Президент принял Премьер-Министра Олжаса Бектенова
Президент Премьер-Министр Олжас Бектеновті қабылдады
Рабочий вывод
Что важно в документе
Премьер-министр доложил о росте ВВП на 3,7% за 8 месяцев 2024 года.
24 Сентябрь 2024, 16:33 Президент принял Премьер-Министра Олжаса Бектенова Касым-Жомарт Токаев был проинформирован о показателях социально-экономического развития страны, ходе уборочной кампании и подготовке к отопительному сезону. Как сообщил Олжас Бектенов, рост экономики за январь-август составил 3,7%. Наибольшее увеличение показали секторы строительства (8,8%), транспорта и складирования (7,9%), связи (7,4%), торговли (5,5%), обрабатывающей промышленности (4,9%). В сельском хозяйстве объем льготного финансирования вырос в 3 раза и доведен до 580 млрд тенге. На сегодня по стране убрано 70,2% площадей зерновых и зернобобовых культур, намолочено 17,2 млн тонн зерна. Аграрии обеспечены достаточным объемом льготного топлива. Главе государства было доложено, что во всех регионах ведется работа по подготовке к отопительному сезону. Обеспечена готовность социальных объектов, по жилым домам работы завершены на 98,3%. Ежегодная потребность электростанций в угле составляет 60 млн тонн, имеющийся запас соответствует нормативу. Касым-Жомарт Токаев был ознакомлен с ходом исполнения его поручений по ликвидации последствий паводков и мерам по предупреждению паводковой ситуации в следующем году. Всем пострадавшим оказана социальная поддержка и выплачены компенсации за поврежденное имущество. Приобретено и выдано 5 767 единиц жилья, построено 2576 новых домов, завершаются работы на 104 объектах в Акмолинской и Западно-Казахстанской областях. Реализуется План противопаводковых мероприятий. В завершение встречи Глава государства дал ряд поручений по дальнейшему раскрытию промышленного потенциала страны и модернизации инфраструктуры. Оставайтесь в курсе событий Премьер-министра и Правительства Казахстана — подписывайтесь на официальный Telegram-канал Подписаться
24 Қыркүйек 2024, 16:33
Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері, егін орағы және жылыту маусымына дайындық барысы туралы ақпарат берілді.
Олжас Бектеновтің айтуынша, биылғы қаңтар-тамыз айлары аралығында экономиканың өсімі 3,7 пайызды құрады. Атап айтқанда, құрылыс (8,8%), көлік және қойма ісі (7,9%), байланыс (7,4%), сауда (5,5%), өңдеу өнеркәсібі (4,9%) секторларындағы көрсеткіш едәуір жақсарған.
Ауыл шаруашылығын жеңілдікпен қаржыландыру көлемі 3 есе ұлғайып, 580 млрд теңгеге жетті. Бүгінде еліміз бойынша дәнді және бұршақты дақылдар алқабының 70,2%-ы жиналып, 17,2 млн тонна астық бастырылды. Диқандар арзан жанар-жағармаймен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етілді.
Мемлекет басшысына барлық өңірде алдағы жылыту маусымына дайындық жұмыстары жүргізіліп жатқаны жөнінде баяндалды. Әлеуметтік нысандардың дайындығы жоғары деңгейде. Тұрғын үйлердің жылыту маусымына әзірлігі бойынша жұмыс 98,3%-ға орындалды. Электр стансаларына жыл сайын 60 млн тонна көмір қажет. Қазір оның қажетті қоры бар.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа су тасқыны салдарын жою жөніндегі бұған дейін берілген тапсырмаларының орындалу барысы мен келесі жылы су тасқыны жағдайының алдын алу шаралары туралы айтылды. Зардап шеккендердің барлығына әлеуметтік қолдау көрсетіліп, бүлінген дүние-мүлкі үшін өтемақы төленді. Баспанасынан айырылғандарға 5 767 тұрғын үй сатып алынды және 2576 жаңа үй салынды. Ақмола мен Батыс Қазақстан облыстарындағы 104 нысанда жұмыс аяқталуға жақын. Су тасқынына қарсы іс-шаралар жоспары жүзеге асырылып жатыр.
Кездесу соңында Мемлекет басшысы еліміздің өнеркәсіп әлеуетін одан әрі арттыру және инфрақұрылымды жаңғырту жөнінде бірқатар тапсырма берді.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз