статья

Олжас Бектенов: Диверсификация экономики – одна из главных задач Правительства

Олжас Бектенов: Экономиканы әртараптандыру – Үкіметтің басым міндеттерінің бірі

Надежность цитирования ограниченная опора Человек или должность Правительственный корпус Дата события 21 ноября 2024 Документ полезен, но тезисов мало: для выводов лучше сразу перепроверять первоисточник.

Рабочий вывод

Что важно в документе

1 сигнал
Позиция

Правительство продолжит активную работу по диверсификации экономики.

21 Ноябрь 2024, 12:10 Олжас Бектенов: Диверсификация экономики – одна из главных задач Правительства Премьер-министр Олжас Бектенов и члены Правительства приняли участие в пленарном заседании Сената Парламента РК. Депутатами рассмотрены законопроекты о республиканском бюджете и о гарантированном трансферте из Национального фонда РК на 2025-2027 годы. В ходе пленарного заседания депутат Сената Суиндик Алдашев адресовал Премьер-министру вопрос касательно планов Правительства по построению диверсифицированной экономики, развитию отраслей высоких переделов и увеличению несырьевого экспорта. «Диверсификация экономики – это одна из главных задач Правительства. Глава государства всегда уделяет этому вопросу большое внимание. Правительством и государственными органами ведется активная работа в данном направлении, и на сегодня уже есть результаты. Согласно статистике, обрабатывающая промышленность по объему превысила сырьевой сектор. Если доля обрабатывающей промышленности составляет 47%, то доля сырьевого сектора - 45%. В этом направлении необходимо продолжать активную работу. Одна из принятых мер – направление сырья в приоритетном порядке на внутренний рынок, а не на экспорт. Ее результатом стало увеличение внутренней переработки алюминия и меди в 2 раза. Это хороший показатель. В области диверсификации экономики важным является поддержка отечественных производителей в части государственного закупа. В этом направлении также принимаются необходимые меры. Список товаров, закупаемых только у отечественных производителей, мы увеличили от 1,5 тыс. до 4,5 тыс. товарных позиций. Это большая поддержка, государственные органы и квазигосударственные компании по этим 4,5 тыс. товарным позициям не могут приобретать импортные товары, а закупают их исключительно у отечественных производителей. В результате сумма заключенных с отечественными товаропроизводителями договоров выросла на 55% и достигла 350 млрд тенге. Еще одним важным шагом является заключение офтейк-контрактов на поставку продукции с отечественными производителями. Правительство и Фонд «Самрук-Казына» активно работают в этом направлении. Общая сумма офтейк-контрактов в этом году достигла 134 млрд тенге. Показатель в 14 раз выше по сравнению с прошлым годом. При этом во всех регионах страны на сегодня реализуются масштабные промышленные проекты. К примеру, в Атырауской области открылся крупный завод по производству полипропилена. Его годовая производственная мощность составляет 1 млн тонн полипропилена. Если сравнить со всеми нефтегазохимическими заводами Центральной Азии, Южного Кавказа, мощности нашего завода в Атырау гораздо выше. Очень большое и современное производство. В городе Костанай компания Kia строит завод по производству автомобилей полного цикла. Предприятие будет запущено в следующем году. В Алматы откроется мультибрендовый автозавод. В городе Сарань открыт завод по производству автомобильных шин, который тоже является крупным современным производством. Такие производства есть в каждом регионе. Реализация этих проектов позволяет изменить структуру нашей экономики. В результате принятых мер в текущем году мы видим рост экспорта готовой продукции на 6,4%, в то время как импорт готовой продукции снизился на 7,2%. Правительство, государственные органы продолжат активную работу в этом направлении», — отметил Олжас Бектенов. #Олжас Бектенов #Поручение Президента #Экономика Оставайтесь в курсе событий Премьер-министра и Правительства Казахстана — подписывайтесь на официальный Telegram-канал Подписаться

21 Қараша 2024, 12:10

Премьер-министр Олжас Бектенов пен Үкімет мүшелері ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысына қатысты. Депутаттар 2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет және ҚР Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферт туралы заң жобаларын қарады.

Пленарлық отырыс барысында Сенат депутаты Сүйіндік Алдашев Премьер-министрге Үкіметтің әртараптандырылған экономика құру, жоғары деңгейде қайта өңдеу салаларын дамыту және шикізаттық емес экспортты ұлғайту жөніндегі жоспарларына қатысты сауал жолдады.

«Экономиканы әртараптандыру – ол Үкіметтің алдында тұрған ең маңызды міндеттердің бірі деп айтуға болады. Мемлекет басшысы да осы мәселеге үнемі назар аударады. Сондықтан Үкімет және құзырлы органдар осы бағытта белсенді жұмыс жасап жатыр.

Қазірдің өзінде нәтижесі бар деп айтуға болады. Статистикаға сүйенсек, өңдеу өнеркәсібі көлемі бойынша қазір шикізат секторынан асып кетіп жатыр.

Нақты цифрларды айтатын болсақ, өңдеу өнеркәсібінің үлесі 47%-ды құраса, шикізат секторының үлесі 45%-ды құрады.

Бірақ, әрине, осы бағытта әрі қарай да белсенді жұмыс атқару керек. Қабылданған шешімдердің арқасында, өздеріңіз білетіндей, біз қазір бірінші кезекте шикізатты экспортқа емес, ішкі нарыққа жіберіп жатырмыз. Осы шаралардың нәтижесінде біз қазір алюминий мен мыс бойынша өңдеу көрсеткіштерін екі есеге ұлғайттық. Бұл – дұрыс нәтиже.

Жалпы экономиканы әртараптандыру бағытында өте маңызды мәселе – ол отандық өндірушілерді қолдау. Мысалы, мемлекеттік сатып алу шеңберінде. Осы бағытта да тиісті шаралар қабылданып жатыр. Біз қазір тек қазақстандық тауар өндірушілерден сатып алынатын тауарлардың тізбесін 1,5 мыңнан 4,5 мыңға дейін тауарлық позицияға жеткіздік. Ол деген үлкен қолдау. Яғни, кез келген мемлекеттік орган немесе квазимемлекеттік компания осы төрт жарым мың тауарлық позиция бойынша ешқандай импорттық тауарларды сатып ала алмайды, тек Қазақстанда жасалған тауарларды сатып ала алады.

Осы шараның нәтижесінде биылдың өзінде қазақстандық тауар өндірушілермен жасалған келісімшарттардың саны 55%-ға өсті, яғни осы келісімшарттардың жалпы сомасы 350 млрд теңгеге дейін жетті.

Тағы бір маңызды қадам – ол отандық өндірушілермен офтейк-келісімшарттарды жасау. Осы бағытта да қазір Үкімет және Самұрық-қазына қоры белсенді жұмыс жасап жатыр. Биыл офтейк-келісімшарттардың жалпы сомасы 134 млрд теңгеге дейін жетті. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14 есеге жоғары.

Сонымен қатар еліміздің барлық өңірлерінде ірі-ірі өндірістік жобалар іске асырылып жатыр. Мысалы Атырау облысында полипропилен шығаратын зауыт ашылды. Оның жылдық өндірістік қуаттылығы 1 млн тонна полипропилен. Салыстыратын болсақ, Орталық Азия және Оңтүстік Кавказдағы барлық мұнай-газ химиясы зауыттарын алатын болсақ, біздің Атыраудағы зауыттың қуаттылығына жетпейді. Өте ірі және заманауи өндіріс.

Қостанай қаласында Kia компаниясы қазір өздерінің толыққанды цикл бойынша автомобиль шығаратын зауытын салып жатыр. Келесі жылы іске қосылатын болады. Алматыда мультибренд автомобиль шығаратын зауыт ашылады.

Саран қаласында автомобиль шиналарын шығаратын зауыт ашылды. Өте ірі, заманауи өндіріс. Осыны жалғастыруға болады. Мен айтып өткендей, әрбір өңірде осындай ірі жобалар бар.

Әрине, мұндай өндірістер жалпы біздің экономиканың құрылымын өзгертуге мүмкіндік беретін жобалар. Және біз осы бағытта жұмысты жалғастыратын боламыз. Қабылданып жатқан шаралардың нәтижесінде биыл біз көріп жатырмыз өңделген өнім экспорты 6,4%-ға өсіп жатыр, керісінше дайын өнім ипорты 7,2%-ға төмендеді. Бірақ, әрине біз Үкімет, құзырлы органдар осы бағытта әрі қарай да белсенді жұмыс атқаруды жалғастырамыз», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз