Олжас Бектенов проверил темпы подготовки к отопительному сезону в области Ұлытау
Олжас Бектенов Ұлытау облысындағы жылыту маусымына дайындық қарқынын тексерді
Рабочий вывод
Что важно в документе
Премьер-министр потребовал ускорить подготовку к отопительному сезону.
23 Август 2024, 12:50 Олжас Бектенов проверил темпы подготовки к отопительному сезону в области Ұлытау Премьер-Министр Республики Казахстан Олжас Бектенов в рамках рабочей поездки в область Ұлытау посетил объекты коммунально-энергетического сектора региона, где ознакомился с темпами модернизации инфраструктуры. В частности, Глава Правительства посетил в г. Сатпаеве тепловые станции №1 и №2, которые являются источником тепла и горячей воды для почти 70 тысяч жителей города. Премьер-Министру доложили, что на тепловой станции №1 в настоящее время ведется капитальный и текущий ремонт 4 котлов, а также газоходов. Модернизация оборудования проводится и на Жезказганской ТЭЦ. На эти цели выделено 13,5 млрд тенге. В настоящее время ведется капитальный ремонт котлоагрегата №5, выполнено 60%, а также планируется расширено–текущий ремонт котла №7. С учетом проведенных ремонтов по котлоагрегатом и турбоагрегатам процент износа снизился с 84% до 63%. Модернизация котла №8 выполнена на 70%. Олжас Бектенов поручил руководству региона, а также Корпорации «Казахмыс» нарастить темпы, оперативно и качественно завершить подготовку к предстоящей зиме. «Обеспечение населения теплом и горячей водой влияет на социальное самочувствие граждан и в целом на ситуацию в регионе. Корпорация «Казахмыс» должна исполнить все свои обязательства по Жезказганской ТЭЦ, а также тепловым станциям №1 и №2 г.Сатпаев. Здесь необходима слаженная работа между акиматом и Корпорацией. Все должно быть сделано своевременно», – поручил Премьер-Министр. Справочно: В настоящее время изношенность Жезказганской ТЭЦ составляет порядка 65%, Сатпаевской котельной - 85%. На подготовку к отопительному сезону в области Ұлытау выделено 30,2 млрд тенге. Подготовлено 10 котлов, отремонтировано 478 км линий электропередачи, 22,6 км водопроводов из 29,8 км, и построено 46,4 км газопровода. #Олжас Бектенов #Премьер-министр РК #Рабочая поездка #Регионы #ТЭЦ Оставайтесь в курсе событий Премьер-министра и Правительства Казахстана — подписывайтесь на официальный Telegram-канал Подписаться
23 Тамыз 2024, 12:50
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектенов Ұлытау облысына жұмыс сапары аясында өңірдің коммуналдық-энергетикалық секторы нысандарына барып, инфрақұрылымды жаңғырту қарқынымен танысты.
Атап айтқанда, Үкімет басшысы Сәтбаев қаласының 70 мыңға жуық тұрғыны үшін жылу және ыстық су көзі болып саналатын №1 және №2 жылу стансаларын аралады. Премьер-Министрге қазіргі уақытта №1 жылу стансасында күрделі жөндеу және 4 қазандыққа, сондай-ақ газ құбырларына ағымдағы жөндеу жүргізіліп жатқаны туралы баяндалды.
Жезқазған ЖЭО-да да жабдықтарды жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Бұл мақсатқа 13,5 млрд теңге бөлінді. Қазіргі таңда №5 қазандық агрегатына күрделі жөндеу жасалып, жұмыстың 60%-ы орындалды, сондай-ақ №7 қазандыққа кеңейтілген-ағымдағы жөндеу жоспарлануда. Қазандық агрегаты мен турбоагрегаттарға жүргізілген жөндеу жұмыстарынан соң, тозу көрсеткіші 84%-дан 63%-ға дейін төмендеді. №8 қазандықты жаңғырту 70%-ға орындалды. Олжас Бектенов өңір басшылығына, сондай-ақ «Қазақмыс» корпорациясына жұмыс қарқынын арттыруды, алдағы қысқа дайындықты жедел әрі сапалы аяқтауды тапсырды.
«Халықты жылумен және ыстық сумен қамтамасыз ету азаматтардың әлеуметтік әл-ауқатына, сондай-ақ жалпы өңірдегі жағдайға әсер етеді. “Қазақмыс” корпорациясы Жезқазған ЖЭО бойынша, сондай-ақ Сәтбаев қаласының №1 және №2 жылу стансалары бойынша барлық міндеттемелерін орындауы тиіс. Бұл жерде әкімдік пен Корпорация арасында үйлесімді жұмыс жүргізу қажет. Барлығы уақытылы жасалуы керек» , — деп тапсырды Премьер-Министр.
Анықтама: Қазіргі уақытта Жезқазған ЖЭО-ның тозуы шамамен 65%-ды құрайды, Сәтбаевтағы қазандықтар 85%-ға тозған. Ұлытау облысында жылыту маусымына дайындыққа 30,2 млрд теңге бөлінді. 10 қазандық дайындалды, 478 шақырым электр беру желілері, 29,8 км су құбырының 22,6 шақырымы жөнделді және 46,4 км газ құбыры салынды.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз