Олжас Бектенов: Подготовка завершена, нужно провести весь отопительный сезон на должном уровне
Олжас Бектенов: дайындық жұмыстары аяқталды, жылу беру маусымын қалыпты деңгейде өткізу қажет
Рабочий вывод
Что важно в документе
Поручено актуализировать контроль и мониторинг инвестиционных обязательств монополий по программе «тариф в обмен на инвестиции».
Обеспечение населения доступным углем является приоритетом.
Необходимо избежать проблем с приобретением угля по стабильным ценам.
08 Октябрь 2024, 10:35 Олжас Бектенов: Подготовка завершена, нужно провести весь отопительный сезон на должном уровне На заседании Правительства под председательством Премьер-Министра Олжаса Бектенова рассмотрены вопросы, связанные с началом отопительного сезона. Министр энергетики Алмасадам Саткалиев, промышленности и строительства – Канат Шарлапаев, а также акимы ряда областей доложили о готовности тепло- и энергосистем страны к зимнему периоду. По данным Министерства энергетики, отопительный сезон в регионах Казахстана стартовал своевременно – в южных областях тепло будет подано в ближайшие дни. На сегодня обеспечена 100% готовность автономных котельных, завершены ремонтные работы 19,9 тыс. км линий электропередач, 376 подстанций, 4 046 распределительных пунктов и трансформаторов. Модернизировано 535 км теплосетей, что составляет 98,5% от плана, 1 133 км сетей водоснабжения и водоотведения. Руководителю Правительства доложено, что все запланированные мероприятия в преддверии зимы идут в строгом соответствии с графиком. На данный момент полностью подготовлены к отопительному сезону образовательные и медицинские учреждения, а также более 99% жилого фонда страны. Олжас Бектенов акцентировал внимание на важности строгого соблюдения сроков и стандартов проведения всех ремонтных работ. На сегодняшний день продолжается модернизация на резервном оборудовании теплоисточников, идет реализация плановых проектов. «Работа проведена очень большая. Это видно как по суммам финансирования, так и по объемам проведенных работ. Теперь самое главное провести весь отопительный сезон на должном уровне, выдерживать все плановые параметры. Важно обеспечить ремонтные подразделения коммунальных предприятий всем необходимым оборудованием для их оперативного реагирования на любые ситуации. Акимам поручаю держать вопросы прохождения отопительного сезона на личном контроле» , — подчеркнул Олжас Бектенов. Премьер-Министр также отметил необходимость обеспечения населения доступным углем. Перед акиматами регионов, а также министерствами промышленности и строительства, транспорта поставлена задача по организации поставок топлива. В приоритетном порядке нужно обеспечить транспортировку вагонами. Олжас Бектенов подчеркнул, у населения не должно быть проблем с приобретением угля по стабильным ценам. Также руководитель Правительства поручил министерствам энергетики и национальной экономики совместно с заинтересованными госорганами актуализировать меры контроля и провести мониторинг исполнения инвестиционных обязательств субъектами естественных монополий в рамках программы «тариф в обмен на инвестиции» по тепло- и электроэнергетике. #Олжас Бектенов #Премьер-министр РК #Заседание Правительства #Отопительный сезон #Энергетика Оставайтесь в курсе событий Премьер-министра и Правительства Казахстана — подписывайтесь на официальный Telegram-канал Подписаться
08 Қазан 2024, 10:35
Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында жылу беру маусымының басталуына байланысты мәселелер қаралды. Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев, өнеркәсіп және құрылыс министрі – Қанат Шарлапаев, сондай-ақ бірқатар облыс әкімдері елдің жылу және энергия жүйелерінің қысқы кезеңге дайындығы туралы баяндады.
Энергетика министрлігінің мәліметінше, Қазақстан өңірлерінде жылу беру маусымы уақтылы басталды – оңтүстік облыстарда жақын күндері жылу беріледі. Бүгінгі таңда автономды қазандықтардың дайындығы 100% қамтамасыз етіліп, 19,9 мың шақырым электр желісінде, 376 қосалқы стансада, 4 046 тарату бекетінде және трансформаторларды жөндеу жұмыстары аяқталды. 535 шақырым жылу желілері жаңғыртылды, бұл жоспардың 98,5%-ы, 1 133 шақырым сумен жабдықтау және су бұру желілерін құрайды. Премьер-Министрге қыс қарсаңындағы жоспарланған барлық іс-шаралар кестеге сәйкес қатаң түрде жүргізіліп жатқаны баяндалды. Қазіргі уақытта білім беру және медициналық мекемелер, сондай-ақ еліміздегі тұрғын үй қорының 99%-дан астамы жылу беру маусымына толық дайын.
Олжас Бектенов барлық жөндеу жұмыстарының мерзімі мен нормаларын қатаң сақтаудың маңыздылығына тоқталды. Бүгінгі таңда жылу көздерінің резервтік жабдықтарын жаңғырту жалғасуда, жоспарлы жобалар іске асырылып жатыр.
«Үлкен жұмыстар атқарылды. Оны бөлінген қаржы көлемінен де, жүргізілген жұмыс ауқымынан да байқауға болады. Енді ең бастысы – жылу беру маусымын қалыпты деңгейде өткізіп, жоспарланған барлық параметрлерді сақтай білу. Коммуналдық кәсіпорындардың жөндеу бөлімшелерін қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету керек. Олар кез келген жағдайға шұғыл әрекет ету үшін дайын болуға тиіс. Әкімдерге жылу беру маусымының барысын жеке бақылауда ұстауды тапсырамын» , — деп атап өтті Олжас Бектенов.
Премьер-Министр халықты қолжетімді көмірмен қамтамасыз ету қажеттігін де баса айтты. Өңір әкімдіктері Өнеркәсіп және құрылыс, Көлік министрліктерімен бірлесіп, коммуналдық және тұрмыстық көмірді жеткізу бойынша барлық мәселелерді шешу тапсырылды. Көмірді вагондармен тасымалдауға басымдық беру қажет. Олжас Бектенов тұрғындар көмірді тұрақты бағамен сатып алуы үшін ешқандай қиындықтар болмауы керек екенін атап өтті.
Сондай-ақ Олжас Бектенов Энергетика, Ұлттық экономика министрліктері мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, жылу және электр энергетикасы бойынша «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасы шеңберінде табиғи монополия субъектілерінің инвестициялық міндеттемелерін орындауына бақылау жасау шараларын өзектендіруді және мониторинг жүргізуді тапсырды.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз