Олжас Бектенов принял участие в расширенном собрании фракции партии «AMANAT»
Олжас Бектенов «AMANAT» партиясы фракциясының кеңейтілген отырысына қатысты
Рабочий вывод
Что важно в документе
Более 50% бюджета идет на социальные нужды.
Премьер-министр отчитался о выполнении предвыборной программы Президента.
Правительство активно поддерживает местных производителей.
29 Август 2024, 13:25 Олжас Бектенов принял участие в расширенном собрании фракции партии «AMANAT» Состоялось расширенное собрание фракции партии «AMANAT» с участием Премьер-Министра и членов Правительства. Олжас Бектенов проинформировал депутатов о ходе реализации Посланий и Предвыборной программы Президента на 2023-2029 годы «Справедливый Казахстан – для всех и для каждого. Сейчас и навсегда». Спикер Мажилиса, Председатель партии «AMANAT» Ерлан Кошанов открыл расширенное собрание фракции поздравлением с предстоящим Днем Конституции. Он подчеркнул, что ежегодно в своих Посланиях Глава государства ставит масштабные задачи, направленные на повышение благополучия людей и развитие страны. «Качественное выполнение поручений, озвученных в Посланиях, Предвыборной программе Президента – наша общая главная задача. Уже сейчас можно с уверенностью сказать, что все Послания и обещания Главы государства исполняются в полном объеме. Они направлены на решение жизненных проблем каждого гражданина, каждой семьи, каждого города и аула. Нам нужно сохранять набранный темп. Парламент, Правительство, местные исполнительные органы и гражданское общество должны работать слаженно и основательно в этом направлении», — сказал Ерлан Кошанов. Премьер-Министр Олжас Бектенов рассказал о работе Правительства по реализации Посланий и предвыборной программы Президента. «Глава государства обозначил задачу по доведению роста экономики до 450 млрд долларов к 2029 году. Это стратегический ориентир. Правительство работает над фундаментальными изменениями структуры экономики. Ее основой должны стать обрабатывающая промышленность, машиностроение, информационные технологии и другие передовые, высокотехнологичные и инновационные сферы», — отметил Олжас Бектенов. Премьер-Министр сообщил, что Правительством ведется масштабная работа по поддержке отечественного товаропроизводителя. Реализуются 17 крупных проектов с объемом инвестиций более 15 трлн тенге, что позволит создать 26 тысяч рабочих мест и снизить импортозависимость более чем на 1,5 трлн тенге. При этом количество контрактов, заключенных с казахстанскими предприятиями в рамках государственных закупок, выросло в 1,4 раза, а их общая сумма увеличилась на 40%. Глава Кабмина рассказал также о мерах по поддержке агропромышленного комплекса страны, направленных на развитие современных агротехнологий и диверсификацию сельского хозяйства. «В этом году решены проблемы финансового и материально-технического обеспечения посевной кампании. Сумма финансирования весенне-полевых и уборочной кампаний увеличилась в 4 раза, до 580 млрд тенге. Это самый крупный объем финансирования за последние годы. Масштабная работа ведется по проекту «Ауыл аманаты». За последние два года сельчанам выданы микрокредиты на сумму более 100 млрд тенге, в результате свое дело открыли около 20 тыс. граждан», — заявил Премьер-Министр. Олжас Бектенов подчеркнул, что Правительством делается особый акцент на решение социальных вопросов и более половины государственного бюджета направлено на социальную сферу. «К примеру, размер стипендий для студентов колледжей увеличился на 50%, бакалавриата – на 20%, магистратуры и докторантуры – на 15%. С 1 сентября вырастут стипендии 445 тысяч студентов. Введена социальная выплата для работников, занятых во вредных условиях труда. На сегодня данный вид соцпомощи получили более 9 тыс. рабочих на сумму 1,7 млрд тенге», — пояснил он. Премьер-Министр рассказал также о механизме по сокращению количества семей, находящихся в трудной жизненной ситуации через трудоустройство, предоставление микрокредитования, субсидирование, вовлечение их в систему медстрахования. По итогам обсуждения доклада с депутатами фракции Председатель Мажилиса Ерлан Кошанов заключил, что несмотря на сложную геополитическую ситуацию в мире и стихийные бедствия в стране, основные социальные обязательства государства выполняются в полном объеме. При этом он также остановился на ряде вопросов, беспокоящих население и требующих приоритетного внимания со стороны Правительства – это предотвращение паводков, рост цен, безработица, подготовка к отопительному сезону, нехватка школ и больниц. Кроме того, Спикер Мажилиса особо подчеркнул стратегическую важность строительства АЭС для успешного будущего страны. «Самым актуальным вопросом, который сейчас активно обсуждается, является строительство атомной электростанции. Депутаты фракции «AMANAT» полностью поддерживают идею Главы государства о проведении референдума. Партия «AMANAT» готова принять участие в проведении данной кампании совместно с Правительством, организовать широкомасштабную информационно-разъяснительную работу. Мы уверены, что все политические партии, неправительственные организации нашей страны верят в прогрессивность инициативы Президента по возведению АЭС и вместе с нами приложат все усилия для ее реализации», — сказал Ерлан Кошанов. Подводя итоги заседания, Спикер Мажилиса выразил благодарность Главе Кабинета министров Олжасу Бектенову и всем членам Правительства за плодотворную совместную работу. При этом он отметил, что фракция уже второй раз подряд выдвигает кандидатуру на пост Премьер-Министра, а комитеты Мажилиса согласовывают кандидатуру каждого члена кабмина. Поэтому депутаты и Правительство несут равную ответственность как перед населением, так и перед Президентом за выполнение всех поручений Главы государства. Именно такой подход позволяет на деле воплощать провозглашенный Касым-Жомартом Токаевым принцип «Сильный Президент – влиятельный Парламент – подотчетное Правительство», подчеркнул в заключение Председатель Мажилиса. #Олжас Бектенов #Премьер-министр РК Оставайтесь в курсе событий Премьер-министра и Правительства Казахстана — подписывайтесь на официальный Telegram-канал Подписаться
29 Тамыз 2024, 13:25
Премьер-Министр және Үкімет мүшелерінің қатысуымен «AMANAT» партиясы фракциясының кеңейтілген отырысы өтті. Олжас Бектенов депутаттарға Президенттің Жолдаулары мен 2023-2029 жылдарға арналған «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасының іске асырылу барысы жөнінде мәлімет берді.
Мәжіліс Спикері, «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов фракцияның кеңейтілген отырысын ашып, жиынға қатысушыларды алдағы Конституция күні мерекесімен құттықтады. Ол Мемлекет басшысы жыл сайынғы Жолдауларында халықтың әл-ауқатын арттыруға және елді дамытуға бағытталған ауқымды міндеттер қоятынын атап өтті.
«Президент Жолдауларындағы, Сайлауалды бағдарламасындағы тапсырмаларды сапалы орындау – баршамыздың басты міндетіміз. Қазірдің өзінде Мемлекет басшысының барлық Жолдауы, берген уәделері толық орындалып жатыр деп сеніммен айта аламыз. Олар әр азаматтың, әр отбасының, әр қаланың, әр ауылдың негізгі мәселелерін шешуге бағытталған. Сондықтан алдағы уақытта да осы қарқынды бәсеңдетпеуіміз керек. Парламент, Үкімет, жергілікті атқарушы органдар мен азаматтық қоғам үйлесімді әрі тиянақты жұмыс істеуге тиіс» , — деді Ерлан Қошанов.
Премьер-Министр Олжас Бектенов Президенттің Жолдаулары мен сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Үкіметтің жұмысы туралы айтты.
«Мемлекет басшысы айқындап берген мақсат – 2029 жылға қарай ұлттық экономика көлемін 450 млрд долларға дейін жеткізу. Бұл – біздің стратегиялық бағдарымыз. Экономика құрылымын түбегейлі өзгерту бағытында белсенді шаралар қабылдануда. Қайта өңдеу өнеркәсібі, машина жасау, ақпараттық технологиялар және басқа да заманауи, жоғары технологиялық және инновациялық салалар еліміздің жаңа экономикасының іргетасы болуға тиіс» , — деді Олжас Бектенов.
Премьер-Министр Үкіметтің отандық тауар өндірушілерін қолдау бойынша ауқымды жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтті. Инвестиция көлемі 15 трлн теңгеден асатын 17 ірі жоба жүзеге асырылуда, бұл 26 мың жұмыс орнын құруға және импортқа тәуелділікті 1,5 трлн теңгеге төмендетуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар мемлекеттік сатып алу шеңберінде қазақстандық кәсіпорындармен жасалған келісімшарттардың саны 1,4 есеге артты, ал олардың жалпы сомасы 40%-ға өсті.
Сондай-ақ Үкімет басшысы елдің агроөнеркәсіптік кешенін қолдауға бағытталған заманауи агротехнологияларды дамытуға және ауыл шаруашылығын әртараптандыруға арналған шаралар туралы айтып берді.
«Биыл егіс науқанын қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселелері негізінен шешілді. Көктемгі дала жұмыстарын және егін жинау науқанын қаржыландыру сомасы 4 есеге, 580 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды. Бұл – соңғы жылдар ішіндегі ең ауқымды қаржыландыру көлемі. «Ауыл аманаты» жобасы бойынша ауқымды жұмыс жүргізіліп жатыр. Соңғы екі жылда ауыл тұрғындарына 100 млрд теңгеден астам сомаға шағын несиелер берілді. Нәтижесінде, 20 мыңға жуық азамат өз кәсібін ашты» , — деді Премьер-Министр.
Олжас Бектенов Үкімет әлеуметтік мәселелерді шешуге ерекше назар аударып отырғанын, сондықтан мемлекет бюджетінің жартысынан көбі әлеуметтік салаға бағытталғанын атап өтті.
«Мәселен, колледж студенттеріне стипендия мөлшері 50%-ға, бакалавриатқа 20%-ға, магистратура мен докторантураға 15%-ға артты. 1 қыркүйектен бастап 445 мың студенттің стипендиясы өседі. Сонымен қатар зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлер үшін әлеуметтік төлем енгізілді. Бүгінде 1,7 млрд теңге көлемінде аталған төлемді 9 мыңнан астам жұмысшы алды» , — деп түсіндірді ол.
Премьер-Министр сондай-ақ жұмысқа орналастыру, микрокредит беру, субсидиялау, медициналық сақтандыру жүйесіне тарту арқылы қиын жағдайдағы отбасылар санын қысқарту тетігі туралы айтып берді.
Фракция депутаттарымен баяндаманы талқылау қорытындысы бойынша Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов әлемдегі күрделі геосаяси ахуалға және елдегі табиғи апаттарға қарамастан, мемлекеттің негізгі әлеуметтік міндеттемелері толық орындалып жатқанын айтты. Сонымен қатар ол халықты алаңдатып және Үкімет тарапынан баса назар аударылуын талап ететін бірқатар мәселеге тоқталды. Бұл – көктемгі су тасқынының салдарын жою, бағаның өсуі, жұмыссыздық, жылу беру маусымына дайындық, мектептер мен ауруханалар жетіспеушілігі. Сонымен қатар Мәжіліс Спикері еліміздің болашағы үшін атом электр стансасын салудың стратегиялық маңызын ерекше атап өтті.
«Қазіргі уақыттағы қызу талқыланып жатқан ең өзекті мәселе – Атом электр станциясын салу. AMANAT фракциясының депутаттары Мемлекет басшысының референдум өткізу туралы идеясын толық қолдайды. «AMANAT» партиясы осы науқанды Үкіметпен бірлесіп, жоғары деңгейде өткізуге атсалысуға, кең ауқымда ақпараттық-түсіндіру жұмысын ұйымдастыруға дайын. Еліміздегі барлық саяси партиялар, үкіметтік емес ұйымдар бізбен бірге Президенттің осы прогрессивті бастамасын іске асыруға жұмылады деп сенеміз» , — деді Ерлан Қошанов.
Отырысты қорытындылай келе, Мәжіліс Спикері Премьер-Министр Олжас Бектеновке және Үкіметтің барлық мүшесіне бірлескен жемісті жұмысы үшін алғысын білдірді. Бұл ретте, ол фракция Премьер-Министр лауазымына қатарынан екінші рет кандидатура ұсынып отырғанын, ал Мәжіліс комитеттері министрлер кабинетінің әрбір мүшесінің кандидатурасын келісетінін айтты. Сондықтан депутаттар мен Үкімет Мемлекет басшысының барлық тапсырмасының орындалуы бойынша халық алдында да, Президент алдында да жауапкершілігі ортақ. Мәжіліс Төрағасы дәл осы тәсіл Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидатын жүзеге асыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз