Олжас Бектенов проверил развитие сельскохозяйственной отрасли и промышленного потенциала области Жетісу
Олжас Бектенов Жетісу облысының ауыл шаруашылығы саласы мен өнеркәсіптік әлеуетінің дамуын тексерді
Рабочий вывод
Что важно в документе
Необходимо наращивать глубокую переработку сельхозпродукции для продбезопасности.
Поддержка отечественных производителей важна для экономики региона и страны.
19 Август 2024, 18:33 Олжас Бектенов проверил развитие сельскохозяйственной отрасли и промышленного потенциала области Жетісу В рамках рабочей поездки в область Жетісу Премьер-Министр РК Олжас Бектенов посетил ряд предприятий региона и проверил реализацию поручений Главы государства по развитию обрабатывающей промышленности и увеличению объемов глубокой переработки сельскохозяйственной продукции. В городе Талдыкоргане Премьер-Министр посетил молочное предприятие «JLC Сут», которое продемонстрировало достижения в переработке сельскохозяйственной продукции. Молочный завод – одно из ключевых предприятий региона, занимающихся переработкой сельхозпродукции. Начальник цеха ТОО «JLC Сут» Амина Арынбекова доложила, что производственная мощность предприятия достигает 25 тыс. тонн в год. По итогам полугодия произведено продукции на 5,4 млрд тенге. В сутки перерабатывается от 80 до 90 тонн молока. Налажен выпуск 62 наименований. На предприятии работает 240 человек. Здесь же Главу Правительства проинформировали о планах развития АПК на 2024-2026 годы. В данный период планируется реализация 31 инвестиционного проекта общей стоимостью 33,2 млрд тенге, из которых 13 проектов будут запущены уже в текущем году. Ожидается увеличение объема пищевой продукции на 3,6%, до 90 млрд тенге, а также достижение показателей по производству мяса (110,9 тыс. тонн), молока (225,3 тыс. тонн) и сахара (96 тыс. тонн). Премьер-Министр акцентировал внимание Министерства сельского хозяйства и акимата области на ряде задач в АПК. Область Жетісу в сельском хозяйстве специализируется на производстве сахарной свеклы (доля в РК – 42%), кукурузы (18%) и сои (72%). Согласно Комплексному плану по развитию отрасли на 2022-2026 годы площадь сахарной свеклы необходимо довести до 15 тыс. га к 2026 году. Акимату поручено предпринять меры по обеспечению семенного фонда и достаточного объема минеральных удобрений. В области орошаемого земледелия поручено в срок завершить ремонтно-восстановительные работы ирригационных сетей и к 2026 году улучшить водоподачу на 30,5 тыс. га, а также вовлечь в использование 5,3 тыс. га новых орошаемых земель. В сфере животноводства наблюдается устойчивая тенденция роста. С начала текущего года численность поголовья увеличилась на 26,3%. В рамках развития животноводства в текущем году ведется расширение 3 молочно-товарных ферм на 1140 голов, создание 1 молочно-товарной фермы на 1200 голов и запланирован ввод 1 откормочной площадки на 200 голов. «Область Жетісу является аграрным регионом. Правительством оказывается необходимая поддержка АПК региона. Только в текущем году выделено 34,9 млрд тенге, в том числе 23,2 млрд тенге субсидий. В целом в рамках программ “Крупные проекты” и “Ауыл Аманаты” области выделено 9,8 млрд тенге. Необходимо обеспечить реализацию данных программ и открытие новых предприятий по производству животноводческой продукции и ее переработки», — подчеркнул Олжас Бектенов. Премьер-Министр отметил необходимость увеличения объемов глубокой переработки сельскохозяйственной продукции для обеспечения продовольственной безопасности страны. В ходе рабочей поездки Олжас Бектенов также посетил крупнейшее промышленное предприятие региона – завод «Кайнар АКБ» по производству автомобильных аккумуляторов. Завод играет важную роль в экономике города Талдыкорган, обеспечивая 33,6% его промышленного производства. Производственная мощность - 3,6 млн штук в год, численность работающих - 1 212 человек. Премьер-Министру доложили о реализации на предприятии проекта по экологически безопасной утилизации бывших в эксплуатации аккумуляторов и внедрении технологий переработки батарей с разделением на фракции – металлизированный свинец, пасту, полипропилен, что позволяет снижать влияние свинецсодержащих соединений на окружающую среду. Олжас Бектенов отметил важность работы и поддержки отечественных товаропроизводителей для экономики региона и страны. Правительство принимает системные меры поддержки казахстанских компаний, в том числе по устранению барьеров для сбыта готовой продукции внутри страны и на мировых рынках. В свою очередь, сами компании должны планомерно демонстрировать улучшение качества продукции и совершенствование технологических процессов. Справочно: В целом, в регионе работают 554 промышленных предприятия, на которых занято свыше 29,1 тыс. человек. Доля обрабатывающего сектора составляет 75,8%. Всего в период 2022-2023 гг. введено в эксплуатацию 43 отраслевых объекта общей стоимостью 62,4 млрд тенге. В текущем году планируется запуск еще 16 проектов, среди которых Baskan Power по строительству ГЭС в Сарканском районе, Asma Industrial по производству аккумуляторных батарей в Талдыкоргане и др. #Олжас Бектенов #АПК #Рабочая поездка #Регионы Оставайтесь в курсе событий Премьер-министра и Правительства Казахстана — подписывайтесь на официальный Telegram-канал Подписаться
19 Тамыз 2024, 18:33
Жетісу облысына жұмыс сапары аясында ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов өңірдің бірқатар кәсіпорнына барып, Мемлекет басшысының өңдеу өнеркәсібін дамыту және ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу көлемін ұлғайту жөніндегі тапсырмаларының іске асырылуын тексерді.
Талдықорған қаласында Премьер-Министр ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуде жетістіктер көрсеткен «JLC Сүт» сүт өндіру кәсіпорнына барды. Сүт зауыты – ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеумен айналысатын өңірдегі негізгі кәсіпорындардың бірі.
«JLC Сүт» ЖШС цехының басшысы Әмина Арынбекова кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 25 мың тоннаға жететінін мәлімдеді. Жартыжылдық қорытындысы бойынша 5,4 млрд теңгенің өнімі өндірілді. Тәулігіне 80 тоннадан 90 тоннаға дейін сүт өңделеді, 62 өнім түрі шығарылады. Кәсіпорында 240 адам жұмыс істейді.
Мұнда Үкімет басшысына АӨК-тің 2024-2026 жылдарға арналған даму жоспарлары туралы ақпарат берілді. Осы кезеңде жалпы құны 33,2 млрд теңгені құрайтын 31 инвестициялық жобаны іске асыру көзделген, оның 13 жобасы биыл іске қосылады. Азық-түлік өнімдерінің көлемі 3,6%-ға – 90 млрд теңгеге дейін артады, сондай-ақ ет (110,9 мың тонна), сүт (225,3 мың тонна) және қант (96 мың тонна) өндіру көрсеткіштеріне қол жеткізіледі деп күтілуде.
Премьер-Министр Ауыл шаруашылығы министрлігі мен облыс әкімдігінің назарын АӨК-дегі бірқатар міндетке аударды. Жетісу облысы ауыл шаруашылығында қант қызылшасын (ҚР-дағы үлесі – 42%), жүгеріні (18%) және сояны (72%) өндіруге маманданған. Саланы дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған кешенді жоспарына сәйкес қант қызылшасының алқабын 2026 жылға қарай 15 мың гектарға дейін жеткізу қажет. Әкімдікке тұқым қорын және минералды тыңайтқыштардың жеткілікті көлемін қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдау тапсырылды.
Суармалы егіншілік саласында суару желілерін жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын мерзімінде аяқтау және 2026 жылға қарай су беруді 30,5 мың гектарға жақсарту, сондай-ақ жаңадан 5,3 мың гектар суармалы жерді пайдалануға қосу тапсырылды.
Мал шаруашылығы саласында тұрақты өсу үрдісі байқалады. Осы жылдың басынан бері мал басы 26,3%-ға өсті. Мал шаруашылығын дамыту шеңберінде биыл 1140 мал басына арналған 3 тауарлы-сүт фермасын кеңейту, 1200 басқа арналған 1 тауарлы-сүт фермасын ашу жұмыстары жүргізілуде және 200 мал басына арналған 1 бордақылау алаңын іске қосу жоспарда бар.
«Жетісу облысы аграрлы өңір болып саналады. Үкімет өңірдің АӨК-не қажетті қолдау көрсетіп келеді. Тек биылдың өзінде 34,9 млрд теңге, оның ішінде 23,2 млрд теңге субсидия бөлінді. Жалпы, "Ірі жобалар" және "Ауыл аманаты" бағдарламалары аясында облысқа 9,8 млрд теңге бөлінді. Осы бағдарламалардың іске асырылуын және мал шаруашылығы өнімін өндіру және қайта өңдеу бойынша жаңа кәсіпорындар ашуды қамтамасыз ету қажет» , — деп атап өтті Олжас Бектенов. Премьер-Министр еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу көлемін ұлғайту қажет екенін атап өтті.
Бұған қоса, жұмыс сапары барысында Олжас Бектенов өңірдің ірі өнеркәсіптік кәсіпорны – автомобиль аккумуляторларын шығаратын «Қайнар АКБ» зауытына барды. Зауыт өнеркәсіп өндірісінің 33,6%-ын қамтамасыз ете отырып, Талдықорған қаласының экономикасында маңызды рөл атқарады. Өндірістік қуаты – жылына 3,6 млн дана, жұмыс істейтін қызметкерлер саны – 1 212 адам.
Премьер-Министрге кәсіпорында бұған дейін пайдаланылған аккумуляторларды экологиялық қауіпсіз түрде утилизациялау және батареяларды фракцияларға – металдандырылған қорғасын, паста, полипропиленге бөліп, қайта өңдеу технологияларын енгізу жөніндегі жобаны іске асыру туралы баяндалды. Бұл – құрамында қорғасын бар қосылыстардың қоршаған ортаға зиянды әсерін төмендетуге мүмкіндік береді.
Олжас Бектенов отандық тауар өндірушілердің жұмысы мен оларды қолдаудың өңір мен ел экономикасы үшін маңызын атап өтті. Үкімет қазақстандық компанияларды қолдау, оның ішінде дайын өнімді ел ішінде және әлемдік нарықта өткізудегі кедергілерді жою жөнінде жүйелі шаралар қабылдауда. Өз кезегінде, компаниялардың өздері өнім сапасын жақсартуды және технологиялық процестерді жетілдіруді жоспарлы түрде көрсетуі тиіс.
Анықтама : Жалпы өңірде 554 өнеркәсіп кәсіпорны жұмыс істейді, оларда 29,1 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Өңдеу секторының үлесі 75,8%-ды құрайды. 2022-2023 жылдар аралығында жалпы құны 62,4 млрд теңгені құрайтын 43 салалық нысан пайдалануға берілді. Биыл тағы 16 жобаны, оның ішінде Сарқан ауданындағы ГЭС салу бойынша Baskan Power, Талдықорғанда аккумулятор батареяларын өндіретін Asma Industrial және басқа да жобаларды іске қосу жоспарланған.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз