Олжас Бектенов проверил ход подготовки Акмолинской области к отопительному сезону
Олжас Бектенов Ақмола облысының жылу беру маусымына дайындық барысын тексерді
Рабочий вывод
Что важно в документе
Бектенов подчеркнул необходимость масштабного обновления инфраструктуры.
06 Сентябрь 2024, 11:40 Олжас Бектенов проверил ход подготовки Акмолинской области к отопительному сезону Премьер-Министр Олжас Бектенов в рамках рабочей поездки в Акмолинскую область проверил исполнение поручений Президента по модернизации и устойчивому снижению износа сетей электроснабжения и тепловых коммуникаций, а также ход подготовки объектов коммунальной инфраструктуры к отопительному сезону. Глава Правительства ознакомился с текущим состоянием Степногорской ТЭЦ, которая была введена в эксплуатацию в 1966 году. Объект обеспечивает тепловой и электрической энергией жилой сектор и предприятия города, а также поселок Заводской. Премьер-Министру доложили о подготовке коммунальной инфраструктуры Акмолинской области к отопительному периоду. На сегодня готовность котельных составляет 99%, осуществлена проверка объектов образования, медицинских учреждений, жилых домов. Вся социальная инфраструктура полностью готова к отопительному сезону. На ТЭЦ подготовка необходимых запасов топлива для прохождения осенне-зимнего периода идет согласно графику. В текущем году на ремонт тепловых сетей г. Степногорска из резерва Правительства было выделено 2,7 млрд тенге. Строительно-монтажные работы на участке протяженностью 11,3 км завершены. Кроме того, собственником Степногорского энергокомплекса направлено 7,9 млрд тенге на модернизацию объектов инфраструктуры и коммуникаций. Работы по ремонту 4 турбин завершены, реконструкция котлов продолжается, произведен монтаж 1,6 км из запланированных 2,6 км тепловых сетей. Проводимые работы позволят снизить износ оборудования ТЭЦ с 65,6% до 61,9%, магистральных сетей – с нынешних 80,7% до 70%. Однако остается еще ряд проблемных вопросов, отметил министр энергетики Алмасадам Саткалиев «Текущие меры и вложение средств в обновление существующих источников энергии постепенно снижает износ. Однако сохраняются риски перебоев с учетом растущего потребления. Для обеспечения стабильно качественного энерго- и теплоснабжения необходимо создавать альтернативные источники. В целях покрытия потребности населения и обеспечения ввода новых предприятий эффективным решением станет развитие атомной энергетики» , — доложил Алмасадам Саткалиев. В Казахстане действующие станции имеют высокий уровень износа, достигающий 70%. Потребление электроэнергии в стране ежегодно растет на 3%. Согласно прогнозам Министерства энергетики, к 2035 году ожидается, что потребление электроэнергии в Казахстане достигнет 152,4 млрд кВт/ч. В то же время существующие электростанции смогут обеспечить лишь 135 млрд кВт/ч. Премьер-Министр отметил необходимость существенной модернизации инфраструктуры. «Вы знаете, в Послании Президент поручил разработать отдельный проект по модернизации системы ЖКХ. Очень большая, которая рассчитана до 2029-2030 годов. Здесь серьезная работа предстоит. Порядка 10 трлн тенге требуется – и за счет тарифа, и средства субъектов естественных монополий, бюджетные, заемные средства. Комплексно работа будет проводиться. Мы понимаем, в каком плачевном состоянии наша система ЖКХ по стране. От всех нужен ответственный подход: и от собственников, и от местных властей, и от Правительства. Главная задача Правительства – обеспечить жителям комфортные условия. У нас в целом по стране потребление электроэнергии составляет порядка 17 гигаватт, при этом производим мы только 16. То есть мы энергодефицитная страна, вынуждены закупать у наших соседей электроэнергию. Мы должны не только восстановить изношенные сети, но и создать устойчивую энергетическую систему» , — подчеркнул Олжас Бектенов. В случае поддержки населения на референдуме 6 октября в Казахстане будет построена атомная электростанция с высочайшим уровнем безопасности, которая решит проблему дефицита и обеспечит энергетическую безопасность. #Олжас Бектенов #Премьер-министр РК #ЖКХ #Отопительный сезон #Рабочая поездка #Регионы #ТЭЦ Оставайтесь в курсе событий Премьер-министра и Правительства Казахстана — подписывайтесь на официальный Telegram-канал Подписаться
06 Қыркүйек 2024, 11:40
Премьер-Министр Олжас Бектенов Ақмола облысына жұмыс сапары аясында Президенттің электрмен жабдықтау және жылу коммуникация желілерін жаңғырту және олардың тозу деңгейін төмендету жөніндегі тапсырмаларының орындалуын, сондай-ақ коммуналдық инфрақұрылым нысандарының жылу беру маусымына дайындық барысын тексерді.
Үкімет басшысы Степногорск ЖЭО-ның бүгінгі жағдайымен танысты. 1966 жылы пайдалануға берілген нысан бүгінде қаланың тұрғын үй секторы мен кәсіпорындарын, сондай-ақ Заводской кентін жылу және электр энергиясымен қамтамасыз етеді.
Премьер-Министрге Ақмола облысының коммуналдық инфрақұрылымының жылыту кезеңіне дайындығы туралы баяндалды. Бүгінгі таңда қазандықтардың дайындығы 99%-ды құрайды, білім беру нысандары, медициналық мекемелер, тұрғын үйлер тексерілді. Барлық әлеуметтік инфрақұрылым жылыту маусымына толығымен дайын. ЖЭО-да күзгі-қысқы маусымға қажетті отын қорын дайындау кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр.
Биыл Степногорск қаласының жылу желілерін жөндеуге Үкімет резервінен 2,7 млрд теңге бөлінді. Ұзындығы 11,3 шақырым учаскеде құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды. Сонымен қатар Степногорск энергетика кешенінің меншік иесі инфрақұрылым мен коммуникация нысандарын жаңғыртуға 7,9 млрд теңге бөлді. 4 турбинаны жөндеу жұмыстары аяқталды, қазандықтарды реконструкциялау жалғасуда, жоспарланған 2,6 км жылу желілерінің 1,6 шақырымына монтаждау жұмыстары жүргізілді.
Жүргізіліп жатқан жұмыстар ЖЭО жабдықтарының тозуын 65,6%-дан 61,9%-ға дейін, магистралды желілердің тозуын қазіргі 80,7%-дан 70%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді. Алайда, әлі де бірқатар түйткілді мәселелер бар, деп атап өтті энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев.
«Энергия көздерін жаңартуға қаражат салу мен қолға алынған шаралар тозуды біртіндеп азайтады. Дегенмен, тұтыну көлемінің артуын ескерек, іркіліс болу қаупі әлі де бар. Тұрақты сапалы энергиямен және жылумен қамтамасыз ету үшін баламалы көздер құру қажет. Халық қажеттілігін өтеу және жаңа кәсіпорындарды іске қосуды қамтамасыз ету мақсатында атом энергетикасын дамыту тиімді шешім болмақ» , — деп баяндады Алмасадам Сәтқалиев.
Қазақстанда жұмыс істеп тұрған стансалардың тозу деңгейі жоғары – 70%-ға дейін жетеді. Елімізде электр энергиясын тұтыну жыл сайын 3%-ға өсуде. Энергетика министрлігінің болжамына сәйкес, 2035 жылға қарай Қазақстанда электр энергиясын тұтыну сағатына 152,4 млрд кВт жетеді деп күтілуде. Бұл ретте, қолданыстағы электр стансалары сағатына тек 135 млрд кВт қамтамасыз ете алады.
Премьер-Министр инфрақұрылымды айтарлықтай жаңғырту қажеттігін атап өтті.
«Президент өз Жолдауында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жүйесін жаңғырту бойынша жеке жоба әзірлеуді тапсырғанын білесіздер. Бұл – 2029-2030 жылдарға дейін жалғасатын ауқымды бағдарлама. Мұнда маңызды жұмыс атқарылуы тиіс. Тариф, табиғи монополиялар субъектілерінің қаражаты, бюджет, қарыз қаражаты есебінен шамамен 10 трлн теңге қаржы талап етіледі. Жұмыстар кешенді түрде жүргізілетін болады. Біз елімізде ТКШ жүйесінің қандай күрделі жағдайда тұрғанын түсінеміз. Меншік иелері де, жергілікті билік те, Үкімет те бұл іске аса жауапкершілікпен қарауы қажет. Үкіметтің басты міндеті – тұрғындарға қолайлы жағдай жасау. Бізде жалпы ел бойынша электр энергиясын тұтыну шамамен 17 ГВт құрайды, ал біз тек 16 ГВт өндіреміз. Яғни, біз энергия тапшылығы бар елміз, көршілес елдерден электр энергиясын сатып алуға мәжбүрміз. Тозығы жеткен желілерді қалпына келтіріп қана қоймай, тұрақты энергетика жүйесін құруымыз керек» , — деп атап өтті Олжас Бектенов.
Халық 6 қазанда өтетін референдумда қолдау білдірсе, қауіпсіздік деңгейі жоғары атом электр стансасы салынып, еліміздегі энергия тапшылығы мәселесі шешіледі әрі энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін болады.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз