Олжас Бектенов в западных регионах проверяет работы по строительству домов для пострадавших от паводков
Олжас Бектенов батыс өңірлерде су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға арналған үйлердің құрылыс жұмыстарын тексеруде
Рабочий вывод
Что важно в документе
Премьер-министр требует жесткого контроля за строительством жилья для пострадавших от паводков.
22 Июль 2024, 13:06 Олжас Бектенов в западных регионах проверяет работы по строительству домов для пострадавших от паводков Премьер-Министр Олжас Бектенов с рабочей поездкой находится на западе страны. Основная цель – проверка хода исполнения поручений Главы государства по обеспечению пострадавших от паводков жильем. Преимущественно внимание уделяется селам и поселкам Западно-Казахстанской и Актюбинской областей, где было отмечено отставание от графика работ (совещание по вопросам восстановления жилья и инфраструктуры после паводков под председательством Премьер-Министра от 17 июля т.г.). В Западно-Казахстанской области Глава Правительства посетил село Подстепное Теректинского района, поселок Деркул и микрорайон «Жулдыз» в Уральске, где в общей сложности ведется строительство порядка 400 домов. В ходе осмотра были оценены темпы работ и сроки обеспечения готовности жилищной инфраструктуры к заселению с учетом предстоящего холодного сезона. В селе Подстепное Теректинского района ведется строительство 106 3-комнатных жилых домов. Работы были начаты в мае т.г. На сегодня полностью завершено устройство фундамента, на этапе возведения стен – 43 дома, на этапе кровли – 62 дома. На объектах задействовано 8 подрядных организаций, порядка 330 человек и 56 единиц техники. Ввод в эксплуатацию запланирован на середину августа. В поселке Деркул на новых участках возводятся 103 дома. На данный момент работы по устройству фундамента полностью завершены, 24 объекта – на стадии внутренней отделки. Задействовано 5 подрядных организаций. Завершение работ запланировано на сентябрь текущего года. В микрорайоне «Жулдыз» города Уральска на новом месте строят 191 объект. Для своевременной сдачи жилья к работам привлечено 17 подрядных организаций. На сегодня залит фундамент всех домов, по 178 ведется кладка стен, 49 объектов на стадии кровли. Премьер-Министр подчеркнул необходимость жесткого контроля работ для своевременного обеспечения пострадавших от паводков новым жильем. «Регион должен набрать необходимый темп. Задача по предоставлению качественного, безопасного и комфортного жилья – ключевой приоритет Правительства. На всех строительных объектах усильте контроль. В области большое количество семей, которые в ожидании жилья живут во временных местах. Нужно ускорить строительные работы, переходить на 2-3 сменный режим. Поручаю обеспечить полную мобилизацию», — отметил Олжас Бектенов. Кроме того, даны поручения по восстановлению инженерных сетей, дорожной и социальной инфраструктуры. В застраиваемых районах нужно заблаговременно предусмотреть сопутствующую инфраструктуру и благоустройство. Вблизи новых жилых районов ведется строительство «Комфортных школ» на 1500 мест. По данным акимата области, работы будут завершены осенью этого года. Справочно : Правительством продолжается работа по ликвидации последствий паводков и оказанию всемерной помощи пострадавшим гражданам. Более 70 тыс. человек вернулись в свои дома. В пострадавших регионах обследовано 100% жилых домов. Компенсации на ремонт и восстановление жилья получили 7823 семьи на общую сумму 44,2 млрд тенге. 3987 семей заселились в новые дома и квартиры взамен разрушенного жилья. Ведется строительство 2578 домов. 34 023 семьи получили единовременную выплату в размере 100 МРП на сумму свыше 12,5 млрд тенге. 20 913 семьям выплачена дополнительная компенсация для приобретения утраченных предметов первой необходимости в размере до 150 МРП на общую сумму в 9,5 млрд тенге. Объем государственной помощи за павший скот превысил 2,8 млрд тенге. По возмещению ущерба пострадавшему бизнесу рассмотрены и одобрены 252 заявки субъектов МСБ на общую сумму около 1,5 млрд тенге. #Олжас Бектенов #Премьер-министр РК #Инфраструктурное развитие #Паводки #Поручение Президента #Рабочая поездка #Регионы #Строительство Оставайтесь в курсе событий Премьер-министра и Правительства Казахстана — подписывайтесь на официальный Telegram-канал Подписаться
22 Шілде 2024, 13:06
Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен еліміздің батысына барды. Басты мақсат – Мемлекет басшысының су тасқынынан зардап шеккен азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысын тексеру.
Жұмыс кестесінен артта қалу байқалған Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарының ауылдары мен кенттеріне баса назар аударылады (биылғы 17 шілдедегі Премьер-Министрдің төрағалығымен өткен Су тасқынынан кейін тұрғын үйлер мен инфрақұрылымды қалпына келтіру мәселелері жөніндегі кеңес).
Батыс Қазақстан облысында Үкімет басшысы Теректі ауданындағы Подстепное ауылында, Деркөл кентінде және Орал қаласындағы «Жұлдыз» ықшамауданында болды, мұнда жалпы саны 400-ге жуық тұрғын үй құрылысы жүргізілуде. Тексеру барысында алдағы суық мезгілді ескере отырып, жұмыс қарқыны мен тұрғын үй инфрақұрылымының қоныстануға дайындығын қамтамасыз ету мерзімдері бағаланды.
Теректі ауданы Подстепное ауылында 3 бөлмелі 106 тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. Жұмыс биылғы мамыр айында басталған болатын. Бүгінде іргетасын құю жұмысы толығымен аяқталды, 43 үйдің қабырғасы тұрғызылып жатыр, 62 үйдің шатыры жабылуда. Нысандарға 8 мердігер ұйым, шамамен 330 адам және 56 техника жұмылдырылған. Тамыз айының ортасында пайдалануға беру көзделген.
Деркөл кентінде 103 тұрғын үй жаңа учаскелерде салынып жатыр. Қазіргі уақытта іргетас құю жұмыстары толығымен аяқталды, 24 нысанда ішкі әрлеу жүргізіліп жатыр. Оған 5 мердігер ұйым жұмылдырылды. Жұмыс биылғы қыркүйек айында аяқталады деп жоспарланған.
Орал қаласының «Жұлдыз» ықшамауданында 191 нысан жаңа жерде салынып жатыр. Тұрғын үйлерді уақытылы тапсыру үшін 17 мердігер мекеме жұмысқа тартылды. Бүгінгі таңда барлық үйдің іргетасы құйылған, 178 үйдің қабырғасы қалануда, 49 нысанның шатыры жабылып жатыр.
Премьер-Министр су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарды жаңа баспанамен уақытылы қамтамасыз ету үшін жұмыс барысын қатаң бақылау қажеттігін атап өтті.
«Өңір қажетті қарқын алуы керек. Сапалы, қауіпсіз және жайлы тұрғын үймен қамтамасыз ету міндеті – Үкіметтің негізгі басымдығы. Барлық құрылыс нысандарында бақылауды күшейту қажет. Облыста баспаналарын күтіп, уақытша жерлерде тұрып жатқан отбасылар қатары көп. Құрылыс жұмыстарын жеделдетіп, 2-3 ауысымдық жұмыс кестесіне көшу қажет. Толық жұмылдыруды қамтамасыз етуді тапсырамын» , — деді Олжас Бектенов.
Сонымен қатар инженерлік желілерді, жол және әлеуметтік инфрақұрылымды қалпына келтіру бойынша тапсырмалар берілді. Салынып жатқан аудандарда ілеспе инфрақұрылым мен абаттандыруды алдын ала қарастыру қажет. Жаңа тұрғын аудандардың жанында 1 500 орынға арналған «Жайлы мектептердің» құрылысы жүргізілуде. Облыс әкімдігінің мәліметінше, жұмыстар биылғы күзде аяқталады.
Анықтама: Үкімет су тасқыны салдарын жою және зардап шеккен азаматтарға жан-жақты көмек көрсету бойынша жұмысты жалғастыруда. 70 мыңнан астам адам өз үйлеріне оралды. Зардап шеккен аймақтарда тұрғын үйлердің 100%-ы тексерілді. Жалпы сомасы 44,2 млрд теңгеге 7 823 отбасы баспанасын жөндеуге және қалпына келтіруге өтемақы алды. 3 987 отбасы қираған баспанасының орнына жаңа үй мен пәтерлерге қоныстанды. 2 578 үй салынып жатыр. 34 023 отбасы 12,5 млрд теңгеден астам сомаға 100 АЕК мөлшерінде біржолғы төлем алды. 20 913 отбасына жалпы сомасы 9,5 млрд теңгеге 150 АЕК-ке дейінгі мөлшерде жоғалған бірінші қажеттіліктегі заттарын сатып алу үшін қосымша өтемақы төленді. Суға кеткен мал үшін берілген мемлекеттік көмек көлемі 2,8 млрд теңгеден асты. Зардап шеккен бизнеске келтірілген залалды өтеу бойынша ШОБ субъектілерінің жалпы сомасы шамамен 1,5 млрд теңгеге 252 өтінімі қаралып, мақұлданды.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз