Олжас Бектенов проверил работы по восстановлению сгоревшего соснового бора в «Семей орманы» и поручил усилить борьбу с незаконной вырубкой леса
Олжас Бектенов «Семей орманындағы» өртенген қарағайлы орманды қалпына келтіру жұмыстарын тексеріп, орман ағаштарын заңсыз кесуге қарсы күресті күшейтуді тапсырды
Рабочий вывод
Что важно в документе
Глава Правительства подчеркнул необходимость жесткого контроля за соблюдением правопорядка на территории «Семей орманы».
26 Июль 2024, 12:30 Олжас Бектенов проверил работы по восстановлению сгоревшего соснового бора в «Семей орманы» и поручил усилить борьбу с незаконной вырубкой леса Премьер-Министр Олжас Бектенов в рамках рабочей поездки в область Абай совершил облет территории природного резервата «Семей орманы», где проверил исполнение поручений Главы государства по восстановлению сгоревшего соснового бора и профилактике пожаров, решению проблем в лесном хозяйстве. На сегодня в целях ликвидации последствий крупного лесного пожара, произошедшего в июне прошлого года, при котором от огня пострадало порядка 66 тыс. га лесного массива, ведется работа по воспроизводству лесов. Глава Правительства осмотрел Комплекс лесного питомника и лесосеменную станцию на территории природного резервата, где с использованием современного шведского оборудования выращивают саженцы сосны с закрытой корневой системой по ускоренной технологии. За один год специалисты получают урожай дважды – всего до 3 млн насаждений. Качество сеянцев с закрытой корневой системой выше тех, которые выращиваются традиционным способом, что обеспечивает высокую приживаемость лесных культур. На территории резервата также реализуются проекты по выращиванию и восстановлению ленточных боров прииртышья. Наряду с этим на территории резервата «Семей орманы» в рамках экологической акции «Таза Қазақстан» высажено более 70 тыс. саженцев. Кроме того, для сохранности и защиты здоровых насаждений от распространения стволовых вредителей и образования новых очагов усыхающего леса производится вырубка сгоревшего древостоя. Для утилизации и переработки горельника регионом привлечены инвестиции в объеме 7,5 млрд тенге на строительство деревообрабатывающего комплекса с выпуском готовой продукции – ЛДСП, ДСП, ОСБ, топливных брикетов. На сегодня ведется процедура оформления земельного участка в индустриальной зоне города Семей площадью 55 га. При этом за прошедший год на территории природного резервата собственными силами заготовлено 38,3 тыс. куб. м круглого леса. В рамках проекта планируется создание 530 рабочих мест. Глава Правительства подчеркнул необходимость жесткого контроля за соблюдением правопорядка на территории «Семей орманы». На сегодня сотрудниками МВД и Комитета национальной безопасности при координации прокуратуры уже выявлены факты незаконной вырубки и хищения леса. «В прошлом году произошел очень серьезный пожар – 66 тыс. га мы потеряли. Это десятая часть "Семей орманы" от всей площади, поэтому предупреждение лесных пожаров – очень серьезная задача. Мы по поручению Президента в этом году начали программу по оснащению техникой структур МЧС и лесхоза, которые первыми принимают удар. Эту программу мы будем продолжать, оснащать вас современной техникой. Еще один важный момент, о котором я хотел сказать, по тем организованным преступным группам, которые работают по незаконной вырубке леса. С ними надо бороться. Вы лучше меня знаете, что они есть. Я знаю, поступают даже угрозы отдельным сотрудникам о том, чтобы они давали беспрепятственно заниматься незаконной вырубкой. Вот с этим надо бороться. Здесь и министерству внутренних дел нужно уделить очень серьезное внимание. Лес – это наше национальное достояние. Те, кто занимается незаконной вырубкой, – это враги государства. Здесь все государство должно взяться и принципиально нанести удар. Это ваша задача, и задача правоохранительных органов», — подчеркнул Олжас Бектенов. Олжас Бектенов поднял также вопросы обновления материально-технической базы, мер поддержки работников лесничества. Так, в рамках Комплексного плана на 2023-2027 годы по поэтапному укреплению материального технического оснащения для резервата «Семей орманы» в прошлом году приобретены 37 единиц специальных транспортных средств на общую сумму 1,4 млрд тенге, в том числе пожарные машины, малые лесопожарные комплексы, трактор, патрульная машина. Работы продолжаются. В целях поддержки работников лесных и природоохранных организаций по поручению Президента в прошлом году на 100% была повышена заработная плата 12 876 сотрудникам государственной лесной охраны. В текущем году постановлением Правительства с 1 июля работники лесных и природоохранных учреждений страны начали получать надбавки к должностному окладу. До 100% надбавку к должностному окладу получают работники лесных пожарных станций, лесных учреждений, природоохранных и лесоустроительной организаций. Всего доплатой охвачены порядка 3,3 тыс. работников. На 2024-2027 годы из республиканского бюджета для этих целей предусмотрено 8,4 млрд тенге. Глава Правительства подчеркнул важность противопожарной безопасности и поручил обеспечить постоянную боевую готовность сил и средств противопожарных служб резервата «Семей орманы», ДЧС области и акимата. «Вопросу сохранения лесных массивов и противопожарным мероприятиям мы уделяем особое внимание. Нельзя допустить повторения трагедии. Профилактические меры важно реализовывать в полном объеме – не на бумаге, а на деле. Для этого мы продолжим оснащение резервата, в том числе установим систему раннего обнаружения лесных пожаров», — подчеркнул Олжас Бектенов. Министерству экологии и природных ресурсов совместно с акиматом области Абай и заинтересованными государственными органами поручено продолжить работы по материально-техническому оснащению и воспроизводству лесов в «Семей Орманы», а также оказать поддержку в реализации проекта по разработке горельника. Справочно: На сегодня для профилактики природных пожаров и своевременного реагирования в области Абай созданы 32 мобильные группы численностью 132 человека. Осуществляется дежурство вертолетом «Казавиаспас» и проводится патрулирование территории. Проведено 404 рейдовых мероприятия, к административной ответственности привлечено 109 нарушителей. #Олжас Бектенов #Премьер-министр РК #Рабочая поездка #Регионы #Экология Оставайтесь в курсе событий Премьер-министра и Правительства Казахстана — подписывайтесь на официальный Telegram-канал Подписаться
26 Шілде 2024, 12:30
Премьер-Министр Олжас Бектенов Абай облысына жұмыс сапары аясында «Семей орманы» табиғи резерваты аумағын әуеден тексеріп, Мемлекет басшысының өртенген қарағайлы орманды қалпына келтіру және өрттің алдын алу, орман шаруашылығындағы мәселелерді шешу жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексерді.
Бүгінгі таңда былтырғы маусым айында орын алған, 66 мың гектарға жуық орман қоры зардап шеккен ірі орман өртінің салдарын жою мақсатында ағаштарды көбейту жұмыстары жүргізілуде.
Үкімет басшысы табиғи резерват аумағындағы орман тәлімбағы кешені мен ағаш тұқымы стансасын аралап көрді, онда заманауи швед жабдықтары арқылы жеделдетілген технология бойынша жабық тамыр жүйесі бар қарағай көшеттері өсіріледі. Бір жылда мамандар екі рет: жалпы 3 млн көшетке дейін алады. Жабық тамыр жүйесі бар көшеттердің сапасы дәстүрлі әдіспен өсірілетіндерден жоғары, бұл орман дақылдарының жоғары деңгейде жерсінуін қамтамасыз етеді. Сондай-ақ резерват аумағында Ертіс өңірінің таспа қарағайын өсіру және қалпына келтіру жобалары іске асырылуда. Сонымен қатар «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Семей орманы» резерватының аумағына 70 мыңнан астам көшет отырғызылды.
Сонымен қатар сау көшеттерді дің зиянкестерінің таралуынан және қурап жатқан орманның жаңа ошақтарының пайда болуынан сақтау және қорғау мақсатында өртенген сүрекдіңдер кесіледі. Күйген ағаштарды кәдеге жарату және қайта өңдеу үшін өңірде дайын өнім – ЛАБТ, АЖТ, ББТ, отын брикеттерін шығаратын ағаш өңдеу кешенін салуға 7,5 млрд теңге көлемінде инвестиция тартылды. Бүгінгі таңда Семей қаласының индустриалды аймағындағы 55 га жер телімін тіркеу рәсімі жүргізілуде. Бұл ретте өткен жылы табиғи резерват аумағында өз күшімен 38,3 мың текше метр жұмыр ағаш дайындалды. Жоба аясында 530 жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр.
Үкімет басшысы «Семей орманы» аумағында құқықтық тәртіптің сақталуын қатаң бақылау қажеттігін атап өтті. Бүгінде Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері прокуратураның үйлестіруімен орманды заңсыз кесу және ұрлау фактілерін анықтады.
«Өткен жылы алапат өрт орын алды – біз 66 мың га орман қорын жоғалттық. Бұл бүкіл “Семей орманы” алқабының оннан бір бөлігі, сондықтан орман өрттерінің алдын алу өте маңызды міндет. Біз Президенттің тапсырмасы бойынша биыл бірінші болып соққы қабылдайтын ТЖМ және орман шаруашылығы құрылымдарын техникамен жабдықтау бағдарламасын қолға алдық. Аталған бағдарламаны жалғастырып, сіздерді заманауи техникамен қамтамасыз етеміз. Айтқым келген тағы бір маңызды мәселе – заңсыз ағаш кесумен айналысатын ұйымдасқан қылмыстық топтар туралы. Олармен күресу керек. Сіздер олардың бар екенін менен жақсы білесіздер. Мен тіпті жекелеген қызметкерлерге заңсыз ағаш кесуге кедергі келтірмеу қаупі төніп тұрғанын білемін. Міне, мұнымен күресу керек. Бұл жерде Ішкі істер министрлігі өте мұқият назар аударуы қажет. Орман – біздің ұлттық байлығымыз. Заңсыз ағаш кесумен айналысатындар – мемлекеттің жауы. Мұнда бүкіл мемлекет күш салып, түбегейлі соққы беруі керек. Бұл сіздердің және құқық қорғау органдарының міндеті» , — деп атап өтті Олжас Бектенов.
Сонымен қатар Премьер-Министр материалды-техникалық базаны жаңарту, орман шаруашылығы қызметкерлерін қолдау шаралары мәселелерін көтерді. Мәселен, 2023-2027 жылдарға арналған «Семей орманы» резерваты үшін материалдық техникалық жарақтандыруды кезең-кезеңімен нығайту жөніндегі кешенді жоспар шеңберінде былтыр жалпы сомасы 1,4 млрд теңгеге 37 бірлік арнайы техника, оның ішінде өрт сөндіру машиналары, шағын орман өрт кешендері, трактор, патрульдік автокөлік сатып алынды. Жұмыс жалғасуда.
Президенттің тапсырмасы бойынша орман және табиғатты қорғау ұйымдары қызметкерлерін қолдау мақсатында өткен жылы мемлекеттік орман күзетінің 12 876 қызметкерінің жалақысы 100%-ға көтерілді. Биыл Үкімет қаулысымен 1 шілдеден бастап еліміздегі орман және табиғатты қорғау мекемелерінің қызметкерлері лауазымдық жалақыларына үстемеақы ала бастады. Орман өрт сөндіру бекеттерінің, орман шаруашылығы мекемелерінің, табиғатты қорғау және орман орналастыру ұйымдары қызметкерлерінің лауазымдық жалақысына 100%-ға дейін үстемеақы алады. Барлығы 3,3 мыңға жуық қызметкер қосымша ақымен қамтылды. Аталған мақсаттар үшін 2024-2027 жылдарға республикалық бюджеттен 8,4 млрд теңге қарастырылған.
Үкімет басшысы өрт қауіпсіздігінің маңыздылығына тоқталып, «Семей орманы» резерватының, облыстық төтенше жағдайлар департаменті мен әкімдікке өртке қарсы қызметтердің күштері мен құралдарының тұрақты әзірлігін қамтамасыз етуді тапсырды.
«Орман алқаптарын сақтау мәселесі және өртке қарсы шараларды қабылдау біздің ерекше назарымызда болады. Мұндай апаттардың қайталануына жол беруге болмайды. Апаттың алдын алу шараларын қағаз жүзінде емес, нақты іс жүзінде толықтай жүзеге асыру маңызды. Ол үшін біз резерватты жарақтандыруды жалғастырамыз, оның ішінде орман өрттерін ерте анықтау жүйесін орнатамыз» , — деп атап өтті Олжас Бектенов.
Экология және табиғи ресурстар министрлігіне Абай облысының әкімдігімен және мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, «Семей орманын» материалдық-техникалық жарақтандыру және орман алқабын молайту жөніндегі жұмыстарды жалғастыру, сондай-ақ күйген ағаштарды кәдеге асыру жөніндегі жобаны іске асыруға қолдау көрсету тапсырылды.
Анықтама: Бүгінгі таңда Абай облысында табиғи өрттердің алдын алу және дер кезінде әрекет ету мақсатында 132 адамнан тұратын 32 мобилді топ құрылды. «Қазавиақұтқару» тікұшағы кезекшілікте және аумақты патрульдеу жүргізіледі. 404 рейдтік іс-шара өткізілді, 109 тәртіп бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз