Мажилис одобрил Закон «О республиканском бюджете на 2025-2027 годы»
Мәжіліс «2025–2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңды мақұлдады
Рабочий вывод
Что важно в документе
Усиление контроля за бюджетными расходами и их эффективностью.
Бюджет социально ориентирован, все обязательства профинансированы.
Планируется построить 100 школ и отремонтировать 200.
30 Октябрь 2024, 15:30 Мажилис одобрил Закон «О республиканском бюджете на 2025-2027 годы» Премьер-министр Олжас Бектенов и члены Правительства приняли участие в пленарном заседании Мажилиса Парламента РК. Депутатами были рассмотрены и приняты внесенные Правительством законопроекты «О республиканском бюджете на 2025-2027 гг.», «О гарантированном трансферте из Национального фонда РК на 2025-2027 гг.» и Прогноз социально-экономического развития страны на 2025-2029 гг. Заместитель Премьер-министра – министр национальной экономики Нурлан Байбазаров представил депутатам проект Закона «О гарантированном трансферте из Национального фонда на 2025-2027 годы» и Прогноз социально-экономического развития страны до 2029 года. Закон «О гарантированном трансферте из Национального фонда Республики Казахстан на 2025–2027 годы» разработан на основе положений Бюджетного кодекса. В нем установлена цена отсечения на нефть на уровне $42,3 за баррель в 2025 году, $41–$39,4 за баррель в 2026-2027 гг. С учетом этого размер гарантированного трансферта в республиканский бюджет на 2025-2027 гг. определен в объеме 2 трлн тенге ежегодно. За основу формирования Прогноза социально-экономического развития страны до 2029 года взят базовый сценарий при цене на нефть в $75 за баррель и курсе доллара 470 тенге. Ожидается, что реальный рост ВВП в 2025 году составит 5,6%, среднегодовой рост за 5 лет – 5,4%. При этом положительная динамика прогнозируется во всех отраслях экономики Казахстана: среднегодовые темпы роста в промышленности составят 4,1%, в том числе в обрабатывающей – 5,8%, горнодобывающей – 2,9%. В сельском хозяйстве среднегодовой рост составит 5,3%, в строительстве – 9,3%, услугах транспорта – 8,2%, торговле – 7,1%. Кроме того, прогнозируется рост экспорта казахстанских товаров до $90 млрд в 2029 году и увеличение доходов республиканского бюджета в 2027 году до 18,2 трлн тенге, или на 16,4%. Основной прирост будет обеспечен за счет темпов развития экономики, улучшения налогового администрирования и снижения доли теневой экономики. При представлении депутатам проекта Закона «О республиканском бюджете на 2025-2027 годы» министр финансов Мади Такиев отметил, что поступления в республиканский бюджет в 2025 год составят 21,7 трлн тенге с увеличением к плану текущего года на 1,2 трлн тенге. При этом бюджет остается социально ориентированным. Всего на социальную сферу в 2025 году планируется направить 9,8 трлн тенге с ростом к текущему году на 862 млрд тенге. Отмечено, что в законопроект были внесены поправки, направленные на повышение качества жизни населения и развитие регионов. Дополнительно предусмотрены расходы на обеспечение населения чистой питьевой водой, развитие системы тепло-, электроэнергетики, транспортной, инженерно-коммуникационной инфраструктуры, развитие регионов, реализацию проекта «Ауыл – ел бесігі». В приоритете – социальное обеспечение и оказание социальной помощи гражданам страны. Расходы на социальные выплаты на 2025 год предусмотрены в сумме 6 трлн тенге с учетом индексации социальных выплат и увеличения числа их получателей. На развитие образования в 2025 году будет выделено свыше 1 трлн тенге с увеличением на 73 млрд тенге. На систему здравоохранения на период с 2025 по 2027 годы предусмотрено 7,6 трлн тенге, из них в 2025 году – 2,4 трлн тенге с ростом на 180 млрд тенге. Регионам из республиканского бюджета в 2025 году будет выделено 7,5 трлн тенге с увеличением на 405 млрд тенге. Важным также является поддержка развития реального сектора экономики: на данное направление в 2025 году предусмотрено 2,1 трлн тенге. В ходе пленарного заседания члены Правительства ответили на вопросы парламентариев. Так, депутат Мажилиса Асхат Рахимжанов адресовал Премьер-министру вопрос касательно планов по исполнению Правительством поручения Президента в части обеспечения роста экономики Казахстана к 2029 году до $450 млрд. «Согласно Прогнозу социально-экономического развития страны на 2025-2029 годах, базовому сценарию, ежегодный рост ВВП, в среднем, запланирован на уровне 5,4%. При достижении такого показателя внутренний валовой продукт страны увеличится с $321 млрд в 2025 году до $498 млрд в 2029 году. Таким образом, задача, поставленная Главой государства по доведению объема ВВП до $450 млрд к 2029 году, будет выполнена. Но Правительство ставит в своей работе для себя более высокие ориентиры, которые предусмотрены в утвержденном Национальном плане развития республики до 2029 года. Согласно этому документу, ежегодный рост ВВП должен составлять от 5,6% до 6,9% в год. Это очень амбициозная задача. Для того, чтобы достичь таких показателей, необходима активная работа по диверсификации экономики, повышению ее сложности, организации запусков производства продукции высокого передела в стране, отход от сырьевой зависимости. Как вы знаете, по итогам 9 месяцам текущего года рост ВВП составил 4%. Причем рост достигнут на фоне снижения объема добычи нефти. То есть мы растем за счет других, ненефтяных отраслей. Экономика развивается за счет сельского хозяйства, которое выросло на 11,4%. За счет транспорта, торговли, которые показали рост выше 6%. Строительство выросло более чем на 10%. Таким образом, рост в этих отраслях позволяет нам поддерживать экономику. Конечно, этого недостаточно. Мы это понимаем, и поэтому будем работать и уже работаем над узловым вопросом: это привлечение серьезных объемов инвестиций в экономику для реализации крупных индустриальных и инфраструктурных проектов в стране. Одной из точек роста станет реализация Национального плана инфраструктурного развития, который предусматривает очень серьезные инвестиции в инфраструктуру. Также по поручению Президента, которое он дал в Послании, на завершающей стадии находится разработка нового Национального проекта по модернизации системы ЖКХ. Национальный проект предусматривает общий объем инвестиций порядка 10 трлн тенге до 2029-2030 годов. Проект принесет серьезные обновления инженерной инфраструктуры, которая, как вы знаете, находится в достаточно плачевном состоянии. Это большие резервы для нашего отечественного бизнеса. В Национальном проекте мы закладываем преимущественное приобретение всех товаров, работ, услуг именно у отечественных предпринимателей. Таким образом, предстоит большая работа, чтобы достичь амбициозных целей. Поручение Президента однозначно будет выполнено», – подчеркнул Премьер-министр. На вопросы депутатов касательно роста ВВП, бюджетного планирования, развития регионов, ключевых отраслей экономики, социальной поддержки населения, прохождения отопительного сезона, ремонта автомобильных дорог, водообеспечения, доступности интернета, лекарственного обеспечения населения, деятельности отечественной киноиндустрии и др. ответили первый заместитель Премьер-министра Роман Скляр, заместитель Премьер-министра – министр национальной экономики Нурлан Байбазаров, вице-премьер Тамара Дуйсенова, министры финансов Мади Такиев, науки и высшего образования Саясат Нурбек, просвещения Гани Бейсембаев, цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Жаслан Мадиев, промышленности и строительства Канат Шарлапаев, здравоохранения Акмарал Альназарова, культуры и информации Аида Балаева, сельского хозяйства Айдарбек Сапаров, торговли и интеграции Арман Шаккалиев, труда и социальной защиты населения Светлана Жакупова. По итогам пленарного заседания Премьер-министр поблагодарил депутатов Мажилиса за поддержку законопроекта о республиканском бюджете и конструктивную дискуссию. Олжас Бектенов подчеркнул, что члены Правительства ведут тесную работу с депутатским корпусом и данная практика будет продолжена. #Олжас Бектенов #Премьер-министр РК #Бюджетная политика #Законопроекты #Поручение Президента #Республиканский бюджет #Экономика Оставайтесь в курсе событий Премьер-министра и Правительства Казахстана — подписывайтесь на официальный Telegram-канал Подписаться
30 Қазан 2024, 15:30
Премьер-министр Олжас Бектенов пен Үкімет мүшелері ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысына қатысты. Депутаттар Үкімет ұсынған «2025–2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы», «ҚР Ұлттық қорынан 2025–2027 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» заң жобаларын және Еліміздің 2025–2029 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамын қарап, мақұлдады .
Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров депутаттарға «ҚР Ұлттық қорынан 2025–2027 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» заң жобасын және Еліміздің 2025–2029 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамын таныстырды.
«Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2024–2026 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» Заң Бюджет кодексі ережелерін негізге ала отырып әзірленді. Онда мұнайдың шекті бағасын 2025 жылы барреліне $42,3 2026–2027 жылдары барреліне $41 – $39,4 деңгейінде белгіленді. Осыны ескере отырып, 2025–2027 жылдарға арналған республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферттің мөлшері жыл сайын 2 трлн теңге көлемінде айқындалды.
Еліміздің 2029 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық даму болжамын қалыптастырудың негізі мұнай бағасы барреліне $75 және доллар бағамы 470 теңге болатын базалық сценарий алынды. 2025 жылы ЖІӨ-нің нақты өсімі 5,6%, 5 жыл ішінде орташа жылдық өсім 5,4% болады деп күтілуде. Бұл ретте ел экономикасының барлық саласында оң динамика болжануда: өнеркәсіпте орташа жылдық өсу қарқыны – 4,1%-ды, оның ішінде өңдеу өнеркәсібінде – 5,8%-ды, тау-кен өндіруде – 2,9%-ды құрайды. Ауыл шаруашылығында орташа жылдық өсім – 5,3%, құрылыста – 9,3%, көлік қызметтерінде – 8,2%, сауда-саттықта – 7,1% болып отыр.
Сонымен қатар 2029 жылы отандық тауарлар экспорты $90 млрд-қа дейін, республикалық бюджет кірісі 2027 жылы 18,2 трлн теңгеге немесе 16,4%-ға артады деп болжанып отыр. Негізгі өсім экономиканың даму қарқыны, салықтық әкімшілендіруді жақсарту және көлеңкелі экономика үлесін төмендету есебінен қамтамасыз етіледі.
«2025–2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасын депутаттарға таныстыру кезінде қаржы министрі Мәди Такиев 2025 жылы республикалық бюджетке түсетін түсімдер осы жылдың жоспарына 1,2 трлн теңгеге ұлғайып, 21,7 трлн теңгені құрайтынын атап өтті. Бұл ретте бюджет әлеуметтік бағдарланған күйде қалады. 2025 жылы әлеуметтік салаға осы жылға қарай 862 млрд теңге өсіммен барлығы 9,8 трлн теңге бөлу жоспарланып отыр. Заң жобасына халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға және өңірлерді дамытуға бағытталған түзетулер енгізілгені атап өтілді. Халықты таза ауыз сумен қамтамасыз етуге, жылу, электр энергетикасы, көлік, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жүйесін жақсартуға, өңірлерді дамытуға, «Ауыл – Ел бесігі» жобасын жүзеге асыруға қосымша шығыстар көзделген.
Ел азаматтарын әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік көмек көрсету басымдыққа ие. 2025 жылға арналған әлеуметтік төлемдерге арналған шығыстар әлеуметтік төлемдерді индекстеуді және оларды алушылар санын арттыруды ескере отырып, 6 трлн теңге көлемінде қарастырылған. Білім беруді дамытуға 2025 жылы 73 млрд теңгеге ұлғайып, 1 трлн теңгеден астам қаржы бөлінеді. Денсаулық сақтау жүйесін дамытуға 2025-2027 жылдары 7,6 трлн теңге қарастырылған, оның ішінде 2025 жылы – 180 млрд теңгеге өсіммен 2,4 трлн теңге бөлінеді.
Өңірлерге 2025 жылы республикалық бюджеттен 405 млрд теңгеге өсіммен 7,5 трлн теңге бөлінеді. Экономиканың нақты секторын дамытуды қолдаудың да маңызы зор: бұл бағытқа 2025 жылы 2,1 трлн теңге көзделген.
Жалпы отырыс барысында Үкімет мүшелері депутаттар сұрақтарына жауап берді. Мәселен, Мәжіліс депутаты Асхат Рахымжанов Премьер-министрге 2029 жылға қарай Қазақстан экономикасы өсімін $450 млрд-қа дейін қамтамасыз ету жөніндегі Президент тапсырмасын орындау бойынша Үкіметтің жоспарына қатысты сауалын жолдады.
«Еліміздің 2025–2029 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкес, базалық сценарий бойынша ЖІӨ-нің жылдық өсімі орта есеппен 5,4% деңгейінде жоспарланған. Мұндай көрсеткішке қол жеткізілген жағдайда еліміздің ішкі жалпы өнімі 2025 жылғы $321 млрд-тан 2029 жылы $498 млрд-қа дейін өседі. Осылайша, Мемлекет басшысының 2029 жылға қарай ЖІӨ көлемін $450 млрд-қа дейін жеткізу міндеті орындалады. Бірақ, Үкімет өз жұмысында Республиканың 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарында көзделген жоғары міндеттер қойып отыр. Аталған құжатқа сәйкес, ЖІӨ-нің жылдық өсімі 5,6%-дан 6,9%-ға дейін болуы тиіс. Бұл – өте ауқымды міндет. Мұндай көрсеткіштерге қол жеткізу үшін экономиканы әртараптандыру, оның күрделілігін арттыру, елімізде тереңдете өңделген өнім өндірісін ұйымдастыру, шикізатқа тәуелділіктен арылу бойынша белсенді жұмыс қажет. Өздеріңіз білесіздер, биылғы 9 айдың қорытындысы бойынша ЖІӨ өсімі 4%-ды құрады. Сонымен қатар бұл өсімге мұнай өндіру көлемінің төмендеуі аясында қол жеткізілді. Яғни, өсім басқа да мұнайдан тыс салалар есебінен өсіп жатыр. Экономика ауыл шаруашылығы есебінен дамып келеді, ол 11,4%-ға өсті. Көлік, сауда есебінен өсім 6%-дан жоғары көрсеткіш көрсетті. Құрылыс 10%-дан астам өсті. Осылайша, бұл салалардағы өсім жалпы экономиканың, ЖІӨ-нің өсімін қолдауға мүмкіндік береді. Әрине, бұл жеткіліксіз, біз мұны түсінеміз, сондықтан да түйінді мәселе бойынша қазірдің өзінде жұмыс істеп жатырмыз. Бұл – еліміздегі ірі индустриялық және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру үшін экономикаға елеулі инвестиция көлемін тарту. Өсу мүмкіндіктерінің бірі – инфрақұрылымға өте маңызды инвестицияларды көздейтін Ұлттық инфрақұрылымды дамыту жоспарын іске асыру болмақ. Сондай-ақ Президент Жолдауында берген тапсырмасына сәйкес, ТКШ жүйесін жаңғыртудың жаңа ұлттық жобасын әзірлеу соңғы сатыда тұр. Ұлттық жобада 2029–2030 жылдарға дейін жалпы инвестиция көлемі шамамен 10 трлн теңге мөлшерінде қарастырылған. Жоба инженерлік инфрақұрылымды айтарлықтай жаңартумен қатар, өздеріңіз білетіндей, бұл салада тозу көрсеткіші өте төмен, бұл – біздің отандық бизнес үшін үлкен резерв. Ұлттық жобада біз тауарлар, жұмыстар, қызметтердің барлығын отандық кәсіпкерлерден басым түрде сатып алуды көздеп отырмыз. Осылайша, алға қойған өршіл мақсаттарға жету үшін әлі де көп жұмыс істеу қажет. Президенттің тапсырмасы міндетті түрде орындалады» , — деп атап өтті Премьер-министр.
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр, Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров, вице-премьер Тамара Дүйсенова, қаржы министрі Мәди Такиев, ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев, өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев, денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова, мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров, сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова депутаттардың ЖІӨ өсімі, бюджетті жоспарлау, өңірлерді дамыту, экономиканың негізгі салалары, халықты әлеуметтік қолдау, жылыту маусымының өтуі, автожолдарды жөндеу жұмыстары, сумен қамтамасыз ету, интернетке қол жеткізу, халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, отандық киноиндустрия қызметі және басқа да мәселелерге қатысты сауалдарына жауап берді.
Жалпы отырыстың қорытындысы бойынша Премьер-министр Мәжіліс депутаттарына республикалық бюджет туралы заң жобасын қолдағаны және сындарлы талқылау үшін алғыс білдірді. Олжас Бектенов Үкімет мүшелері депутаттық корпуспен тығыз жұмыс жүргізіп жатқанын және бұл тәжірибе жалғасын табатынын баса айтты.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз