Главная / Хронология / Комментарий
комментарий

Олжас Бектенов поручил обеспечить готовность ТЭЦ, сетей и соцобъектов к отопительному сезону

Олжас Бектенов ЖЭО, желілер мен әлеуметтік нысандардың жылу беру маусымына дайындығын қамтамасыз етуді тапсырды

Надежность цитирования ограниченная опора Человек или должность Правительственный корпус Дата события 20 августа 2024 Документ полезен, но тезисов мало: для выводов лучше сразу перепроверять первоисточник.

Рабочий вывод

Что важно в документе

2 сигнала
Оценка

Критика практики откладывать подготовку на последний момент как признак плохого планирования.

Позиция

До отопительного сезона остался месяц, необходимо ускорить подготовку.

20 Август 2024, 11:25 Олжас Бектенов поручил обеспечить готовность ТЭЦ, сетей и соцобъектов к отопительному сезону На заседании Правительства под председательством Премьер-Министра Олжаса Бектенова рассмотрен ход подготовки к предстоящему отопительному сезону. О проводимой работе по подготовке теплоисточников, инженерных сетей, объектов социальной сферы и поставкам топлива доложили министры промышленности и строительства Канат Шарлапаев, энергетики Алмасадам Саткалиев, транспорта Марат Карабаев. Заслушаны акимы ряда областей. По данным Министерства энергетики, в текущем году по республике запланированы капитальные ремонты 10 энергоблоков, 55 котлов и 45 турбин. На разных стадиях работы ведутся на 1 энергоблоке, 28 котлах и 22 турбинах, полностью завершены на 4 энергоблоках, 21 котлах и 17 турбинах. Также отремонтированы 13,4 тыс. км линий электропередачи, 277 подстанций, 2 292 распределительных пункта. В то же время несоблюдение сроков начала ремонта основного оборудования отмечается на электрических станциях в Карагандинской и Мангистауской областях. Министерством определены энергопредприятия, подготовка к отопительному периоду которых находится под дополнительным вниманием. Глава Правительства напомнил, что до начала отопительного сезона остался практически месяц. Олжас Бектенов отметил, что привычка оставлять большие объемы на последние дни свидетельствует о неправильном планировании работ. Так, в Карагандинской области не завершены в срок ремонты котла № 2 и не начат капитальный ремонт котла №1 на ТЭЦ-2 АО «Qarmet». Кроме того, есть задержки по котлу №7, тогда как при рассмотрении в мае т.г. вопроса подготовки к отопительному сезону акимом региона заявлялось о вводе в срок данного объекта. В Мангистауской области не завершен капитальный ремонт турбины №4 на ТЭЦ-1 на МАЭК. На ТЭЦ-2 из-за несвоевременной подготовки документации до сих пор не определен подрядчик. При этом Правительством были выделены значительные средства для развития МАЭК. «Из года в год в стране сохраняется тенденция переноса сроков ремонта и реконструкции, несвоевременной подготовки документации и формирования запасов топлива, которые при должном отношении к делу можно было исключить. На наших заседаниях и совещаниях не раз обращалось внимание акимов областей на данные узкие места. Более того, с указанием многих рисковых мест в ремонтной кампании регионам направлялись поручения для принятия оперативных мер. По итогам трех месяцев все те же регионы отстают, все те же затягивания и переносы ремонтов. Министерством энергетики уже началась выдача энергопредприятиям паспортов готовности к отопительному периоду. В тех регионах, где будет отказано в паспорте готовности ТЭЦ, рассмотрим персональную ответственность курирующих заместителей акимов», — подчеркнул Олжас Бектенов. Отмечена важность большой планомерной работы по модернизации коммунальной инфраструктуры с заменой сетей и установлением современного оборудования. Такая задача поставлена перед министерствами национальной экономики, промышленности и энергетики. Министерствам энергетики, промышленности совместно с акиматами регионов поручено обеспечить своевременное завершение ремонтных работ на теплоисточниках и сетях. Министерству промышленности и строительства, акиматам регионов необходимо до 1 сентября полностью подготовить объекты образования, до 15 октября – здравоохранения, жилищно-коммунального хозяйства и жилого фонда. Министерствам просвещения, науки и здравоохранения также поручено взять данные вопросы на контроль. В целях качественной подготовки и проведения предстоящего отопительного сезона Глава Правительства поручил создать оперативный штаб под руководством первого заместителя Премьер-Министра Романа Скляра. #Олжас Бектенов #Премьер-министр РК #Заседание Правительства Оставайтесь в курсе событий Премьер-министра и Правительства Казахстана — подписывайтесь на официальный Telegram-канал Подписаться

20 Тамыз 2024, 11:25

Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында алдағы жылыту маусымына дайындық барысы қаралды.

Жылу көздерін, инженерлік желілерді, әлеуметтік сала нысандарын дайындау және отын жеткізу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев, энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев, көлік министрі Марат Қарабаев баяндады. Бірқатар облыс әкімдерінің баяндамасы тыңдалды.

Энергетика министрлігінің дерегіне сәйкес, биыл республика бойынша 10 энергоблокты, 55 қазандықты және 45 турбинаны күрделі жөндеу жоспарланған. Жұмыс түрлі кезеңде 1 энергоблок, 28 қазандық және 22 турбинада жүргізіліп жатыр, 4 энергоблокта, 21 қазандықта және 17 турбинада толық аяқталды. Сондай-ақ 13,4 мың км электр беру желісі, 277 қосалқы станса, 2 292 тарату пункті жөнделді.

Сонымен қатар негізгі жабдықты жөндеуді бастау мерзімінің сақталмауы Қарағанды мен Маңғыстау облыстарындағы электр стансаларында байқалады. Министрлік жылыту кезеңіне дайындық қосымша назарда болатын энергетикалық кәсіпорындарды анықтады.

Үкімет басшысы жылыту маусымының басталуына бір айдан сәл астам уақыт қалғанын еске салды. Олжас Бектенов жұмыстардың ауқымды бөлігін ең соңғы күндерге қалдыру әдеті жұмыстың дұрыс жоспарланбағанын көрсететінін баса айтты. Мәселен, Қарағанды облысында № 2 қазандықты күрделі жөндеу аяқталған жоқ және «Qarmet» компаниясының 2-ші ЖЭО-дағы №1 қазандықты күрделі жөндеу басталмаған. Сонымен қатар №7 қазандықты жөндеу жұмыстары да бекітілген кестеден кешігіп жатыр, ал биылғы мамыр айында жылыту маусымына дайындық мәселесі қаралғанда өңір әкімі аталған нысанды мерзімінде іске қосылады деп мәлімдеген.

Маңғыстау облысында МАЭК-тің 1-ші ЖЭО-сындағы №4 турбинаны күрделі жөндеу жұмыстары әлі жүріп жатыр. 2-ЖЭО-да құжаттар уақтылы дайын болмағандықтан, мердігерді анықтау мүмкін болмай отыр. Бұл ретте Үкімет МАЭК-ті дамытуға қомақты қаражат бөлді.

«Бекітілген жөндеу жұмыстарының кестесін ауыстыра салу, құжат дайындау және отын қорын жинау мерзімдерін сақтамау фактілері жылдан жылға қайталанып келеді. Әркім өз ісіне жауапты қарайтын болса, мұндай келеңсіз жағдайлар орын алмас еді. Біздің отырыстарымыз бен кеңестерімізде облыс әкімдеріне осындай осал тұстарға назар аудару туралы бірнеше рет айтылды. Сонымен қатар жөндеу науқаны кезінде тәуекел тудыруы мүмкін нақты жағдайларды атап көрсетіп, шұғыл шаралар қабылдау қажеттігі туралы тапсырмалар да берілді. Алайда, 3 ай өтті, баяғы жартас – сол жартас, өзгеріс шамалы. Сол өңірлер әлі артта, сол баяғы кешіктіру, кейінге шегеру. Бүгінде Энергетика министрлігі кәсіпорындарға жылыту кезеңіне әзірлік паспорттарын бере бастады. ЖЭО әзірлік паспортын беруден бас тартылған жағдайда сол өңірлерде әкімдердің жетекшілік ететін орынбасарларының тікелей жауапкершілігі қаралатын болады» , — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Коммуналдық инфрақұрылымды жаңғыртуға, желілерді жоспарлы түрде ауыстыру және заманауи жабдықтар орнатуға қатысты ауқымды жоспарлы жұмыстың маңыздылығы айтылды. Ұлттық экономика, Өнеркәсіп және құрылыс, Энергетика министрліктерінің алдына мынадай міндет қойылды.

Энергетика, Өнеркәсіп және құрылыс министрліктеріне өңір әкімдіктерімен бірге жылу көздері мен жылу желілерінде жөндеу жұмыстарының уақтылы аяқталуын қамтамасыз ету тапсырылды. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі, өңір әкімдіктері 1 қыркүйекке дейін білім беру нысандарының толық дайындығын, ал 15 қазанға дейін денсаулық сақтау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй қоры нысандарының әзір болуын қамтамасыз етуі тиіс. Оқу-ағарту, Ғылым және жоғары білім, Денсаулық сақтау министрліктері де бұл мәселені бақылауға алуы қажет.

Үкімет басшысы осы жылыту маусымына дайындық барысын дұрыс ұйымдастыру мен үйлестіру мақсатында Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың басшылығымен жедел штаб құруды тапсырды.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз