Н. Байбазаров: В 2025–2029 гг. ожидается рост во всех отраслях экономики страны
Нұрлан Байбазаров: 2025-2029 жылдары ел экономикасының барлық саласында өсім күтілуде
27 Август 2024, 10:10 Н. Байбазаров: В 2025–2029 гг. ожидается рост во всех отраслях экономики страны В ходе заседания Правительства под председательством Премьер-Министра РК Олжаса Бектенова рассмотрены и одобрены проекты Прогноза социально-экономического развития страны на 2025–2029 годы и Закона «О гарантированном трансферте из Национального фонда Республики Казахстан на 2025–2027 годы». С докладом по проектам выступил заместитель Премьер-Министра — министр национальной экономики Нурлан Байбазаров. Как отметил вице-премьер, прогноз сформирован с учетом ожиданий международных организаций по росту мировой экономики и конъюнктуры на внешних товарных рынках. Так, согласно прогнозу МВФ, мировая экономика в 2025 году вырастет на 3,3%, цена на нефть составит $78 за баррель. В зависимости от изменений внешних параметров рассмотрены три сценария развития: базовый, оптимистичный и пессимистичный. «При базовом сценарии предлагается средняя цена на нефть на уровне $75 за баррель. Реальный рост ВВП в 2025 году по прогнозам составит 5,6%, среднегодовой рост ВВП за 5 лет – 5,4%. Номинальный ВВП вырастет с 150,8 трлн тенге в 2025 году до 234,2 трлн тенге или $498,4 млрд в 2029 году, что обеспечивает выполнение поручения Главы Государства по удвоению размера экономики», — отметил Н. Байбазаров. При этом ожидается рост во всех отраслях экономики: – прогнозируется увеличение роста в обрабатывающей промышленности с 5,4% в 2025 г. до 6,6% в 2029 г.; – среднегодовой рост в горнодобывающей промышленности составит 2,9%; – объем добычи нефти увеличится с 97,2 млн тонн в 2025 г. до 104,8 млн тонн в 2029-ом; – среднегодовой рост в сельском хозяйстве составит 5,3%, в строительстве – 9,3%, услуг транспорта – 8,2% и в торговле – 7,1%; – экспорт товаров, согласно прогнозам, вырастет с $82,3 млрд в 2025 году до $90,0 млрд в 2029 году; – импорт увеличится с $61,3 млрд до $67,5 млрд. Положительно сальдо торгового баланса в среднем составит порядка $22,7 млрд. Инфляция определена на уровне 5,5-7,5% в 2025 году, 5-6% в 2026 году с последующим снижением до 5% в 2027-2029 годах. На основе прогноза макроэкономических показателей сформирован прогноз бюджетных параметров на 2025–2027 годы. «Доходы республиканского бюджета без учета трансфертов по прогнозам составят в 2025 году 15,6 трлн тенге или 10,4% к ВВП, в 2026 году – 16,7 трлн тенге или 9,9% к ВВП, в 2027 году – 18,2 трлн тенге или 9,6% к ВВП. В параметрах республиканского бюджета учтены размеры гарантированного и целевого трансфертов. С учетом этого расходы республиканского бюджета планируются в 2025 году в объеме 25,8 трлн тенге, что составляет 17,1% к ВВП, в 2026 году – 23,2 трлн тенге или 13,7% к ВВП, в 2027 году – 24,6 трлн тенге или 12,9% к ВВП», — доложил Н. Байбазаров. Отмечено, что целевой трансферт в объеме 3 250 млрд тенге в 2025 году будет направлен на финансирование социально значимых и стратегически важных инфраструктурных проектов, а также на поддержание уровня регионального роста. Дефицит бюджета в 2025 году предлагается определить на уровне 2,7% к ВВП со снижением в 2026–2027 годах до 2,2 и 1,9 % к ВВП, соответственно. Уровень ненефтяного дефицита, согласно прогнозам, в 2025 году составит 7,3% к ВВП со снижением до 4,0% к ВВП в 2027-м. Согласно законопроекту «О гарантированном трансферте из Национального фонда РК на 2025–2027 годы» установлена цена отсечения на нефть на уровне $42,3 за баррель в 2025 году, $41 – 39,4 за баррель в 2026-2027 годах. С учетом этого размер гарантированного трансферта в республиканский бюджет в 2025-2027 годах определен в объеме 2 трлн тенге ежегодно. Чистые валютные активы Нацфонда по прогнозам составят $62,2 млрд в 2025 году и $69,9–$78,7 млрд в 2026–2027 годах. #Заседание Правительства #Нурлан Байбазаров Оставайтесь в курсе событий Премьер-министра и Правительства Казахстана — подписывайтесь на официальный Telegram-канал Подписаться
27 Тамыз 2024, 10:10
ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздің 2025–2029 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамының жобасы және «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2025–2027 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» Заңының жобасы қаралды. Жобалар бойынша Премьер-Министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров баяндама жасады.
Вице-премьер атап өткендей, болжам халықаралық ұйымдардың жаһандық экономиканың өсуі қарқыны мен сыртқы тауар нарықтардағы конъюнктураны ескере отырып қалыптастырылды.
Халықаралық валюта қорының болжамына сәйкес әлемдік экономика 2025 жылы 3,3% деңгейінде өсетін болады. Мұнайдың әлемдік бағасы бойынша консенсус-болжамы 2025 жылы барреліне 78 АҚШ долларын құрайды.
Сыртқы параметрлердің өзгеруіне байланысты дамудың үш сценариі қарастырылды.
Базалық сценарий кезінде мұнайдың орташа бағасы барреліне 75 АҚШ доллары деңгейінде ұсынылады.
Болжам бойынша 2025 жылы жалпы ішкі өнімнің нақты өсімі 5,6%, 5 жыл ішінде жалпы ішкі өнімнің орташа жылдық өсмі 5,4%-ды құрайды.
Атаулы жалпы ішкі өнім 2025 жылы 150,8 трлн теңгеден 2029 жылы 234,2 трлн теңгеге немесе $498,4 млрд-қа дейін өседі, бұл Мемлекет басшысының экономика көлемін екі есе ұлғайту жөніндегі тапсырмасының орындалуын қамтамасыз етеді.
Экономиканың барлық саласында өсім күтілуде.
«Өңдеу өнеркәсібінің өсімі 2025 жылғы 5,4%-дан 2029 жылы 6,6%-ға дейін өседі деп болжанып отыр. Тау-кен өнеркәсібіндегі орташа жылдық өсім 2,9%-ды құрайды. Мұнай өндіру көлемі 2025 жылғы 97,2 млн тоннадан 2029 жылы 104,8 млн тоннаға дейін өседі. Ауыл шаруашылығында орташа жылдық өсім – 5,3%-ды, құрылыста – 9,3%-ды, көлік қызметтерінде – 8,2%-ды және сауда-саттықта – 7,1%-ды құрайды» , — деді Нұрлан Байбазаров.
Оның айтуынша, тауар экспорты 2025 жылы $82,3 млрд-тан 2029 жылы $90,0 млрд-қа дейін өседі деп болжануда. Импорт $61,3 млрд-тан $67,5 млрд-қа дейін өседі.
Сауда балансының оң сальдосы орташа есеппен $22,7 млрд-ты құрайды.
Инфляция деңгейі 2025 жылы 5,5-7,5%, 2026 жылы 5-6% деңгейінде айқындалды, кейін 2027–2029 жылдары 5%-ға дейін төмендейді деп белгіленген.
Макроэкономикалық көрсеткіштер болжамы негізінде 2025–2027 жылдарға арналған бюджеттік параметрлер болжамы қалыптастырылды.
«Республикалық бюджет кірістері (трансферттерді есепке алмағанда) болжамдар бойынша 2025 жылы 15,6 трлн теңге немесе жалпы ішкі өнімнің 10,4%-ын, 2026 жылы – 16,7 трлн теңге немесе жалпы ішкі өнімнің 9,9%-ын, 2027 жылы – 18,2 трлн теңгені немесе ЖІӨ-нің 9,6%-ын құрайды. Республикалық бюджет параметрлерінде кепілдендірілген және нысаналы трансферттердің мөлшері ескерілген. Осыны ескере отырып, республикалық бюджет шығыстары 2025 жылы 25,8 трлн теңге көлемінде болжануда, бұл жалпы ішкі өнімнің 17,1%-ын, 2026 жылы – 23,2 трлн теңге немесе жалпы ішкі өнімнің 13,7%-ын, 2027 жылы – 24,6 трлн теңгені немесе ЖІӨ-нің12,9%-ын құрайды деп жоспарланған» , — деді министр.
Оның айтуынша, 2025 жылы 3 250 млрд теңге көлеміндегі нысаналы трансферт әлеуметтік маңызы бар және стратегиялық маңызды инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыруға, сондай-ақ өңірлік өсім деңгейін қолдауға бағытталатын болады.
2025 жылы бюджет тапшылығын 2026–2027 жылдары жалпы ішкі өнімге қатысты тиісінше 2,2%-ға және 1,9%-ға дейін төмендете отырып, жалпы ішкі өнімге қатысты 2,7% деңгейінде айқындау ұсынылады.
Мұнай емес тапшылық деңгейі 2025 жылы жалпы ішкі өнімнің 7,3%-на, 2027 жылы жалпы ішкі өнімге қатысты 4,0%-ға дейін төмендейді деп болжануда.
Ұлттық экономика министрі «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2025–2027 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» Заң жобасында мұнайдың шекті бағасы 2025 жылы барреліне $42,3, 2026-2027 жылдары барреліне $41,0 – $39,4 деңгейінде белгіленгені туралы атап өтті.
Осыны ескере отырып, 2025–2027 жылдарға арналған республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферттің мөлшері жыл сайын 2 трлн теңге көлемінде айқындалады.
Ұлттық қордың таза валюталық активтері 2025 жылы $62,2 млрд және 2026-2027 жылдары $69,9 – $78,7 млрд-ты құрайды деп болжанып отыр.
Сөз соңында вице-премьер 2025–2029 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы жобасын және «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2025-2027 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» Заң жобаларын қолдауды сұрады.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз