статья

Олжас Бектенов обсудил с главами делегаций стран Центральной Азии приоритетные задачи Фонда спасения Арала

Олжас Бектенов Орталық Азия елдерінің делегация басшыларымен Аралды құтқару қорының басым міндеттерін талқылады

Надежность цитирования ограниченная опора Человек или должность Правительственный корпус Дата события 18 сентября 2024 Документ полезен, но тезисов мало: для выводов лучше сразу перепроверять первоисточник.

Рабочий вывод

Что важно в документе

2 сигнала
Оценка

Бектенов подтвердил ключевую роль МФСА в региональном сотрудничестве и обозначил приоритеты председательства Казахстана.

Оценка

Подчеркнута важность МФСА как института регионального сотрудничества.

18 Сентябрь 2024, 10:50 Олжас Бектенов обсудил с главами делегаций стран Центральной Азии приоритетные задачи Фонда спасения Арала По поручению Главы государства Премьер-Министр Олжас Бектенов провел встречу с руководителями делегаций стран-участниц первого заседания Правления Международного Фонда спасения Арала, проводимого под председательством Республики Казахстан. В ходе встречи были рассмотрены вопросы совместного использования трансграничных водных ресурсов, а также меры по дальнейшему решению экологических и социально-экономических проблем в бассейне Аральского моря. Казахстан является председателем Международного Фонда спасения Арала с 2024 по 2026 годы. «Сегодня главы наших государств уделяют особое внимание водной сфере. Президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев обозначил, что спасение Арала должно стать приоритетом долгосрочного международного сотрудничества. Первостепенной задачей Фонда является комплексное и рациональное использование, охрана водно-энергетических ресурсов Центральной Азии с учетом их социально-экономической, энергетической, ирригационной и экологической значимости. Выражаю надежду, что общими усилиями нам удастся качественно улучшить состояние важного для всех наших стран уникального водоема» , — отметил Олжас Бектенов. Несмотря на принимаемые меры, с учетом нарастающего, в том числе в связи с изменениями климата, дефицита водных ресурсов в бассейне Аральского моря перед МФСА стоит задача по усилению консолидации заинтересованных государств. Руководитель Правительства РК Олжас Бектенов подчеркнул важную роль института регионального сотрудничества и обозначил приоритетные задачи Фонда, поставленные главами государств-членов МФСА, на период председательства Казахстана. Отмечена необходимость дальнейшей проработки комплексного и взаимовыгодного механизма водно-энергетического сотрудничества в Центральной Азии с учетом интересов всех сторон. В частности, внедрение новейших цифровых технологий, использование спутниковых данных дистанционного зондирования земли, что позволит укрепить сотрудничество и обеспечить экономию значительных объемов водных ресурсов. Кроме того, в целях повышения эффективности регулирования энергетических и ирригационных процессов будет активизирована работа по разработке и внедрению странами региона единой автоматизированной системы учета, мониторинга, управления и распределения водных ресурсов в бассейне Аральского моря. Данные меры нацелены на достижение баланса в покрытии нужд стран и недопущение дефицита электроэнергии в осенне-зимний период и поливной воды в летний период. Также в числе приоритетных задач – завершение процесса совершенствования организационной структуры и договорно-правовой базы МФСА. На сегодня рабочей группой экспертов ведется соответствующая работа. В ходе встречи с предложениями выступили заместитель Премьер-Министра Таджикистана Зиёзода Сулаймон, заместитель Председателя Кабинета Министров Туркменистана Тангрыгули Атахаллыев, Советник Президента Узбекистана Шухрат Ганиев. По итогам обсуждения Олжас Бектенов выразил благодарность главам делегаций за вносимый вклад в общее дело по улучшению экосистемы региона и подчеркнул заинтересованность Правительства Казахстана в конструктивном диалоге для реализации совместных планов. Справочно: Международный Фонд спасения Арала создан в 1993 году пятью государствами Центральной Азии – Казахстаном, Кыргызстаном, Узбекистаном, Таджикистаном и Туркменистаном. Целью создания организации стало объединение усилий стран по смягчению негативного воздействия высыхания Арала на окружающую природную среду и население региона. Фондом реализуются совместные межгосударственные экологические и научно-практические программы и проекты. #Олжас Бектенов #Премьер-министр РК #Международное сотрудничество Оставайтесь в курсе событий Премьер-министра и Правительства Казахстана — подписывайтесь на официальный Telegram-канал Подписаться

18 Қыркүйек 2024, 10:50

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Премьер-Министр Олжас Бектенов Қазақстан Республикасының төрағалығымен өткізілетін Халықаралық Аралды құтқару қоры басқармасының бірінші отырысына қатысушы елдер делегациялары басшыларымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында трансшекаралық су ресурстарын бірлесіп пайдалану мәселелері, сондай-ақ Арал теңізі бассейніндегі экологиялық және әлеуметтік-экономикалық мәселелерді одан әрі шешу шаралары қаралды.

Қазақстан 2024-2026 жылдар аралығында Халықаралық Аралды құтқару қорының төрағасы болып саналады.

«Бүгінде мемлекеттеріміздің басшылары су саласына ерекше көңіл бөліп отыр. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Аралды құтқару ұзақмерзімді халықаралық ынтымақтастықтың басым бағытына айналуы тиіс екенін баса айтты. Қордың басты міндеті – Орталық Азияның су-энергетикалық ресурстарын қорғау, олардың әлеуметтік-экономикалық, энергетикалық, ирригациялық және экологиялық маңыздылығын ескере отырып, оларды кешенді әрі ұтымды пайдалану. Ортақ күш-жігеріміздің арқасында елдеріміз үшін маңызды саналатын бірегей су айдынының жағдайын сапалы түрде жақсарта аламыз деп үміттенемін» , — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Қабылданып жатқан шараларға қарамастан, Арал теңізі бассейніндегі су ресурстарының, оның ішінде климаттың өзгеруіне байланысты өсіп келе жатқан тапшылығын ескере отырып, ХАҚҚ алдында мүдделі мемлекеттердің шоғырлануын күшейту міндеті тұр.

ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов өңірлік ынтымақтастық институтының маңызды рөліне тоқталып, ХАҚҚ мүше мемлекеттері басшылары Қазақстанның төрағалық ету кезеңінде Қордың алдына қойған басым міндеттерін атап өтті.

Барлық тараптың мүддесін ескере отырып, Орталық Азиядағы су-энергетикалық ынтымақтастықтың кешенді және өзара тиімді тетігін одан әрі пысықтау қажеттігі атап өтілді. Атап айтқанда, жаңа цифрлық технологияларды енгізу, жерді қашықтан зондтаудың спутниктік деректерін пайдалану – ынтымақтастықты нығайтуға және су ресурстарының едәуір көлемін үнемдеуге мүмкіндік береді.

Бұдан басқа, энергетикалық және ирригациялық процестерді реттеудің тиімділігін арттыру мақсатында өңір елдерінің Арал теңізі бассейнінде су ресурстарын есепке алудың, мониторинг жүргізудің, басқарудың және бөлудің бірыңғай автоматтандырылған жүйесін әзірлеу әрі енгізу жөніндегі жұмыс жанданатын болады. Бұл шаралар мемлекеттердің қажеттілігін жабудағы тепе-теңдікке қол жеткізуге және күзгі-қысқы кезеңде электр энергиясының, жазғы кезеңде суармалы судың тапшылығына жол бермеуге бағытталған.

Сондай-ақ басым міндеттер қатарында – ХАҚҚ ұйымдық құрылымын және шарттық-құқықтық базасын жетілдіру процесін аяқтау тұр. Бүгінгі таңда сарапшылардың жұмыс тобы тиісті жұмыс жүргізуде.

Кездесу барысында Тәжікстан Премьер-Министрінің орынбасары Зиёзода Сулаймон, Түрікменстан Министрлер Кабинеті Төрағасының орынбасары Тангрыгули Атахаллыев, Өзбекстан Президентінің Кеңесшісі Шухрат Ганиев ұсыныстарын айтты.

Талқылау қорытындысы бойынша Олжас Бектенов өңірдің экожүйесін жақсарту жөніндегі жалпы іске қосқан үлесі үшін делегация басшыларына алғысын білдіріп, Қазақстан Үкіметінің бірлескен жоспарларды іске асыру үшін сындарлы диалогқа мүдделі екенін атап өтті.

Анықтама: Халықаралық Аралды құтқару қорын 1993 жылы Орталық Азияның бес мемлекеті – Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түрікменстан құрды. Ұйымды құрудағы мақсат Аралдың құрғауының қоршаған табиғи ортаға және өңір халқына теріс әсерін азайту жөніндегі елдердің күш-жігерін біріктіру болды. Қор бірлескен мемлекетаралық экологиялық және ғылыми-практикалық бағдарламалар мен жобаларды іске асырады.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз