статья

Объем рынка электронной торговли в Казахстане достиг 3,2 трлн тенге: в Правительстве рассмотрены меры по усилению защиты потребителей и производителей в отрасли

Қазақстандағы электрондық сауда нарығының көлемі 3,2 трлн теңгеге жетті: Үкіметте осы саладағы тұтынушылар мен өндірушілер құқығын қорғау деңгейін арттыру шаралары қаралды

Надежность цитирования ограниченная опора Человек или должность Правительственный корпус Дата события 14 января 2025 Документ полезен, но тезисов мало: для выводов лучше сразу перепроверять первоисточник.

Рабочий вывод

Что важно в документе

2 сигнала
Поручение

Премьер-министр поручил усилить потенциал «Казпочты» для развития электронной торговли.

Поручение

Премьер-министр поручил подготовить предложения по защите потребителей и производителей в электронной торговле до конца февраля.

14 Январь 2025, 11:05 Объем рынка электронной торговли в Казахстане достиг 3,2 трлн тенге: в Правительстве рассмотрены меры по усилению защиты потребителей и производителей в отрасли На заседании Правительства под председательством Премьер-министра РК Олжаса Бектенова рассмотрен вопрос развития электронной торговли. С докладом выступил министр торговли и интеграции Арман Шаккалиев. Заслушаны представители отрасли: председатель правления компании «Казпочта» Асель Жанасова, председатель «Халык банка» Умут Шаяхметова, председатель совета Ассоциации «Цифровой Казахстан» Денис Степанцев. В 2024 году объем рынка электронной торговли в Казахстане составил 3,2 трлн тенге, а его доля от общего объема розничной торговли достигла 14,5%. Отмечена важность электронной торговли как драйвера экономического роста. Отрасль позволила создать более 300 тыс. рабочих мест, а рост производительности труда составил более 30% по отношению к традиционным магазинным и рыночным продажам. С учетом развития рынка электронной торговли руководитель Правительства Олжас Бектенов акцентировал внимание на необходимости снижения рисков как для потребителей в приобретении некачественного товара, так и для производителей, которые сталкиваются с недобросовестной конкуренцией. «Существенную долю нашего рынка занимают зарубежные интернет-площадки. Мы можем их эффективно использовать для наращивания экспорта отечественных товаров. С другой стороны, возникают вопросы с защитой прав потребителей, интеллектуальной собственности и персональных данных наших граждан. Уровень качества товаров на маркетплейсах также вызывает вопросы. Не только иностранные площадки, но и отечественные маркетплейсы не гарантируют качество. Информация о подлинности товара часто отсутствует», – отметил Олжас Бектенов. В связи с этим Министерству торговли и интеграции дан ряд поручений. Премьер-министр поставил задачу по выработке мер по цифровизации всей торговой деятельности в Казахстане, включая рынки и небольшие магазины «у дома». Совместно с министерствами юстиции и цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности необходимо выработать конкретные меры по повышению уровня защиты прав потребителей в электронной торговле. Олжас Бектенов поручил внести соответствующие предложения до конца февраля. Вместе с тем дано поручение по выработке дополнительных мер господдержки развития электронной коммерции совместно с заинтересованными госорганами и Ассоциацией «Цифровой Казахстан». С учетом ранее принятого Плана по развитию электронной торговли до 2027 года, предложений отечественного бизнес-сообщества и опыта работы с маркетплейсами необходима актуализация положений документа до конца марта текущего года. Поставлена задача по формированию эффективных цепочек поставок товаров как внутри страны, так и на международном уровне совместно с заинтересованными госорганами и бизнес-сообществом до конца марта. Также руководитель Правительства поручил нарастить имеющийся потенциал «Казпочты». Перед министерствами цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности, торговли поставлена задача по разработке Плана развития национального почтового оператора. #Премьер-министр РК #Заседание Правительства #Торговля #Экономика Оставайтесь в курсе событий Премьер-министра и Правительства Казахстана — подписывайтесь на официальный Telegram-канал Подписаться

14 Қаңтар 2025, 11:05

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында электрондық сауданы дамыту мәселесі қаралды. Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев баяндама жасады. Сала өкілдері: «Қазпошта» компаниясының басқарма төрағасы Әсел Жанасова, «Халық банкінің» төрағасы Үміт Шаяхметова, «Цифрлық Қазақстан» қауымдастығы кеңесінің төрағасы Денис Степанцев баяндамалары тыңдалды.

2024 жылы Қазақстандағы электрондық сауда нарығының көлемі 3,2 трлн теңгені құрады, ал бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі үлесі 14,5%-ға жетті.

Электрондық сауданың экономикалық өсудің қозғаушы күші ретіндегі маңызы атап өтілді. Сала 300 мыңнан астам жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді. Ал еңбек өнімділігінің өсуі дүкендер мен нарықтық сатылымдарға қарағанда 30%-дан асып кетті.

Электрондық сауда нарығының дамуын ескере отырып, Премьер-министр Олжас Бектенов сапасыз тауар сатып алған тұтынушылармен қатар, бәсекенің заңсыз тәсілдеріне тап болған өндірушілер үшін де қауіпті азайту қажеттігіне назар аударды.

«Біздегі нарықтың ауқымды бөлігін шетелдік интернет-алаңдар алып жатыр. Оларды отандық тауарлар экспортын арттыру үшін тиімді пайдалануға болады. Екінші жағынан, тұтынушылардың құқықтары мен зияткерлік меншікті және азаматтардың дербес деректерін қорғауға байланысты мәселе туындайды. Маркетплейстердегі тауарлардың сапасына қатысты да сұрақтар бар. Шетелдік алаңдар түгілі, отандық маркетплейстер де сапаға кепілдік бере алмайды. Өнімнің түпнұсқалығы туралы ақпарат көбінесе көрсетілмейді» , — деп атап өтті Олжас Бектенов. Осыған байланысты сауда және интеграция министрлігіне бірқатар тапсырма берілді.

Премьер-министр Қазақстандағы бүкіл сауда қызметін, оның ішінде базарлар мен үй маңындағы шағын дүкендердің қызметін цифрландыру бойынша нақты шаралар әзірлеу міндетін қойды.

Әділет және Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерімен бірлесіп, электрондық саудадағы тұтынушылар құқықтарын қорғау деңгейін арттыру бойынша нақты шаралар әзірлеу қажет. Олжас Бектенов ақпан айының соңына дейін тиісті ұсыныстар енгізуді тапсырды.

Сонымен қатар мүдделі мемлекеттік органдармен және «Цифрлық Қазақстан» қауымдастығымен бірлесіп, электрондық коммерцияны дамытуды мемлекеттік қолдаудың қосымша шараларын әзірлеу жөнінде тапсырма берілді. Электрондық сауданы дамытудың 2027 жылға дейінгі бұрын қабылданған жоспарын, отандық бизнес-қоғамдастықтың ұсыныстарын және маркетплейстермен жұмыс тәжірибесін ескере отырып, құжаттың ережелерін биылғы наурыз айының соңына дейін өзектендіру қажет.

Мүдделі мемлекеттік органдармен және бизнес-қоғамдастықпен бірлесіп, наурыз айының соңына дейін ел ішінде де, халықаралық деңгейде де тауарларды жеткізудің тиімді тізбегін қалыптастыру міндеті қойылды.

Сондай-ақ «Қазпоштаның» қазіргі әлеуетін күшейтуді тапсырды. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, Сауда және интеграция министрліктерінің алдына ұлттық пошта операторының даму жоспарын әзірлеу міндеті қойылды.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз