Олжас Бектенов вручил государственный флаг казахстанским спортсменам – участникам XVII Паралимпийских летних игр 2024
Олжас Бектенов 2024 жылғы XVII жазғы Паралимпиада ойындарына қатысушы қазақстандық спортшыларға мемлекеттік туды табыс етті
Рабочий вывод
Что важно в документе
Олжас Бектенов пожелал успехов национальной паралимпийской сборной.
21 Август 2024, 11:50 Олжас Бектенов вручил государственный флаг казахстанским спортсменам – участникам XVII Паралимпийских летних игр 2024 Премьер-Министр Олжас Бектенов встретился с членами сборной Казахстана в преддверии предстоящих XVII Паралимпийских летних игр 2024. В здании Паралимпийского тренировочного центра Глава Правительства вручил национальной паралимпийской сборной страны государственный флаг Казахстана, который спортсмены торжественно пронесут во время церемонии открытия игр. Соревнования будут проходить с 28 августа по 8 сентября в Париже. Олжас Бектенов пожелал успехов национальной паралимпийской сборной. «Паралимпийские игры – это не просто спорт, это подтверждение безграничных способностей человека. Ваша сила воли и смелость достойны преклонения. Миллионы людей вдохновляются вашей самоотверженностью и непоколебимым духом, учатся преодолевать жизненные преграды. Наш флаг, который вы сегодня получаете, — это символ единства и победы. Глава государства отметил, что защита чести страны на главных мировых спортивных состязаниях – почетная задача, большая честь и ответственность. Мы уверены, что вы достойно представите Казахстан на международной арене и привезете домой новые медали», — отметил Олжас Бектенов. В Казахстане для развития паралимпийского спорта создается необходимая инфраструктура, открыты новые оснащенные спортивные комплексы. Функционируют специализированный Центр спортивной подготовки,15 спортивных клубов, 3 школы и дирекция развития спорта. Внедрены программы поддержки, подготовлен тренерский корпус. Государственный флаг Премьер-Министр вручил двум флагоносцам национальной паралимпийской сборной – призеру Азиатских Паралимпийских игр, десятикратному победителю Чемпионата Казахстана Берику Измаганбетову (волейбол сидя) и победителю Чемпионата Казахстана Севде Алиевой (пара пулевая стрельба), которые также выступили с ответным словом. «Сегодняшний день очень важен для меня. Поднять флаг нашей страны на соревнованиях такого уровня – это огромная ответственность. Об участии в Паралимпийских играх мечтает каждый спортсмен. Мы приложим все усилия для того, чтобы достойно защитить честь Казахстана. В наших сердцах любовь к Родине и огромное стремление к победе», — сказал Берик Измаганбетов. «Каждый из нас прошел долгий путь, преодолел множество испытаний, чтобы оказаться здесь. Но мы знаем, что за нами стоит целая страна, которая верит в нас и поддерживает на каждом шагу. Мы готовы бороться до конца. Обещаем сделать все, чтобы гимн Казахстана звучал гордо на Паралимпийских играх», — добавила Севда Алиева. Справочно: В летних Паралимпийских играх 2024 примут участие 44 казахстанских спортсмена. Сборная Казахстана получила 33 лицензии в 9 видах спорта, среди которых пара плавание, пара пауэрлифтинг, пара легкая атлетика, пара каноэ, пара тхэквондо, волейбол сидя, пара пулевая стрельба, пара настольный теннис и пара дзюдо. Всего с 1996 года по настоящее время казахстанцы завоевали 7 медалей на летней Паралимпиаде. #Олжас Бектенов #Премьер-министр РК #Спорт Оставайтесь в курсе событий Премьер-министра и Правительства Казахстана — подписывайтесь на официальный Telegram-канал Подписаться
21 Тамыз 2024, 11:50
Премьер-Министр Олжас Бектенов 2024 жылғы XVII жазғы Паралимпиада ойындары қарсаңында Қазақстан құрамасы мүшелерімен кездесті.
Үкімет басшысы Паралимпиада жаттығу орталығында еліміздің спортшылары Пара ойындарының ашылу рәсімінде салтанатты түрде алып жүретін Қазақстанның мемлекеттік туын ұлттық паралимпиада құрамасына табыс етті. Жарыс 28 тамыз бен 8 қыркүйек аралығында Парижде өтеді.
Олжас Бектенов ұлттық паралимпиада құрамасына табыс тіледі.
«Паралимпиада – бұл жай ғана спорт емес, бұл адам бойындағы қайсар рух пен шексіз ерік-жігердің шынайы көрінісі. Сіздердің жеңіске деген құштарлық, бейбіт күннің батырларына тән қаһармандық қасиеттеріңіз қандай құрметке де лайық. Миллиондаған адам жанқиярлық еңбек пен өр мінезден шабыттанып, өмірдегі қиындықтарды еңсеруді үйренеді. Бүгін өздеріңізге табыс етіп отырған көк туымыз – айбынды рухымыз бен мызғымас бірлігіміздің, жарқын жеңістің нышаны. Мемлекет басшысы әлемнің ең басты спорт сайыстарында ел намысын қорғау мәртебелі міндет әрі зор жауапкершілік екенін айтты. Сіздер халықаралық аренада Қазақстанды лайықты дәрежеде танытып, елімізге жоғары нәтиже, жаңа жүлдемен оралатындарыңызға сенімдіміз» , — деп атап өтті Олжас Бектенов.
Елімізде паралимпиада спортын дамыту үшін қажетті инфрақұрылым жасалып, жаңа жабдықталған спорт кешендері ашылды. Мамандандырылған спорт дайындық орталығы, 15 спорт клубы, 3 мектеп және спортты дамыту дирекциясы жұмыс істейді. Қолдау бағдарламалары енгізіліп, жаттықтырушылар корпусы дайындалды.
Премьер-Министр ұлттық паралимпиада құрамасының екі ту ұстаушысы – Азия Паралимпиада ойындарының жүлдегері, Қазақстан чемпионатының он дүркін жеңімпазы Берік Ізмағанбетовке (отырып ойнайтын волейбол) және Қазақстан чемпионатының жеңімпазы Севда Алиеваға (пара оқ ату) мемлекеттік туды табыс етті.
«Бүгінгі күн мен үшін ерекше маңызды. Қазақстанның көк туын осындай жоғары деңгейлі жарыстарда көтеру – үлкен құрмет әрі жауапкершілік. Паралимпиада ойындарына қатысу – әрбір спортшының арманы. Біз, параспортшылар, өзіміздің ерік-жігеріміз бен күш-қуатымызды паш етіп, Қазақстанның намысын биікте ұстауға барымызды саламыз. Біздің жүрегімізде елге деген махаббат, патриоттық сезім, жеңіске деген ұмтылыс бар» , — деді Берік Ізмағанбетов.
«Бұл жетістікке жету үшін әрқайсымыз ұзақ жолдан өттік, көптеген қиындықты еңсердік. Бірақ, соңымызда бізге сенім артқан, әр қадамымызға қолдау білдіретін тұтас ел тұрғанын білеміз. Біз аянбай күш сынасуға дайынбыз. Паралимпиада ойындарында Қазақстанның әнұраны мақтанышпен шырқалуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға уәде береміз» , — деп қосты Севда Алиева.
Анықтама: 2024 жылғы жазғы Паралимпиада ойындарына 44 қазақстандық спортшы қатысады. Қазақстан құрамасы спорттың 9 түрінен, атап айтқанда, пара жүзу, пара пауэрлифтинг, пара жеңіл атлетика, пара каноэ, пара тхэквондо, отырып ойнайтын волейбол, пара оқ ату, пара үстел теннисі және пара дзюдодан 33 лицензия алды. Жалпы, 1996 жылдан бүгінге дейін қазақстандықтар жазғы Паралимпиада ойындарында 7 медаль жеңіп алды.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз