Олжас Бектенов вручил от имени Главы государства награды шахтерам области Ұлытау
Олжас Бектенов Мемлекет басшысының атынан Ұлытау облысының кеншілеріне марапаттар табыс етті
Рабочий вывод
Что важно в документе
Премьер-министр поручил сохранять темпы и использовать резервы для роста.
Премьер-министр заслушал отчет руководства Казахмыса о деятельности и планах.
23 Август 2024, 12:05 Олжас Бектенов вручил от имени Главы государства награды шахтерам области Ұлытау Глава Правительства Олжас Бектенов в ходе рабочей поездки в область Ұлытау ознакомился с промышленным потенциалом региона. Премьер-Министр посетил Жыландинский рудник, поздравил работников отрасли с приближающимся профессиональным праздником – Днем шахтера и вручил им государственные награды от имени Президента. Премьер-Министр Олжас Бектенов заслушал доклад Председателя правления ТОО «Корпорация Казахмыс» Нурахмета Нуриева о текущей деятельности компании, инвестиционных программах, планах развития, социальных проектах и проводимой работе по развитию внутристрановой ценности. Всего за 6 месяцев текущего года у поставщиков области Ұлытау Корпорацией закуплено товаров, работ и услуг на 92,7 млрд тенге, доля закупа ТРУ у производителей региона составила 35,5%. С местными предприятиями заключены офтейк контракты на 27,8 млрд тенге. Общая доля внутристрановой ценности «Казахмыс» в текущем году составила 71,7%. Кратно увеличились поступления в республиканский и местные бюджеты. С 7%-ным ростом промышленности к показателям прошлого года регион занимает 4 место в стране. Премьер-Министр поручил не снижать темпов и акцентировал внимание на имеющихся резервах для дальнейшего роста. «Глава государства в Послании народу Казахстана отметил важность развития горно-металлургического комплекса страны. В числе приоритетных задач обозначено стимулирование частных предприятий на инвестирование в геологоразведку. Необходимо приложить все усилия для увеличения запасов сырья для наших обрабатывающих производств. Перед нами стоит задача по повышению конкурентоспособности производств через внедрение новых технологий, увеличение местного содержания и развитие экспорта. Дальнейшее развитие отрасли напрямую зависит от того, смогут ли наши производители быстро адаптироваться к технологическим изменениям, которые предлагают глобальные тренды, и максимально использовать любую возможность», — подчеркнул Олжас Бектенов, отметив необходимость слаженной работы государственных органов и бизнеса в данном направлении. В преддверии Дня шахтера, ежегодно отмечаемого в последнее воскресенье августа, Премьер-Министр поздравил горняков с профессиональным праздником и вручил государственные награды от имени Президента Казахстана Касым-Жомарта Токаева. Орденом «Құрмет» награжден председатель совета ветеранов филиала ТОО «Корпорация Казахмыс» Даулет Айкимбаев. Орден «Еңбек Даңқы» ІІ степени вручен горнорабочему Алиаскару Айманову, «Еңбек Даңқы» ІІІ степени – мастерам участков Канату Исабек и Бауыржану Копабаеву, медаль «Ерен еңбегі үшін» – помощнику бурильщика Данияру Аккикелову, оператору Раушан Калмурзиной, проходчику Бекмухану Калдарову, заместителю начальника участка Акбейсену Кайрбекову, бурильщику Кентаю Уразбекову, машинисту Бейсену Абельмажин, ведущему механику Борису Поликарпову и директору по производству Жезказганских обогатительных фабрик Арстанбеку Абдыкаирову. #Олжас Бектенов #Премьер-министр РК #Поручение Президента Оставайтесь в курсе событий Премьер-министра и Правительства Казахстана — подписывайтесь на официальный Telegram-канал Подписаться
23 Тамыз 2024, 12:05
Үкімет басшысы Олжас Бектенов Ұлытау облысына жұмыс сапары барысында өңірдің өнеркәсіптік әлеуетімен танысты. Премьер-Министр Жыланды кенішінде болып, сала қызметкерлерін келе жатқан кәсіби мерекелері – Шахтер күнімен құттықтады, оларға Президент атынан мемлекеттік марапаттарды табыс етті.
Премьер-Министр Олжас Бектенов «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС басқарма төрағасы Нұрахмет Нұриевтің компанияның ағымдағы қызметі, инвестициялық бағдарламалары, даму жоспарлары, әлеуметтік жобалары мен ел ішіндегі құндылықты дамыту бойынша атқарылып жатқан жұмыстары туралы баяндамасын тыңдады.
Биылғы 6 айда Корпорация Ұлытау облысындағы жеткізушілерден 92,7 млрд теңгеге тауарлар, жұмыстар мен қызметтер (ТЖҚ) сатып алды, өңірдегі өндірушілерден ТЖҚ сатып алу үлесі 35,5%-ды құрады. Жергілікті кәсіпорындармен 27,8 млрд теңгеге офтейк келісімшарттар жасалды. «Қазақмыс» ішкі құндылығының жалпы үлесі биыл 71,7%-ды құрады. Республикалық және жергілікті бюджетке түсетін түсімдер бірнеше есеге өсті.
Облыс өнеркәсіптің өткен жылғы көрсеткіштерімен салыстырғанда 7% өсіммен елімізде 4-орында тұр. Премьер-Министр қарқынды төмендетпеуді тапсырды және одан әрі өсу үшін қолда бар резервтерге назар аударды.
«Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің тау-кен металлургия кешенін дамытудың маңызды екенін баса айтты. Жекеменшік кәсіпорындарды геологиялық барлауға инвестиция салуға ынталандыру – басым міндеттер қатарында. Өңдеу өнеркәсіптерін шикізатпен қамтамасыз ету көлемін ұлғайту үшін барлық күш-жігерді жұмсауымыз қажет. Біздің алдымызда жаңа технологияларды енгізу, жергілікті қамтуды арттыру және экспортты дамыту арқылы өндірістің бәсекеге қабілеттілігін арттыру міндеті тұр. Саланы одан әрі дамыту біздің өндірушілердің жаһандық трендтер ұсынып отырған технологиялық өзгерістерге тез бейімделе алуы мен мүмкіндікті барынша пайдалана алуына тікелей байланысты» , — деген Олжас Бектенов бұл бағытта мемлекеттік органдар мен бизнес үйлесімді жұмыс істеуі қажет екенін баса айтты.
Жыл сайын тамыздың соңғы жексенбісінде атап өтілетін Шахтер күні қарсаңында Премьер-Министр кеншілерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан мемлекеттік марапттар табыс етті.
«Құрмет» орденімен «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС филиалының ардагерлер кеңесінің төрағасы Дәулет Айқымбаев марапатталды. ІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» ордені тау-кен жұмысшысы Әлиасқар Аймановқа, ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» ордені учаске шеберлері Қанат Исабек пен Бауыржан Қопабаевқа, «Ерен еңбегі үшін» медалі – бұрғылаушының көмекшісі Данияр Аккикеловке, оператор Раушан Қалмырзинаға, үңгілеуші Бекмұхан Қалдаровқа, учаске бастығының орынбасары Ақбейсен Қайырбековке, бұрғылаушы Кентай Оразбековке, машинист Бейсен Әбілмажинге, жетекші механик Борис Поликарповқа және Жезқазған байыту фабрикаларының өндіріс директоры Арыстанбек Әбдіқайыровқа табысталды.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз