статья

На электронных аукционах реализованы 15 нефтегазовых участков в этом году – Минэнерго

Биыл электрондық аукциондарда 15 мұнай-газ учаскесі сатылды – Энергетика министрлігі

Надежность цитирования редакционный фон Человек или должность Правительственный корпус Дата события 3 декабря 2024 Материал выглядит как новостной или редакционный фон без подтвержденной содержательной речи.
Паспорт доказательности qazvision:document:2795 · af6678f9d1ad
ПервоисточникPrimeminister.kz
Обновлено03.08.2026 03:04
ЯзыкиRU, KK
Типы опорытезисов нет

Контрольная сумма опубликованного текстового слоя: af6678f9d1ad79bc606815ca311efeb678c0378589e25b7b3d7771ec42db5b3c

На заседании Правительства под председательством Премьер-министра Олжаса Бектенова вице-министр энергетики Ерлан Аккенженов рассказал о работе по развитию геологической отрасли в сфере углеводородов. Он отметил, что Казахстан обладает значительными потенциальными ресурсами, которые остаются неизученными или малоизученными. В целях улучшения инвестиционного климата проводится системная работа по совершенствованию законодательства в сфере недропользования.

В рамках принятых в 2023 году поправок введены нормы в части: увеличения сроков разведки в обмен на дополнительные инвестиции в разведку; стимулирования разработки истощаемых (зрелых) месторождений; отказа недропользователя от бурения по результатам сейсморазведочных работ.

Также были оптимизированы адмпроцедуры при операциях по недропользованию и экспертизе базовых проектных документов: внедрен уведомительный порядок по проектам разведочных работ на этапе поиска, а также проведение экологической экспертизы после отраслевой экспертизы проектных документов. Кроме того, поправки в законодательство предусматривают снижение финансовых и административных издержек недропользователей, сокращение сроков рассмотрения документов. В 2024 году также планируются поправки в законодательство в сфере недропользования.

В частности, планируется обеспечить приоритетное право на недропользование инвесторам, осуществляющим геологическое изучение на малоизученных территориях за счет своих средств; реализовать и освоить участки, по которым отсутствует заинтересованность нацкомпаний в области углеводородов. Поправки также направлены на ограничение нацкомпаний 3-х летним периодом на подачу заявления по проведению прямых переговоров с даты включения соответствующего участка недр в программу управления государственным фондом недр.

В случае отсутствия заявлений от национальных компаний в указанный срок, участок будет выставлен на аукцион. В целях исключения спекулятивных действий предлагается в течение первых 3-х лет с даты заключения контракта на разведку и добычу запретить отчуждение права недропользования (доли в праве недропользования), поскольку одним из условий, принятых на аукционе, является обязательство по выполнению победителем геологоразведки (бурению скважин). На данный момент законопроект находится на рассмотрении Аппарата Правительства.

В целях ускоренного вовлечения месторождений в разработку осуществлен переход с разведки на оценку по одному контракту и с разведки на добычи по десяти контрактам. «В текущем году проведено 2 электронных аукциона, на которых реализованы 15 участков. Окончательный размер подписного бонуса составил – 32,7 млрд тенге, из них на сегодняшний день в бюджет поступило 9,1 млрд тенге. Инвестиции в геологоразведку составили $82,5 млн», — сказал Ерлан Аккенженов.

Также сданы в уведомительном порядке 56 проектов поисковых работ, утвержденные самим недропользователем. Таким образом, каждым недропользователем сэкономлено порядка двух месяцев на прохождение государственной экспертизы проектных документов. Это позволило недропользователям быстрее приступить к выполнениям полевых работ. За 9 месяцев текущего года недропользователями инвестировано на геологоразведку – 125,9 млрд тенге.

03 Желтоқсан 2024, 15:28

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында энергетика вице-министрі Ерлан Ақкенженов көмірсутектер саласындағы геология саласын дамыту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс туралы баяндады.

Ол Қазақстанның зерттелмеген немесе аз зерттелген елеулі әлеуетті ресурстарға ие екенін атап өтті.

«2022 жылға дейін геологиялық барлауға инвестициялардың төмендеу тенденциясы байқалады. Инвестициялық ахуалды жақсарту мақсатында жер қойнауын пайдалану саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша тұрақты жұмыс жүргізілуде», — деп мәлімдеді вице-министр.

2023 жылы қабылданған түзетулер шеңберінде:

барлауға қосымша инвестициялардың орнына барлау уақытын ұлғайту;

таусылған (жетілген) кен орындарын игеруді ынталандыру;

жер қойнауын пайдаланушының сейсмикалық барлау жұмыстарының нәтижелері бойынша бұрғылаудан бас тартуы бөліктері бойынша нормалар енгізілді.

Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың және негізгі жобалау құжаттары сараптамасының кезінде:

іздестіру сатысындағы геологиялық барлау жобаларын хабарлау тәртібі;

жобалау құжаттарын салалық бағалаудан кейін экологиялық сараптаманы жүргізу бойынша әкімшілік рәсімдер оңтайландырылды.

Жер қойнауын пайдаланушылардың қаржылық және әкімшілік шығындарын азайту:

тиімсіз сараптамаларды жою;

құжаттарды өңдеу уақытын қысқарту .

2024 жылы әзірленіп жатқан өзгерістер:

өз қаражаты есебінен аз зерттелген учаскелерде геологиялық зерттеуді жүзеге асыратын инвесторларға жер қойнауын пайдалануға басым құқықтарды беруді қамтамасыз етуге;

көмірсутектер саласындағы ұлттық компаниялардың мүддесі жоқ учаскелерді өткізуге және игеруге мүмкіндік береді.

«Түзетулер ұлттық компанияларға тиісті жер қойнауы учаскесін мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасына енгізілген күннен бастап тікелей келіссөздер жүргізуге өтінім беру үшін 3 жыл мерзіммен шектеуге бағытталған. Көрсетілген мерзімде ұлттық компаниялардан өтінім түспесе, учаске аукционға шығарылады», — деп түсіндірді энергетика вице-министрі Ерлан Ақкенженов.

Оның айтуынша, алыпсатарлық әрекеттерді болдырмау мақсатында барлауға және өндіруге арналған келісімшарт жасалған күннен бастап алғашқы 3 жыл ішінде жер қойнауын пайдалану құқығын иеліктен шығаруға тыйым салу ұсынылады.

«Өйткені шарттардың бірі аукционда қабылданған – жеңімпаздың геологиялық барлауды орындау жөніндегі міндеттемесі (ұнғымаларды бұрғылау). Қазіргі уақытта заң жобасы Үкімет Аппаратының қарауында», — деді Ерлан Ақкенженов.

2024 жылы қабылданған түзетулердің арқасында күрделі жобалар бойынша үш келісімшартқа қол қойылды:

Қаражар учаскесін барлауға «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясымен;

Малдыбай және Шалқар учаскелерін барлауға «Qazaqgaz» ұлттық компаниясымен.

Кен орындарын тезірек игеруге тарту мақсатында бір келісімшарт бойынша барлаудан бағалауға, ал он келісімшарт бойынша барлаудан өндіруге көшу жүзеге асырылды.

«Биыл екі электронды аукцион өткізілді, олардың барысында 15 учаске сатылды. Қол қою бонусының түпкілікті көлемі 32,7 млрд теңгені құрады, оның ішінде бүгінгі таңда бюджетке 9,1 млрд теңге түсті. Геологиялық барлауға салынған инвестиция көлемі $82,5 млн-ды құрады», — деді спикер.

Сондай-ақ 56 іздеу жұмыстарының жобасы ескерту тәртібінде тапсырылып, оларды жерқойнауын пайдаланушылар өздері бекітті. Бұл әрбір жерқойнауын пайдаланушыға жобалау құжаттарын мемлекеттік сараптамадан өткізуге кететін екі ай уақытты үнемдеуді, далалық жұмыстарды жылдам бастауға мүмкіндік берді

«Биылғы 9 айда жер қойнауын пайдаланушылар тарапынан 4,3 трлн теңге инвестиция құйылды, оның ішінде геологиялық барлауға 125,9 млрд теңге жұмсалды. Министрлік көмірсутектер саласындағы геологиялық саланы дамыту үшін мемлекеттік қолдау шараларын жетілдіру жұмыстарын жүйелі түрде жалғастырады. Мұнда әр кезеңде жер қойнауын пайдалану құқығын берудің түсінікті және ашық рәсімдерін қамтамасыз ету басты назарда болады», — деп түйіндеді сөзін вице-министр.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Медийный отклик

Связанные нарративы и тезисы, которые получили заметный отклик в Echo.

Открыть Echo
Проверяю связи с нарративами и медийным откликом...