Безопасность на дорогах: Премьер-Министр поручил обеспечить регулирование незавершенных объектов, увеличить число камер и улучшить покрытие связью
Жолдағы қауіпсіздік: Премьер-Министр аяқталмаған нысандарды реттеуді қамтамасыз етуді, камералар санын көбейтуді және байланыспен қамту қарқынын жақсартуды тапсырды
Рабочий вывод
Что важно в документе
Поручено принять комплекс мер по безопасности дорожного движения и усилить контроль за соблюдением стандартов.
Отмечена проблема отсутствия возможности вызова экстренных служб при ДТП.
30 Июль 2024, 10:55 Безопасность на дорогах: Премьер-Министр поручил обеспечить регулирование незавершенных объектов, увеличить число камер и улучшить покрытие связью На заседании Правительства Премьер-Министр Олжас Бектенов поднял вопросы безопасности на незавершенных участках строящихся автодорог. Глава Правительства акцентировал внимание на проблеме отсутствия дорожных знаков, информационных щитов и временных разметок на таких участках. Отмечено, что зачастую предупреждающие знаки устанавливаются с нарушениями и не всегда видны водителю. К примеру, в марте т.г. в Алматинской области на автодороге «Караганда - Алматы», где еще с 2019 года ведутся строительные работы, после столкновения легковой автомашины с грузовиком погибли 4 человека. В мае на этой же автодороге в результате аварии погибли 5 человек. Премьер-Министр поручил Министерству транспорта совместно с заинтересованными государственными органами принять комплекс мер по обеспечению безопасности дорожного движения при строительстве, реконструкции и содержании автомобильных дорог, а также усилить контроль за строгим соблюдением соответствующих стандартов. Была поднята еще одна проблема загородных дорог – плохая мобильная связь. Для примера – на автодороге «Караганда – Алматы» по территории трех областей на участке общей сложностью 500 км отсутствует мобильная связь. Олжас Бектенов отметил, что в случае ДТП пострадавшие не имеют возможности вызвать экстренные службы помощи. В этой связи МЦРИАП необходимо ускорить темпы покрытия мобильной связью загородных автодорог. «На дорогах не хватает видеокамер и других технических средств для контроля за безопасностью движения. Где-то они просто не работают. Ситуация с дорожной безопасностью вызывает справедливые нарекания со стороны населения. Только с начала текущего года от наших граждан поступило более 50-ти тыс. официальных обращений в сфере дорожного движения. Акиматам регионов нужно увеличить количество камер фиксации нарушений в населенных пунктах. На автодорогах республиканского значения следует активнее использовать аппаратно-программные комплексы», — поручил Премьер-Министр. По данным Министерства транспорта, на сегодня для обеспечения безопасного движения на республиканских дорогах 3 200 км дорог переведены на 4-х полосное движение, установлено более 5 тыс. кв. метров специальных полос, 630 дорожных знаков, обеспечивающих освещение и 1 230 дорожных буферов. В целях исключения дорожных происшествий с пешеходами построено 52 обхода городов и населенных пунктов и 32 надземных перехода. Кроме того, для предотвращения выхода животных построено 1 500 км ограждений и 319 скотопрогонов. В текущем году дорожно-ремонтными работами охвачено 12 тыс. км дорог, из них на 7 тыс. км работы будут завершены полностью. Среди них такие важные участки, как Алматы-Караганда, Талдыкорган-Усть-Каменогорск, Актобе-Атырау-Астрахань и Мерке-Бурылбайтал. В результате эти дороги будут переведены в I и II техническую категорию, что позволит повысить дорожную безопасность. #Олжас Бектенов #Заседание Правительства #Транспорт Оставайтесь в курсе событий Премьер-министра и Правительства Казахстана — подписывайтесь на официальный Telegram-канал Подписаться
30 Шілде 2024, 10:55
Үкімет отырысында Премьер-Министр Олжас Бектенов салынып жатқан автожолдардың аяқталмаған учаскелеріндегі қауіпсіздік мәселесін көтерді.
Үкімет басшысы мұндай учаскелерде жол белгілері мен ақпарат қалқандары, уақытша жол таңбаларының болмауы мәселесіне назар аударды. Ескерту белгілері дұрыс орнатылмай, жүргізуші оларды байқамай қалатыны, мұның соңы жол апаттарына алып келетіні атап өтілді.
Мәселен, биылғы наурызда Алматы облысында 2019 жылдан бері құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан «Қарағанды – Алматы» бағытында жеңіл автомашина жүк көлігімен соқтығысып, 4 адам қаза тапты. Ал мамыр айында дәл осы жолда көлік апатынан тағы 5 адам қайтыс болды.
Премьер-Министр Көлік министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау және күтіп-ұстау кезінде жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар кешенін қабылдауды тапсырды.
Қала сыртындағы жолдардың тағы бір проблемасы – мобильді байланыстың нашарлығы туралы мәселе көтерілді. Мысалы, «Қарағанды – Алматы» автожолын алатын болсақ, үш облыстың 500 км учаскесінде мобильді байланыс жоқ.
Олжас Бектенов Жол апатында зардап шеккендер көмекке шұғыл қызметтерді шақырта алмайтынын атап өтті. Осыған байланысты ЦДИАӨМ күре жолдарды мобильді байланыспен қамту қарқынын жеделдетуі қажет.
«Жолдарда қозғалыс қауіпсіздігін бақылау үшін бейнекамералар мен басқа да техникалық құралдар жетіспейді. Кей жерлерде олар мүлдем жұмыс істемейді. Жол қауіпсіздігіне қатысты жағдай халықтың орынды наразылығын тудырады. Тек биылғы жылдың басынан бері азаматтарымыздан жол қозғалысына қатысты 50 мыңнан астам шағым келіп түсті. Өңір әкімдіктері елді мекендердегі құқық бұзушылықты тіркейтін камералар санын көбейтуі қажет. Республикалық маңызы бар автожолдарда аппараттық-бағдарламалық кешендерді белсенді түрде пайдалану керек» , — деп тапсырды Премьер-Министр.
Көлік министрлігінің мәліметінше, бүгінде республикалық маңызы бар жолдарда қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 3 200 шақырым жол 4 жолақты қозғалысқа ауыстырылды, 5 мыңнан астам шаршы метр арнайы жолақ, жарықты қамтамасыз ететін 630-ға жуық жол белгісі мен 1230 жол буфері орнатылған. Жаяу жүргіншілердің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларын болдырмау мақсатында қалалар мен елді мекендерді айналып өтетін 52 айналма жол және 32 жаяу жүргіншілер көпірі салынды. Сонымен қатар жануарлардың жолға шығуын алдын алу үшін 1 мың 500 шақырым қоршау мен 319 мал айдау өткелдері қамтамасыз етілді.
Биыл жалпы жол жөндеу жұмыстары 12 мың шақырымды қамтиды, оның 7 мың шақырымында жұмыс толық аяқталады. Аталған жұмыстар Алматы – Қарағанды, Талдықорған – Өскемен, Ақтөбе – Атырау – Астрахан және Мерке – Бурылбайтал сияқты маңызды учаскелерден тұрады. Нәтижесінде бұл жолдар I және II техникалық санатқа ауыстырылып, жол қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз