Премьер-министры Казахстана и Узбекистана обсудили развитие торгово-экономического сотрудничества
Қазақстан мен Өзбекстан премьер-министрлері сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады
Рабочий вывод
Что важно в документе
Премьер-министр Казахстана призвал к расширению мер по развитию торгово-экономического сотрудничества и улучшению инвестиционного климата.
Премьер-министр Узбекистана подчеркнул приоритет межрегионального сотрудничества в двусторонних отношениях.
22 Октябрь 2024, 15:22 Премьер-министры Казахстана и Узбекистана обсудили развитие торгово-экономического сотрудничества Премьер-министры Казахстана Олжас Бектенов и Узбекистана Абдулла Арипов приняли участие в IV Межрегиональном форуме «Узбекистан – Казахстан», который проходит в городе Самарканде. Рассмотрен ход реализации договоренностей, достигнутых президентами двух стран, по увеличению двустороннего товарооборота. Обсуждены вопросы промышленной кооперации, взаимодействия в водной, энергетической и транзитно-транспортной сферах, газовой отрасли. Узбекистан является основным торговым партнером Казахстана в Центрально-Азиатском регионе. По итогам восьми месяцев т.г. объем взаимной торговли составил $2,5 млрд. Олжас Бектенов отметил необходимость расширения мер, направленных на развитие торгово-экономического сотрудничества и создание благоприятных условий для взаимных инвестиций. «У Казахстана и Узбекистана широкие перспективы для совместной работы по всем направлениям. Этому, в первую очередь, способствует доверительный политический диалог между главами государств Касым-Жомартом Кемелевичем Токаевым и Шавкатом Миромоновичем Мирзиёевым. Значительный вклад окажут инвестиционные соглашения и коммерческие контракты на $7 млрд, подписанные в рамках бизнес-форума в Астане. Убежден, что сегодняшняя встреча послужит началом реализации новых прорывных проектов и внесет огромный вклад в обеспечение устойчивого экономического развития всего центрально-азиатского региона», — подчеркнул Олжас Бектенов. Большой экспортный потенциал имеется в нефтехимической, металлургической, автомобильной, индустриальной, пищевой, химической и фармацевтической отраслях. Казахстан готов нарастить экспортные поставки в Узбекистан на сумму свыше $550 млн по 40 видам казахстанских товаров высокого передела. Премьер-министр Узбекистана Абдулла Арипов отметил, что приоритетным направлением отношений между странами на сегодня является развитие межрегионального сотрудничества. «За последние 7 лет взаимный товарооборот между Узбекистаном и Казахстаном вырос почти в 2,5 раза, достигнув в прошлом году $4,4 млрд. Сегодня в Узбекистане действует более 1 тыс. предприятий с участием казахстанского капитала. Приграничные регионы установили прямые и тесные связи друг с другом – Республика Каракалпакстан с Мангистауской областью, Ташкентская с Туркестанской, Навоийская с Кызылординской. Наши другие регионы также последовательно укрепляют связи, развивают торговые отношения и промышленную кооперацию. При этом есть большой потенциал, который еще не реализован» , — отметил Абдулла Арипов. Отдельное внимание в ходе форума уделено развитию промышленной кооперации, предусматривающей реализацию 74 совместных проектов с объемом инвестиций $3,4 млрд и созданием 14,6 тыс. рабочих мест. Из них 65 предприятий планируется открыть на территории РК, что обеспечит 13,6 тыс. новых рабочих мест в стране. В Казахстане на сегодня реализовано 9 совместных проектов, еще 3 — в Узбекистане. Это позволило создать в общей сложности 4,8 тыс. новых рабочих мест. Среди примеров казахско-узбекской промышленной кооперации — мелкоузловое производство автомобилей Chevrolet Onix в Костанае, завод по выпуску бытовой техники в Сарани, швейные и прядильно-ткацкие фабрики в Шымкенте и Туркестанской области, производство автоклавного газобетона в Ангрене и др. Новый импульс совместной работе правительств придаст создание Международного центра промышленной кооперации «Центральная Азия», где будут внедрены услуги по принципу «одного окна», а также предусмотрены налоговые, таможенные льготы и другие преференции для предпринимателей. Кроме того, обсуждены вопросы развития транспортно-логистического потенциала. Через территорию Казахстана транзитом проходит более 50% товарооборота Узбекистана. Налажено 18 маршрутов пассажирских перевозок различными видами транспорта, что открывает новые возможности для дальнейшего углубления связей. В рамках IV Форума межрегионального сотрудничества «Казахстан - Узбекистан», бизнес-форума было подписано 76 документов на сумму более $352 млн. Среди них План практических действий по ускорению реализации договоренностей, достигнутых на высшем уровне. Документ предусматривает реализацию совместных проектов в энергетике, горнодобывающей промышленности, геологии. Также подписаны соглашения о сотрудничестве в торгово-экономической, научно-технической, культурно-гуманитарной сферах между регионами РК и РУ. Следует отметить, что форум стал платформой для активного обсуждения текущих вызовов и перспектив сотрудничества. На его полях руководители министерств, акиматов приграничных регионов и порядка 200 представителей бизнес-кругов двух стран обсудили вопросы межрегионального сотрудничества, развития взаимной торговли и создания совместных предприятий. В формате «B2B» рассмотрены механизмы углубления взаимодействия в таких перспективных направлениях экономики, как металлургия, строительная индустрия, машиностроение, химическая промышленность, сельское хозяйство, пищевая отрасль, IT и туризм. #Олжас Бектенов #Премьер-министр РК #Международное сотрудничество #Промышленность #Торгово-экономическое сотрудничество #Транспорт Оставайтесь в курсе событий Премьер-министра и Правительства Казахстана — подписывайтесь на официальный Telegram-канал Подписаться
22 Қазан 2024, 15:22
Қазақстанның Премьер-министрі Олжас Бектенов пен Өзбекстанның Премьер-министрі Абдулла Арипов Самарқанд қаласында өтіп жатқан «Өзбекстан – Қазақстан» IV өңіраралық форумына қатысты.
Екі ел президенттері қол жеткізген екіжақты тауар айналымын арттыру бойынша уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысы қаралды. Өнеркәсіптік кооперация, су, энергетика, транзит және көлік, газ салаларындағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.
Өзбекстан Қазақстанның Орталық Азия аймағындағы негізгі сауда серіктесі саналады. Биылғы сегіз айдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы өзара сауда көлемі $2,5 млрд құрады. Олжас Бектенов сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға және өзара инвестиция үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған шараларды кеңейту қажеттігін атап өтті.
«Қазақстан мен Өзбекстанның барлық бағытта бірлескен жұмысының келешегі зор. Бұған, ең алдымен, мемлекеттер басшылары Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев пен Шавкат Миромонович Мирзиёев арасындағы сенімді саяси диалог ықпал етіп отыр. Астанада өткен бизнес-форум аясында қол қойылған $7 млрд көлеміндегі инвестициялық келісімдер мен коммерциялық келісімшарттар айтарлықтай үлес қосады. Бүгінгі кездесу жаңа ірі жобаларды жүзеге асырудың бастауы болып, бүкіл Орталық Азия аймағының тұрақты экономикалық дамуына зор үлес қосатытына сенімдімін» , — деп атап өтті Олжас Бектенов.
Мұнай-химия, металлургия, автомобиль, индустриалдық, азық-түлік, химия және фармацевтика салаларында үлкен экспорттық әлеует бар. Қазақстан Өзбекстанға жалпы қосылған құны жоғары қазақстандық тауарлардың 40 түрі бойынша құны $550 млн-нан асатын экспорттық жеткізілімдер көлемін арттыруға дайын.
Өзбекстан Премьер-министрі Абдулла Арипов бүгінде екі ел арасындағы қарым-қатынастың басым бағыты өңіраралық ынтымақтастықты дамыту болып отырғанын атап өтті.
«Соңғы 7 жылда Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы өзара тауар айналымы 2,5 есеге жуық өсіп, өткен жылы $4,4 млрд-қа жетті. Бүгінде Өзбекстанда қазақстандық капиталдың қатысуымен 1 мыңнан астам кәсіпорын жұмыс істейді. Шекаралас өңірлер бір-бірімен – Қарақалпақстан Республикасы Маңғыстау облысымен, Ташкент Түркістан облысымен, Науаи Қызылорда облысымен тікелей әрі тығыз байланыс орнатқан. Біздің басқа аймақтарымыз да байланыстарды дәйекті түрде нығайтып, сауда-саттық және өнеркәсіптік кооперацияны дамытып келеді. Бұл ретте әлі іске асырылмаған үлкен әлеует бар» , — деп атап өтті Абдулла Арипов.
Форум барысында инвестиция көлемі $3,4 млрд-ты құрайтын 74 бірлескен жобаны іске асыруды және 14,6 мың жұмыс орнын құруды көздейтін өнеркәсіптік кооперацияны дамытуға ерекше назар аударылды. Оның ішінде Қазақстан аумағында 65 кәсіпорын ашу жоспарлануда, бұл елімізде 13,6 мың жаңа жұмыс орнын құруды қамтамасыз етеді. Бүгінде елімізде 9, Өзбекстанда тағы 3 бірлескен жоба жүзеге асырылды. Бұл жалпы 4,8 мың жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берді. Қазақ-өзбек өнеркәсіптік кооперациясы ынтымақтастығына мысал ретінде Қостанайдағы Chevrolet Onix автомобильдерінің шағын тораптық өндірісін, Сарандағы тұрмыстық техника шығаратын зауытты, Шымкент қаласындағы және Түркістан облысындағы тігін және жіп иіру-тоқу фабрикалары, Ангрендегі автоклавты газ-бетон өндірісі және басқа да өндіріс орындары жатады. «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығын құру екі ел үкіметтерінің бірлескен жұмысына жаңа серпін бермек. Мұнда «бір терезе» қағидаты бойынша қызметтер енгізіліп, кәсіпкерлер үшін салықтық, кедендік жеңілдіктер мен басқа да артықшылықтар қарастырылған.
Сонымен қатар көлік-логистикалық әлеуетті дамыту мәселелері талқыланды. Өзбекстан тауар айналымының 50%-дан астамы Қазақстан аумағы арқылы транзитпен өтеді. Әртүрлі көлік түрімен 18 бағыт бойынша жолаушылар тасымалы реттелген. Бұл байланыстарды одан әрі тереңдету үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.
«Өзбекстан – Қазақстан» IV өңіраралық ынтымақтастық форумы, іскерлік форум шеңберінде құны $352 млн-нан асатын 76 құжатқа қол қойылды. Оның ішінде жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асырылуын жеделдету жөніндегі Тәжірибелік іс-шаралар жоспары бар. Құжат энергетика, тау-кен өнеркәсібі және геология салаларындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыруды көздейді. Сондай-ақ Қазақстан мен Өзбекстан аймақтары арасында сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойылды.
Айта кету керек, форум қазіргі сын-қатерлер мен ынтымақтастық келешегін белсенді талқылауға арналған алаңға айналды. Оның аясында министрліктердің, шекара маңындағы өңірлер әкімдіктерінің басшылары және екі елдің бизнес-топтарының 200-ге жуық өкілі өңіраралық ынтымақтастық, өзара сауда-саттықты дамыту және бірлескен кәсіпорындар құру мәселелерін талқылады. «B2B» форматында металлургия, құрылыс индустриясы, машина жасау, химия өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі, IT және туризм сияқты экономиканың келешегі бар бағыттарындағы өзара іс-қимылды тереңдету тетіктері қаралды.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз