и города Алматы оперативно провести эту работу», — заявил Глава Правительства. #Олжас Бектенов #Премьер-министр РК #Заседание Правительства #Нефтегазовая отрасль Оставайтесь в курсе событий Премьер-министра и Правительства Казахстана — подписывайтесь на официальный Telegram-канал Подписаться
16 Шілде 2024, 10:48
Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында газ саласын дамыту мәселелері қаралды. Қазіргі жағдай туралы энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев, «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Санжар Жаркешов баяндады, жекелеген облыстардың әкімдері тыңдалды.
ҚР Энергетика министрлігінің жоспарларына сәйкес, биыл Қазақстанда газ өндіру көлемі 2023 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 2,3%-ға – 60,5 млрд м3-ке дейін артады. Негізгі өсім Қарашығанақ, Теңіз және Қашаған ірі кен орындары есебінен болады деп көзделіп отыр. Тауарлық газ өндірісі өткен жылғы 29,8 млрд м3 деңгейінде қалады.
Бұл ретте тұтынудың болжамды көлемі 2023 жылмен салыстырғанда өсті және шамамен 20,9 млрд м3 құрайды. Премьер-Министр Олжас Бектенов жауапты ведомство басшылығының назарын өсіп келе жатқан тұтыну көлеміне аударып, тапшылыққа жол бермеу үшін бұл мәселені бақылауда ұстауды тапсырды.
Бүгінгі таңда Қазақстан Үкіметі ел аумағын газдандыру және газ тасымалдау жүйесін дамыту бойынша ауқымды жұмыс жүргізіп жатыр. Мәселен, 2023 жылдың қорытындысы бойынша халықтың 60%-ына немесе шамамен 12 млн адамға газ қолжетімді. Инфрақұрылымды дамыту аясында бірқатар магистральдық газ құбыры салынып, жөнделді.
Биыл одан әрі газдандыруға республикалық бюджеттен 89,3 млрд теңге бөлінді. Сондай-ақ Іс-қимыл жоспары шеңберінде қосымша 105,4 млрд теңге бөлінді, бұл 300 мыңнан астам адамды газбен қамтамасыз етуге және 1 700 км астам газ желілерін жаңғыртуға мүмкіндік береді.
Халықты газбен үздіксіз қамтамасыз ету үшін ірі инфрақұрылымдық жобалар іске асырылуда, олардың ішінде Қашаған кен орнында катарлық инвестор UCC Holding компаниясымен бірлесіп, газ өңдеу зауыттары салынып жатыр.
Сондай-ақ таяуда Орталық Өріктау, Батыс Прорва және Қаламқас газ жобалары іске қосылады деп күтілуде.
Сонымен қатар ҚМГ мен Eni Жаңаөзенде газ, күн және жел энергиясымен жұмыс істейтін алғашқы гибридті электр стансасын салуға кірісті.
Үкімет отырысы барысында Премьер-Министр инфрақұрылымды жаңғырту, газ барлау мен өңдеуге инвестициялар тарту жөніндегі жұмыстарды жеделдетуді тапсырды.
Олжас Бектенов халықты газбен жабдықтауда сапалы қызмет көрсетудің маңыздылығын атап өтті.
«Үкіметке азаматтардан газбен жабдықтау мәселесіне қатысты көптеген арыз-шағымдар келіп түсуде. Тиісті мекемелер бірінші кезекте, халыққа сапалы қызмет көрсетуге жұмылдырылуы қажет. Туындаған проблемаларды дереу шешу керек. Алматы өңірінің газға деген қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін “Алматы – Байсерке – Талғар» газ құбырының екінші желісінің жобасы іске асырылуда. Алайда, газ құбырының қорғау аймағында жекеменшік құрылыстардың болуына байланысты жерлерді алу қажеттігі туындап отыр. Алматы облысы мен Алматы қаласының әкімдіктеріне бұл жұмысты жедел жүргізуді тапсырамын» , — деді Үкімет басшысы.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз