Олжас Бектенов провел совещание по ситуации на рынке ГСМ
Олжас Бектенов ЖЖМ нарығындағы ахуал бойынша жиын өткізді
Olzhas Bektenov Holds Meeting on the Situation in the Petroleum Products Market
Рабочий вывод
Что важно в документе
Правительство считает стабильность рынка нефтепродуктов приоритетом.
Премьер-министр Олжас Бектенов заслушал отчет об исполнении поручений, данных по обеспечению контроля за ситуацией на внутреннем рынке горюче-смазочных материалов и недопущению незаконного перетока нефтепродуктов из Казахстана.
Министр энергетики Ерлан Аккенженов доложил о стабильной ситуации на рынке ГСМ. Отмечено, что казахстанские нефтеперерабатывающие заводы работают в плановом режиме. Суммарные запасы бензина, дизтоплива, авиатоплива в Казахстане обеспечивают потребности внутреннего рынка. Министерство энергетики держит на контроле ситуацию с производством и поставками ГСМ.
По данным министра внутренних дел Ержана Саденова, с начала года на автомобильных пунктах пропуска пресечено 593 попытки вывоза нефтепродуктов общим объемом свыше 40 тыс. литров. В целом, в рамках Дорожной карты по недопущению незаконного вывоза нефтепродуктов осуществляется усиленный контроль на приграничных зонах. Увеличен штат сотрудников для оперативного проведения углубленных проверочных мероприятий.
Вице-министр финансов Ержан Биржанов доложил о работе мобильных групп. Патрулирование осуществляется в круглосуточном режиме, в рамках системы управления рисками проверяются автоцистерны и бензовозы на приграничных трассах. За последние двое суток на пунктах пропуска пресечена 61 попытка вывоза ГСМ более 3 тонн в дополнительных баках и канистрах. Кроме того, проверено 18 специализированных транспортных средств предназначенных для перевозки ГСМ, по 1 из них с нефтепродуктами на 34 тонны произведен отбор проб и образцов для экспертизы. На текущий момент органами государственных доходов анализируется деятельность 62 автозаправочных станций и 22 мини НПЗ, где зафиксировано аномальное увеличение объемов услуг. По данным субъектам будут проведены соответствующие проверки.
С докладами также выступили заместитель председателя КНБ – директор Пограничной службы Ерлан Алдажуманов, первый заместитель председателя Агентства по защите и развитию конкуренции Рустам Ахметов, заместитель председателя Агентства по финансовому мониторингу Кайрат Бижанов.
По итогам совещания Премьер-министр Олжас Бектенов подчеркнул, что обеспечение стабильности внутреннего рынка нефтепродуктов является приоритетной задачей Правительства. Госорганам поручено держать ситуацию на ежедневном контроле.
04 Шілде 2026, 12:46
Премьер-министр Олжас Бектенов жанар-жағармай материалдарының ішкі нарығындағы жағдайды бақылауды қамтамасыз ету және Қазақстаннан мұнай өнімдерінің заңсыз ағынын болдырмау жөніндегі тапсырмалардың орындалуы туралы есепті тыңдады.
Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов ЖЖМ нарығындағы тұрақты жағдай туралы баяндады. Қазақстандық мұнай өңдеу зауыттары жоспарлы режимде жұмыс істеп жатқаны атап өтілді. Қазақстандағы бензиннің, дизель отынының, авиаотынның жиынтық қорлары ішкі нарықтың қажеттіліктерін қамтамасыз етеді. Энергетика министрлігі ЖЖМ өндіру және жеткізу жағдайын бақылауда ұстайды.
Ішкі істер министрі Ержан Сәденовтің мәліметінше, жыл басынан бері автомобиль өткізу пункттерінде жалпы көлемі 40 мың литрден асатын 593 мұнай өнімдерін әкету әрекеті тоқтатылған. Жалпы, Мұнай өнімдерін заңсыз әкетуге жол бермеу жөніндегі жол картасы шеңберінде шекара маңы аймақтарында күшейтілген бақылау жүзеге асырылуда. Тереңдетілген тексеру іс-шараларын жедел жүргізу үшін қызметкерлер штаты ұлғайтылды.
Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мобильді топтардың жұмысы туралы баяндады. Патрульдеу тәулік бойы жүзеге асырылады, тәуекелдерді басқару жүйесі шеңберінде Шекара маңындағы трассаларда автоцистерналар мен бензин тасығыштар тексеріледі. Соңғы екі тәулікте өткізу пункттерінде қосымша бактар мен канистрлерде 3 тоннадан астам ЖЖМ әкетудің 61 әрекеті тоқтатылды. Сонымен қатар, жанар-жағармай материалдарын (ЖЖМ) тасымалдауға арналған 18 мамандандырылған автокөлік құралы тексерілді. Оның ішінде 34 тонна мұнай өнімін тасымалдаған бір автокөлік құралынан сараптама жүргізу үшін сынамалар мен үлгілер алынды. Қазіргі уақытта мемлекеттік кірістер органдары қызмет көрсету көлемінің қалыптан тыс өсуі тіркелген 62 жанармай құю стансасы мен 22 шағын мұнай өңдеу зауытының қызметіне талдау жүргізуде. Аталған субъектілерге қатысты тиісті тексеру іс-шаралары жүргізілетін болады.
Сондай-ақ ҰҚК төрағасының орынбасары — Шекара қызметінің директоры Ерлан Алдажұманов, бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Рустам Ахметов, Қаржы мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары Қайрат Бижанов баяндама жасады.
Жиын қорытындысы бойынша Премьер-министр Олжас Бектенов мұнай өнімдерінің ішкі нарығының тұрақтылығын қамтамасыз ету Үкіметтің басым міндеті болып саналатынын атап өтті. Мемлекеттік органдарға жағдайды күнделікті бақылауда ұстау тапсырылды.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Prime Minister Olzhas Bektenov heard a report on the implementation of instructions given to ensure control over the situation in the domestic petroleum products market and prevent illegal outflow of petroleum products from Kazakhstan.
Minister of Energy Yerlan Akkenzhanov reported on the stable situation in the petroleum products market. It was noted that Kazakhstani oil refineries are operating in a planned mode. The total stocks of gasoline, diesel fuel, and aviation fuel in Kazakhstan ensure the needs of the domestic market. The Ministry of Energy keeps the situation with the production and supply of petroleum products under control.
According to Minister of Internal Affairs Yerzhan Sadenov, since the beginning of the year, 593 attempts to export petroleum products with a total volume of over 40 thousand liters have been prevented at automobile checkpoints. Overall, within the framework of the Roadmap to prevent illegal export of petroleum products, enhanced control is being carried out in border zones. The staff of employees has been increased for the prompt conduct of in-depth inspection measures.
Deputy Minister of Finance Yerzhan Birzhanov reported on the work of mobile groups. Patrolling is carried out in round-the-clock mode; within the framework of the risk management system, tank trucks and fuel tankers are checked on border highways. Over the past two days, 61 attempts to export petroleum products of more than 3 tons in additional tanks and canisters have been prevented at checkpoints. In addition, 18 specialized vehicles intended for the transportation of petroleum products were checked, and for one of them with 34 tons of petroleum products, sampling and specimens were taken for examination. At the moment, state revenue authorities are analyzing the activities of 62 gas stations and 22 mini-refineries where an anomalous increase in the volume of services has been recorded. Relevant checks will be carried out on these entities.
Reports were also delivered by Deputy Chairman of the National Security Committee – Director of the Border Service Yerlan Aldazhumanov, First Deputy Chairman of the Agency for Protection and Development of Competition Rustam Akhmetov, and Deputy Chairman of the Agency for Financial Monitoring Kairat Bizhanov.
Following the meeting, Prime Minister Olzhas Bektenov emphasized that ensuring the stability of the domestic petroleum products market is a priority task of the Government. State agencies have been instructed to keep the situation under daily control.
Stay updated about the events of the Prime minister and the Government of Kazakhstan - subscribe to the official Telegram channel