Олжас Бектенов обсудил с главами американской и французской компаний Alstom и Wabtec планы дальнейшей локализации ж/д машиностроения в РК
Олжас Бектенов америкалық және франциялық Alstom және Wabtec компанияларының басшыларымен Қазақстанда теміржол машинасын жасауды одан әрі локализациялау жоспарларын талқылады
Рабочий вывод
Что важно в документе
Бектенов заявил, что проекты с Alstom и Wabtec сделают Казахстан хабом локомотивостроения.
Премьер-министр встретился с главами Alstom и Wabtec на инвестиционном форуме.
01 Ноябрь 2024, 09:00 Олжас Бектенов обсудил с главами американской и французской компаний Alstom и Wabtec планы дальнейшей локализации ж/д машиностроения в РК Премьер-министр Олжас Бектенов в рамках работы Казахстанского круглого стола по глобальным инвестициям встретился с руководителями крупных международных компаний – мировыми лидерами отрасли железнодорожного машиностроения. С президентом французской компании Alstom по регионам Африки, Ближнего Востока и Центральной Азии Эндрю Делеони обсуждены планы по дальнейшей локализации производства и запуску новых инвестиционных проектов. Alstom является ключевым инвестором железнодорожной индустрии страны. За 10 лет компанией вложено порядка €120 млн в строительство, трансферт технологий и подготовку казахстанских специалистов. Рабочими местами обеспечены более 1 тыс. человек. Открыто 7 производственных баз, в том числе «Электровоз құрастыру зауыты» в Астане, где производятся пассажирские и тяжелогрузные электровозы. Французская компания начала строительство четырех центров технического обслуживания электровозов с созданием свыше 450 новых рабочих мест. Общая сумма проекта составляет €50 млн, открытие первого сервисного центра в городе Шу запланировано уже в начале 2025 года. Завод успешно завоевал свою нишу на рынке Казахстана и СНГ. Спрос на выпускаемую продукцию увеличен с учетом роста контейнерных перевозок с Востока на Запад. На сегодня по объемам производства предприятие занимает около 30% в секторе железнодорожного машиностроения РК. Глава Alstom Эндрю Делеони заявил о поддержке инвестиционной политики Казахстана и подчеркнул, что создаваемые в стране условия для бизнеса способствуют расширению производственных мощностей. Также внимание было уделено перспективам расширения сотрудничества, направленного на развитие индустриального и транспортно-логистического потенциала РК, в том числе обсуждены вопросы партнерства с КТЖ. В ходе встречи с Президентом американской компании Wabtec Рафаэлем Сантаной рассмотрены вопросы внедрения «зеленых» технологий в железнодорожную отрасль. Компания является долгосрочным инвестиционным партнером Казахстана и развивает локализацию производства локомотивов в стране. «Локомотив құрастыру зауыты» – лидер в сфере транспортного машиностроения в Центральной Азии. Завод выпускает грузовые, пассажирские и маневровые локомотивы, которые не только обеспечивают потребности внутреннего рынка, но и экспортируются в такие страны, как Азербайджан, Таджикистан, Туркменистан, Кыргызстан, Монголию и др. На заводе создано свыше 800 рабочих мест. Сотрудники проходят обучение в США без отрыва от производства с последующим участием в региональных и глобальных проектах. В июне т.г. в Астане состоялось открытие нового инженерного центра, где ведется работа над производством «зеленых» локомотивов на альтернативных источниках энергии. В целом, компания намерена инвестировать около $200 млн в развитие новых продуктов с применением альтернативных видов топлива в течение последующих 10 лет, начиная с 2027 года. «Глава государства в своем выступлении на заседании Совета иностранных инвесторов отметил нацеленность Казахстана на укрепление страновых позиций в качестве ключевого евразийского транзитного узла. Особое внимание уделяется развитию транспортно-логистического сектора, обновлению инфраструктуры и локализации машиностроения в нашей стране. Мы высоко ценим инициативы бизнеса, нацеленные на локализацию производства, и готовы оказать поддержку таким компаниям. Реализация подобных проектов позволит Казахстану стать хабом по производству и модернизации локомотивов и встроиться в глобальную цепочку поставок» , — подчеркнул Олжас Бектенов. #Олжас Бектенов #Премьер-министр РК #Инвестиции #Машиностроение #Международное сотрудничество Оставайтесь в курсе событий Премьер-министра и Правительства Казахстана — подписывайтесь на официальный Telegram-канал Подписаться
01 Қараша 2024, 09:00
Премьер-министр Олжас Бектенов Жаһандық инвестиция жөніндегі қазақстандық дөңгелек үстел аясында ірі халықаралық компаниялардың басшыларымен – теміржол машинасын жасау саласының әлемдік көшбасшыларымен кездесті.
Африка, Таяу Шығыс және Орталық Азия өңірлері бойынша Alstom француз компаниясының президенті Эндрю Делеонимен өндірісті одан әрі локализациялау және жаңа инвестициялық жобаларды іске қосу жоспарлары талқыланды.
Alstom – еліміздің теміржол индустриясының негізгі инвесторы. 10 жыл ішінде компания құрылысқа, технологиялар трансферті мен қазақстандық мамандарды оқытуға шамамен €120 млн инвестиция салды. 1 мыңнан астам адам жұмыс орнымен қамтамасыз етілді. Астанада 7 өндірістік база ашылды, оның ішінде жолаушылар және ауыр жүк электровоздарын өндіретін «Электровоз құрастыру зауыты» бар.
Француз компаниясы 450-ден астам жаңа жұмыс орындарын аша отырып, электровозға техникалық қызмет көрсететін төрт орталықтың құрылысын бастады. Жобаның жалпы сомасы €50 млн-ды құрайды, Шу қаласында алғашқы сервистік орталықтың ашылуы 2025 жылға жоспарланған.
Зауыт Қазақстан мен ТМД нарығын бағындырып, өз орнын сәтімен иеленді. Шығыстан батысқа контейнерлік тасымалдың артуына байланысты шығарылатын өнімге сұраныс артты. Бүгінгі таңда өндіріс көлемі бойынша кәсіпорын Қазақстанда теміржол машинасын жасау секторында шамамен 30%-ды алады.
Alstom басшысы Эндрю Делеони Қазақстанның инвестициялық саясатын қолдайтынын мәлімдеп, елімізде бизнес үшін жасалып жатқан жағдайлар өндірістік қуатты кеңейтуге ықпал ететінін атап өтті. Сондай-ақ Қазақстанда индустриялық және көліктік-логистикалық әлеуетін дамытуға бағытталған ынтымақтастықты кеңейту келешегіне назар аударылды, оның ішінде ҚТЖ-мен әріптестік мәселелері талқыланды.
Wabtec америкалық компаниясының президенті Рафаэль Сантанамен кездесу барысында теміржол саласына «жасыл» технологияларды енгізу мәселелері қаралды. Компания Қазақстанның ұзақмерзімді инвестициялық серіктесі саналады әрі елімізде локомотивтер өндірісін локализациялауды дамытуда. «Локомотив құрастыру зауыты» – Орталық Азиядағы теміржол көлігі машинасын жасау саласындағы көшбасшы.
Зауыт ішкі нарықтың қажеттіліктерін қамтамасыз етіп қана қоймай, Әзербайжан, Тәжікстан, Түрікменстан, Қырғызстан, Моңғолия және басқа да елдерге экспортталатын жүк, жолаушылар және маневрлік локомотивтер шығарады. Зауытта 800-ден астам жұмыс орны ашылды. Қызметкерлер АҚШ-та өндірістен қол үзбей оқытылады, содан кейін аймақтық және жаһандық жобаларға қатысады. Биылғы маусым айында Астанада жаңа инженерлік орталық ашылды, онда баламалы энергия көздерінде «жасыл» локомотивтер өндіру жұмысы жүргізілуде. Жалпы, компания 2027 жылдан бастап келесі 10 жыл ішінде баламалы отын түрлерін қолдана отырып, жаңа өнімдерді дамытуға шамамен $200 млн инвестиция салуға ниетті.
«Мемлекет басшысы Шетелдік инвесторлар кеңесі отырысында сөйлеген сөзінде Қазақстанның негізгі Еуразиялық транзиттік хаб ретінде елдік позицияларды нығайтуға бағытталғанын атап көрсетті. Елімізде көлік-логистикалық секторды дамытуға, инфрақұрылымды жаңартуға және машина жасауды локализациялауға ерекше назар аударылады. Біз өндірісті локализациялауға бағытталған бизнес бастамаларын жоғары бағалаймыз және осындай компанияларға қолдау көрсетуге дайынбыз. Мұндай жобаларды іске асыру Қазақстанға локомотивтерді өндіру және жаңғырту хабына айналуға және жеткізушілердің жаһандық тізбегіне енуге мүмкіндік береді» , — деп атап өтті Олжас Бектенов.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз