статья

Олжас Бектенов принял участие в Азиатско-Тихоокеанской конференции по вопросам инклюзии и трансформации

Олжас Бектенов инклюзия және трансформация мәселелері жөніндегі Азия-Тынық мұхиты конференциясына қатысты

Надежность цитирования ограниченная опора Человек или должность Правительственный корпус Дата события 3 сентября 2024 Документ полезен, но тезисов мало: для выводов лучше сразу перепроверять первоисточник.

Рабочий вывод

Что важно в документе

2 сигнала
Оценка

Казахстан готов к расширению международного сотрудничества в цифровизации и обмену опытом.

Оценка

Казахстан признает роль ООН в содействии экономическому процветанию, социальному благополучию и экологической устойчивости в АТР.

03 Сентябрь 2024, 12:42 Олжас Бектенов принял участие в Азиатско-Тихоокеанской конференции по вопросам инклюзии и трансформации В Астане проходит Азиатско-Тихоокеанская министерская конференция по вопросам инклюзии и трансформации. В пленарной сессии приняли участие Премьер-Министр Республики Казахстан Олжас Бектенов, заместитель Генерального секретаря ООН и исполнительный секретарь ЭСКАТО Армида Салсия Алишахбана, а также правительственные лидеры и технологические эксперты. На полях конференции ЭСКАТО обсудили актуальные вопросы цифровой повестки. Олжас Бектенов и Армида Салсия Алишахбана обменялись мнениями по потенциалу активного применения цифровых решений в таких областях, как инфраструктура, управление, мобильность, промышленность и торговля. Представлен Доклад о цифровой трансформации в Азиатско-Тихоокеанском регионе на 2024 год. Премьер-Министр Олжас Бектенов в своей приветственной речи к участникам конференции отметил важную роль Организации в содействии экономическому процветанию, социальному благополучию и экологической устойчивости в Азиатско-Тихоокеанском регионе. На протяжении около 80 лет ЭСКАТО оказывает значительное влияние на жизнь более 4 млрд людей. Казахстан свыше 30 лет является полноправным членом ЭСКАТО, продолжая поступательное развитие взаимоотношений в духе партнерства и добрососедства. За годы сотрудничества охвачены важнейшие направления, включая охрану окружающей среды, управление природными ресурсами, инвестиционное сотрудничество, торговлю, энергетику и транспорт. Олжас Бектенов акцентировал внимание участников конференции на цифровых технологиях, открывающих новые горизонты для бизнеса, социальной сферы и обеспечивающих экономический рост и расширение возможностей для миллионов людей. Обозначена важность обеспечения равного доступа к цифровым ресурсам для всего региона. «Вчера Глава нашего государства в Послании отметил, что Казахстан должен стать страной, где широко применяется искусственный интеллект и развиваются цифровые технологии. Именно они открывают новые горизонты для бизнеса, образования и здравоохранения, обеспечивают экономический рост и расширяют возможности для миллионов людей. Мы активно развиваем эти направления. Сегодня наша страна входит в число 30-ти самых оцифрованных государств мира и занимает 8-е место по оказываемым онлайн услугам», — отметил Олжас Бектенов. На сегодня более 90% всех государственных услуг доступны для населения Казахстана с мобильных устройств. До конца 2029 года в стране планируется выстроить полноценную экосистему, которая обеспечит равный доступ населения и бизнеса к цифровым ресурсам. Для создания собственных электронных ресурсов в стране разрабатываются продукты в сфере искусственного интеллекта. Ключевой площадкой для отбора эффективных решений станет Национальный центр искусственного интеллекта. О его создании Глава государства заявил накануне в Послании народу Казахстана. В рамках развития Цифрового шелкового пути совместно с соседними странами реализуется проект по прокладке оптоволоконных линий связи по дну Каспийского моря с выходом в страны Персидского залива. Интеграция позволит сформировать современную инфраструктуру сбора, хранения и обработки данных для развития новых технологий, привлечения крупных Big Tech компаний, а также обеспечить вывод казахстанских IТ-решений на мировой рынок. Ключевую роль в этом процессе играет международный технопарк Astana Hub, на площадке которого создан благоприятный инвестиционный климат для 1400 резидентов, среди которых 400 иностранных компаний. Глава Правительства подчеркнул, что Казахстан открыт для расширения сотрудничества в области цифровизации и готов делиться опытом в данном направлении. «Для достижения Целей устойчивого развития ООН в регионе важно подчеркнуть принцип «никто не должен остаться позади». Цифровая инклюзия – это важный элемент, без которого невозможно достичь поставленных целей. Только через сотрудничество, обмен знаниями и лучшими практиками мы сможем обеспечить устойчивое и процветающее будущее для всех. Мы готовы делиться опытом и знаниями. В этой связи призываю поддержать открытие в Казахстане Центра цифровых решений для устойчивого развития в Азиатско-Тихоокеанском регионе. Его создание станет важным катализатором для развития эффективного регионального сотрудничества и сократит цифровой разрыв между странами», — подчеркнул Премьер-Министр. В свою очередь заместитель Генерального секретаря ООН и исполнительный секретарь ЭСКАТО Армида Салсия Алишахбана отметила высокие достижения и потенциал Казахстана в области цифровизации. «Цифровизация стала нормой. Она трансформирует наши экономики, открывает новые возможности для создания ценности и изменяет общественные структуры, помогая решать ключевые задачи устойчивого развития. Однако, цифровая трансформация также связана с экономическими, экологическими и социальными рисками невиданной сложности и неопределенности», — сказала Армида Салсия Алишахбана. В рамках конференции организована выставка, где представлены разработки Казахстана в области цифровизации государственных услуг и успешно используемые IT-решения. 1200 госуслуг в Казахстане оказываются онлайн, охвачено более 80% экономически активного населения. Среди презентованных гостям конференции – проект «Социальный кошелек», нацеленный на обеспечение адресной и проактивной государственной поддержки населения. Платформа интегрирована с информационными системами государственных органов, включая электронный портал Правительства e-Gov и систему подачи обращений e-Otinish. Участники конференции также были ознакомлены с проектами АО «НИТ», Alaqan technologies, ТОО «Центр Информационных Технологий «ДАМУ», Freedom Holding Corp., Kaspi.kz, Smartestprep Ltd по персонализированной профориентации молодежи, цифровыми продуктами в области финансовых, транспортных, социальных услуг, торговли, образования, здравоохранения и других направлений. #Олжас Бектенов #Премьер-министр РК #Международное сотрудничество #Цифровизация Оставайтесь в курсе событий Премьер-министра и Правительства Казахстана — подписывайтесь на официальный Telegram-канал Подписаться

03 Қыркүйек 2024, 12:42

Астанада инклюзия және трансформация мәселелері жөніндегі Азия-Тынық мұхиты министрлік конференциясы өтуде. Пленарлық сессияға Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектенов, БҰҰ бас хатшысының орынбасары және АТМЭӘК-тің атқарушы хатшысы Армида Салсия Алишахбана, сондай-ақ үкіметтер көшбасшылары мен технология сарапшылары қатысты.

ЭСКАТО конференциясы аясында цифрлық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланды. Олжас Бектенов пен Армида Салсия Алишахбана инфрақұрылым, басқару, мобильділік, өнеркәсіп және сауда салаларындағы цифрлық шешімдердің әлеуеті бойынша пікір алмасты. 2024 жылға арналған Азия-Тынық мұхиты аймағындағы цифрлық трансформация туралы баяндама таныстырылды.

Премьер-Министр Олжас Бектенов конференцияға қатысушыларды құттықтау сөзінде Ұйымның Азия-Тынық мұхиты аймағындағы экономикалық өркендеуге, әлеуметтік әл-ауқат пен экологиялық тұрақтылыққа ықпал етудегі шешуші рөлін атап өтті. ЭСКАТО 80 жылға жуық уақыт бойы 4 млрд-тан астам адамның өміріне айтарлықтай әсер етіп отыр.

Қазақстан 30 жылдан астам уақыт бойы серіктес әрі тату көршілік қарым-қатынастар рухында серпінді дамытуды жалғастыра отырып, ЭСКАТО-ның толыққанды мүшесі саналады. Ынтымақтастық жылдарында қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды басқару, инвестициялық байланыстар, сауда, энергетика және көлік сияқты маңызды бағыттар қамтылды.

Олжас Бектенов конференцияға қатысушылардың назарын бизнес, әлеуметтік сала үшін жаңа көкжиектерді ашатын және миллиондаған адамдар үшін экономикалық өсім мен мүмкіндіктердің кеңеюін қамтамасыз ететін цифрлы технологияларға аударды. Бүкіл аймақ үшін цифрлы ресурстарға тең қол жеткізуді қамтамасыз етудің маңызы көрсетілген.

«Кеше Мемлекет басшысы Жолдауында Қазақстан жасанды интеллектіні кеңінен қолданатын әрі цифрлы технологиялар дамитын елге айналуы тиіс екенін атап өтті. Олар бизнес, білім беру және денсаулық сақтау үшін жаңа көкжиектерді ашады, экономикалық өсуді қамтамасыз етеді және миллиондаған адамға мүмкіндік береді. Сондықтан біз бұл бағыттарды белсенді түрде дамытып жатырмыз. Бүгінгі таңда Қазақтан әлемдегі цифрлық даму жағынан 30 мемлекеттің қатарына кіреді және онлайн қызметтер бойынша 8-ші орында» , — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Бүгінгі таңда барлық мемлекеттік қызметтердің 90%-дан астамы Қазақстан халқы үшін мобильді құрылғылардан қолжетімді. 2029 жылдың соңына дейін елімізде халық пен бизнестің цифрлық ресурстарға тең қол жеткізуін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін толыққанды экожүйе құру жоспарлануда. Елімізде өз электронды ресурстарымызды құру үшін жасанды интеллект саласындағы өнімдер әзірленуде. Ұлттық жасанды интеллекті орталығы тиімді шешімдерді іріктеудің негізгі алаңы болады. Мемлекет басшысы ондай орталық құру туралы Қазақстан халқына Жолдауында айтты.

Қазақстан Цифрлы жібек жолын дамыту шеңберінде көрші елдермен бірге Парсы шығанағы елдеріне шығатын Каспий теңізінің түбі бойынша талшықты-оптикалық байланыс желілерін төсеу жөніндегі жобаны іске асыруда. Интеграция жаңа технологияларды дамыту, ірі Big Tech компанияларын тарту үшін деректерді жинау, сақтау және өңдеудің заманауи инфрақұрылымын қалыптастыруға, сондай-ақ қазақстандық IТ-шешімдерді әлемдік нарыққа шығаруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Оны іске асыруда Astana Hub халықаралық технопаркі шешуші рөл атқарады, оның алаңында 1400 резидент, оның ішінде 400 шетелдік компания үшін қолайлы инвестициялық ахуал қамтамасыз етілді.

Үкімет басшысы Қазақстанның цифрландыру саласындағы ынтымақтастықты кеңейту үшін ашық және осы бағыттағы тәжірибесін бөлісуге дайын екенін атап өтті.

«БҰҰ-ның біздің аймақтағы Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу үшін «ешкім артта қалмауы тиіс» қағидатын атап өту маңызды. Цифрлы инклюзия – бұл маңызды элемент, онсыз мақсатқа жету мүмкін емес. Ынтымақтастық, білім алмасу және ең жақсы тәжірибелер арқылы ғана біз барлығына бірдей тұрақты әрі жарқын болашақты қамтамасыз ете аламыз. Біз өз тәжірибеміз бен білімімізді бөлісуге дайынбыз. Сондықтан әріптестерімді Азия-Тынық мұхиты өңірінде тұрақты дамуы үшін Цифрлық шешімдер орталығының Қазақстанда ашылуына қолдау көрсетуге шақырамын. Орталықты құру тиімді өңірлік ынтымақтастықты дамыту үшін маңызды катализатор болады және елдер арасындағы цифрлық алшақтықты айтарлықтай қысқартуға әкеледі» , — деп атап өтті Премьер-Министр.

Өз кезегінде БҰҰ бас хатшысының орынбасары және АТМЭӘК-тің атқарушы хатшысы Армида Салсия Алишахбана Қазақстанның цифрландыру саласындағы жоғары жетістіктері мен әлеуетін атап көрсетті.

«Цифрландыру қалыпты жағдайға айналды. Ол біздің экономикамызды өзгертеді, құндылық құрудың жаңа мүмкіндіктерін ашады және орнықты дамудың негізгі міндеттерін шешуге көмектесетін қоғамдық құрылымдарды өзгертеді. Алайда, цифрлы трансформация бұрын-соңды болмаған күрделі және белгісіз экономикалық, экологиялық және әлеуметтік тәуекелдерімен де байланысты» , — деді Армида Салсия Алишахбана.

Конференция аясында мемлекеттік қызметтерді цифрландыру саласындағы Қазақстанның әзірлемелері мен табысты пайдаланылған IT-шешімдері ұсынылған көрме ұйымдастырылды. Қазақстанда 1200 мемлекеттік қызмет онлайн көрсетіледі, экономикалық белсенді халықтың 80%-дан астамы қамтылған. Конференция қонақтарына таныстырылғандардың арасында халықты атаулы және белсенді мемлекеттік қолдауды қамтамасыз етуге бағытталған «Әлеуметтік әмиян» жобасы бар. Платформа мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен, соның ішінде Үкіметтің e-Gov электронды порталымен және E-Otinish өтініш беру жүйесімен интеграцияланған.

Конференцияға қатысушылар «ҰАТ» АҚ, Alaqan technologies, «ДАМУ» Ақпараттық технологиялар орталығы» ЖШС, Freedom Holding Corp., Kaspi.kz, Smartestprep Ltd жастарды жеке кәсіптік бағдарлау, қаржылық, көлік, әлеуметтік қызметтер, сауда, білім беру, денсаулық сақтау және басқа салалардағы цифрлық өнімдер бойынша жобалармен танысты.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз