Олжас Бектенов провел республиканское совещание по подготовке к паводковому периоду
Олжас Бектенов су тасқыны кезеңіне дайындық жөнінде республикалық кеңес өткізді
Паспорт доказательности qazvision:document:2739 · 931dc4942b8c
Контрольная сумма опубликованного текстового слоя: 931dc4942b8c039f554d3bacede46c0999cd6960bd4475ae2e4237a1ed915e71
Рабочий вывод
Что важно в документе
Поручение завершить подготовку к паводкам к марту.
Премьер-министр Олжас Бектенов в ходе рабочей поездки в Северо-Казахстанскую область провел республиканское совещание по вопросам подготовки к паводковому периоду. О принимаемых мерах доложили министры экологии и природных ресурсов Ерлан Нысанбаев, водных ресурсов и ирригации Нуржан Нуржигитов, по чрезвычайным ситуациям Чингис Аринов, вице-министр цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Малик Олжабеков и акимы ряда областей.
Согласно предварительному гидрологическому прогнозу РГП «Казгидромет», погода в феврале ожидается теплой, с осадками и перепадами температуры, из-за чего возможна ледяная корка. В марте прогнозируется потепление и обильные осадки, что увеличивает риск паводков.
По данным Министерства экологии и природных ресурсов, показатели влагозапасов в пределах и больше нормы наблюдаются в Северо-Казахстанской, Акмолинской, Павлодарской, Карагандинской, Восточно-Казахстанской областях, Ұлытау, Абай, Жетісу, в западных частях Актюбинской, Атырауской, Мангистауской областей и в горно-предгорных районах Алматинской, Туркестанской, Жамбылской областей. Вместе с тем глубина промерзания почвы в ряде регионов меньше, чем в прошлом году.
Министр экологии и природных ресурсов Ерлан Нысанбаев доложил, что с текущего года, кроме обобщенного гидрологического прогноза на период половодья, выпускаются детализированные справки-консультации по каждой области отдельно. В них указываются максимальные уровни и расходы воды, объем стока по гидрологическим постам и предполагаемые даты наступления паводков с указанием конкретных населенных пунктов, находящихся в зоне риска.
Также предоставляется информация об ожидаемых объемах талых вод на территориях, не охваченных гидрологическим мониторингом, на основе данных метеостанций. О внедрении цифровых решений на примере новой информационной системы прогнозирования паводков Tasqyn проинформировал вице-министр цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Малик Олжабеков. Моделирование разливов по ней ведется на 142 гидропостах по 128 участкам рек.
Кроме того, автоматизирована оперативная сводка по сбросам воды с водохранилищ и проведена интеграция с глобальной системой оповещения о наводнениях GloFAS, которая позволяет получать ранние уведомление о рисках. О готовности гидротехнических сооружений страны доложил министр водных ресурсов и ирригации Нуржан Нуржигитов. По итогам проведенных обследований на сегодня восстановлено 74 объекта, 46 – на стадии ремонта, по 18 разработана ПСД.
Выполнена очистка более 1 тыс. км каналов, свыше 153 км русел рек, включая участки стратегического значения, проведены ремонтные работы на 205 объектах. В прошлом году завершена реконструкция Актюбинского водохранилища объемом 245 млн м3. На стадии завершения — восстановление 59 защитных дамб протяженностью 312,4 км. Для всех крупных водохранилищ составлены расчеты режима работы по сбросу.
В рамках трансграничного сотрудничества ведется активное взаимодействие с сопредельными странами для обеспечения устойчивого водопользования и предотвращения ЧС в паводковый период. По данным министра по чрезвычайным ситуациям Чингиса Аринова, на сегодня в паводкоопасной зоне находятся 1 223 населенных пункта. Для их защиты возведено 576 км защитных дамб и валов, отремонтировано и построено 822 км дренажных систем, каналов и арыков. Установлено и заменено 960 водопропускных сооружений на автомобильных и ж/д сообщениях.
На опасных участках 74 рек проведены работы по дноуглублению на площади порядка 500 км, берегоукреплению и очистке русел. Вместе с тем не во всех регионах превентивные мероприятия завершены в полном объеме. Это было выявлено в ходе совместных проверок Аппарата Правительства и МЧС. Контроль осуществляется Комитетом предупреждения ЧС, который будет принимать соответствующие меры, вплоть до административной ответственности акимов.
Премьер-министр поднял вопросы прохождения паводкового периода в Кызылординской области с учетом угроз, связанных с повышенными сбросами воды из Шардаринского водохранилища и частичного ледостава на реке Сырдарья. Внимание было также акцентировано на Атырауской и Костанайской областях, где имеются риски. По данным вопросам заслушаны акимы регионов. С комментарием выступил заместитель Премьер-министра Канат Бозумбаев. «О полной готовности к паводковому периоду говорить еще рано. Есть ряд проблем, решения по которым до сих пор не приняты.
Особенно это касается регионов с повышенными рисками подтопления. Сейчас, в первую очередь, следует проверить степень готовности населенных пунктов к паводкам. Поручаю создать региональные комиссии, в рамках которых нужно посетить каждый населенный пункт, изучить существующие риски и принять необходимые меры. Все акимы несут персональную ответственность, поэтому должны активизировать работу и принять исчерпывающие меры по реализации намеченных противопаводковых мероприятий» , — подчеркнул Олжас Бектенов.
По итогам совещания Премьер-министр поручил : Акиматам регионов — до 1 марта подготовить все ресурсы для предупреждения и ликвидации паводков. Заблаговременно обеспечить вывоз снега из населенных пунктов, подготовить водоотводные каналы и арыки, провести расчистку ливневых канализаций. Все паводкоопасные населенные пункты должны быть обвалованы и защищены дамбами. Поручено подготовить запасы продуктов питания, ГСМ, лекарств и других средств жизнеобеспечения, заблаговременно провести взрывные работы на реках там, где это требуется.
Министерству водных ресурсов и ирригации — с учетом прогнозных данных определить объемы наполнения водохранилищ и обеспечить постоянный контроль за ними. При необходимости заблаговременно принять меры по безопасному сбросу воды. Совместно с приграничными государствами организовать постоянный взаимообмен сведениями о расходах воды и возникновении угроз на трансграничных водоемах.
Министерству цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности совместно с МЧС и другими госорганами — использовать потенциал информационной системы Tasqyn для определения и прогнозирования действий по проведению противопаводковых работ в возможных зонах подтоплений. Министерству по чрезвычайным ситуациям — обеспечить оперативную готовность сил и средств гражданской защиты к реагированию.
Отработать алгоритмы привлечения спасательных группировок, в том числе переброски воздушными судами, совместно с МВД — вопросы своевременной эвакуации граждан в случае угрозы подтопления. Также нужно проверить готовность эвакопунктов и техники, предназначенных для эвакуации людей. Государственным органам необходимо проанализировать действующее законодательство и при необходимости внести соответствующие поправки.
Кроме того, поручено создать республиканский штаб по координации противопаводковых мероприятий и ликвидации последствий паводков по аналогии с прошлым годом. Премьер-министр поручил акимам и ведомствам завершить подготовку к паводковому сезону к началу марта.
13 Ақпан 2025, 14:30
Премьер-министр Олжас Бектенов Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында су тасқыны кезеңіне дайындық мәселелері бойынша республикалық кеңес өткізді. Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев, су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов, төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Мәлік Олжабеков және бірқатар облыс әкімдері қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады.
«Қазгидромет» РМК-ның алдын ала гидрологиялық болжамына сәйкес ақпан айында ауа райы жылы болады, жауын-шашын мен температураның өзгеруі күтілуде, соның салдарынан мұз қатуы мүмкін. Наурызда ауа райының жылыну және жауын-шашынның көп болуы су тасқыны қаупін арттырады. Экология және табиғи ресурстар министрлігінің деректері бойынша ылғалдылық көрсеткіштері Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында, Ұлытау, Абай, Жетісу, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау облыстарының батыс бөліктерінде және Алматы, Түркістан, Жамбыл облыстарының тау бөктеріндегі аудандарында норма шегінен жоғары екені байқалады. Сонымен қатар бірқатар өңірде топырақтың қату тереңдігі өткен жылмен салыстырғанда төмен.
Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев биылдан бастап су тасқыны кезеңіне арналған жинақталған гидрологиялық болжамға қоса, әр аймақ бойынша егжей-тегжейлі ақпарат пен кеңестер беріліп жатқанын баяндады. Олар қауіпті аймақтарда орналасқан нақты елді мекендерді көрсете отырып, судың ең жоғары деңгейі мен шығынын, гидрологиялық бекеттердегі ағынның көлемін және су тасқыны басталуының болжамды күндерін көрсетеді. Сондай-ақ метеостансалардың деректері негізінде гидрологиялық бақылаумен қамтылмаған аумақтардағы еріген судың күтілетін көлемі туралы ақпарат беріледі.
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Мәлік Олжабеков Tasqyn су тасқынын болжаудың жаңа ақпараттық жүйесі сияқты цифрлық шешімдерді енгізу туралы хабарлады. Өзендердің 128 учаскесіндегі 142 гидробекетте су тасқынын модельдеу жүргізіледі. Сонымен қатар су қоймаларынан жіберілетін су мөлшері бойынша жедел мәлімет автоматтандырылған және қауіп-қатерді ертерек ескертуге мүмкіндік беретін GloFAS жаһандық су тасқыны туралы ескерту жүйесімен біріктірілген.
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов еліміздегі гидротехникалық құрылыстардың дайындығы туралы баяндады. Жүргізілген зерттеу жұмыстарының қорытындысы бойынша бүгінде 74 нысан қалпына келтірілді, 46-сы жөндеу сатысында, 18-інің жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленді. Стратегиялық маңызы бар учаскелерді қоса алғанда, 1 мың шақырымнан астам каналдар, 153 шақырымнан астам өзен арналары тазартылып, 205 нысанда жөндеу жұмыстары жүргізілді. Өткен жылы көлемі 245 млн м3 болатын Ақтөбе су қоймасын реконструкциялау жұмыстары аяқталды. Ұзындығы 312,4 шақырым 59 қорғаныс бөгетін қалпына келтіру аяқталу сатысында тұр. Барлық су қоймаларындағы жұмыс режимі жіберілетін су мөлшері бойынша есептеліп жасалды. Трансшекаралық ынтымақтастық аясында тұрақты су пайдалануды қамтамасыз ету және су тасқыны кезеңінде ТЖ алдын алу үшін іргелес елдермен белсенді өзара іс-қимыл жүргізілуде.
Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновтің мәліметінше, бүгінде су тасқыны қаупі бар аймақта 1 223 елді мекен бар. Оларды қорғау үшін 576 шақырым топырақ үйінділері мен қорғаныс бөгеттері тұрғызылды, 822 шақырым су бұру жүйелері, каналдар мен арықтар жөнделіп, салынды. Автомобиль және темір жол қатынастарында 960 су өткізу құрылыстары орнатылды және ауыстырылды. 74 өзеннің қауіпті учаскелерінде 500 шақырымға жуық аумақта түбін тереңдету, жағалауды бекіту және арналарды тазарту жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар барлық өңірде тасқынның алдын алу шаралары толық көлемде аяқталған жоқ. Бұл Үкімет Аппараты мен ТЖМ бірлескен тексеру барысында анықталды. Бақылауды ТЖ алдын алу комитеті жүзеге асырады, ол тиісті шараларды, соның ішінде әкімдердің әкімшілік жауапкершілігін қабылдайды.
Премьер-министр Шардара су қоймасынан су жіберудің артуына және Сырдария өзеніндегі жартылай мұз қатуына байланысты қауіпті ескере отырып, Қызылорда облысында су тасқыны кезеңінің өтуіне қатысты мәселе көтерді. Сондай-ақ су тасқыны қаупі бар Атырау және Қостанай облыстарына да назар аударылды. Аталған мәселелер бойынша өңір әкімдері тыңдалды. Өз кезегінде Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев пікір білдірді.
«Қазір су тасқыны кезеңіне сақадай-саймыз деп айтуға әлі ерте. Осы күнге дейін тиісті шешімдер қабылданбаған бірқатар мәселе бар. Бұл әсіресе су басу қаупі жоғары аймақтарға қатысты. Қазір, ең алдымен, елді мекендердің су тасқынына нақты дайындық деңгейін тексеру керек. Әрбір елді мекенге барып, қалыптасқан жағдайды жан-жақты саралап, тиісті шаралар қабылдайтын өңірлік комиссиялар құруды тапсырамын. Барлық әкім тікелей жауап береді. Сондықтан жұмысты жандандырып, су тасқынына қарсы белгіленген шараларды нақты іске асыру қажет» , — деп атап өтті Олжас Бектенов.
Кеңес қорытындысы бойынша Премьер-министр бірқатар тапсырма берді:
Өңір әкімдіктері 1 наурызға дейін су тасқынының алдын алу және жою үшін барлық қажетті ресурстарды дайындасын. Елді мекендерден қарды ертерек шығару қажет. Су бұру арналары мен арықтарды дайындау, нөсер кәріздерін тазарту керек. Су тасқыны қаупі бар елді мекендер топырақ үйінділерімен және арнайы қорғаныс бөгеттерімен бекітілуі тиіс. Азық-түлік, жанар-жағармай, дәрі-дәрмек және азаматтардың тыныс-тіршілігіне қажетті құралдар қорларын дайындау, қажет болған жағдайда өзендерде алдын ала жарылыс жұмыстарын жүргізу тапсырылды.
Су ресурстары және ирригация министрлігі болжамды деректерді ескере отырып, су қоймаларындағы судың жиналу көлемін анықтап, оларға тұрақты бақылауды қамтамасыз етсін. Қажет болған жағдайда суды алдын ала және қауіпсіз жіберу бойынша шаралар қабылдау қажет. Шекара маңындағы мемлекеттермен бірлесе отырып, трансшекаралық су айдындарында қауіптердің туындауы туралы мәліметтермен үнемі өзара ақпарат алмасуды ұйымдастыру керек.
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Төтенше жағдайлар министрлігі және басқа да мемлекеттік органдармен бірлесіп, су басуы ықтимал аймақтарда тасқынға қарсы жұмыстарды алдын ала анықтауға және болжауға мүмкіндік беретін Tasqyn ақпараттық жүйесінің әлеуетін пайдалансын.
Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтық қорғаныс күштері мен құралдарының жедел әрекет ету дайындығын қамтамасыз етсін. ІІМ-мен бірлесіп, құтқару жасақтарын тарту, оның ішінде әуе кемелерімен тасымалдау алгоритмдерін әзірлеу, су басу қаупі төнген жағдайда азаматтарды уақтылы эвакуациялау мәселелерін пысықтау қажет. Сондай-ақ адамдарды қауіпсіз аймаққа жеткізуге арналған эвакуациялық пункттер мен техниканың дайындығын тексеру қажет.
Мемлекеттік органдар қолданыстағы заңнаманы талдап, қажет болған жағдайда тиісті түзетулер енгізуі тиіс. Сонымен қатар былтырғыдай су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқыны салдарын жою бойынша республикалық штаб құру тапсырылды.
Премьер-министр әкімдер мен ведомстволарға су тасқыны кезеңіне дайындықты наурыз айының басына дейін аяқтауды тапсырды.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Тезисы из этого документа (1)
Контекст
Фрагмент первоисточника 6904–7005
анский штаб по координации противопаводковых мероприятий и ликвидации последствий паводков по аналогии с прошлым годом. Премьер-министр поручил акимам и ведомствам завершить подготовку к паводковому сезону к началу марта. #Олжас Бектенов #Премьер-министр РК #Водные ресурсы #МЧС РК #Паводки #Рабочая поездка #Регионы #Цифровизация ОставайтесПерейти к полному тексту
Медийный отклик
Связанные нарративы и тезисы, которые получили заметный отклик в Echo.