Олжас Бектенов поручил обеспечить готовность объектов образования к новому учебному году
Олжас Бектенов білім беру нысандарының жаңа оқу жылына толық әзірлігін қамтамасыз етуді тапсырды
Рабочий вывод
Что важно в документе
Поручено подключить школы к высокоскоростному интернету и оснастить кабинеты и залы.
Бектенов акцентировал необходимость полной готовности образовательной инфраструктуры к новому учебному году.
Бектенов указал на проблемные регионы с недостаточной подготовкой школ.
06 Август 2024, 11:00 Олжас Бектенов поручил обеспечить готовность объектов образования к новому учебному году На заседании Правительства под председательством Премьер-Министра Олжаса Бектенова рассмотрен вопрос готовности учебных заведений страны к началу нового учебного года. О проводимой в данном направлении работе доложили министры просвещения Гани Бейсембаев, науки и высшего образования Саясат Нурбек, о текущей ситуации с безопасностью на объектах образования – министр внутренних дел Ержан Саденов. Также были заслушаны акимы отдельных регионов. В новом учебном году в казахстанские школы пойдут 3,9 млн учащихся, из них порядка 360 тыс. – первоклассники. К 1 сентября в стране планируется сдать 61 новую школу. В целом, согласно планам на 2024 год, в Казахстане в общей сложности откроются 302 новые школы на 536 тыс. ученических мест. Глава Правительства Олжас Бектенов подчеркнул важность обеспечения полной готовности образовательной инфраструктуры и всего учебного процесса. Отмечено, что после ввода школ в эксплуатацию предстоит еще много работы для их подготовки к приему детей. Необходимо выполнить все условия безопасности: санитарно-эпидемиологические, противопожарные требования к зданиям, учебным помещения и столовым. Премьер-Министр поручил обеспечить подключение высокоскоростного Интернета в школах, оснастить предметные кабинеты, лаборатории и спортивные залы. Причем, это относится не только к комфортным школам, строящимся в рамках нацпроекта, но и ко всем объектам образования. Глава Правительства остановился на регионах, где имеются опасения, связанные с подготовкой отдельных учебных заведений. Так, сразу 7 рисковых строящихся объектов находятся в Актюбинской области. «Строительные работы неоправданно затянулись. Надо сконцентрировать все усилия в этом направлении и обеспечить ввод объектов в установленные сроки. Также в августе нужно завершить капитальный ремонт. И здесь есть серьезные риски по 18-ти школам, где выполнено только 30% запланированных работ. Это касается Карагандинской, Северо-Казахстанской областей и области Улытау. Данным регионам необходимо принять оперативные меры для завершения ремонта. Все работы должны быть закончены до начала учебного процесса, чтобы дети пришли в чистые и проветренные помещения. Кроме того, к началу учебного года должно быть приобретено около 1 тыс. предметных кабинетов физики, химии, биологии, робототехники. Акиматам регионов совместно с Министерством просвещения нужно обеспечить своевременную комплексную модернизацию, чтобы во всех школах появились оснащенные предметные кабинеты. В этой работе не может быть формального подхода только для отчета», — подчеркнул Олжас Бектенов. На заседании Правительства были также подробно рассмотрены вопросы безопасности в учебных заведениях. МВД в этом году проверено 2 655 объектов, выявлено более 1 тыс. нарушений. К ответственности правоохранители привлекли 340 руководителей, сумма штрафов достигла 95 млн тенге. На сегодня организации образования на 100% оснащены видеонаблюдением, однако с ЦОУ интегрированы только 55% видеокамер частных структур. Наихудшая ситуация складывается в Жамбылской, Восточно-Казахстанской областях и городе Алматы. Тревожными кнопками оснащены 85% частных объектов. Меньше всего – в Восточно-Казахстанской, Атырауской, Мангистауской областях. Объекты образования, где обучаются свыше 700 человек, должны привлекать лицензированную охрану, имеющую радиосвязь, служебное оружие и мобильные группы оперативного реагирования. Но, как отметил министр внутренних дел, на отдельных объектах охранники – это «вахтеры» из числа пенсионеров. «Акимам регионов нужно обеспечить организации образования лицензированной охраной, турникетами, камерами, подключенными к центрам оперативного управления. МВД следует продолжать проверки в этом направлении. К 1 сентября необходимо довести долю оснащенности системами безопасности до 90%, а до конца текущего года – до 100%», — подчеркнул Олжас Бектенов, поручив вице-премьеру Тамаре Дуйсеновой лично контролировать проводимую акиматами работу. #Олжас Бектенов #Заседание Правительства #Образование Оставайтесь в курсе событий Премьер-министра и Правительства Казахстана — подписывайтесь на официальный Telegram-канал Подписаться
06 Тамыз 2024, 11:00
Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздегі білім беру мекемелерінің жаңа оқу жылына дайындық мәселесі қаралды. Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев пен ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек атқарылып жатқан жұмыстар туралы, ішкі істер министрі Ержан Сәденов білім беру нысандарындағы қауіпсіздіктің ағымдағы жағдайы туралы баяндады. Сондай-ақ жекелеген өңір әкімдері тыңдалды.
Жаңа оқу жылында қазақстандық 3,9 млн оқушы мектепке барады, оның 360 мыңға жуығы – бірінші сынып оқушылары. 1 қыркүйекке қарай елімізде 61 жаңа мектепті пайдалануға беру жоспарланған. Жалпы, 2024 жылға арналған жоспарға сәйкес, елімізде 536 мың оқушыға арналған 302 жаңа мектеп ашылады.
Үкімет басшысы Олжас Бектенов білім беру инфрақұрылымының және бүкіл оқу процесінің жаңа оқу жылына толық әзірлігін қамтамасыз етудің маңызды екенін баса айтты. Пайдалануға берілгеннен кейін мектептерді бала қабылдауға дайындау үшін де үлкен жұмыс атқарылатыны атап өтілді. Ғимараттарға, оқу кабинеттеріне, асханаларға қойылатын барлық қауіпсіздік шарттарын, санитариялық-эпидемиологиялық және өртке қарсы талаптарды орындау қажет.
Премьер-Министр мектептерді жылдамдығы жоғары интернетпен қамтамасыз етіп, пәндік кабинеттерді, зертханалар мен спорт залдарын жабдықтауды тапсырды. Сонымен қатар бұл – тек «Жайлы мектеп» ұлттық жобасына ғана емес, барлық білім беру нысандарына қатысты қойылып отырған талап.
Үкімет басшысы бірқатар өңірлерде кейбір оқу орындарының дайындығы алаңдаушылық туғызып отырғанын айтты. Мәселен, жаңа оқу жылына дейін үлгермей қалу қаупі жоғары білім ошақтарының жетеуі Ақтөбе облысында орналасқан.
«Құрылыс жұмыстары негізсіз созылып кетті. Осы бағытта барлық күш-жігерді біріктіріп, нысандардың белгіленген мерзімде тапсырылуын қамтамасыз ету қажет. Сондай-ақ тамыз айында күрделі жөндеу жұмыстарының барлығы аяқталуға тиіс. Алайда, 18 мектепте жоспарланған жұмыстардың 30%-ы ғана орындалған. Бұл Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарына қатысты. Аталған өңірлер шұғыл шаралар қабылдамаса болмайды. Балалар таза әрі ыңғайлы кабинеттерде білім алуы үшін оқу процесі басталғанға дейін жөндеу жұмыстарын аяқтаңыздар. Сонымен қатар оқу жылы басталғанша, физика, химия, биология, робототехника бойынша мыңға жуық пәндік кабинет сатып алынуы керек. Өңір әкімдіктері Оқу-ағарту министрлігімен бірлесіп, барлық мектептерде заманауи пәндік кабинеттер ашу үшін кешенді жаңғырту жұмыстарын уақтылы қамтамасыз етуі қажет. Бұл жұмысқа салғырт қарауға болмайды» , — деп атап өтті Олжас Бектенов.
Үкімет отырысында білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздік мәселесі де жан-жақты талқыланды. Сонымен қатар ІІМ биыл 2 655 нысан тексерілді, 1 мыңнан астам бұзушылық анықталды. Құқық қорғау органдары арқылы 95 млн теңгеге айыппұл салынып, 340 басшы жауапкершілікке тартылды. Бүгінде көптеген білім беру ұйымы бейнебақылаумен 100% жабдықталған, алайда жеке құрылымдар камераларының тек 55%-ы Жедел басқару орталығына шығарылған. Ең нашар жағдай Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстары мен Алматы қаласында қалыптасып отыр.
Жеке нысандардың 85%-ы дабыл түймелерімен қамтамасыз етілген. Шығыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстары дабыл түймелерімен ең аз қамтылған аймақтар қатарында. 700-ден астам адамнан тұратын білім беру нысандары: радиобайланыс құралдары, қызметтік қарулары, жедел мобилді топтары бар лицензияланған күзет ұйымдарын тартуы тиіс. Алайда, ішкі істер министрі атап өткендей, жекелеген нысандарда күзетшілердің көбі – қарапайым вахтерлер мен зейнеткерлер.
«Өңір әкімдері білім беру ұйымдарын лицензияланған күзетпен, турникеттермен, жедел басқару орталықтарына қосылған камералармен жабдықтауы қажет. Ішкі істер министрлігі осы бағытта тексерулерді жалғастырсын. 1 қыркүйекке қарай қауіпсіздік жүйелерімен жабдықтау үлесін 90%-ға дейін қамтамасыз етіп, жыл соңына дейін 100%-ға жеткізу керек» , — деп атап өткен Олжас Бектенов вице-премьер Тамара Дүйсеноваға әкімдіктер жүргізіп жатқан жұмысты жеке бақылауына алуын тапсырды.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз