Олжас Бектенов: Комфортные школы должны стать «золотым стандартом» для всей системы среднего образования
Олжас Бектенов: Жайлы мектептер барлық орта білім беру жүйесі үшін «негізгі стандарт» болуы тиіс
Рабочий вывод
Что важно в документе
Обеспечение всех иногородних студентов жильем
06 Август 2024, 11:30 Олжас Бектенов: Комфортные школы должны стать «золотым стандартом» для всей системы среднего образования Глава Правительства поручил выводить работу казахстанских школ, колледжей и вузов на новый конкурентный уровень. Подчеркнуто, что от уровня знаний и ценностей подрастающего поколения во многом зависит общественное и экономическое развитие страны. «Необходимо выявлять в разных областях интерес детей к поисковой, исследовательской работе, максимально развивать их способности на всех уровнях образования. На базе школ, колледжей, вузов создавать общедоступные кружки, центры технического творчества, где школьники под руководством студентов и преподавателей смогут воплощать свои будущие инженерные идеи, учиться конструировать и изготовлять различные изделия и детали. Нужно задать новые требования к качеству образования на всех ступенях. Так, в среднем образовании «золотым стандартом» должны стать комфортные школы. Под их уровень необходима реновация других школ. В высшем – тон должны задавать наши национальные вузы и филиалы ведущих зарубежных университетов», — заявил Олжас Бектенов, поручив Министерству науки и образования выработать требования к филиалам в части ожидаемых результатов их работы. Отмечена важность создания соответствующего экспертного совета и пересмотра требований ко всем университетам на предмет их соответствия мировым стандартам. Вузы должны тесно работать с предприятиями, а студенческие, магистерские работы в свою очередь должны иметь практическую ценность для экономики. Для реализации поставленных задач профильному министерству поручено принять Комплексный план по популяризации науки и технологий. Заострено внимание на актуальном в преддверии нового учебного года вопросе дефицита мест в общежитиях. Премьер-Министр подчеркнул, что ни один иногородний студент не должен остаться без жилья. «Акимам регионов, министрам просвещения и высшего образования — взять на персональный контроль озвученные на заседании вопросы. Все объекты образования должны быть готовы к началу учебного года на 100%», — подытожил Глава Правительства. #Олжас Бектенов #Премьер-министр РК #Заседание Правительства #Образование Оставайтесь в курсе событий Премьер-министра и Правительства Казахстана — подписывайтесь на официальный Telegram-канал Подписаться
06 Тамыз 2024, 11:30
Үкімет басшысы қазақстандық мектептердің, колледждер мен жоғары оқу орындарының жұмысын жаңа бәсекелестік деңгейге шығаруды тапсырды.
Еліміздің әлеуметтік және экономикалық дамуы көбінесе өскелең ұрпақтың білім деңгейі мен бойындағы құндылықтарына байланысты екендігі атап өтілді.
«Әртүрлі салаларда балалардың ізденіс, зерттеу жұмыстарына деген қызығушылығын анықтау, білім берудің барлық деңгейлерінде олардың қабілеттерін барынша дамыту маңызды. Мектептер мен колледждердің және жоғары оқу орындары базасында студенттер мен оқытушылардың жетекшілігімен оқушылар өздерінің болашақ инженерлік идеяларын жүзеге асыра алатын, әртүрлі бұйымдар мен бөлшектерді құрастыруды және дайындауды үйренетін жалпыға бірдей қолжетімді үйірмелер, техникалық шығармашылық орталықтарын құру керек. Білім берудің барлық сатыларында сапа бойынша жаңа талаптар белгіленуі қажет. Орта білім саласында жайлы мектептер дамуға ықпал ететін «негізгі стандарт» болуы тиіс. Басқа мектептерді олардың деңгейіне бейімдеп, реновациялау қажет. Ал жоғары білім беруге келетін болсақ, ұлттық жоғары оқу орындарымыз бен жетекші шетелдік университеттердің филиалдары батып беріп отыруға тиіс», — деді Олжас Бектенов, Ғылым және жоғары білім министрлігіне олардың жұмысының күтіліп отырған нәтижесіне орай филиалдарға қойылатын талаптарды әзірлеуді тапсырды.
Тиісті сараптамалық кеңес құрудың және барлық университеттерге қойылатын талаптарды олардың әлемдік стандарттарға сәйкестігі тұрғысынан қайта қараудың маңыздылығы атап өтілді. Жоғары оқу орындары кәсіпорындармен тығыз жұмыс істеуге тиіс, ал студенттік, магистрлік жұмыстардың ел экономикасы үшін нақты нәтижесі болуы керек. Қойылған міндеттерді іске асыру үшін бейінді министрліктер Ғылым мен технологияларды кеңінен танымал ету жөніндегі кешенді жоспарды қабылдауы қажет.
Жаңа оқу жылы қарсаңында жатақханалардағы орын тапшылығы мәселесіне назар аударылды. Премьер-Министр сырттан келген бірде-бір студент баспанасыз қалмауы керек екенін атап өтті.
«Өңір әкімдері, оқу-ағарту және жоғары білім министрлері айтылған мәселелерді жеке бақылауға алсын. Барлық білім беру объектілері оқу жылының басталуына 100% дайын болуға тиіс», — деп қорытындылады Үкімет басшысы.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз