Олжас Бектенов и основатель сервиса inDrive Арсен Томский обсудили вопросы развития цифровой индустрии
Олжас Бектенов пен inDrive қызметінің негізін қалаушы Арсен Томский цифрлы индустрияны дамыту мәселелерін талқылады
Рабочий вывод
Что важно в документе
Глава Правительства поручил соответствующим государственным органам оказать содействие общественному проекту.
05 Сентябрь 2024, 13:05 Олжас Бектенов и основатель сервиса inDrive Арсен Томский обсудили вопросы развития цифровой индустрии Премьер-Министр Казахстана Олжас Бектенов встретился с основателем и СЕО глобальной платформы транспортных и городских услуг inDrive Арсеном Томским. Обсуждены актуальные вопросы цифровой индустрии и рассмотрены перспективы внедрения новых решений для улучшения качества жизни казахстанцев. В Казахстане создана цифровая экосистема, функционирует крупнейший международный технопарк IT-стартапов в Центральной Азии, активно поддерживаются креативные решения. Ведется работа по созданию Национального центра искусственного интеллекта. «Глава государства в Послании поручил активизировать работу в сфере цифровизации. Это приоритетная задача. Казахстан нацелен на увеличение доли цифровых технологий в структуре экономики и дальнейшее наращивание экспорта IT-услуг. Мы приветствуем присутствие крупных IT-компаний на нашем рынке», — подчеркнул Олжас Бектенов. В свою очередь Арсен Томский выразил заинтересованность в реализации совместных цифровых платформ и сотрудничестве в области развития интеллектуальной индустрии. В частности, inDrive выступил с предложением открыть в Казахстане университет inVision U на 400 мест по подготовке квалифицированных специалистов по направлениям IT, образование, наука, искусство и др. Кроме того, компания планирует реализовать ряд экологических инициатив по улучшению качества воздуха в крупных мегаполисах. Первый проект будет реализован в Алматы. Глава Правительства поручил соответствующим государственным органам оказать содействие общественному проекту. По итогам встречи также обозначена важность обеспечения законности и прозрачности трудовых процессов, безопасности на дорогах. Также InDrive поддерживает инициативу Казахстана по платформенной занятости. Справочно: Сервис inDrive представлен в 750 городах 46 стран мира. В 2021 году компания достигла статуса “единорога”. В 2022 году офис компании был релоцирован в Алматы. В настоящее время в казахстанском офисе inDrive работает порядка 800 человек. #Премьер-министр РК #Двусторонние встречи Оставайтесь в курсе событий Премьер-министра и Правительства Казахстана — подписывайтесь на официальный Telegram-канал Подписаться
05 Қыркүйек 2024, 13:05
Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов inDrive жаһандық көлік және қала қызметтері платформасының негізін қалаушы және СЕО Арсен Томскиймен кездесті. Цифрлы индустрияның өзекті мәселелері талқыланып, қазақстандықтардың тұрмыс сапасын жақсарту мақсатында жаңа шешімдер енгізу перспективалары қаралды.
Қазақстанда цифрлы экожүйе құрылған, Орталық Азиядағы IT стартаптардың ірі халықаралық технопаркі жұмыс істейді, креативті шешімдерге белсенді түрде қолдау көрсетілуде. Ұлттық жасанды интеллект орталығын құру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
«Мемлекет басшысы Жолдауда цифрландыру саласындағы жұмысты жандандыруды тапсырды. Бұл – басым міндет. Қазақстан экономика құрылымындағы цифрлы технологиялар үлесін ұлғайтуды және IT қызметтер экспортын одан әрі арттыруды мақсат етіп отыр. Біз ішкі нарықта ірі IT компаниялардың болуын құптаймыз» , — деп атап өтті Олжас Бектенов.
Өз кезегінде Арсен Томский бірлескен цифрлы платформаларды енгізуге және интеллектуалды индустрияны дамытудағы ынтымақтастыққа қызығушылық танытты. Атап айтқанда, inDrive Қазақстанда IT, білім беру, ғылым, өнер және басқа да бағыттар бойынша білікті мамандарды даярлайтын 400 орындық inVision U университетін ашу туралы ұсыныс жасады.
Сонымен қатар компания ірі мегаполистерде ауа сапасын жақсарту бойынша бірқатар экологиялық бастаманы іске асыруды жоспарлап отыр. Бірінші жоба Алматыда жүзеге асырылады. Үкімет басшысы тиісті мемлекеттік органдарға қоғамдық жобаға көмек көрсетуді тапсырды.
Кездесу қорытындысы бойынша еңбек процестерінің заңдылығы мен ашықтығын, сондай-ақ жол қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызы атап өтілді. Осылайша, inDrive Қазақстанның платформалық жұмыспен қамту жөніндегі бастамасын қолдайды.
Анықтама: inDrive әлемнің 46 елінің 750 қаласында қызмет көрсетеді. Компания 2021 жылы құны миллиард доллардан асқан компаниялар тізіміне еніп, бірегей мәртебеге қол жеткізді. 2022 жылы компанияның кеңсесі Алматыға көшірілді. Қазіргі уақытта Қазақстандағы inDrive кеңсесінде 800-ге жуық адам жұмыс істейді.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз