Главная / Хронология / Комментарий
комментарий

Подготовка соцработников и технические средства для реабилитации, инватакси – Олжас Бектенов поручил масштабировать положительный опыт по поддержке лиц с инвалидностью

Әлеуметтік қызметкерлер даярлау және оңалтуға арналған техникалық құралдар, инватакси – Олжас Бектенов мүгедектігі бар жандарды қолдау бойынша оң тәжірибені кеңінен таратуды тапсырды

Надежность цитирования достаточная опора Человек или должность Правительственный корпус Дата события 6 ноября 2024 В документе достаточно тезисов для уверенной работы, хотя часть формулировок может быть новостным пересказом.

Рабочий вывод

Что важно в документе

3 сигнала
Поручение

Масштабировать опыт регионов по реабилитации детей-инвалидов на дому.

Поручение

Поручено усилить трудоустройство инвалидов.

Оценка

Необходим индивидуальный подход и активизация соцслужб.

06 Ноябрь 2024, 11:30 Подготовка соцработников и технические средства для реабилитации, инватакси – Олжас Бектенов поручил масштабировать положительный опыт по поддержке лиц с инвалидностью На заседании Правительства под председательством Премьер-министра Олжаса Бектенова рассмотрены меры по социальной защите лиц с ограниченными возможностями. По вопросам трудоустройства, медицинской помощи, обучения людей с инвалидностью и создания для них безбарьерной среды доложили профильные министры. С докладами также выступили представители общественных организаций, акимы ряда регионов. Всего в Казахстане зарегистрировано 732 тыс. лиц с инвалидностью. Правительством реализуется комплекс мер по поддержке данной категории граждан и формированию комфортной безбарьерной среды. Так, принят Социальный кодекс, запущена Цифровая карта семьи, позволяющая проводить постоянный мониторинг и анализ благосостояния казахстанских семей. Кроме того, упрощен и переведен в проактивный формат порядок оформления инвалидности, внедрено его заочное установление. В рамках работы Портала социальных услуг доступна возможность выбирать необходимые технические средства и процедуры для реабилитации. Премьер-министр отметил, что система поддержки государством лиц с инвалидностью постоянно совершенствуется. В регионах открываются реабилитационные центры. Только за прошедший год подобные объекты появились в области Абай, Жамбылской и Туркестанской областях. До конца года будет введен в эксплуатацию центр в Западно-Казахстанской области. Акимату Актюбинской области поручено активизировать работу по завершению строительства. Далее открыть подобные социальные учреждения планируется в Акмолинской, Атырауской областях, Жетісу и Шымкенте. Особое внимание уделено вопросам формирования инклюзивной городской среды. На сегодня в Казахстане к потребностям лиц с инвалидностью адаптировано 45% инфраструктуры. Олжас Бектенов подчеркнул, что важно проводить качественную работу в этом направлении, без формализма, для достижения реального эффекта. «По поручению Главы государства ведется планомерная работа по созданию благоприятной и комфортной среды для людей с ограниченными возможностями. Необходимо активизировать работу по адаптации объектов под нужды лиц с инвалидностью, пожилых людей. Особенно это касается социальных объектов, аптек, продуктовых магазинов и торговых центров. Министерству промышленности и строительства поручаю пересмотреть действующие стандарты, чтобы повысить качество и ответственность участников строительства. Нужен контроль за соблюдением норм» , — подчеркнул Олжас Бектенов. Руководитель Правительства также акцентировал внимание на решении вопроса с перевозками лиц с инвалидностью посредством внедрения инватакси. В настоящее время в республике функционирует почти 150 таких служб. Перед акиматами поставлена задача по содействию в увеличении парка автомобилей. Премьер-министр поручил Министерству труда совместно с акиматами и бизнесом уделить особое внимание вопросу трудоустройства лиц с инвалидностью. Для удобства поиска подходящих вакансий создана специальная электронная биржа труда – государством субсидируются рабочие места. При этом из общего числа трудоспособных людей с инвалидностью работу находят порядка 39%. Министерству здравоохранения необходимо качественно улучшить работу по ранней диагностике заболеваемости и раннему вмешательству для предупреждения инвалидности. Вместе с тем важно усилить подготовку педагогов, которые работают с детьми с ограниченными возможностями – соответствующая задача поставлена перед министерствами просвещения и науки. Руководитель Правительства поручил масштабировать опыт ряда регионов по подбору инновационных технических средств для непрерывной реабилитации детей с инвалидностью в домашних условиях. В настоящее время такая услуга доступна в Павлодарской, Кызылординской областях, области Абай и Шымкенте. Вместе с тем в 14 университетах страны ведется подготовка социальных работников. Отмечена необходимость полной интеграции информационных систем здравоохранения и труда в целях дальнейшего повышения качества медико-социальной экспертизы. В связи с этим профильным министерствам поручено завершить работы до конца т.г. В целом с начала 2024 года в государственные органы поступило свыше 16 тыс. обращений от лиц с инвалидностью. Олжас Бектенов подчеркнул, что в решении проблемных вопросов необходим индивидуальный подход, социальным службам важно активизировать свою работу. «Необходимо продолжить работу по созданию и продвижению новых стандартов социальной политики. Наиболее актуальным является разработка и внедрение инновационных технологий в систему социального обеспечения и защиты. Все эти вопросы должны быть аккумулированы в разрабатываемой по поручению Главы государства Концепции по инклюзивной политике. В декабре этот документ должен быть принят. Поэтому Министерству труда необходимо внести в Правительство проект концепции уже к 15 ноября. В целом, вопросы по улучшению качества жизни лиц с инвалидностью должны находиться на постоянном контроле первых руководителей центральных и местных государственных органов» , — подчеркнул Олжас Бектенов. #Олжас Бектенов #Премьер-министр РК #Заседание Правительства #Здравоохранение #Соцзащита #Цифровизация Оставайтесь в курсе событий Премьер-министра и Правительства Казахстана — подписывайтесь на официальный Telegram-канал Подписаться

06 Қараша 2024, 11:30

Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында мүгедектігі бар жандарды әлеуметтік қорғау шаралары қаралды. Тиісті министрлер мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру, медициналық көмек, оқыту және олар үшін кедергісіз орта құру мәселелері туралы баяндады. Сондай-ақ қоғамдық ұйымдар өкілдері, бірқатар өңір әкімдері баяндама жасады.

Қазақстанда барлығы 732 мың мүгедектігі бар адам тіркелген. Үкімет азаматтардың осы санатын қолдау және жайлы кедергісіз ортаны қалыптастыру жөніндегі шаралар кешенін іске асыруда. Мәселен, Әлеуметтік кодекс қабылданды, қазақстандық отбасылардың әл-ауқатына тұрақты мониторинг пен талдау жүргізуге мүмкіндік беретін Отбасының цифрлық картасы іске қосылды. Бұдан басқа, мүгедектікті ресімдеу тәртібі оңайлатылып, проактивті форматқа ауыстырылды, оны сырттай белгілеу енгізілді. Әлеуметтік қызметтер порталының жұмысы шеңберінде оңалту үшін қажетті техникалық құралдар мен рәсімдерді таңдау мүмкіндігі қолжетімді.

Премьер-министр мүгедектігі бар адамдарды мемлекеттің қолдау жүйесі үнемі жетілдіріліп отыратынын атап өтті. Өңірлерде оңалту орталықтары ашылуда. Өткен жылы Абай, Жамбыл және Түркістан облыстарында оңалту орталықтары ашылды. Батыс Қазақстан облысындағы орталық жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Ақтөбе облысының әкімдігіне оңалту орталығының құрылысын аяқтау үшін жұмыс қарқынын күшейту тапсырылды. Осындай орталықтарды Ақмола, Атырау, Жетісу облыстары мен Шымкент қаласында салу жоспарланып отыр.

Инклюзивті қалалық ортаны қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Бүгінгі таңда Қазақстанда мүгедектігі бар адамдардың қажеттіліктеріне инфрақұрылымның 45%-ы бейімделген. Олжас Бектенов нақты нәтижеге жету үшін көзбояушылыққа жол бермей, сапалы жұмыс жүргізу маңызды екенін атап өтті.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша мүгедектігі бар жандарға қолайлы әрі жайлы орта қалыптастыру бағытында жоспарлы жұмыс жүріп жатыр. Нысандарды мүгедектігі бар адамдардың, қарттардың ыңғайына қарай бейімдеу жұмысын күшейту қажет. Бұл, әсіресе әлеуметтік нысандарға, дәріханаларға, азық-түлік дүкендері мен сауда орталықтарына қатысты. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне құрылыстың сапасы мен жауапкершілікті арттыру үшін қолданыстағы стандарттарды қайта қарауды тапсырамын. Нормалардың сақталуын бақылау қажет» , — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Үкімет басшысы сондай-ақ инватакси енгізу арқылы мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау мәселесін шешуге баса назар аударды. Қазіргі уақытта республикада осындай 150-ге жуық қызмет жұмыс істейді. Әкімдіктердің алдына автомобильдер паркін ұлғайтуға жәрдемдесу міндеті қойылды.

Премьер-министр Еңбек министрлігіне әкімдіктермен және бизнеспен бірлесіп мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру мәселесіне ерекше назар аударуды тапсырды. Қолайлы бос жұмыс орындарын іздеудің ыңғайлылығы үшін арнайы электрондық еңбек биржасы құрылды – мемлекет жұмыс орындарын субсидиялайды. Бұл ретте мүгедектігі бар еңбекке қабілетті адамдардың жалпы санының шамамен 39%-ы жұмыс табады.

Денсаулық сақтау министрлігі мүгедектіктің алдын алу үшін ауруды ерте диагностикалау және ерте араласу жөніндегі жұмысты сапалы жақсартуы қажет. Сонымен қатар мүгедектігі бар балалармен жұмыс істейтін педагогтерді даярлауды күшейту маңызды – тиісті міндет оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім министрліктерінің алдына қойылды.

Үкімет басшысы үйде мүгедектігі бар балаларды үздіксіз оңалту үшін инновациялық техникалық құралдарды іріктеу бойынша бірқатар өңірдің тәжірибесін кеңейтуді тапсырды. Қазіргі уақытта мұндай қызмет Павлодар, Қызылорда, Абай облыстарында және Шымкент қаласында қолжетімді. Сонымен қатар еліміздің 14 университетінде әлеуметтік қызметкерлерді даярлау жұмысы жүргізілуде.

Медициналық-әлеуметтік сараптаманың сапасын одан әрі арттыру мақсатында денсаулық сақтау мен еңбектің ақпараттық жүйелерін толық интеграциялау қажеттілігі атап өтілді. Осыған байланысты салалық министрліктерге осы жылдың соңына дейін жұмысты аяқтау тапсырылды.

Жалпы, 2024 жылдың басынан бастап мемлекеттік органдарға мүгедектігі бар адамдардан 16 мыңнан астам өтініш түсті. Олжас Бектенов түйткілді мәселелерді шешуде жеке көзқарас қажет екенін, әлеуметтік қызметтердің өз жұмысын жандандыруы маңызды екенін атап өтті.

«Әлеуметтік саясаттың жаңа стандарттарын жасау мен ілгерілету жұмысын жалғастыру қажет. Инновациялық технологияларды әзірлеу және оларды әлеуметтік қамсыздандыру мен қорғау жүйесіне енгізу – өте өзекті мәселе. Оның барлығы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленіп жатқан Инклюзивті саясат жөніндегі тұжырымдамада көрініс табуға тиіс. Бұл құжат желтоқсан айында қабылдануы керек. Сондықтан Еңбек министрлігі тұжырымдама жобасын Үкіметке 15 қарашаға қарай енгізуі қажет. Жалпы, мүгедектігі бар адамдардың тұрмыс сапасын жақсарту мәселелері орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының тұрақты бақылауында болуы тиіс» , — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз