Олжас Бектенов от имени Главы государства вручил награды ветеранам нефтяной отрасли в честь 125-летия индустрии
Олжас Бектенов Мемлекет басшысының атынан мұнай индустриясының 125 жылдығына орай сала ардагерлеріне марапаттар табыс етті
Рабочий вывод
Что важно в документе
Казахстан обладает большими запасами углеводородов.
Нефтегазовая отрасль — ключевой драйвер экономики.
Отрасль за 125 лет внесла большой вклад в развитие страны.
04 Сентябрь 2024, 18:00 Олжас Бектенов от имени Главы государства вручил награды ветеранам нефтяной отрасли в честь 125-летия индустрии Премьер-Министр Олжас Бектенов в честь 125-летия с начала добычи казахстанской нефти поздравил ветеранов и работников нефтегазового комплекса, отметил важность отрасли в структуре экономики страны. Обращаясь к участникам встречи Премьер-Министр выразил благодарность за самоотверженную отдачу и упорный труд ветеранов отрасли, нефтяников, инженеров и ученых, усилиями которых Казахстан вошел в число ведущих игроков мирового энергетического рынка. За вклад в развитие нефтегазового сектора Премьер-Министр от имени Главы государства вручил 40 наград отличившимся работникам нефтегазового комплекса. Орденом «Парасат» награждены ветеран труда Махаш Рахметов, ветеран-нефтяник Олег Герштанский, эксперт отрасли Махамбет Досмухамбетов, Орденом «Құрмет» – ветераны-нефтяники Туремурат Жармагамбетов, Рахман Исаев, Мадыхат Нурмуханов, Нагангали Утеев, трубопроводчик Марат Таганбаев, Шакимурат Шамаров, Орден «Еңбек Даңқы» III степени вручен ветерану-нефтянику Келтиру Шаненову, машинисту технологических компрессоров Ахмеду Шадинову, Медаль «Ерен еңбегі үшін» – ветерану-нефтянику Абдрахману Казиеву, Кадирхану Утесинову, слесарю-ремонтник Есимбеку Бердалиеву, оператору по добыче нефти и газа Кошербаю Отебаеву и др. Олжас Бектенов отметил, что Казахстан располагает значительными запасами углеводородов. Доказанные извлекаемые запасы нефти составляют свыше 4 млрд тонн, что делает Казахстан одним из значимых игроков на мировом рынке. Открываются новые маршруты экспорта нефти, в том числе через Каспий. Увеличиваются объемы транзита нефти и газа через нашу страну. Запущен казахстанский бренд нефти KEBCO, ведутся работы по увеличению ресурсной базы, повышению инвестиционной привлекательности геологоразведки, наращиванию добычи, реализации новых проектов. «Глава государства в Послании народу Казахстана обозначил задачи дальнейшего развития нефтегазохимической отрасли. Наши достижения не ограничиваются только добычей и транспортировкой. Большие усилия направлены на развитие внутренней переработки углеводородов. С открытием в Атырауской области завода по производству полипропилена создана полноценная отрасль нефтегазохимии. Впереди новые проекты по выпуску полиэтилена и бутадиена. Такие предприятия не только способствуют импортозамещению, но и создают необходимую среду для развития малого и среднего бизнеса. В ближайшие годы будут построены газоперерабатывающие заводы нового поколения. Нефтегазовая отрасль остается одним из драйверов экономики, и мы твердо намерены развивать ее дальше, внедряя инновационные технологии и обеспечивая экологическую безопасность», — подчеркнул Олжас Бектенов. Развитие отечественной нефтегазохимии и реализация проектов по производству полиэтилена, полиэтилентерефталата и карбамида позволит удовлетворить внутренний спрос и нарастить экспорт отечественной технологичной продукции с высокой добавленной стоимостью. #Олжас Бектенов #Нефтегазовая отрасль Оставайтесь в курсе событий Премьер-министра и Правительства Казахстана — подписывайтесь на официальный Telegram-канал Подписаться
04 Қыркүйек 2024, 18:00
Премьер-Министр Олжас Бектенов қазақ даласында мұнай өндірісінің басталғанына 125 жыл толуына орай мұнай-газ кешенінің ардагерлері мен қызметкерлерін құттықтап, ел экономикасы құрылымындағы саланың маңызын атап өтті.
Үкімет басшысы марапаттау рәсіміне қатысушылар алдында сөйлеген сөзінде Қазақстанды әлемдік энергетика нарығындағы жетекші ойыншылар қатарына қосқан сала ардагерлері, мұнайшылар, инженерлер мен ғалымдардың жанқиярлық еңбегі мен қажыр-қайраты үшін алғысын білдірді.
Премьер-Министр мұнай-газ секторын дамытуға қосқан үлесі үшін Мемлекет басшысының атынан еңбегімен ерекше көзге түскен мұнай-газ кешенінің 40 қызметкеріне марапат табыс етті. «Парасат» орденімен еңбек ардагері Махаш Рахметов, мұнайшы ардагер Олег Герштанский, сала сарапшысы Махамбет Досмұхамбетов, «Құрмет» орденімен мұнайшы ардагерлер Төремұрат Жармағамбетов, Рахман Исаев, Мадыхат Нұрмұханов, Нағанғали Өтеев, құбыршы Марат Тағанбаев, Шакимұрат Шамаров, IІI дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен ардагер мұнайшы Келтір Шаненов, технологиялық компрессорлар машинисі Ахмед Шадинов, «Ерен еңбегі үшін» медалімен мұнайшы ардагерлер Әбдірахман Қазиев, Қадырхан Өтесінов, слесарь-жөндеуші Есімбек Бердалиев, мұнай және газ операторы Көшербай Өтебаев және басқа да қызметкерлер марапатталды.
Олжас Бектенов елімізде «қара алтынның» айтарлықтай қоры бар екенін атап өтті. Расталған мұнай қоры 4 млрд тоннадан асады, бұл көлеммен Қазақстан әлемдік нарықтағы маңызды ойыншылардың біріне айналады. Мұнай экспортының жаңа бағыттары ашылды, оның ішінде Каспий бағыты бар. Еліміз арқылы мұнай мен газ транзитінің көлемі артып келеді. Қазақстанның ұлттық KEBCO мұнай бренді іске қосылды, ресурстық базаны кеңейту, геологиялық барлаудың инвестициялық тартымдылығын арттыру, өндірісті ұлғайту, жаңа жобаларды іске асыру бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр.
«Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында мұнай-газ химиясы саласын одан әрі дамыту міндеттерін атап өтті. Саладағы жетістіктеріміз мұнай өндіру және оны тасымалдаумен ғана шектелмейді. Көмірсутектерді ішкі өңдеу саласын дамытуға көп күш жұмсалады. Атырау облысында полипропилен өндіретін зауыттың ашылуымен толыққанды мұнай-газ химиясы кластері құрылды. Алда полиэтилен және бутадиен шығаратын жаңа жобалар тұр. Аталған кәсіпорындар импортты алмастыруға ықпал етіп қана қоймай, шағын және орта бизнесті дамыту үшін қажетті жағдай жасайды. Алдағы жылдары жаңа газ өңдеу зауыттары салынады. Мұнай-газ кешені келешекте де экономикамыздың қозғаушы күшінің бірі болып қала бермек. Біз саланы инновациялық технологияларды енгізу арқылы және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ете отырып, одан әрі дамытуды көздейміз» , — деп атап өтті Олжас Бектенов.
Отандық мұнай-газ химиясын дамыту және полиэтилен, полиэтилентерефталат және карбамид өндіру жобаларын іске асыру ішкі сұранысты қанағаттандыруға және қосылған құны жоғары отандық технологиялық өнім экспортын арттыруға мүмкіндік береді.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз