Олжас Бектенов ознакомился с генеральным планом Косшы и строительством новой многопрофильной больницы
Олжас Бектенов Қосшының бас жоспарымен және көпсалалы жаңа аурухананың құрылысымен танысты
Рабочий вывод
Что важно в документе
Премьер-министр заявил о недопустимости превышения сметы строительства.
08 Февраль 2025, 10:27 Олжас Бектенов ознакомился с генеральным планом Косшы и строительством новой многопрофильной больницы Премьер-министр Олжас Бектенов в рамках рабочего объезда ознакомился с генеральным планом развития города Косшы Акмолинской области и проверил проводимую в регионе работу по созданию социальной инфраструктуры. Аким Акмолинской области Марат Ахметжанов проинформировал Премьер-министра о социально-экономическом развитии региона. В данный момент в городе официально проживают порядка 59 тыс. человек, при этом по оценочным данным фактическое количество жителей составляет более 100 тыс. человек. Колоссальную нагрузку испытывают инженерные сети, рассчитанные на 30 тыс. жителей. По прогнозам, численность населения вырастет до 150 тыс. к 2038 году. Новый генплан предусматривает расширение территории, обновленное функциональное зонирование, а также модернизацию инженерной и транспортной инфраструктуры. Аким Косшы Азамат Капышев доложил руководителю Правительства о планируемых мерах по расширению жилищного фонда города, открытию новых социальных и инфраструктурных объектов, развитию рекреационных зон и др. Под строительство новых многоквартирных жилых домов отводится свыше 360 га, под индивидуальное жилищное строительство – более 900 га. Также до 2038 года планируется строительство 31 детского сада, 16 общеобразовательных школ, областной больницы и 7 поликлиник. В целях развития коммунальной инфраструктуры и создания дополнительных мощностей намечено строительство новой котельной, электрической подстанции и ЛЭП, водопроводных, очистных сооружений и др. В 2024 году начаты работы по газификации города от магистрального газопровода «Сары-Арка» с завершением в 2026 году. Помимо этого, будут построены площадки производственных и коммунальных предприятий. Для развития промышленности и создания новых рабочих мест в северо-западной части города намечено открытие индустриальной зоны общей площадью 264 га. Планируется строительство новой дороги в столицу. Кроме того, планируется благоустройство парков и пешеходных бульваров, открытие парка развлечений и отдыха с детскими игровыми и спортивными объектами. Общая территория, отведенная под зеленые насаждения, составит 132,5 га. Предусмотрены территории для размещения административных зданий, центрального стадиона, ледового дворца, физкультурно-оздоровительных комплексов, домов культуры, нового дворца бракосочетания, дворца школьников, театра, детской-юношеской спортивной школы. Особое внимание было уделено решению проблемных вопросов. В частности, Премьер-министр ознакомился с ходом строительства нового пожарного депо. Спустя 4 года завершены всего 60% работ. Подрядная организация объясняет нехваткой финансирования. По договору на возведение объекта с современным оснащением выделено почти 1,2 млрд тенге. Олжас Бектенов подчеркнул, что дополнительных средств предоставлено не будет, только в пределах заложенной в ПСД суммы. Премьер-министр потребовал от подрядной организации завершить работы в ближайшее время, в противном случае договор будет расторгнут. Также было доложено о решении многолетней проблемы 537 дольщиков, в том числе МЖК «Сиреневый сад». Новый подрядчик обещает ко дню города выдать ключи 106 горожанам, еще 209 – смогут в скором времени заселиться в долгожданное жилье по программе выкупа недвижимости для социально уязвимых категорий граждан. В свою очередь, министр промышленности и строительства Канат Шарлапаев сообщил о проводимой работе по совершенствованию соответствующего законодательства. Во время рабочего объезда Олжас Бектенов на примере строительства многопрофильной больницы в Косшы проверил проводимую в области работу по повышению качества предоставляемых гражданам медицинских услуг. Лечебное учреждение со стационаром на 350 мест и поликлиникой на 1 тыс. посещений в смену будет обслуживать население города и семи пристоличных районов Акмолинской области. На сегодня медицинскую помощь жителям Косшы оказывается в государственной и частной поликлиниках в общей сложности на 250 посещений в смену. При этом численность прикрепленного населения за последние 2 года выросла с 24 тыс. до 42 тыс. человек. Строительство многопрофильной больницы решит вопрос нехватки имеющихся мощностей. Здесь будут функционировать отделения хирургии, травматологии, кардиохирургии, нейрохирургии, онкологии, химиотерапии и др. Кроме того, на территории предусмотрено строительство двух многоквартирных жилых домов для медицинского персонала и пансионата для размещения иногородних пациентов. Объект возводится за счет частных инвестиций компании «Viamedis» в размере более 28 млрд тенге. Из них свыше 9 млрд тенге планируется направить на оснащение больницы современным медицинским оборудованием германской компании Siemens. Генеральный директор ТОО «Viamedis» Асет Ахметов проинформировал Премьер-министра о том, что строительно-монтажные работы ведутся с опережением графика. Всего в них задействованы порядка 200 человек, стройматериалы закупаются преимущественно у отечественных производителей. Открытие поликлиники планируется до конца текущего года, стационара – в 2026 году. Запуск нового медучреждения позволит создать 956 рабочих мест. Напомним, Глава государства на расширенном заседании Правительства поручил уделять внимание всем вопросам, влияющим на качество жизни граждан. Правительством ведется системная работа по модернизации социальной и инженерной инфраструктуры. #Премьер-министр РК #Инфраструктурное развитие Оставайтесь в курсе событий Премьер-министра и Правительства Казахстана — подписывайтесь на официальный Telegram-канал Подписаться
08 Ақпан 2025, 10:27
Премьер-министр Олжас Бектенов Ақмола облысына жұмыс сапары аясында Қосшы қаласын дамытудың бас жоспарымен танысып, өңірде әлеуметтік инфрақұрылым құру бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың барысын тексерді. Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Премьер-министрді өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы хабардар етті.
Қазіргі уақытта қалада ресми түрде 59 мыңға жуық адам тұрады, бұл ретте бағалау деректері бойынша тұрғындардың нақты саны 100 мыңнан астам адамды құрайды. 30 мың тұрғынға есептелген инженерлік желілерге айтарлықтай үлкен жүктеме түсуде. Болжам бойынша, халық саны 2038 жылға қарай 150 мыңға дейін өседі.
Жаңа бас жоспар аумақты кеңейтуді, жаңартылған қызмет көрсету аймақтарына бөлуді, сондай-ақ инженерлік және көлік инфрақұрылымын жаңғыртуды көздейді. Қосшы әкімі Азамат Қапышев Үкімет басшысына қаланың тұрғын үй қорын кеңейту, жаңа әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандар ашу, сауықтыру аймақтарын дамыту және тағы басқа да жоспарланған шаралар туралы баяндады.
Жаңа көппәтерлі тұрғын үйлердің құрылысына 360 гектардан астам, жеке тұрғын үй құрылысына 900 гектардан астам жер телімі бөлінген. Сондай-ақ 2038 жылға дейін 31 балабақша, 16 жалпы орта мектеп, облыстық аурухана және 7 емхана салу жоспарланып отыр.
Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту және қосымша қуаттарды құру мақсатында жаңа қазандық, қосалқы электр стансасы мен ЭБЖ, сумен жабдықтау, тазарту құрылыстары және басқа да нысандар салу көзделген. 2024 жылы «Сары-Арқа» магистралды газ құбыры арқылы қаланы көгілдір отынмен қамту жұмыстары басталып, 2026 жылы аяқталады. Бұдан басқа, өндірістік және коммуналдық кәсіпорындарға арналған алаңдар салынады. Өнеркәсіпті дамыту және қаланың солтүстік-батыс бөлігінде жаңа жұмыс орындарын құру үшін жалпы ауданы 264 га индустриялық аймақ ашу көзделген. Елордаға апаратын жол салу жоспарлануда.
Сонымен қатар саябақтар мен жаяу жүргіншілерге арналған гүлзарларды абаттандыру, ойын және спорт нысандары бар балалардың ойын-сауық және демалыс саябағын ашу жоспарланған. Жасыл желектер отырғызуға бөлінген жалпы аумақ 132,5 гектарды құрайды. Әкімшілік ғимараттар, орталық стадион, мұз сарайы, дене шынықтыру-сауықтыру кешендері, мәдениет үйлері, жаңа неке сарайы, оқушылар сарайы, театр, балалар мен жасөспірімдер спорт мектебін салу үшін аумақтар қарастырылған.
Күрделі мәселелерді шешуге ерекше көңіл бөлінді.
Атап айтқанда, Премьер-министр жаңа өрт сөндіру депосы құрылысының барысымен танысты. 4 жылдан кейін жұмыстың тек 60%-ы аяқталған. Алайда, мердігер ұйым қаржыландырудың жеткіліксіз екені туралы хабарлаған. Шарт бойынша заманауи қондырғылармен жабдықталған нысан құрылысына 1,2 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінді. Олжас Бектенов қосымша қаржы қарастырылмайтынын, қаражат тек ЖСҚ-ға енгізілген сома шегінде бөлінетінін баса айтты. Премьер-министр мердігерлік ұйымнан жақын арада жұмыстарды аяқтауды талап етті, орындалмаған жағдайда шарт бұзылады.
Сондай-ақ 537 үлескердің, оның ішінде «Сирень бағы» тұрғын үй кешенінің көпжылдық мәселесін шешу туралы баяндалды. Жаңа мердігер қала күніне орай 106 тұрғынға баспана кілті табысталады деп уәде беріп отыр, тағы 209 отбасы жақын арада көптен күткен жаңа үйлеріне қоныстанады. Өз кезегінде, өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев тиісті заңнаманы жетілдіру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабарлады.
Жұмыс сапары барысында Қосшыдағы көпсалалы аурухана құрылысына барған Олжас Бектенов өңірде тұрғындарға көрсетілетін медициналық қызмет сапасын арттыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды тексерді.
350 орындық стационары және бір ауысымда 1 мың келушіге дейін қабылдай алатын емханасы бар медициналық мекеме қала және Ақмола облысының астана маңындағы жеті ауданы тұрғындарына қызмет көрсетеді. Бүгінгі таңда Қосшы тұрғындарына мемлекеттік және жеке емханаларда ауысымына 250 келушіге дейін медициналық көмек көрсетіледі. Сонымен қатар соңғы 2 жылда тіркелген халық саны 24 мыңнан 42 мың адамға дейін өсті. Көпсалалы аурухананың құрылысы орын тапшылығы мәселесін шешеді. Мұнда хирургия, травматология, кардиохирургия, нейрохирургия, онкология, химиотерапия және басқа да бөлімшелер жұмыс істейді. Бұдан басқа, аумақта медицина қызметкерлеріне арналған екі көппәтерлі тұрғын үй және қала сыртынан келетін науқастарды орналастыру үшін пансионат құрылысы қарастырылған.
Нысан Viamedis компаниясының жеке инвестициясы есебінен 28 млрд теңгеден астам сомаға салынуда. Оның 9 млрд теңгеден астамы аурухананы Siemens неміс компаниясының заманауи медициналық жабдықтарымен қамтамасыз етуге жұмсалады деп жоспарланып отыр. Премьер-министрге «Viamedis» ЖШС бас директоры Әсет Ахметов құрылыс-монтаждау жұмыстары мерзімінен бұрын жүргізіліп жатқанын баяндады. Жұмысқа барлығы 200-ге жуық адам жұмылдырылған, құрылыс материалдары негізінен отандық өндірушілерден сатып алынады. Емхана осы жылдың соңына дейін, стационар 2026 жылы ашылады деп жоспарланған. Медициналық жаңа мекеменің іске қосылуы 956 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.
Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында азаматтардың тұрмыс сапасына әсер ететін барлық мәселелерге назар аударуды тапсырды. Үкімет әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз