Олжас Бектенов о 4% ВВП: Рост экономики обеспечен развитием отраслей ненефтяного сектора. Это результат диверсификации. Нужно удвоить усилия
Олжас Бектенов 4% ЖІӨ туралы: Экономиканың өсуі мұнайдан тыс секторлардың есебінен қамтамасыз етілді. Бұл – әртараптандыру шараларының нәтижесі. Күш-жігерді еселей түсу қажет
Рабочий вывод
Что важно в документе
Необходимо обеспечить доступное финансирование для перспективных МСП.
Рост экономики за счет ненефтяного сектора подтверждает успешную диверсификацию.
15 Октябрь 2024, 11:00 Олжас Бектенов о 4% ВВП: Рост экономики обеспечен развитием отраслей ненефтяного сектора. Это результат диверсификации. Нужно удвоить усилия На заседании Правительства под председательством Премьер-Министра Олжаса Бектенова подведены итоги социально-экономического развития страны и исполнения республиканского бюджета за 9 месяцев текущего года. С докладами выступили заместитель Премьер-Министра - министр национальной экономики Нурлан Байбазаров, министр финансов Мади Такиев, а также председатель Национального Банка РК Тимур Сулейменов. По отраслевой динамике и привлечению инвестиций заслушаны акимы ряда регионов, где наблюдается отставание от плановых показателей. По данным Министерства национальной экономики, рост ВВП за 9 месяцев текущего года достиг 4% по сравнению с аналогичным периодом прошлого года. Данный показатель обеспечен положительной динамикой в сельском хозяйстве (+11,4%), строительстве (+10,1%), торговле (+6,3%), обрабатывающей промышленности (+4,8%). При этом отмечается снижение добычи нефти, угля. Руководитель Правительства подчеркнул, что рост экономики, обусловленный развитием отраслей ненефтяного сектора , свидетельствует о продолжающейся диверсификации в соответствии с поставленными Главой государства задачами. Отмечена важность активной работы акиматов и министерств для достижения целевых экономических показателей. На сегодня устойчивый рост по основным параметрам демонстрируют Алматинская, Карагандинская, Кызылординская, Павлодарская, Туркестанская, Восточно-Казахстанская области, города Астана и Шымкент. Наименьшие показатели достигнуты в Атырауской, Мангистауской, Жамбылской, Западно-Казахстанской и Акмолинской областях. «Требуется ежедневный мониторинг, принятие своевременных мер, содействующих росту отстающих отраслей. Акиматам необходимо основной акцент сделать на поддержке обрабатывающей промышленности, а также стимулировании строительства и торговли. Здесь есть большие резервы», – подчеркнул Премьер-Министр Олжас Бектенов. Особое внимание на заседании было уделено вопросу привлечения инвестиций в основной капитал. По итогам 9 месяцев 11 регионов не достигли плановых показателей. «Профильные министерства и акиматы должны на постоянной основе оказывать содействие предпринимателям в расширении рынков сбыта своей продукции и экспортной корзины. Надо проводить поиск зарубежных предприятий для релокации производств и содействовать увеличению локализации на действующих производствах. Всем ставлю задачу до конца года обеспечить исполнение целевого индикатора по инвестициям в основной капитал», — поручил Олжас Бектенов, особо выделив обрабатывающий сектор, АПК, транспорт и логистику, а также водоснабжение и электроснабжение. Перед МИДом поставлена задача по усилению инвестиционной работы с ежемесячной отчетностью о результатах и проблемных вопросах на заседаниях Инвестиционного штаба. В рамках исполнения Плана мер по контролю и снижению уровня инфляции руководитель Правительства поручил акимам регионов продолжать работу по сдерживанию цен на социально значимые товары. В сентябре инфляция замедлилась до 8,3%. Одной из приоритетных задач остается поддержка отечественных товаропроизводителей и увеличение доли казсодержания. Премьер-Министр отметил необходимость доступного финансирования малых и средних предприятий с хорошим потенциалом для роста. Вместе с тем министерствам промышленности, финансов, нацэкономики совместно с палатой «Атамекен» нужно обеспечить эффективный мониторинг применения отечественных товаров. По освоению средств – администраторам бюджетных программ поручено усилить финансовую дисциплину. «Государственным и местным исполнительным органам необходимо до конца текущего года мобилизовать все ресурсы для качественного роста экономики. В текущих условиях это непросто. Поэтому надо удвоить усилия в данном направлении. Для этого потребуется слаженная и эффективная работа каждого министерства и региона» , — подчеркнул Олжас Бектенов. #Олжас Бектенов #Премьер-министр РК #Бюджет #Заседание Правительства #Экономика Оставайтесь в курсе событий Премьер-министра и Правительства Казахстана — подписывайтесь на официальный Telegram-канал Подписаться
15 Қазан 2024, 11:00
Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында биылғы 9 айдағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы мен республикалық бюджеттің атқарылу барысы қаралды.
Премьер-Министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров, қаржы министрі Мәди Такиев, сондай-ақ ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Тимур Сүлейменов баяндама жасады. Салалық динамика және инвестиция тарту бойынша жоспарлы көрсеткіштерден артта қалған бірқатар өңір әкімдері тыңдалды.
Ұлттық экономика министрлігінің деректері бойынша осы жылдың 9 айында ЖІӨ өсімі 4%-ға жетті. Бұл көрсеткіш негізінен ауыл шаруашылығы (+11,4%), құрылыс (+10,1%) және сауда (+6,3%), өңдеу өнеркәсібі (+4,8%) салаларындағы оң серпінмен қамтамасыз етілген. Аталған кезеңде мұнай өндіру көлемі төмендеп кетті.
Премьер-Министр мұнайдан тыс секторлардың есебінен экономиканың өсуі Мемлекет басшысы қойған міндеттерге сәйкес экономиканы әртараптандыру шараларының жалғасып жатқанын көрсететінін атап өтті.
Биыл экономиканың өсуі мұнайдан тыс секторлардың есебінен қамтамасыз етілгенін айта кету керек. Бұған экономиканы әртараптандыру шараларының нәтижесінде қол жеткізілді.
Әкімдіктер мен министрліктердің мақсатты экономикалық көрсеткіштерге қол жеткізудегі белсенді жұмысының маңыздылығы атап өтілді. Бүгінгі таңда негізгі параметрлер бойынша Алматы, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарында, Астана және Шымкент қалаларында тұрақты өсімге қол жеткізілді. Ең төмен көрсеткіштер Атырау, Маңғыстау, Жамбыл, Батыс Қазақстан және Ақмола облыстарында тіркелді.
«Артта қалған салаларды жеделдету үшін қажетті шараларды дер кезінде қабылдап, күнделікті мониторинг жүргізу керек. Әкімдіктер өңдеу өнеркәсібін қолдауға, сондай-ақ құрылыс пен сауданы ынталандыруға баса назар аударуы қажет. Мұнда үлкен резервтер бар» , — деп атап өтті Олжас Бектенов.
Отырыста негізгі капиталға инвестиция тарту мәселесіне ерекше назар аударылды. 9 айдың қорытындысы бойынша 11 өңір жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткізген жоқ.
«Салалық министрліктер мен әкімдіктер өнімді сату нарықтары мен экспорттық тауарларды кеңейту үшін кәсіпкерлерге тұрақты түрде қолдау көрсетуге тиіс. Өндірістерді Қазақстанға көшіру үшін шетелдік кәсіпорындарды іздеп тауып, осында орналасқан өндірістерде локализацияны арттыруға жәрдемдесу керек. Жылдың соңына дейін негізгі капиталға салынатын инвестициялар бойынша нысаналы индикатордың орындалуын қамтамасыз ету қажет. Бәріңізге осындай міндет қойып отырмын» , — деп тапсырған Олжас Бектенов, Өңдеу секторы, агроөнеркәсіп, көлік және логистика, сондай-ақ сумен және электрмен жабдықтау салаларын ерекше назарға алу керектігін атап өтті. Сыртқы істер министрлігіне инвестиция тарту жұмысын күшейтіп, оның нәтижесі мен проблемалық мәселелерді Инвестициялық штаб отырыстарына ай сайын ұсынып отыруы міндет етіп қойылды.
Инфляция деңгейін бақылау мен төмендету жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау шеңберінде Премьер-Министр өңір әкімдеріне әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасын тұрақтандыру жұмыстарын жалғастыруды тапсырды. Қыркүйек айында инфляция 8,3%-ға дейін баяулады.
Басым міндеттердің бірі отандық тауар өндірушілерді қолдау және қазақстандық қамту үлесін арттыру болып қала бермек. Премьер-Министр өсу әлеуеті жоғары шағын және орта кәсіпорындарды қолжетімді қаражатпен қамту қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар Өнеркәсіп, Қаржы, Ұлттық экономика министрліктері «Атамекен» палатасымен бірлесіп, отандық тауарларды қолданудың тиімді мониторингін қамтамасыз етуі қажет.
Қаражатты игеру бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне қаржылық тәртіпті күшейту тапсырылды.
«Мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар осы жылдың соңына дейін барлық ресурстарды экономиканың сапалы өсуіне жұмылдыруы керек. Қазіргі жағдайда бұл оңай шаруа емес. Сондықтан осы бағыттағы күш-жігерді еселей түсу қажет. Ол үшін министрліктер мен өңірлер үйлесімді әрі тиімді жұмыс істеуі тиіс» , — деп атап өтті Олжас Бектенов.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз