Олжас Бектенов поручил усилить профилактическую работу по предотвращению лесных пожаров и обозначил ключевые задачи для обеспечения безопасности
Олжас Бектенов орман өрттерінің алдын алу жұмыстарын күшейтуді тапсырды және қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі міндеттерін белгіледі
Рабочий вывод
Что важно в документе
Глава Правительства поручил акимам активизировать данную работу.
30 Июль 2024, 12:00 Олжас Бектенов поручил усилить профилактическую работу по предотвращению лесных пожаров и обозначил ключевые задачи для обеспечения безопасности Вопросы обеспечения безопасности в пожароопасный период были рассмотрены на заседании Правительства под председательством Премьер-Министра Олжаса Бектенова. О ситуации по стране в целом доложил министр экологии и природных ресурсов Ерлан Нысанбаев, по вопросу реагирования на природные пожары – министр по чрезвычайным ситуациям Чингис Аринов. Также были заслушаны акимы ряда регионов. Общая площадь лесного фонда Республики Казахстан составляет 30 млн га. На сегодня системой раннего обнаружения пожаров охвачено лишь 2% всех лесных массивов. По состоянию на конец июля, по стране было зафиксировано порядка 160 возгораний, что в 4 раза меньше, чем в прошлом году. Для предотвращения пожаров и оперативного реагирования в постоянной готовности находятся 34 воздушных борта МЧС с водосливными устройствами, в 37 лесничествах организованы дозоры, оказывается поддержка добровольным пожарным формированиям – таких только в текущем году появилось 43 в регионах, открыто 26 пожарных постов. Всего на сегодня в населенных пунктах функционируют 252 формирования. В прошлом году им придали статус юридического лица. Глава Правительства акцентировал внимание участников заседания на недостаточности материально-технического оснащения лесных хозяйств. Отсутствие современного оборудования для тушения пожаров стало одной из основных причин природных катастроф прошлого года. Тогда в борьбе с огнем погибли 15 человек, свыше 116 тысяч га лесного фонда было уничтожено. Материальный ущерб без учета вреда экологии превысил 160 млрд тенге. Отмечена необходимость снабжения самыми современными средствами тушения природных пожаров, применения цифровых систем реагирования. «Надо широко использовать беспилотные летательные аппараты. Они позволяют проводить полноценное аэровизуальное обследование лесов и степей. В целом, беспилотные летательные аппараты имеют большой потенциал для использования в различных отраслях экономики. Поэтому Министерству промышленности следует рассмотреть вопросы локализации производства дронов в Казахстане», — подчеркнул Глава Правительства. Кроме того, подчеркнута эффективность применения смарт-систем. Положительный опыт получен в ходе использования, например, на территории национального парка «Бурабай». Возможности искусственного интеллекта необходимо задействовать для своевременного обнаружения пожаров и возгораний, отметил Премьер-Министр. По данным Казгидромета, на большей части страны до конца августа прогнозируется чрезвычайная степень пожарной опасности. При этом профилактические мероприятия некоторыми регионами проводятся ненадлежащим образом. В частности, в областях Абай, Жетысу, Карагандинской, Костанайской и Павлодарской не выполнены дноуглубительные работы на водоемах для забора воды вертолетами. В Акмолинской, Атырауской, Северо-Казахстанской и области Улытау отмечается слабая динамика по созданию минерализованных полос, без которых лесные и степные пожары остановить сложно. Также в ряде регионов не до конца решены вопросы обеспечения запасами топлива, не завершена очистка территории от сухостоя и мусора. Глава Правительства поручил акимам активизировать данную работу. Особое внимание в ходе заседания было уделено вопросу трансграничных пожаров. Казахстан имеет с Россией самую длинную непрерывную сухопутную границу в мире – 7 591 км. На сегодняшний день на приграничных территориях возгорания не зарегистрированы, тем не менее потенциальные риски не исключены. Дано поручение по обеспечению постоянной готовности сил и средств для оперативного реагирования. Также важно активизировать взаимодействие с соответствующими российскими службами по своевременному информированию. Главой Правительства дополнительно поставлены следующие задачи: акиматам регионов продолжить работу по организации пожарных постов и добровольных противопожарных формирований, обеспечить соответствующее материально-техническое оснащение; Министерству по чрезвычайным ситуациям совместно с акиматами регионов и министерством культуры активизировать проведение информационной работы с населением по соблюдению требований пожарной безопасности; Министерству экологии и природных ресурсов совместно с акиматами увеличить кратность патрулирований лесного фонда в период высокой пожарной опасности; Министерству внутренних дел совместно с акиматами усилить профилактические мероприятия по пресечению пребывания физических лиц на территории лесного фонда в период чрезвычайной пожарной опасности; министерствам по чрезвычайным ситуациям, экологии и природных ресурсов и акиматам усилить материально-техническое оснащение лесных, природоохранных и противопожарных подразделений, продолжить работу по выставлению механизированных дозоров для своевременного реагирования на лесные пожары. #Олжас Бектенов #Заседание Правительства #МЧС РК Оставайтесь в курсе событий Премьер-министра и Правительства Казахстана — подписывайтесь на официальный Telegram-канал Подписаться
30 Шілде 2024, 12:00
Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында өрт қаупі басым кезеңде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері қаралды.
Жалпы елдегі жағдай туралы экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев, табиғи өрттерге қарсы әрекет ету мәселесі бойынша төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов баяндады. Сондай-ақ бірқатар өңір әкімдері тыңдалды.
Қазақстан Республикасының орман қорының жалпы ауданы 30 млн гектарды құрайды. Бүгінгі таңда өртті ерте анықтау жүйесімен барлық орман алқаптарының тек 2%-ы ғана қамтылған. Шілде айының соңындағы жағдай бойынша ел бойынша 160-қа жуық өрт тіркелді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 4 есе аз. Өрттің алдын алу және жедел ден қою үшін ТЖМ-нің су төгетін құрылғылары бар 34 әуе борты тұрақты дайындықта, 37 орман шаруашылығында күзет ұйымдастырылған, ерікті өрт сөндіру құралымдарына қолдау көрсетілуде. Биылдың өзінде өңірлерде осындай құрылымдардың 43-і пайда болды, 26 өрт сөндіру бекеті ашылды. Бүгінгі таңда елді мекендерде барлығы 252 құрылым жұмыс істейді. Өткен жылы оларға заңды тұлға мәртебесі берілді.
Үкімет басшысы отырысқа қатысушылардың назарын орман шаруашылықтарын жеткіліксіз материалдық-техникалық жарақтандырылуына аударды. Өртті сөндіруге арналған заманауи жабдықтардың болмауы өткен жылғы табиғи апаттардың негізгі себептерінің бірі болды. Сол кезде 116 мың гектардан астам орман қоры жанып кетті, өртпен күресте 15 адам қайтыс болды. Экологияға келтірілген зиянды есептемегенде, материалдық залалдың өзі 160 млрд теңгеден асып түсті. Табиғи өрттерді сөндірудің ең заманауи құралдарымен жабдықтау, цифрлық әрекет ету жүйелерін қолдану қажеттілігі атап өтілді.
«Пилотсыз ұшатын аппараттарды кеңінен пайдалану қажет. Олар ормандар мен даланы әуеден толыққанды тексеріп-қарауға мүмкіндік береді. Жалпы, экономиканың әртүрлі салаларында пайдалану үшін пилотсыз ұшатын аппараттардың әлеуеті зор. Сондықтан Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Қазақстанда дрондар өндірісін локализациялау мәселесін қарастыруы керек» , — деп атап өтті Үкімет басшысы.
Сонымен қатар смарт жүйелерді қолданудың тиімділігі атап өтілді. Мысалы, «Бурабай» ұлттық паркінің аумағында пайдалану барысында оң тәжірибеге қол жеткізілді. Өрт ошақтарын уақтылы анықтау үшін жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалану қажет, деп атап өтті Премьер-Министр.
Қазгидрометтің мәліметінше, елдің басым бөлігінде тамыз айының соңына дейін өрт қаупі жоғары болады деп болжанып отыр. Бұл ретте кейбір өңірлер алдын алу іс-шараларын тиісінше жүргізбейді. Атап айтқанда, Абай, Жетісу, Қарағанды, Қостанай және Павлодар облыстарында тікұшақтармен су алу үшін су айдындарының түбін тереңдету жұмыстары орындалмаған. Ақмола, Атырау, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарында өртке қарсы жер жырту жұмыстары баяу жүріп жатыр. Онсыз дала немесе орман өрттерін ауыздықтау қиын болады. Сондай-ақ бірқатар өңірде отын қорымен қамтамасыз ету, қураған өсімдіктер мен қоқыстардан тазарту жұмысы әлі толық аяқталған жоқ. Үкімет басшысы әкімдерге бұл жұмысты жандандыруды тапсырды.
Отырыс барысында трансшекаралық өрт мәселесіне ерекше назар аударылды. Қазақстан Ресеймен 7 591 км шектесетін әлемдегі ең ұзын құрлық шекарасына ие. Бүгінгі таңда шекара маңындағы аумақтарда өрт тіркелмеген, дегенмен ықтимал тәуекелдер жоққа шығарылмайды. Жедел ден қою үшін күштер мен құралдардың тұрақты дайындығын қамтамасыз ету жөнінде тапсырма берілді. Сондай-ақ тиісті ресейлік қызметтермен уақтылы ақпараттандыру бойынша өзара әрекеттесуді күшейту маңызды.
Үкімет басшысы қосымша келесі міндеттерді қойды:
Өңір әкімдіктері өрт сөндіру бекеттері мен ерікті өртке қарсы құрылымдарды ұйымдастыру жұмысын жалғастыруы, оларды тиісті өрт сөндіру құралдарымен жарақтандыруды қамтамасыз етуі қажет;
Төтенше жағдайлар министрлігі өңір әкімдіктерімен бірлесіп, смс-хабарламалар жіберуді қоса алғанда, халықпен өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша ақпараттық жұмыс жүргізуді жандандыруы тиіс;
Экология және табиғи ресурстар министрлігі әкімдіктермен бірлесіп, өрт қаупі жоғары кезеңде орман қорын патрульдеу жиілігін ұлғайтуы керек;
Ішкі істер министрлігі әкімдіктермен бірлесіп, өрт қаупі жоғары кезеңде адамдарды орман қорының аумағына жібермеу бойынша профилактикалық іс-шараларды күшейтуі тиіс;
Төтенше жағдайлар, Экология және табиғи ресурстар министрліктері мен өңір әкімдіктері орман, табиғатты қорғау және өртке қарсы құрылымдарды материалдық-техникалық жарақтандыру жұмыстарын күшейтіп, орман өрттеріне қарсы шұғыл әрекет ету үшін механикаландырылған шолу жүйелерін орнату жұмыстарын жалғастыруы керек.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз